ТАҢҒАЖАЙЫП ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙ БІЛЕЙІК


«ТАҢҒАЖАЙЫП ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙ БІЛЕЙІК»
• Маңғыстау облысында өсімдіктердің 622 түрі өседі. Олардың 40 түрі облыстық Қызыл кітапқа, ал 7 түрі республикалық Қызыл кітапқа енгізілген. Облыстың өсімдіктер жамылғысы Қазақстанның басқа шөлді мекендерінен айтарлықтай ерекшеленеді.
• Киіктердің үш мыңға жуығы Көлтабан, Матай аймақтарынан Өзбекстан, Түркменстан аумақтарына қарай өтіп бара жатырғанын мамандар көріп байқаған . . .
• Ақтау-Бозашы зоологиялық қаумалы аумағындағы арқар мен қарақұйрықтың көп шоғырланған жері Ембі тауына баратын және шығатын автокөлік жолдарын жабу
Бұл жерде жабайы аңдардың, құстардың, балықтардың неше алуан түрлері шоғырланған. Мысалы, сүт қоректілердің 51, құс-тардың 350-ге жақын түрі, ал Каспий теңізінде балықтардың 130-ға жуық түрі кездеседі. Басқа өңірлермен салыстырғанда Маңғыстауда өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген хайуанаттардың түрлері айтарлықтай көп. Оларға Үстірт жабайы тау қойы, қарақұйрық, құлан, қарақал, итаю, мәлін, шұбар күзен, ала тертесер, қара кірпі, сабаншы, шағыл мысығы, үнді жайрасы, ақбауыр жарқанат кіреді. Қызыл кітапқа енгізілген құстардан 26 түрі кездеседі, олардың ішінде ақсұңқар, ителгі, лашын, үкі, сыңқылдақ аққу, кіші аққу, қоқиқаз, жорға дуадақ, дуадақ, бүркіт, аққұйрықты және кезқұйрықты субүркіт, қызғылт және бұйра бірқазан және т. б. бар. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде ең көбі қарақұйрық, олардың бас саны шамамен 1500 - 1700, одан кейінгі Үстірт жабайы тау қойының бас саны 700 - 1000-ға жуық, құланның бас саны 80-130-ға жуық, ал аулауға тиым салынған киіктердің саны 1000 - 1200-ге жуық. Бұлардың көбісі шоғырланған жерлері Маңғыстаудың Бозашы түбегі, Үстірт, Қаратау бөктерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олардан басқа облыс аумағында кәсіптік маңызы бар аң-құстар да мекендейді: жабайы доңыз (қабан) - 200, қасқыр - 3000, түлкі - 4700, шибөрі - 300, қарсақ - 2800, қоян - 17000, сасық күзен - 100, қаз - 6000, үйрек - 185000, кекілік - 8, бөдене - 37500, кептер - 147500, шалшықшы - 105000, қасқалдақ - 125000 бас шамасында. Құстардың саны аңшылық маусымында ғана осындай көрсеткішке жетеді.
Маңғыстау өңірі жабайы аңдары мен өсімдіктерінің табиғи шаруашылық және ғылыми-тәжірибелік әрі тұқымдар асылдығына көптеген шетелдіктер өте қызығып, мейлінше мән беруде. Осыған орай облыстың аң шаруашылық саласын дамытуға арналған ұзақ мерзімдік бағдарлама жасау және оны орындауға қажетті инвестиция қорын іздеу жұмысы 2005 жылдан бастап қолға алынуда. Бұл саланың дамуына қазірдің өзінде халықаралық ғылыми қоғамдар және шетелдік мемлекеттер қызығушылық білдіруде. Соның бірі, 2006 жылы жорға дуадақтардың жұмыртқасын жинау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №444 Қаулысына сәйкес Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағында 50 жорға дуадақтың жұмыртқасы жиналып, жылжымалы инкубатор арқылы балапандар шығарылып, мемлекетаралық шартқа сәйкес Біріккен Араб Әмірлігі еліне жіберілді. Осындай игі жұмыстардың бәрі Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының мамандарының қаты-суымен және қадағалауымен іске асырылды. Қазақстан аумағында бекітілген ережеге сәйкес Маңғыстау облысында да әуесқой аңшылықты ұйымдастыру, орман қорғау жұмыстарын қадағалау, қаскерлермен тұрақты түрде күресу, «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға атсалысу және оны қадағалап отыру біздің басқарманың бірден-бір міндеті.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді және олар мекендейтін жерлерді сақтауға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастыру, ҚР Үкіметінің № 267 қаулысына сәйкес бағдарламаның және бір бөлігі жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе осындай аумақтардың қорықтар мен қаумалдар көлемін кеңейту, сирек кездесетін тұяқты жануарлардың мекендеу ортасын қорғау міндетін жүктейді.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу үшін облыс көлемінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасымен қатар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы (көлемі 223, 3 мың га), Ақтау-Бозашы мемлекеттік зоологиялық қаумалы (137, 5 мың га), Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалы (132, 5 мың га), Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағы (1 231, 0 мың га), Маңғышлақ эксперименталды ботаникалық бағы (39, 0 га) жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында жаңа аң шаруашылықтары ашылды: Қаражанбас (56, 7 мың га), Қияқты (165, 2 мың га), Қаратау (88, 5 мың га), Голубая бухта (68, 7 мың га), Прибрежное (26, 5 мың га), Ащысор (39, 2 мың га), Бостанқұм (120, 1 мың га), Желтау-Көлеңкелі (210, 9 мың га), Қарақия (20, 0 мың га), Кендірлі (19, 0 мың га) .
Маңғыстау облысында өсімдіктердің 622 түрі өседі. Олар-дың 40 түрі облыстық Қызыл кітапқа, ал 7 түрі республикалық Қызыл кітапқа енгізілген. Облыстың өсімдіктер жамылғысы Қазақстанның басқа шөлді мекендерінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының бү-гінгі таңда жалпы көлеміне шаққанда орман өскен жерлер 4, 2% құрайды. Ал Маңғыстау облысы өңірінде бұл көрсеткіш - 2, 8% шамасында. Облыс орманының негізі сексеуіл болып табылады. Сексеуілдің екі түрі бар: ақ сексеуіл және қара сексеуіл. Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Бейнеу және Сам мемлекеттік мекемелері, Үстірт мемлекеттік табиғи қорық жерлеріндегі мемлекеттік орман қорының көлемі 465, 7 мың га. Бүгінгі жағдайда орман алқаптарын көбейтудің бірден-бір жолы - себілген сексеуіл тұқымының өсіп жетілуі, әрі қарай өсіп кетуі, біріншіден, түгелдей қоршаған климат жағдайына, оның ішінде жауынның көптеп, әрі жиі жаууына тікелей тәуелді екенін айтпауға болмайды. Екіншіден, Маңғыстау облысы өңірінде орман питомниктерін ұйымдастырып, басқа да ағаш көшеттерін дайындауға су мәселесінің жағдайы көтермейді. Сондықтан да, шөл және шөлейт жерлерде орналасқан Маңғыстау аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қатары облыс аумағының 20% -ына жетсе дұрыс болар еді.
Басқарма мамандары өткен жылы құқық қорғау органдары инспекторларымен біріккен түрде рейдке шығып, Ақтау-Бозашы мемлекеттік зоологиялық қаумалы, Тасорпа, Мыңкісі, Қызан, Ақшымырау, Жұ-мыртқалы сор аралдары аумақтарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Рейд кезінде әр жерден 20-25-тен киік және қарақұйрықтар кездесіп отырды.
Басқарма инспекторлары Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы инспекторларымен біріккен түрде қаскейлерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында рейдке шықты. Сенек, Бесоқты, Тынымбай шоқы, Бақтылының төрткүлі, Ақорпа, Қарашықтың тауы, Жусалы, Шақпақты тауы, Жабайұшқан тауы, Үкілінің жолы, Қожа-Әулие, Тереңорпа, Бөрібастың тауы, Маната, Бесбұлақ таулары, Сеңгірдің құмы, Бостанның құмы, Қызыладыр, Қызылқолтық аумақтарын аралап, Жусалы, Жабайұшқан, Үкілінің жолы, Бөрібастың тауларынан 5-10-нан топ-топ болып жүрген қарақұйрық пен арқарлар кездестірді. Сонымен қатар Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы, Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы, табиғат қорғау полициясы, балық қорғау инспекциясы және басқарманың инспекторлары біріккен түрде екі бағытқа рейдтік сапарға шықты.
Басқарма қаскейлермен күресті күшейту, табиғатты және жануарлар дүниесін қорғау жөнінде “Охотзоопром ӨБ” РММҚ-ның батыс филиалы, Табиғат қорғау полициясы, Ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырды. Бейнеу ауданының аумағында қырқүйек, қазан, қараша айларында рейдтік сапар кезінде Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының шекаралары Бозой, Көлтабан, Матай жерлерінде киік көшкіні жүріп жатырғаны айқын аңғарылды. Киіктердің үш мыңға жуығы Көлтабан, Матай аймақтарынан Өзбекстан, Түркменстан аумақтарына қарай өтіп бара жатырғанын мамандар көріп байқаған . . .
Қазақстан Республикасы табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының орындалуын және жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында жыл басында белгіленген жоспар бойынша табиғатты пайдаланушылар кәсіпорындары мен Бейнеу және Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері тексерілді. Маңғыстау облысының мұнай, газ өндіру кен орындары және басқа да ірі кәсіпорындарында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің тиісті баптары, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылау жасау мақсатында басқарма инспекторлары М. Джусупов, Ә. Қозыбақов тексерулер жүргізді. Тексеру барысында «ӨзенМұнайГаз» ӨФ, «Sat Operating Aktau» ЖШС, «КазАзот» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СП «Арман» ЖШС, «Бузачи Оперейтинг» ЖШС, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ» компанияларында табиғатты қорғау заңнамаларының орындалмағаны анықталды. Мысалы, аталған компаниялар өткен жылға арналған өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шараларын жасақтамаған. Сондықтан ҚР Экологиялық кодексінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне арналған талаптары, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өндіріске байланысты талаптары толық орындалмаған. Осы мекемелер басшыларына жіберілген заң бұзушылықта-рын көрсетіп, оларды жоюға ұйғарым берілді және ол кемшіліктердің орындалуын бақылауға алып, көрсетілген заң бұзушылықтар тіркелді.
Зоологиялық коллекцияларды тиесілі тәртіппен тіркеуге алу мақсатында басқарма инспекторлары тексерулер жүргізіп, нәтижесінде Ақтау қаласындағы «Хантер» кафе-барында сүт қоректілердің 4 түріне, құстардың 14 түріне жататын тіркеуде жоқ тұлыптар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша аталған зоологиялық коллекцияның иесі В. И. Овчаренкоға қатысты хаттама толтырылып, ескерту беріліп, тиісті ұйғарым тапсырылды.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің берген тапсырмасына сай Ақтау қаласында 4 зоологиялық дүкен бар екендігі анықталып және тиісті құжаттары жинақталып, комитетке жіберілді.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, реттеу мен бақылау бөлімінің бас мамандары Б. Балиев, Ә. Қозыбақов және орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласын реттеу және бақылау бөлімінің бас мамандары М. Джусупов, Н. Исмаилов Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоо-логиялық қаумалына, Қарақия, Ащысор, Прибрежное аң шаруашылықтары аумақтарына жүргізген рейдтердің нәтижесінде 35 әкімшілік құқық бұ-зушылық іс қозғалып, 13 адамға 91 728 теңге айыппұл салынып, 8 адамнан 52 956 теңге өндіріліп алынып, қалған 5 адамға қарсы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 708 бабына сай тиісті шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 3 адамнан 20 748 теңге өндіріліп алынды. Ал қалған екі адамның материалдары сотқа жіберілуге дайындалуда.
Желтоқсан айының 20-да инспектор К. Шадиев Маңғыстау ауданының Тасмұрын жерінен 32 құлан көрген. Жабайы жануарлардың көбісі шоғырланған жерлер Маңғыстаудың Бозашы түбегі. Жабайы тұяқты жануарлардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz