Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы


Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы
Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі қарапайым, әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен шұғылданбас бұрын, ең әуелі тамақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өңдіру қажет. Олай болса қоғамдық өмірдің мәні, қайнар көзі материалдық игіліктерді өндірумен тікелей байланысты. Қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндірудің түпкі мәні, міне осында. Қоғам материалдық игіліктерді өңдіруді, сондай-ақ өндірілген материалдық игіліктерді тұтынуды бір сәтке де тоқтата алмайды. Қоғамның онсыз мәні де, мағынасы да жоқ.
Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады деген заңды сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғаттан өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқашан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті адам сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол судың өзі жан-жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы-материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Қоғамдық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты-еңбек.
Географиялық орта
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ілімді ғылымға XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Коммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тапты. Адам өз тіршілігінде бүкіл ғаламдық дүниемен қарым-қатынасқа түспейді, оның да қажеті жоқ, ол белгілі бір нақты ортада өмір сүреді, еңбек етеді. Адамзат қоғамы да сондай. Географиялық орта - дегеніміз қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі. Оған әуелі жер қыртысы, пайдалы қазбалар, атмосфера, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамуына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылықтар арқылы өтеді. Қиыр солтүстікте өмір сүрген халықтар ақ қар, көк мұзда, тоңда күн кешті. Осыған сәйкес өндіріс құрал-жабдықтар мен қоғамдық қатынастары да кенжелеп қалды. Бұл халықтардың дамуы тек кейінгі уақытта ғана үдемелі қарқын алады.
Географиялық орта өндірістің, жалпы шаруашылықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сұранымдарына, өңдіріс құрал-жабдықтарының деңгейіне тәуелді. Сондықтан да біртектес табиғи ортаның өзі де әр түрлі пайдалануы мүмкін. Мысалы қазақ халқы сан ғасырлар бойы кең байтақ жерді мекендеп, мал шаруашылығымен шұғылданып келді. Мал шаруашылығымен айналысқанқа тиімді болды. Жерге бай болды. Бірақ әміршілдік -әкімшілдік басқару әдісі үстемдік алып, социализм принциптері
Бұрмалаған кезде, одан бергі тоқырау кезеңі тұсында өз байлығымызға өзіміз иелік ете алмай, орталық министрліктердің жанашырлық танытпай, байлығымызды шетке сатып, жерімізді жүдеткенің де көрдік. Қазір де өз байлығымызға қолымыз толық жетпей, небір пысықтардың бас пайдасын көздеп талан-таражға салғанына куә болып жүргеніміз рас. Бірақ, қоғамды жаңарту процесі бүгінгі таңда әділдік орнайтынына, туған жеріміздің игілігін көретінімізге сеніміміз зор.
Географиялық ортаның қоғам дамуындағы ролін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылған, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте социологияда бағыт деп аталатын ағымның кең таралғаның айта кетке жөн. XVIII ғасырдың француз ағартушысы Ш. Монтескье климаттың құдіреті барлық биліктен де күшті деп жазса, ағылшын социологы Г. Бокль адамдардың өмірі мен тағдырын төрт нәрсе-климат, азық, топырақ және ланшафт- анықтайды деп тұжырымдайды. Оның ойынша мәселен, адамдарды құлдыққа душар еткен табиғаттың заңы.
Бір сөзбен айтқанда, гоеграфиялық детерминизм қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешіліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл ағым қоғам дамуының өз ішінен емес, сыртынан іздейді.
Империялизм дәуірінде географиялық детерминизмнің жалғасы сияқты кертартпа ағым - геосаясат пайда болды. Геосаясат империалистік мемлекеттердің агрессиялық саясатын ақтауға тырысты.
Биосфера, ноосфера және экология мәселелері
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым-қатынасы туралы айтқанда, тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы, әрине көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера - жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабілеті, өзендер мен көлдер, теңіздер мен мұхиттар, сондай-ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады. Басқаша айтқанда, биосфера-адамдардың тыныс-тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта. Оны күн энергиясын жасыл желектер мен өсімдіктер арқылы түрлендіріп отыратын биофизикалық және биохимиялық лаборатория десе де болар еді. Бұл-өздігінен үнемі өзгеріп, өзін-өзі ұйымдастырып әрі тұрақтылық пен тепе-теңдік сақтап отырған ғажайып жүйе. Биосферадағы ішкі-тұрақтылықтың, зат алмасудың бүлінуі қоғамның өмір сіру ортасының бұзылуына, табиғаттың кұйзелуіне әкеліп соғады.
Биосфераның құрамында өсімдіктердің, тірі организммен жануарлармен басқа адамның өзі де кіреді, яғни адамзат биосфераның бір бөлігі. Басқаша айтқанда, ақыл-ойдың құдіреті дүниеге келтірген ғажайып техникалық құралдар табиғатты бүлдірмей, қайта оны сақтауға, гүлдендірі түсуге тиіс.
Табиғаттың байлығын әбден игерді. Сөйте келіп, оны тоздырып, жүдетіп жібергенің де байқамай қалды. Қазір атмосфера кірлеген, топырақ тозған, өзендердің өзегі талып, суы тартылған әрі уланған, табиғаттың өңі солып, мұны көбейген кезге келді.
Жауапсыздық жаны ашымаздық пен қырсыздықтың неге әкеліп соққаның қараңыз: теііздің деңгейі бүгінде ондағы метрге төмендеп, суы тартылған, ауданы құлаған көлге айналып, ал су тіршілікке жарамсыз болды.
Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да - уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау- бұгінгі таңда әрбір азаматтың абыройлы борышы.
Халық санының өсуі
Қоғам өмірі дамуының аса қажетті жағдайларының бірі-халық санының өсуі. Елсіз, жұртсыз, халықтың белгілі бір жиынтығысыз өндіріс те болмайды, табиғаттың байлығын меңгеру де, ілгері басып дамуы да мұмкін емес. Адамның кісілік қасиетке ие болып, кемелденуі де жұрттың арасында өмір сұріп, бірге еңбек етіп, қарым-қатынас жасауында. Қазақтың жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас деген мақал-мәтел бар.
Шынында да, ел -жұрттың, халықтың көп немесе аз екені, оның орналасуы, тығыздығы, өсу қарқынының жылдам немесе баяу қоғамның, нақты елдің дамуын тездетеді немесе баяулатуға себепші болады.
Батыстық социологияда ел-жүрттың, халық орналасуы-ның, өсіп-өнуінің қоғам дамуындағы ролін сыңар жақты бағалайтын ағымдардың да бар екенін, олардың көп жағ-дайда кертартпалық пиғылды дәріптеуге үмтылатынын айта кеткен жон. Соның бірі XVIII ғасырдың аяғында пайда болып, күні бүгінге дейін қолдаушылар тауып отырған мальтусшілдік деп аталатын ағым.
Ағылшын экономисі әрі дін өкілі Т. Р. Мальтус (1766-1834) мынадай түжырымға келген болатын: халық саны-ның өсуі геомстриялық прогрессиямен, ал күнкоріске қажетті заттар арифметикалық прогрессиямен өседі, яғнй өмір сүруге қажетті тамақ, киім-кешек т. б. заттарға қара-ғанда халық саны әлдеқайда тез өседі. Кедейшіліктің, жоқ-шьшық пен аштықтың, жүмыссыздықтың себебі осында деп уағыздаган еді Мальтус. Оның ойынша, бұл қоғамның табиғатынан туындап жатқан жоқ. Сондықтан да адамдардың санын азайтып, бала тууды тежеу керек. Бүл ағымның кертартпа сипаты осындай. Қоғам болмысьша щаң тигізгісі келмейді, ал халықты қыруды, соғыс больш, қан төгілгенін, халықтың осіп-өнбегенін теріс көрмейді.
XX ғасырдың екінші жартысында Мальтус теориясын жақтаушылардың жаңа толқыны бас көтерді (ңеомальтусшілдер) . Мөселе мынада: біздің жыл санауы-мыздың басында Жер шарында шамамен алғанда 230 мил-лион адам, бір мыңыншы жылдардың аяғында - 275 мил-лион, 1850 жылы - 1 млрд., 1900 - 1, 6 млрд. болса, адам саны 1930 жылы 2 миллиардқа, 1976 жылы 4 миллиардқа, 1987 жылы - 5 миллиардқа жетті. Бүл қарқын арта түспек. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азия, Африка жәнеі Латын Америкасындағы көптеген елдер тәуелсіздік алды. Медициналық көмек, әл-ауқат ептеп жақсара бастап, өлім жітім аздап болса да кеміді. Жоғарыда көрсетілгендей, халық саны күрт өсе бастады. Соған сәйкес азық-түлікпені тіршіліқке қажетгі бүйымдармен қамтамасыз ету қиындаи түсті. Оның үстіне дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы алшақтық артып барады. Дамушы елдердің эко-номикалық кіріптарлығы күшейді.
Ал осы жағдайды неомальтусшілдер 4, атом бомбасынан да қауіпгі "демографиялық дүмпу" пайда болды", деп уагыздауға тырысады. Олар аштықтың, қиыншылықтың шынайы олеуметгік себептерін мойындағысы келмейді
Қазақ халқы ксң-байтақ Территорияға ие бола оты-рып, өз тарихында талай қиыншылықтарды, жаугершілікті, қан төгісті бастан кешті. Әсіресе, XX ғасырдың 30-жылдарының басында, сталиндік саясат етек алған кезде, респуб-лика партия үйымын сол кезде басқарған Ф. Голощекиннің өрескел бүрмалаушылығы түсында аяусыз жүтқа үшырап, 3 миллионға жуық адам аштықтан қырылды. Қаншасы жер ауып, бытырап кетті. Бүл сойқан туралы енді ғаңа, еліміз өз тәуелсіздігін алған соң, демократияландыру қанат жай-ған жағдайда ғана егжей-тегжейлі біліп жатырмыз. Қазіргі кезде дүниежүзінде саны 12 миллионнан астам қазақ халқы, әлгі сойқан болмағанда, өзінің кең байтақ жеріне сай, қазіргісінен екі-үш есе көп болар еді.
Қоғамдағы зерттеудің методологиялық негізі
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеямен, ой-ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде-ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қаолай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы кұштері неде, қоғамдық құбылыстармен процестердің байланысы қандай, өзра әсер себеп, қарым-қатынас заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып білуде, өзгертуде философия тарихында материализммен, идеализм арасында ұдайы қарама-қарсы күрес болып келді. Жалпы алғанда, ғылым қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс, объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылса, идеализм, қоғамдық практикаға сүйенбеген, оларды көбінесе діни тұрғыдан тұсіндіруге тырысады. Егер ғылымда әр уақытта прогресшіл, демократиялық таптары мен топтары қолдаса, идеализмді кертартпа әлеуметтік элементтер жақтайды.
Қоғамның ілгері дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің
бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшеюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті.
Құл иеленушілер, феодалдар, буржуазия өкілдері өңдіріс құрал- жабдықтарын толық иеленіп алып, дене еңбегінен біржола аулақтады. Бұдан кейін үстем таптар мен олардың идеолагтары өздері өмір сүріп отырған қоғамды, таптардың арасындағы қалыптасқан қоғамдық -өндірістік қатынастарды кайткенде де сақтап қалып, оларды ұдайы жетілдіріп отырды, олардың мәңгілін өзгермейтнің дәлелдеуді мақсат етті.
Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтежиесінде пайда болды. адамзат қоғамы- әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтежиесі. қоғам дегеніміз-адамдардың алуан-түрлі саналы іс-қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Сондай-ақ қоғамда адамдардан құралады, адамдарсыз қоғам болмайды.
Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көзқараста бұрын идеализм ұстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себептері бар. Біріншіден, адамдардың іс- әрекеті олардың деребесі қозуынан, ал делебе қозу санадан басталады, сонда бәрін билейтін сана деп саналады. Екішшіден, түрлі құбылыстардың ішкі заңдылықтарын ашып, көрсете алмайды. Сондықтан, олардығ кезектерін кез-келген, кездейсоқтық жағдайларға таңып метафизикалық пікірде болды.
Үшіншіден, тарихта жасайтын жеке адамдар деп санады, халықтың шешуші ролін түсінбеді. наполеон Бонапарттың император болуы, оның құлауы, бурбондардың қайтып билік басына келуі- осылардың бәрі аз- уақыт он шақты жылдар ішінде болып, Маркс пен Энгельсті ойға қалдырды. Егер тарихты жасайтын жеке адамдар болса, ЖанПоль Марат, Дальтон, Робсспьер, Наполеон Бонапарт бірінен сон бірі неліктсн шетінен қүлап жатты, тарихты оз дегеніне неліктен бүра алмады, әрқайсысының тағдыры әр түрлі қасіретпен аяқталғаны неліктен? Олай болса, оның себебі, тарихты жасайтын жеке адамдар емес, халық деген түжырым туындағанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол барлық материалдық байлықтарды да, рухани игілікті дс өндіреді, революция жасайды, үкіметті сайлайды. Ішіп-жейтін тамақты да, киім-кешекті де, тілді де, әдет-ғүрып-тарды да омірге әкелетін сол. Жеке адамдар сол халықтың окілі гана. Халық қашанда жеке адамдардан түрады. Сөйтщ, тарихқа жаңа, ғылыми көзқарас қалыптасты. Бүрынғы со-циологтар табиғат заңдары мен қүбылыстарын материалистік түрғыдан түсіндіріп келгенімен, тарихи жағ-дайлар мен қоғамдық қозғалыстарды метафизикалық шектеушілік әдісі салдарынан тарихи өмірді танып-білу саласына өз материализмін қолдана да, тарата да алмады, қоғамды жалпылама, абстрактілі қарастырды, сөйтіп тарихқа деген көзқарастарды идеалистік шырмаудан шығара алмады, оны ғылыми диалектика түрғысынан түсіндіруге дәрменсіз болды.
Тарихты гылыми түрғыдан түсіндіру белгілі бір нақгылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтижесі еді. Ол қоғамның, философияның, гьшымньщ жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге келді.
Қоғам туралы ғылыми ілім бүрығы қогамдық ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретіңце және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солар-дың талабына сай қалыптаса бастады. Тарихи дамудың қажетті, заңды орлеу процесс екендігі туралы (Гсгель), тап күресінің ашылуы (Тьерри, Минье, Гизо), кагіиталистік еңбек теориясы (Смит, Рикардо), социализм туралы утопиялық болжаулар (Сен-Симон, Фурье, Оуэн) қогам туралы ғылыми ойдың дүниеге келуіне негізгі алғыщарт болды.
Тарихты объективтік түрғыдан түсіну өзінен бүрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жай жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көзқарастың қалыптасуы табигатты да, қоғамды да қамтитын біртүтас ғылыми-философиялық дүние танымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптср негізіндс зерттеу нәтижесіндс, оның даму зандылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану, саясаттану ілімдері дүниегс келді. Ол ғылымдар адамзат тарихын түсіндірудің кілтін, көзін қоғам-ның матсриалдық-экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан-жақты терең талдап, дәлелдеді.
Қоғамдық қүбылыстар, процестер заңды дамиды. Бүл зандар объективті сипатта болады. Өзінің іс-қимылы мен практикалық қызметінде адам даму заңдарының омір сүріп түрған жағдайлары мен шарттарына ықпал жасайды, бірақ заңдардың өзін қолдан жасап, не жоя алмасада Екінші жағынан мүның озі даму заіщарының объективтік сипаты адам санасының қабілетсіздігін, түсініксіздігін, үтымсыздығын туғызбайды. Агностиктердің үйғаруынша емес, сана адамдарды нақтылы дүниеден алыстатпайды. Қайта, керісінше, адамдар шынайы дүниемен тығыз байланыста болады. Олар қоғамның даму заңдарын терең біліп меңгереді, оларды оздерінің пайдасына қолдана алады, даму процесінде екпінді әсер етеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп түрмайды, оларды тікелей байқау, керу, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себепті қоғам заңдарын терең танып-білу арқылы пайдалану оңай емес, ол көп күш жүмсап, зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамдық-экономикалық формациялар деген не? Ол өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар қүбылыс. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан езен емес, ол бөлшек-белшек буындардан, қезеңдерден түрады. Тарихтың ондай буындары мен кезендерін әлеуметтік-экономикалық формация дейміз. Әр формацияның өзіндік зандары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Ол үғымды дүниеге әкелген Маркс емес. Қүлдық қоғам, феодалдық қоғам, ка-питализм, тіпті социализм үғымдары Маркске дейін бол-ған. Маркс олардың даму заңдылығын ашты. Соңцықтан бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр.
Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп талдағанда, оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салавларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші маңызды алғышарты-қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдай байқаса, олар оны белсенді іс-әрекеті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден қоғам дамуындағы алғы-шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалды күш-жігері, қасиеті т. б. өзгешеліктері болады. олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі- ол алуан түрлі қоғамдық қатынастардың, байланыстардың ішінен ең бастысын- материалдық-өндірістік қатынастарды бқліп алады. Өндірістік қатынастардың шығуы, қалыптасуы адамдардың ой-санасына байланысты емес, қайта оларға тәуелсіз болады. Олар қоғамның идеологиялық, рухани қатынастарын анықтаушы, белгілеуші, экономикалық құрылымның негізі. Қоғамдық сана-қоғамдық болмыстын бейнесі, көшірмесі. Бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Қоғамдық болмыс-адам өмірінің, оның іс- ірекетнңі қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-куатымен табиғи мұмкіндіктерді шыңдыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдыс болмыс-адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың негізі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізінен алғанда метариалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең аддымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оньщ негізінде өндіргіш күштер: қүрал-саймаңдар, оны қодда-натын адамцар қалыптасады. Сонау ерте замаңдардан-ақ еңбек ету арқылы адамдардың санасы оянған, олар тобыр болып жүрген адам тәрізді хайуавдардан бөлініп шықты, адамдық қасиетке ие бодды. Сонымен қатар материалдық қатынастарға өндірістік, үлттық, рулық, нәсілдік, отбасылық немесе жыныстық қатынастарды жатқызуға болады. Бүл қатынастарға сана араласатын болғанмен, бүлардың түп негізіне сана қатысты емес, олар өздігінен өмір сүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz