Табиғаттың ластануы
1. Табиғаттың ластануы
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің
енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық,
биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын
түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес
немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде
бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
табиғи және жасанды (антропогенді);
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп
орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа
аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті
жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады:
қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне
қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға
түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы
және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде
қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән
емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.
Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар
бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын
олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы
ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2
тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең
алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы
қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде
атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде
әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы
кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы,
өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен
ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% -
ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық
температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның
термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор
фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы
озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және
жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға
кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін.
Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа
пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.
Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит,
континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың
келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті
ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді.
Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық
тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың
басым көпшілігін амосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация
ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су
таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде
қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су
көзі жоқ деуге болады.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану
болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең
көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің
радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық
ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған
жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық
өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу
мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік,
радиоактивті қалдықтар.
2. Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі
қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне,
флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке
қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды,
қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға
болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен
техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның
жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға
қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз
түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар
шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы
жатады.
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың
халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз
тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык
өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3
топқа бөлінеді:
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және
т.б.
2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі);
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы.
Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор
қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады.
Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды
өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға
қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге
болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды,
желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға
пайдаланылады.
3. Өндірістік ластану
ЮНЕСКО тарапынан халықаралық кеңес болып өтті. Оған Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан танымал эколог
ғалымдар қатысты. Егер нақты шара қолданылмаса барынан, байлығынан
айырылған өлі көлге айналмақ деген дабыл қағылды.
Қоршаған ортаның зиянды заттармен, техногенді қалдықтарымен ластауда
Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше зиян тигізуде: Батыс Қазақстан
мұнайгазконденсат кен орындары, Өскемен қорғасын - мырыш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz