Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас, қол-аяқ жараланганда стерильденген таңудын ережесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас,
қол-аяқ жараланганда стерильденген
таңудын ережесі

Жараланғанда, зақымдалғанда, операциядан кейін әрқашан жараны ушығудан
сақтау мақсатында оны жабу, қан кетуді тоқтату, зақымданған органға немесе
дене бөлігіне дамыл беру қажеттігі пайда болады. Сондықтан асептика
ережелерін сақтай отырып, жараны мүмкіндігінше ерте таңу қажет.
Таңудың екі-жүмсақ және қатты түрі бар. Жүмсағы: желімдік, бір
байламдық, бинттік, қаттысы: қалақтық, гипстік деп ажыратылады.
Желімдік тацулар негізінен сыртқы орта әсерінен қорғау үшін
қолданылады. Бүл байлауларда таңу материалы түрлі желімдердің-клеоланың,
коллодийдің, лейкопластырьдің көмегімен жараны айналдыра теріге жапсырады.
Желімдік таңудың әдісі қарапайым: жараны бірнеше қабат дәкемен орайды, оның
төңірегіне жіңішке жалпақпен клеола қабатын жағады. Дәкілік салфетканы
керілген күйінде жағылған желім қабатына жапсырады және біраз уақыт үстап
түрады-салфетка теріге тығыз жапсырылады.
Таңу материалын лейкопластыръ жолағының көмегімен үстатуға болады.
Жабысқыш пластырь жолағын теріге жапсырады. Бүл таңулар берік емес,
шешкенде ауырықсындырады, сондықтан сирек қолданылады.
Желімдік таңулар қарын, кеуде, мойын үстіндегі жараларға, көбіне
стационарлық жағдайда қолданылады.

14 сүрет. Бір байламдық таңулар: а) басқа; б) иыкқа (екі орамнан); в)
сүт безіне; г) қолды сүйеуге; д) сираққа; е) жамбасқа.

Бір байламдық таңу бинтпен таңу қиын немесе бинт жоқ жағдайда
қолданылады (14 сурет). Бір байлам санитардың табельдік мүлік қолдорбасынан
пайдаланылады немесе мата үзігінен жасалады. Орамның неғүрлым ұзын жағы
табаны, табанға қарсы жатқан бүрышы-төбесі, қос бұрышы-ұшы деп аталады.
Бір байламның көмегімен дененің кез-келген бөлігін тануға болады. Басты
тануға орамалдың табанын желке тұсына салады, жоғарғы бұрышты басқа
байланған ұштарынан бүгеді де, түйрегішпен бекітеді (14 а сурет), Жамбас
жақты және бүйірдін жоғарғы бөлігін байлағанда ораманың жоғарғы бұрышын
белді айналдыра өткізген белдікке байлайды, оның ортасын бөксеге
орналастырады, табанымен бүйірдің жоғарғы бөлігін айналдырады, бүйірді
айналдыра өткізген ұшын оның сыртқы бетіне байлайды (14 е сурет).
Сирақты байлағанда ораманы спираль бойынша сирақты айналдыра өткізеді,
сирақ төңірегін айнаддыра отырып, төменгі ұшын біршама жоғары көтеріп,
түйрегішпен бекітеді. Жоғарғы үшын сирақтың жоғарғы бөлігі төңірегінен
айнаддырып, оны да түйрегішпен бекітеді (14 д сурет).
Бинттік байлауларды бинттің көмегімен жүзеге асырады. Бинт орам етіп
шиыршықталған ені 5-20 см және ұзындығы 5-7 метр дәке жолағын білдіреді.
Дененің таңылатын бөлігіне байланысты екі әр түрлі бинттер пайдаланылады.
Жіңішке бинттер (5 см дейін) саусақтарды, орташасы (7-10 см) білекті,
тізені, мойынды, басты, жалпақтары (20 см дейін) кеудені, қарынды, санды
таңуға қолданылады.
Бинттік танудын түрлері:
- айналдыра (дөңгелек) таңу бинттің дөңгелекті жүрістерінен гүрады,
мандайға, тізенің төменгі бөлігіне, білекке таңылады;
- спиральды таңу- бинттің алғашқы жүрісі айналдыра таңудағыдай
орналасады, ал содан кейін спираль түрін алады, егер үштарының қалындығы
бірдей болмаса, бинтті бүгу үсынылады;
- крест түріндегі немесе сегіздік түріндегі таңу басты, кеудені
бинттеуде қолданылады;
- масақ түріндегі таңу крест түріндегі таңудың бір түрі болып
табылады, иық буындары таңылады.
- тасбақалық таңу жартылай бүгілген буындарға қолданылады;

Таңу кезінде кейбір ортақ ережелерді сақтау керек (15 сурет):
1. Таңғыш салынатын дененің бөлігі қозғалыссыз болуға тиіс.
2. Бинттің үшын оң қолымен, ал оның бастапқы түсын сол қолымек үстап,
таңғышты салушы жараланған адамға бетімен қарап түруы керек Ол оң қолымен
бинттің басын тарқатады да, оны жазады, сол қолымеь таңғышты үстап түрады
да, бинтті түзетеді.
3. Бинт бір бағытта - солдан оңға қарай таратылады.

15 сурет. Таңғышты байлаудағы бинттің дүрыс орналасуы.

Бас жараланғанда зарарсыз таңгышты
ораудың ережесі

Басты тану: Бастың шашты бөлігін жабу үшін қарапайым және сенімді
таңуды - шілтерлі тақия (чепец) қолданылады (16 сурет). Бір метрге дейін
жіңішке бинттің үзігін еңбекке тартады және оның үштарын қүлақтың алдынан
түсіріп, тартылған қалпында үстап түрады. Бастың төңірегінен айналдыра (16
сурет) бекіту жүргізіп, бекітетін жеріне жеткенде (1), бинтті айналдыра
тартып, қиғаштап желкеге жеткізеді (3). Бинтті желке мен маңдайға
айналдырған (2-12) оны барған сайын тіктей түседі, сөйтіп, бастың шашты
бөлігін жабады (16 сурет). Содан кейін 2-3 айналымнан кейін таңуды
бекітеді. Байлаудың үштарын иек астына бинтпен бекітеді.

16 сурет. Чепец түріндегі басты таңу.

Бастың көлемді жаралануында, оның беттегі орнына жуген түріндегі
тану жүргізіледі (17 сурет).
Маңдай арқылы 2-3 бекітуші айналым жасалғаннан кейін (1) бинтті желке
арқылы (2) мойын мен иекке тартады, иек пен мандай арқылы бірнеше тік
жүрістер (3-5) жасалады, содан кейін бинт иектен желкеге қарай тартылады
(6).
Мойынды, көмейді және иекті жабу үшін, таңу суретте көрсетілгендей етіп
тартылады.

17 сурет. Жүген түрінде басты байлау.

Мұрын мен иекті сақпан тәрізді таңу (18 сурет). Үзын таңғыш жалпақ
бинттен немесе ұзындығы 75-80 см. мата қиындыларынан жасалуы мүмкін. Бүл
тілімшң екі үшынан оның бойынан кеседі, сонда оның ұзындығы 15-20 см орта
бөлігі тұтас қалуы керек. Тілімнің кесілмеген бөлігін көлденең бағытта
керекті жеріне жапсырады.
18 сурет. Сақпан тәрізді таңу:

а) мұрынға; б)мандайға; в) иекке.

Көзді таңуды маңдай - желке тұсы арқылы айналдыра ораудан басталады.(19
сурет). Екінші айналымды желке тұсында мойынға жақын түсіреді және көз
тұсынан мандай арқылы құлақ астынан бетке шығарады. Үшінші айналым-
шеңберлі, бекітуші. Одан кейінгі айналым қайтадан қиғаш, желке тұсынан
құлақ, көз үстінен, маңдайға тартады және осылайша жалғаса береді. Әрбір
қиғаш айналым біртіндеп жоғары қарай ауыстырыла береді, сонысымен көз
төңірегін жабады. Сол және оң көзді таңу техникасы, барлық байлаулардағы
сияқты, оң көзді бинттеуде бинтті солдан оңға, ал сол көзді бинттеуде-
оңнан солға қарай орауымен ерекшеленеді.

19 сурет. Көзді таңу.

Мойын, көмей немесе шуйде жараланган жагдайда айқыш таңу жасалады (20
сурет). Айнаддыра жүргізілген бинт ең алдымен бастың айналасына бекітіледі
(1,2), ал содан кейін сол құлақтан жоғары әрі артынан қиғаш бағытпен төмен
мойынға түсіріледі (3). Одан әрі бинт мойынның оң жақ үстімен жүріп, оның
алдыңғы бетін жабады да, желкеге оралады (4), оң және сол қүлақтан жоғары
өтеді, жасалынған жүрістер қайталанады. Таңу бинт жүрісімен бас айналасына
бекітіледі.

20 сурет. Желке түсын айқыш таңу.

Зарарсыздандырылған таңуды аяқ-қолға салу ережесі.
Аяқ-қолға әдетте зарарсыздандырылған, масақ түріндегі және айкыш
таңуларды салады.
Саусақты шиыршықты таңуды (21 а сурет) білекті айналдыра байлаудан (1)
бастайды, одан әрі бинт саусақ сыртынан тырнақ буынына тартылады (2),
үшынан негізіне дейін бинттің шиыршықты жүрістерін жасай отырып (3-6), және
саусақ сырты бойынша кері жүріспен (7) бинтті білекке бекітеді (8-9).
Саусақтың алақан немесе сыртқы беті жарақаттанғандағы айқыш таңуды
білекке белгіленген жүрістен бастай отырып (1), одан әрі 216 суретте
көрсетілгендей саусақ сыртынан алақанға тартады.
Иық пен білекті төменнен жоғары карай бинттей, бинтті ара-түра не
отырып, шиыршықты таңғышпен орайды.
Шынтақ буынына (21 в сурет) бинттің шынтақ шүқыры арқылы (2-3)жүрісінен
бастап (1-3) таңады, одан әрі бинттің шиыршықты жүрісімен оларды кезегімен
білекте және иықта кезектестіре отырып (6,7,10,11,13), шынтақ шүңқырында
тоқтатады.

21 сурет. Таңулар.
а) саусақты шиыршықты
б) білекті айшықты
в) шынтақ буынын шиыршықты орау

Иық буынын таңуды (22сурет) кеуденің қолтық қуысының сау тұсынан бастап
(1) жүне зақымданған иықтың сыртқы үстінен, қолтық қуысының артынан иыққа
(2), сау қолтық қуысы арқылы арқадан кеудеге (3) тартады және бүкіл буын
жабылғанша бинт жүрісін қайталай отырып, бинттің үшын кеудеге түйрегішпен
бекітеді.

22 сурет. Иық буынын таңу.

Аяқты зарардандырылған таңу ережесі

Табанды таңу (23 сурет) оның неғұрлым шығыңқы бөлігі арқылы бинттің
алғашқы жүрісімен бастайды (1), одан әрі бинттің алғашқы оралымынан жоғары
(2) және төмен (3) кезектестіреді, ал оны жапсыру үшін бинттің қиғаш (4)
және сегіздік түріндегі (5) жүрістерін жасайды.

23 сурет. Табанды таңу.

Балтыр - табан буынына сегіздік турінде тацады (24 сурет).

Бинттің алғашқы жүрісін тобықтан жоғары таңады, әрі қарай табанға (2)
және аяқ басын айналдыра (3), аяқ басының сыртынан бинтті жүргізіп (4),
тобық және аяқтың басы арқылы, бинттің шетін тобықтан жоғары бекітеді.

Білек пен иық сияқты тізе мен буйірді шиыршықтап тацады.
Шеңберлі жүрістен бастап, тізе ұршығы арқылы тізе буынын таңады тізе
астындағы шұңқырда айқышталып, (25 сурет) ал содан кейін бинттің барысы
жоғары-төмен ауысып отырады.
25сурет. Тізе асты буынды таңу.

ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР:
І.Таңудың қандай түрлерін сіз білесіз?
2.Таңған кездегі жалпы ережелерді атаңыз.
З.Басты таңудың қандай түрлері бар?
4. Аяқ-қолды зарарсыздандырылған таңудың ережелері қандай?

2 САБАҚ

Таңу түрлері және дененің әртүрлі бөліктері: кеуде, іш-құрсақ,
шат жараланғанда зарарсыздандырылган таңу ережелері.

Кеудеге зарарсыздандырылган немесе айқыш-үйқыш тапғыш салынады.
Шиыршықты таңу үшін ұзындығы 1,5м. дерлік бинттің ұшын үзеді де, оны
сау иыққа салып, кеудеде (26а сурет ) қиғай (1) салбыратып қалдырады.
Төменнен жотадан бастап, шиыршықты жүрістермен (2-9) кеуде клеткасын
бинттейді, бинт кесегінің еркін салбырап түрған үшын байлайды.
Кеудені (26 б сурет) айқыш-үйқыш байлауды төменнен айналмалы, бинттің
белгіленген 2-3 жүрісімен бастайды (1-2), одан үрі арқадан оң жақтан сол
иыққа (3), белгіленген айналмалы жүріспен (4), төменнен оң иық арқылы (5),
қайтадан кеуде клеткасы төңірегіне әкеледі; соңғы айналым жүрісіндегі
бинттің үшын түйрегішпен бекітеді.
26 сурет. Кеудені таңу:
а) шиыршықты б) айқыш-үйқыш.

Кеуде клеткасының сүғыла жаралануы жағдайында зарарсыздандырылған тану
(пневмоторакс) 5 сурет.
Іш-кұрсақ тұсының тесіле жаралануы жарақаттанушы өмірі үшін неғүрлым
қауіпті болып табылады (жара арқылы ішкі органдар, ішек тұзақтары және
шарбы май түсіп қалуы мүмкін, күшті қан ағысы пайда болады). Іш органдары
түскенде, оларды қайтадан құрсаққа тығуға болмайды. Жараны түскен ішкі
орган төңірегінде зарарсыздандырылған салфеткамен немесе
зарарсыздандырылған бинтпен жауып қойған жөн. (27 сурет). Салфеткаға жұмсақ
мақталы - дүкелі сақина қойып, оны онша қатты тартпай байлау керек.
Қарынның жоғарғы бөлігіне зарарсызданған таңғыш тартылады, бүл жағдайда
бинттеу төменнен жоғары қарай кезектескен айналмалы жүрістермен
жүргізіледі. Қүрсақтың төменгі бөлігіндегі байлам сырғып кетеді, сондықтан
қарын мен шатқа масақ тәрізді таңу пайдаланылады (28 сурет). Ол қарын
төңірегіндегі айналмалы жүрістерден басталады (1-3), содан кейін бинт
жүрісі бүйірдің үстінен (4) бүйірдің сыртқы бетімен (6) оны айнала (5)
өтеді және одан әрі қарын төңірегінде айналмалы жүрістер қайталанады (7).
27 сурет. Іш- қүрсақтың төменгі
а) жағына және шатгы
б) масақ торізді таңу.

Бұттағы жаралар көбіне кіші жамбастың, қан тамырларының, жүйке
өрімдерінің және жыныс органдарының зақымдануына әкеліп соғады. Көмек
кәрсету жараға зарарсызданған таңу қолданылады, естен тануға қарсы шаралар
қолданылады.
Шат төңірегіндегі жараға Т түріндегі бинттік тану жүргізіледі немесе
бірбайлам көмегімен таңылады (28 сурет).
28 сурет. Бүтты бірбайлам таңуы.

Ең алдымен жараны зарарсызданған салфеткамен жабады, оған мақта қабатын
қояды. Т түріндегі таңу бел төңірегіне бинттен жасалған белдіктің көмегімен
жүргізіледі. Беддікке шат арқылы өткен бинттің барлық жүрістері бекітіледі.
Бірбайламды пайдаланумен таңу оңай, оның барлық үш шетін бір түйінге
байлайды да, таңуды беріктетіп қояды.

ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҮРАҚТАР:
1 Таңудың қандай түрлері кеудеге қолданылады?
2 Кеуденің тесіле жаралануы кезінде таңу қалай жүргізіледі ?
3 Қарынның тесіле жаралануы жағдайывда зарарсызданған таңудың ережелері
қандай?
4 Шатқа бинтті және бірбайламды зарарсызданған таңу қалай жүргізіледі?

3-4 САБАҚТАР.

Дененің түрлі бөліктері:бас, аяқ-қол, кеуде, іш, бұт жараланғанда
зарарсызданған таңуды салу жөніндегі практикалық сабақ.

Дененің түрлі бөліктеріне зарарсызданған таңғышты дүрыс салып, өңдеу
жөніндегі практикалық сабақ көрнекі қүралдарды: диафильмдерді,
диапозитивтерді, міскіндерді, стендтерді, плакаттарды, таңу материалдарды:
бинттерді, жеке таңу пакеттерді, салфеткаларды пайдаланумен сыныпта
жүргізіледі.
Зарарсызданған таңуды жүргізу жөнінде оқушыларды дайындауда негізгі
назар олардың білімдерін жетілдіруге және практикалық тәсіддерді
орындаудағы медициналық көмек көрсетуде практикалық дағдыларды орнықтыруға
аударылады. Әр практикалық сабақтың басында сабақ жетекшісі тәсілдің
(қимыл) орындалуын түсіндіреді және көрсетеді, содан кейін оларды
үйренушілермен бірге жасайды, нормативті белгіленген уақытта тәсілдердің
анық орындалуына қол жеткізіледі. Зарарсызданған таңу тәсілдерін игерудегі
жаттығу барысында үйренушілер 2 топқа бөлінеді олардың бірі көмек
көрсетеді де, екіншісі шартты жараланғандар ретінде пайдаланылады. Сабақ
барысында үйренушілер аратұра орындарын алмастырады.

1 тапсырма. Жеке таңу пакетін ашу

Нормативті орындау шарты
Оқушы пакетті сол қолына алады және оқытушының әмірімен оны ашады,
түйрегішті алып, оны ілгектемей өз киіміне түйрейді, пакеттің қабын сырт
жағымен столға қояды, жараға тиетін зарарсыз бетін бүзбастан, жастықшаларды
ашады.
Оқушы пакетті ашып, үшын сол қолымен, бинттің шиыршығын оң қолымен
үстағанда, нормативті орындау аяқталады.
Бағаны балға төмендететін мүмкін болған кемшіліктер: жастықшалар толық
ашылмайды; бинт үшы мен шиыршығының қолдағы теріс орналасуы.
Нормативті орындау уақыты: өте жақсы— 25 сек., жақсы —30 сек.,
канағаттанарлық -35 сек.
2 тапсырма. Тақиялы басты, білекті, шынтақ, тізе және балтыр-I табан
буындарын бастапқы тану
Нормативті орындау шарттары
I Таңу материалдары (қағазға оралған зарарсызданбаған бинттер
шартты түрде зарарсызданған деп саналады) таңылатын статиспен қатар
стол үстінде жатады.
Таңуды киім сыртынан жүргізуге де жол беріледі. Статист таңуға ыңғайлы
жерге орналасады. Оқытушының тапсырмасы және комавдасы бойынша оқушылар
әрқайсысына көрсетілген таңғышты таңады. Нормативті орындау бинт үшын
бекітумен бітеді.
Зарарсызданған бинтті байлау ережесін 6-7 сабақтардан қараңыз.
Бағаны (балға төмендететін мүмкін болар қателіктер: бинттің қолда дүрыс
орналаспауы, зарарсыздануды сақтамау, таңғышты өз орнына байламау,
таңғыштар бекітілмеген.
Нормативті орындау уақыты. Басты тақыялап байлау: өте жақсы — 2
мин.ЗО сек., жақсы — 2 мин. 50 сек., қанағатганарлық —3
мин. 10 сек.; білекті, шынтақ, иық, тізе және балтыр-табан буындарын
таңу: өте жақсы —1 мин.50 сек., жақсы — 2 мин., қанағатганарлық —2 мин. 10
сек.
3 тапсырма. Қан тоқтатушы жгутты таңу (бүйірмен иықты бұрау)
Нормативті орындау шарты
Жгут (бүрау) салынатын статист ыңғайлы жағдайда жатады. Столда Бүрау
салуға арналған материал қойып, дөптер және қарындаш жатады. Оқытушының
тапсырмасы мен командасы бойынша жгутты (бүрауды) көрсетілген жерге салады,
оларды салу уақыты (сағат, минут) көрсетіледі және жазбаны жгуттың
(бүраудың) соңғы жүрісінің астына салады, шеткі бөліктердегі қан тамырының
соғуын бақылайды. Осымен нормативті орындау аяқталады.
Бағаны (балға кемітетін мүмкін болған бағалар: жгутты (бүрауды)
көрсетілген жерге салмау, үштарын қатты тартып таңу немесе шеткі
бөліктердегі тамыр соғысының барлығы, жгут (бүрау) салу уақыты жазылмаған,
жгутты (бұрауды) жалаңаш денеге салу.
Нормативті орындау уақыты: қан тоқтатушы жгутты иыққа, бүйірге салу:
өте жақсы -25 сек., жақсы — 30 сек., қанағаттанарлық -35 сек; бүрауды
иыққа, бүйірге салу: өте жақсы —45 сек., жақсы — 50 сек., қанағаттанарлық -
55 сек.

5 САБАҚ

Сүйек сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сыну түрлері,
олардың асқынуы. Жаракдттан естен тану және одан алдын ала
сақгану амалы.
Сынық — сүйек түтыстығының бүзылуы, қатты қимыл, соққы, биіктен қүлау
жағдайында пайда болады.
Жарақатты сыныцтар жабық (терінің зақымсыздануы жағдайыңда) және ашық
деп бөлінеді (сынған жерде тері зақымданады).
Ашық сынықтар жабығынан қауіптірек, өйткені сынған жердің жүқпалы
ауруларға үшырау және остеомиелиттің (сүйек майының қабынуы) даму
мүмкіндігі өте жоғары.
Сүйек сынуының белгілері:
1. Жабық сынық жагдайында:
- сынған түстың ауырықсынуы;

- сынған түстың Ісщюлігі немесе көгеріп қалуы;
- сынған жердегі қауіпсіз қозғалыс;
- аяқ-қол функциясының бүзылуы. 2. Ашық сынық жагдайында:
- аяқ-қолдың қысқаруы немесе қисаюы;
- жарадағы сүйек жарқыншақтарының байқалуы;
- жараланған түстағы қалыпсыз қозғалыстар;
- аяқ-қолға салмақ түсіру өрекеті кезіндегі сырқырау.
Сынық толық немесе жартылай болуы мүмкін. Жартылай сынықта сүйектің
әлдебір көлденең бөлігі бүзылады, көбіне бойлық қуыс — сүйектің жарылуы
түрінде болады.
Сынықтар сан алуан түрівде кездеседі: көлденең, қиғаш, шиьфшықты,
бойлық. Көбіне жарықшақты сынықтар байқалады, бүл жағдайда сүйек жеке
сынықтарға бөлінеді. Сынықтьщ бүл түрі көбіне оқ тигеңде кездеседі.
29 сурет. Білек сүйектерінің жабық (а) сынығы және (б) сирақтың ашық
сынығы.
Сынған жерді сыйпағанда ауру қатты ауырусынуды сезінеді, ақырын басқан
жағдайда сүйекті, сынықтың үшкір шетгерін және сықырлауды (крепитация)
анықтауға болады. Аяқ-қолды сыйпалауды қос қолыңмен бір жерін ауыртып алмай
оны ушықтырмайтывдай етіп жүргізген жөн (сүйек сынықтарын, қан тамырларын,
жүйкелерін, бүлшық етгерін).
Ашық сынық жағдайында сынған түсты сыйпалау мен зерттеуге тыйым
салынады.
Ауыр жағдайда сынықтар естен танумен үштасады. Әсіресе артериалдық қан
ағуымен ашық сынық жағдайында естен тану жиі кездеседі.
Жарақатты естен тану — ауыр зақымданудың асқынуы өмірге қауіп, ол
орталық нерв жүйесі, қан айналымы, зат алмасу қызметтерінің
және басқа өмірлік маңызды функциялардың бүзылуымен сипатталады. Естен
танудың себебі ауыр жарақаттар болуы мүмкін. Естен тану көбіне көп қан
кеткен жағдайда, қыс уақыттарында зақымданған адамның сууы кезінде жиі
үшырасады. Естен тану белгілерінің пайда болу уақытына байланысты ол
бастапқы және қосымша деп бөлінеді.
Бастапқы естен тану жарақат алған сәтте көрінеді.
Қосымша естен тану оны үқыпсыз тасымалдау немесе сыну кезінде нашар
қүрсаулау жағдайында пайда болуы мүмкін.
Жарақаттану жағдайында естен тану дамуының екі фазасы — қозу және тежеу
ажыратылады. Қозу фазасы жарақат алудан кейін бірден дамиды, бүл күшті
сырқырау тітіркендірулеріне организмнің жауап реакциясы Бүл жағдайда
зақымданған адам тынымсыздық көрсетіп, сырқыраудан дөңбекшиді, айқайлайды,
көмек сүрайды. Бүл фаза қысқа мерзімді (10-20 мин). Содан кейін тежеу
басталады, толық есін сақтаған зақымданған адам көмек сүрамайды, тежеліп
қалған, төңірегіне бей-жай қарайды, өмірлік маңызды функциялары қысым
көрген: денесі суық, беті бозарған, қан соғысы әлсіз, тынысы әрең білінеді.
Өту ауырлығына қарай жарақатты естен танудың төрт дәрежесін ажыратады:
жеңіл, орта, ауыр, аса ауыр ауырлық.
Естен танудан алдын ала сақтанудың негізгі шаралары: жарақат алғаннан
кейін ауырықсынуды басу немесе жеңілдету, қан ағуын тоқтату, суынуға жол
бермеу, бірінші медициналық көмек тәсіддерін үқыпты орындау жөне
аяушылықпен тасымалдау.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуге зақымданған адам естен таңған кезде
өмірге қауіп төндіретін қан ағуын тоқтату қажет, шприц-түтікпен
ауырықсынуға қарсы дәріні енгізу, суықтан қорғау, сынық байқалған жағдайда
тасымалдық қүрсаулауды өткізу керек.
. ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҮРАКТАР:
1. Сынықтың қандай түрлерін білесіз?
2. Сынықтардың негізгі белгілері қандай және оның барысында қандай
фазалар ажыратылады?
3. Жарақатты естен тану дегеніміз не және оның барысында қандай
фазаларды ажыратады?
4. Жарақатты естен танудың негізгі белгілері мен оның ауырлық
дәрежелері қавдай?
5. Естен танудың алдын алу үшін қандай профилактикалық шаралар
жүргізіледі. Естен тануда қолданылатын алғашқы медициналық көмектің
мәні неде?

6 САБАҚ.
Аяқ-қол сынуы жагдайында құрсаулаудың табельді және қоластындағы
құралдарымен алғашқы медициналық көмек көрсетудің
ережелері
Сынықтардың негізгі бөлігі аяқ-қол сынығы құрайды. Аяқ-қол
иммобилизациясын дүрыс өткізу сүйек сынықтарының ауысып кетуіне жол
бермейді, сүйектің үшкір қырларының қан тамырларын, нервті және бүлшық
еттерді зақымдау қауіпін азайтады және жараланған адамды тасымалдауда
терінің, жарықшақтардың (яғни жабық сынықты ашығына көшіргенде) зақымдану
мүмкіндігін болдырмайды.
Сынық кезінде алғашқы медициналык көмек көрсетудің негізгі ережелері —
зақымданған адамның өмірін сақтауға байланысты тәсілдерді бірінші кезекте
қолдану: артериалдық қан ағуын тоқтату; жарақатты естен танудың алдын алу,
содан кейін зарарсызданған таңумен жараны байлайды және табельді немесе
көмекші қүралдармен иммобилизацияны жүргізу.
Қүрсаулаудың негізгі мақсаты — сынған орындағы сүйектердің қозғалмауына
қол жеткізу. Бүл жағдайда сырқырау бәсеңсиді, бүл жарақатты естен танудың
алдын алута ықпал етеді. Қүрсаулауды жүргізу тәсіддері аяушылықты болуы
керек. Сынықтың қозғалмауын жақын жатқан екі буынды бекіту арқылы (сынық
түсынан жоғары және төмен) арнаулы қүрсаумен немесе көмекші қүралдармен
қамтамасыз етіледі. Мүндай қүрсаулау көліктік деп аталады.
Табельдік қүрсау комплектісіне сым темірлі, фанерлі, пневматикалық, жақ
асты (иек асты) және Дитерихстің ағашты қүрсау жатады.
Соғыс алаңында, стихиялық апат көздерінде табельді қүрсаулар жетпеген
жағдайда кез-келген көмекші қүралдарды: бүтақтарды, уыс қурайды, тақтайды,
таяқты сапер күрегін, шаңғыны пайдалануға болады. Қандай да қосалқы
материал табылмай қалғанда қүрсаулауды зақымданған аяқ-қолды дененің сау
бөлігіне таңу жолымен жүргізген жөн: қолды-кеудеге, аяқты-сау аяққа.
Көліктік қүрсаулауды жүргізгенде мынадай ережелерді сақтау қажет:
1. Қүрсаулауға пайдаланған қүрсаулар берік бекітіліп, сынық түсына
жақсы жапсырылуы керек.
2. Қүрсау тікелей ашық аяқ-қолға таңылмайды, ол тұс алдын-ала мақтамен
оралуы тиіс.
-з. Сынық түсында қозғалмауды қамтамасыз етіп, сынған жерден жоғары
және төменгі екі буынды бекіту қажет (мәселен, тізе сынғанда балтыр, табан
және тізе буындары бекітіледі).
4. Жамбас сынған жағдайда аяқтың барлық буындарын (тізе, балтыр-табан,
жамбас-қабырға) бекіту қажет.
Саусақ буындары мен білек сүйектерінің ашық сынулары кезінде жараны
зарарсызданған таңудан кейін саусақтардың жартылай жүмылып түруы үшін
алақанға дәкеге оралған мақтаның тығыз кесегін салады. (30 сурет). Білекке,
саусаққа және білекке фанер, картон немесе сатылы қүрсау салады. Қолды бір
байламмен іліп қояды.
30 сурет. Білек сүйектерінің сынуы жағдайында сатылы қүрсау салу.
Білек сүйектері сынғанда (31 сурет) қолды шынтақ буынында тікбүрыштап
иіп, алақанды кеудеге бүрады және осы жағдайда қүрсаумен немесе көмекші
қүралмен бекітеді. Қүрсауды саусақтар негізінен иықтың жоғарғы үштен бір
бөлігіне дейін салады. Бүл жағдайда білезік сүйек пен шынтақ буындарында
козғалыссыздыққа қол жеткізіледі. Қолды бір байламмен асып қояды.
31 Сурет. Білек сүйектері сынғанда қүрсау орнату а) сатылы, б) көмекші
құралдардан, в) бір байламмен қүрсаулау.

Табан және сирац-табан буын суйектері сынганда
Құрсаулау үшін сатылы қүрсау немесе көмекші қүралдар пайдаланылады.
Қүрсауды табан үлтаны мен сирақтың артқы бетіне жоғарғы үштен біріне
салатындай етіп, оны адцымен бүктейді. Өкше үшін шүңқыр жасайды, оған өкше
сүйектеріне батпайтындай етіп мақта салады. Содан кейін қүрсауды аяқ-қолға
жапсырып, бекітеді, сирақ пен табанның төменгі бөлігі арқылы бинттің
сегіздік тәрізді жүрістерінен бастап, сирақтың жоғарғы бөлігівде бинттің
айналмалы жүрістерімен аяқтайды. Табан сираққа тік бүрышпен бекітілуі
керек.
Иық, шынтақ буындары, жауырын мен иық сүйектері сынғанда қүрсаулауды
сатылы қүрсаумен немесе көмекші қүралдармен жүргізеді (32 сурет). Қүрсауды
шынтақ буыныда бүгілген жарақаттанған қолға салатындай, сау жауырыннан
зақымданған қолдың білегі арқылы иыққа жөне білекке, содан кейін саусақ
түптеріне тартатындай етіп қүрастырады. Қолды бірбайламға артып қояды.
32 сурет. Бүғана, жауырын, иық, иық және шынтақ буындары сынғанда
құрсаулау үшін көліктік құрсауды дайындау.
Иық буыны мен иық сынгандагы көліктік курсаулау.
Бүғана сынғанда (33 сурет). Иық үстіне арқаға байланған мақталы-дәкелі
сақиналар немесе Дезо бинттік таңуын салады. Қолды бір байламмен асып
қояды.
Қабыргалар сынганда тыныс шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері
Ашық механикалық жарақаттың анықтамасы және түрлері
Сәтсіз жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек
Жарақаттар туралы жалпы түсінік
Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Қан тоқтату тәртібі
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ
Өндірістік жұмысшыларға бірінші көмек көрсету
Жарақаттың түрлері
Пәндер