Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы.
Жоспар:
Кіріспе.
І – Тарау. Тәрбие жайында мағлұмат.
а) тәрбиенің анықтамасы мен маңызы.
б) Исламдағы тәрбиенің маңызы.
ІІ – Тарау. Жастарды иман тұрғысында тәрбиелеу.
а) Иман негіздерін үйрету.
б) ислам негіздерін үйрету.
ІІІ – Қорытынды.
Кіріспе:
Тарихқа көз салып қарар болсақ, дүние жүзінің түкпір-түкпірінле
жастардың тәрбиесіне ерекше мән бергенін көруге болады. Осы тұрғыдан
көптеген ғалымдар кітаптар жазып, уақыттарын сарп еткен. Соның нәтижесінде
әр түрлі құқықтар, заң-жүйе мен әдет-ғұрыптар шығарған. Бірақ осыншалықты
еңбек етілсе ле жастар тәрбиесі өз дәрежесінде көрінбей оңды нәтиже бере
алмай келеді.
Тәрбиенің адам өмірінде елеулі орын алатындығы мәлім. Атамыз қазақ
Бала тәрбиесі бесіктен деп тәрбиенің сәби кезден басталатынын білдірген.
Сондай-ақ Ел болам десең бесігіңді түзе деп айтуында да ерекше мән жатыр.
Өйткені, болашақтың қандай болары сол сәбилер мен жастардың тәрбиесіне
байланысты. Тәрбие жақсы болса, қоғам да бейбіт болары сөзсіз. Сондықтан
тәрбие жүйесін қайта көзбен бір шолып өтудің ешқандай әбестігі жоқ.
Бзді жаратақан Аллаһ әрі тәрбиелеуші де Аллаһ болғандықтан ол бізді
өзімізден де жақсы біледі. Яғни қандай нәрседен әсерленіп, не нәрсенің
бізге пайдалы екенін білетін де Аллаһ Тағала. Сондықтан оның адамзат баласы
үшін түсірген әмір мен тыйымына сүйенуіміз тиіс. Осыны негізге ала отырып,
сіздерге иман мен Ислам шарттарын үйретудегі жастарға берерлік тәрбиесін
мән-маңызын егжей-тегжейлі болмаса да қолдан келгенше түсіндіруге
тырымсамыз.
І – Бөлім.
Тәрбие жайында жалпы мағлұмат.
а) Тәрбиенің анықтамасы мен мақсаты.
Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлы түбірін кездестіруге болады.
1. Раба – ярбу: Көбейту, арттыру мағынасына келеді. Рум сүресінің 39-шы
аятындағы Раба етістігі, осы мағынада.
2. Раба – ярби: (нәшә), болу пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу
деген мағыналарға келеді.
3. Раба – яруббу: реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу,
тәрбиелеу деген мағыналарға келеді[i].
Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ
Тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Сондай-ақ
Құранның алғашқы түскен 5-аятында да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни
Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады[ii].
Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына
қолданылады. Сондықтан Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада
қолданар болсақ бүткіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді.
Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар қылған, Аллаһ
Тағала үшін қолданылады.
Сонымен тәрбие сөзі жайында мынадай нәтижеге тоқталсақ болады:
1. Тәрбие іс-тәжірбие білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.
2. Ең ұлы тәрбиеші Аллаһ Тағала.
3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала
өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.
4. Оның негізгі қайнар бұлағы Аллаһ Тағалаға тірелуі тиіс[iii].
Тәрбиені, басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады.
Алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі өкілдеріне ілім-білім мен пікірлерін
үйретуі деп айтқандар да бар[iv].
Тәрбиенің Хз. Пайғамбар (с.а.у.) тұрғысынан қарастырар болсақ, тәблиғ
және тұрғызу (аяқтандыру) деген мағыналарға келеді. Осылайша тәрбиенің оқу
ісін де қамтитынын айтуға болады. Басқару, мұғалімдікке де келеді. Таблиғ,
оқу мен тәрбиені қамтитын термин. Хз. Пайғамбар: Мен көркем мінезді
толықтыру үшін жіберілдім деп айтуына қарағанда[v], көркем мінезге жетудің
жолы десек болады[vi].
Таблиғ жайында ғалымдар былай дейді:
Имам Ағзам (ө.150) Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені
білуді білдіреді[vii] деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: Тәрбие
тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік,
ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді[viii].
Зернуси: Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру
жүйелерін үйретеді деген. Ибни Сина Тәрбиеге қандай да бір нәрсені,
әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, Бір нәрсені бірте-бірте
дамыта отырып, кемелдікке жеткізу деп түсіндірген[ix].
Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы,
іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа
жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады[x].
Тәрбиенің мақсаты:
Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір
ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі
білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет
ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары
көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені
алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да Заман түлкі болса,
тазы болып қу деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде
тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі
түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде
ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ронесане
дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдық ғана болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің
мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бестіктегі
баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана,
адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр
тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: Тәрбиесіз ел болмайды. Тәрбиеге
бағынған құл болмайды деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің
аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс
қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты
сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен
тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: Әдепті бала арлы бала,
әдепсіз бала сорлы бала. Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар
мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді
тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын
тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай
ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
б) Исламдағы тәрбиенің маңызы.
Ислам тұрғысынан да тәрбиенің орны ерекше. Яғни ерекшелігі жақсы, кемел
адам өсіріп, жастарды өмірге және болашаққа көңіл бөлгізуінде жатыр. Сондай-
ақ өмірде кездесетін кез-келген қиыншылыққа мойымай, оның ыстық-суығына
төзе білуге де шақырады. Өмірді тек қана қуаныш еместігін ашып көрсетеді.
Сөзіміз түсінікті болу үшін Төлеген Айбергенов ағамыздың мына өлең жолдарын
айтып өтейік:
Өмір үлкен домбыра деп білем мен,
Егіз туған екі шектен тұратын.
Бірі қайғы қабағында түнерген,
Бірі шаттық әлдилеген мұратын.
Бұл екеуі жұп жазбайды әуелден,
Қосып тартсаң күй қалады құлақта.
Жаңыласың кеудеңдегі әуенен,
Сыңар шекпен тартам десең бірақ-та.
Міне өмірдің жалпы сипытан ашып түсіндірген. Ислам діні осыны негізге
ала отырып, жастарды әдептілікке, төзімділікке, ибалыққа осы сияқты толып
жаттқан адамдық қасиеттерге шақырып, өмір күресінде жеңілмеуге үндейді.
Қоғамның бақыты және тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға, дене мен
рухтан құралатындықтан, екеуінің де белгілі бір мөлшерде азықтануға
мұқтаждық бар. Екеуін тепе-тең ұстап дүние мен ақырет бақытын ойлағанда
ғана нағыз бақытқа жетуіне болады[xi]. Ал егер қоғамды құратын және тұлға
бақытсыз болса, онда қоғамның бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда
қулық-сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлға ғана емес, қоғамда жаппай
құлайды. Ислам, осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болады.
Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғам ғана емес, тіпті дүниенің
түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан-жақты дамуына ерекше
көңіл бөледі.
Ислами тәрбиенің мақсаттарының тағы бір жағы, тепе-теңдікке мән беретін
адамдар тәрбиелеу болып табылады. Теңсіздік пен бір жақтылықтан, олқылықтың
туындары толассыз. Сондықтан да Ислам тепе-теңдікке орта нысанадан
айырылмауды көздейді. Адам әрбір ағзасы өз алдын жаратылыс болғанымен бір-
бірімен тығыз байланыста.
Мысалға: қол, өз алдына әрекет етеді, алады, қояды, жазады. Бірақ өзге
мүшелермен байланысы міндетті түрде болады. Өйткені, қол сіңір, жүйке
сүйектер арқылы бір тұтас секілді. Егер қолды денеден бөліп алар болсақ, ол
өзіндік ерекшелігін жоғалтады.
Исламда адам ағзаларының қызметі мен ерекшеліктері көрсетіліп қоймай,
оның әдебін де шет қалдырмаған. Мәселен: Өсек – аяңның жеркеніштілігі мен
ішіп-жеудің әдебі сияқты. Міне Ислам, адамның рухани әрі тәндік жағын да
езжей-тегжейлі қарастырған. Дене аспап болса, мүшелері шектері болып
табылады. Іс-әрекеттер арқылы денеден күй, ән шығады. Ал әрбір ағза өз
алдына шырқар болса, барлығынан мән кетеді. Сондықтан іс-қимылмен
қозғалысқа аса маңыз аударылады.
Батыс мәдениетінің мақсаты, жақсы адамды өсіру[xii]. Негіздері адамдық
тәрбиеге сүйенетін көптеген қоғамдар осы көзқарасты қуаттайды. Бірақ
әдістемелері бір-біріне ұқсамайды. Әр елдің өздеріне тән, ұнатқан
нәрселеріне қарай әрекет етеді.
Ал Ислам болса мұндай тар қапастың ішінде қалмайды. Мақсатын тек қана
жақсы адамзат тәрбиелеуге сүйемейді. Ол өте ауқымдылықты қамтиды.
Соньдықтан да Ислам кемел адам тәрбиелеуді көздейді. Өйткені, ол өзінің
қасиеттерін тану арқылы Раббысын таниды. Ол өзін бір ғана мемлекетпен
шектемей, кез-келген аймақта нағыз адам болу жолын іздейді.
Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына
бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп[xiii]. Демек тәрбиенің мақсаты адамды
дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болып табылады. Білімнің мақсаты,
ақыреттегі бақыт болғандықтан тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа
жеткізу.
Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о
дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықтан да
Ислам тәрбиесі екі дүниені де көздейді. Ислам дінінің мақсаты, адамзат
баласын дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болғандықтан, Ислам тәрбиесінің
мақсаты, осы мақсатқа жеткзу болып табылады.
Ислами тәрбие, адамдарды үнемі Аллаһпен бірге болуға шақырып, оның
әмірлерін орындауда өте мұхтият болу керектігін айтады.
Атақты Ислам философы Мұхаммед Икбал: өміріміз бен тәрбиеміздің баста
мақсаты Ислам болу керек. Біліміміз дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де
пайдасы жоқ. Мұсылманның міндеті, білімді Ислам негізінде қарастыруы керек.
Сонда ғана білімнің жаны рухы кіреді деу арқылы Ислами түсінік екендігін
көрсетіп отыр[xiv].
Құран осы мақсатты былайша түсіндіріп береді:
Ол сондай Аллаһ, сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың
аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға: Кітап, даналық
үйрететін бір пайғамбар бір пайғамбар жіберді. Негізінде олар ашық адасуда
еді (Жұма сүресі 622).
Құран Пайғамбарлардың міндеттерін айта отырып, мына аятпен нығайта
түседі: Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және
елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін кітапты мизанды (әр
нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық[xv].
Сондықтан Пайғамбарлардың міндеті, адамдарды тәрбие леу, оларды
Аллаһтың әмірлерін орындап, тыйымдарынан тыйю, туралық пен әдептілікті
үйрету еді.
Ислам білім мен тәрбиеге маңыз аударады. Білім мен нәпсі тәрбиесін ет
пен тырнақтай ажырамас бүтін деп алады. Осылайша оларды Пайғамбар қызметін
орындауға шақырады.
Ислами тәрбиенің жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып
өтелік:
1) Білім алу: Ислам негізін үйрену әрбір мұсылманның басты міндеті.
Аллаһ Тағала барлық пайғамбарларына ең алдымен осы негізді үйреткен. Хз.
Мұхаммед (с.а.у.)-ға түскен алғашқы уахи осыны көрсетеді:
Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан
жаратқан, Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол,
адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен[xvi]. Осылайша мұсылман адамның ең
алдымен ғылым арқылы көп нәрсеге көзін жеткізуі шарт. Өйткені,
Пайғамбарымыздың да ғылым үйрену жайында айтқан көптеген хадистері бар.
Мәселен:
Білім үйрену әр бір мұсылман үшін міндет деген. Білім мұсылманның
жоғалтқан малы қай жерден көрсе алады.
2) Білімді үйрету: Бірінші баспалдақ екінші баспалдаққа жетелейді.
Ислами тәрбиеде үйренген білімін үйрету міндеті тұрады. Мұны Құранда
былайша баяндайды:
Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде, олардың
саңсулары үшін ескертулері керек емес пе?[xvii] тағы бір аятта: Сол
уақытта Аллаһ Тағала кітап берілгендерден: Әлбетте оны адамдарға
түсіндіріңдер, жасырмаңдар деп, сенімін алған[xviii].
3) Әдептің құндылықтары, рухани әрі әдептіліктің құндылықтарына ерекше
көңіл аударылады. Мұны сақтау ешқандай қиыншылықтарға бой алдырмай қорғау
тиіс. Әдептің маңызын Хз. Пайғамбар былайша түсіндіреді:
Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім. Тағы бір хадисте былай
делінген: Адамдар сендерге жақ-жақтан білім үйренуге келетін болады.
Оларға әдептілікті үйретіңдер.
4) Барша істі Аллаһ разылығы үшін істеу: Білімді дүниеге бөлену үшін
алмау керек. Білімді Аллаһ разылығы үшін үйреніп, әрі үйрету қажет.
5) Білімге деген құштарлықты арттыру: Адамдарды бөліп-жармай олардың
білімге деген құштарлығын артыру керек. Сондықтан кітапхана, білім алу үшін
қажетті құралдардың барлығын дайындау қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл
жайында былай дейді:
Мұсылман білімге томайды, өмірінің соңына дейін білім алады.
6) Оқушының жағдайына қарай тәрбие беру: Исламның алғашқы кезеңдерінде,
тәрбие баланың жас ерекшелігіне қарай берілді. Мұны Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) мына хадисінен үйренеміз:
Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, жиіркендірмеңдер. Осы
тұрғыда төртінші Халифа Хз. Әлидің тамаша сөзі бар:
Адамдардың көңілдері үнемі бір нәрсе үйренуге құштар болып тұрады.
Кейде тыңдағысы, кейде тыңдағысы келмейді. Олардың көңілдерінің жағдайына
қарай, қарым-қатынас жасаңдар. Тыңдауға лайық болған кезде олармен
сөйлесіңдер. Өйткені адамның көңілін бір нәрсеге зорлайтын болсаң көр
болады. Сенің қалауыңды тәрк ететін дәрежеге жетеді[xix].
7) Жауапкершілігін үйрету: Әрбір оқушыны білген нәрсесін тәжірибе
жүзінде атқтаруға үйрету керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) теориялық
білімнің пайдасыз екендігін былайша түсіндіреді:
Білімнің екі түрі бар: Біреуі телден көңілге кіреді, бұл пайдалы
білім; Екіншісі тек қана тілде ғана қалады. Ақырет күні өзіне қарсы
шығады[xx].
Ислам тәрбиесінің жүйесінде әрбір оқушыға өмірдегі жауапкершілікті
үйрету баста орында келеді[xxi].
ІІ – Бөлім. Жастарды имандылыққа
тәрбиелеудің маңызы.
а) Иман негіздерін үйретудің мән-маңызы.
Иман негіздерін үйреткенде Құран мен сүннет шеңберінен шықпай,
жастардың түсінетін дәрежесінде берілген жөн. Бұл үшін де оның жасының
ерекшелігіне мұқият назар аудару керек. Дұрысты дұрыс екен деп ретсіз айта
беру қиынсыз. Бала балағат жасына толғанша жауапкершілікке тартылмайтынын
естен шырғармаған абзал. Баланың жасымен санасу тек қана жастар үшін ғана
емес, кез-келген нәрсені айтарда ол мейлі жас болсын, кәрі болсын оның
түсінетін дәрежесінде сөйлеу қажет. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір
хадисте былай дейді:
Адамдармен түсінетіндей дәрежеде сөйсесіңдер[xxii]. Пайғамбарымыз
тәрбиеде осы жайтқа аса көңіл аударған. Хз. Хусейн бұл тұрғыда былай деген:
Әкемнен Пайғамбарымыздың мінезі жайында сұрағанымда былай деп жауап
берді: Хз. Пайғамбар үнемі күлімсірепп, әрі кішіпейілділікті ұстанатын.
Бақырып-шақырмай орта жолда жүретін. Ұнатпайтын нәрселерді көрсе де
көрмегендей сыңай танытатын. Үгіт етіп жүргендердің көңілін түсірмейтін.
Мына үш жайтты ешқашан істемейтін. Ешкімнің намысын таптамайтын, ешкімнің
қатесін қазбаламайтын, пайдасыз сөз сөйлемейтін. Ол сөйлеген кезде барлығы
оны мұқият құлақ салып тыыңдайтын. Ол сөзін бітіргенде өзгелерге сөз
беретін. Одан ешкім қысылып-қымтырылмайтын. Жанындағы жолдастары не нәрсеге
күлсе ол да күлетін, не нәрсеге таңырқаса ол да таңырқайтын. Бөгде
адамдардың әдепсіздігі мен басынуына сабыр ететіндігі соншалық,
жанындағылар сабарсызданатын.
Бір нәрсеге мұқтаж болғандарға, анаған жәрдем беріңдер дейтін. Ешкімнің
сөзін бөлмейтін. Егер жөн-жоқсыз сөйлер болса ғана тыңдамай кетіп қалатын
еді. Әрбір қауымның басшысына сый-сыяпат беріп, көңілдерін аулайтын. Әр
дайым жылы лебіз танытып жүретін[xxiii].
Хз. Пайғамбар тәрбиеде ең алдымен адамның қабілетіне қарай қатынас
жасайтын. Қоғамда әр түрлі адамдардың түрлері кездеседі. Кейбір адамдар
ақиқатты көре сала еш күмәнсіз сенсе, кейбіреулер уақыт өте келе сенімі
нығаяды, ал енді біреулер мүлдем сенгісі келмейді. Мұның барлығы қабілеттен
туындайды. Хз. Әбу Бәкірдің иман еткені жайындағы бір хадисте былай
делінген:
Мен кімге иман келтір деп айтсам, ол адам кішкене тұрақтап барып, иман
келтіретін. Бірақ Әбу Бәкір олай етпеді. Оған айтқанымда ойланбастан қабыл
етті[xxiv].
Бұл жайт бізге діни тәрбие бергенде адамдардың әр түрлі қабылетте
екендігін естен шығармау керектігін ескертеді. Тәрбиеде басты мақсат, ең
алдымен танып, оның неге мұқтаж екенін және не нәрсеге қызығатынын білгенде
ғана жетуге болады.
Хз. Пайғамбардың иман және Ислам негіздеріне байланысты мына төмендегі
хадисіне назар аударып көрелік:
Біз бір күні Аллаһтың Елшісінің қасында отырған едік. Кенет біздің
қасымызға аппақ киімді, шашы қап-қара, үстінен сапар ізі білінбейтін және
оны бізден ешкім танымайтын кісі келіп, тізелерін Аллаһтың Елшісінің
тізелеріне тигізіп, қолдарын тізесіне қойып, оның алдына отырды да:
Ей, Мұхаммед! Маған Ислам туралы айтшы - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі:
Ислам, Аллаһтан басқа Тәңір жоқ және Мұхаммед Аллаһтың Елшісі - деп
куәлік етуің әрі намаз оқуың, зекет беруің, рамазан айында ораза тұтуың
және егер шамаң жетсе қажыға баруың деді. Ол кісі: Рас айттың - деді.
Оның сұрақ сұрап әрі оны растағанына таңданып отырдық. Кейін ол: Маған
иман туралы айтшы - деді. Пайғамбарымыз: Аллаһқа, оның періштелеріне,
кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне иман келтіруің әрі жақсылық пен
жамандықтың Аллаһтан екендігіне иман келтіруің - деді. Ол кісі тағы да:
Рас айттың - деді. Және Маған Ихсан туралы айтшы - деді. Пайғамбарымыз:
Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық қылуың. Егер сен оны көрмесең де, Ол
сені тұр - деді. Ол кісі: Маған қияметтің уақытын айт - деді.
Пайғамбарымыз: Ол жайлы сұралған адам сұраушыдан білімдірек емес деді.
Ол: Онда қияметтің белгісін айт - деді.сонда пайғамбарымыз: Әйел адамның
өз тәрбиелеушісін тууы әрі киерге киімі жоқ, ішерге асы жоқ кедей
шопандардың бір-бірінен озу үшін зәулім, зәулім ғимараттар салғанын
көресің - деді. Ол кісі кеткеннен кейін біраз үнсіз отырдық. Кейін
Пайғамбар маған: Ей, Омар! Бұл келген кісінің кім екенін білесің бе? -
деді. Мен: Аллаһ пен Оның Елшісі біледі - дедім. Пайғамбарымыз: Ол
сендерге діндеріңді үйретуге келген Жәбірейіл (а.с.) еді - деді..
Осы хадистен иман мен Исламның негіздерін үйрене отырып, жастарға осы
негіздерді қалай үйрену керектігін жеке-жеке саралап тоқталатын боламыз. Ең
алдымен барша әлемді жаратып, тіршіліктің дамуына ыңғай берген Аллаға
сенудің маңызына тоқталайық:
1. Аллаһқа сенуді үйрету:
Әлемдегі қаншама діндер бар. Олардың өздеріне тән сенім негіздері тағы
бар. Осы сенім негіздеріне негізделе отырып, әдептілік пен амал құралдары
пайда болады. Осылай дін туындайды. Исламдағы иман негізі ең алдымен Аллаға
сенумен басталады. Алланы білу, тану және оны жүрекпен растап, тілмен
айтып, оған сену шарт. Мұны орындау арқылы мүмин болып, нағыз иманға
қауышады. Осы тұрғыда айтқан Сейд Кутубтың сөзіне келтіре кетелік:
Иман әрекетке итермелейтін шындық. Сондықтан иманның іс-жүзіне аспай,
жүректе жасырын қалуы мүмкін емес. Егер иман әрекетке көшпей, бүгіліп
қалса, әлсіз немесе өлік болғаны. Жұпар иісін сақтай алмаған гүл секілді
иман да әрекетін сақтай алмайды. Иман – іс-әрекет, жүйе болып табылады.
Аллаһқа қарай бет бұру Иман ұжданның түбінде көмулі, жасырын, ынжық, езіліп-
жанышталған нәрсе емес. Әрекетсіз, жақсы ниеттерден құралған деуге де
болмайды. Міне иманды өмірдің негізгі тірегіне айналдырған Исламның айқын
көрінісі[xxv]. Иманның адамзат өмірінде елеулі рөлі бар. Ол арқылы көптеген
нәрсеге жетуге болады. Барша игі істердің негізі осында жатыр. Аллаһқа
сенген адам көптеген жеркенішті істерден бойын аулақ ұстап, жүрегінде оның
құдірет күшін сезініп, ешкімнің бопсалауынсыз-ақ әр-ісін Аллаһқа тәуекел
ету арқылы істеуді үйреніп, нағыз бақытқа қарай бет алады. Аллаға сенудің
ең жоғарғы үлгісін сахабалардың өмірінен көруімізге болады. Бұл жайында
мынадай ғибратты оқиға бар:
Бір күні Хз. Әбу Бәкір таң намазына дәрет алып мешітке қарай алаңдап
келе жатып, мешітке жақындағанда бір жас баланы көзі шалып қалады. Ол
мешіттің сыртында біресе ары шауып, біресе бері шауып, әбігерленіп шауып
жүрген болады. Оны көрген Хз. Әбу Бәкір бұған не болды деп таңырқап, мән-
жайды сұрау ниетімен баланың жанына барады. Баланы жанына шақырып: Неге
бұлай қара терге түсіп, әбіржіп жүрсің - дейді. Сонда жас бала жұлып
алғандай, тақылдап: Мен дәрет алатын су іздеп жүрмін деп жауап береді.
Сонда Хз. Әбу Бәкір баланың ниеті мен ықласына таң қалып: Сен әлі жас
емессің бе? деп сұрады. Әлгі бала: Жоқ, қайдағы жастық. Кеше ғана ауылда
менен де жас бала қайтыс болды. Ол болса менен әлде қайда жас еді.
Сондықтан өлім жас талғамайды. Менің ақыретте қианлғым келмейді - дегенде,
Хз. Әбу Бәкір баланың ақылдылығы мен күшті иманына таңқалып, көзіне жас
алды. Бала болса тұрақтамай су іздей бастады.
Міне жас кезіндегі алған тәрбиенің маңыздылығын осыдан көрсек болады.
Аллаға деген сүйіспеншілік болған жүректе жеркенішті нәрсенің болуы екі
талай. Сондықтан жастайынан балаға Аллаһқа деген сүйіспеншілік орнығар
болса нұр үстіне нұр. Ең бастысы олардың Аллаһқа деген сүйіспеншілігін
арттырып, жазалар болсақ та Аллаһ сенің бұл әрекетіңді сүймейді деп айтудың
пайдасы орасан зор. Бала, Аллаһтың сүймейтін жайттардан сақтанып, оның
жақсы көретін, ұнататын іс-әрекеттерді істеуге ұмтылады.
Сондай-ақ балаға тек қана Аллаһтан қорқу керектігі де жүйелі үйретілуі
тиіс. Сонда ғана бала әркімнен бір қорқып, жасқаншақ болмай өседі. Ешкімнен
аяқ тартпай Аллаһқа деген сенімі күшейіп, тәрбиесі мен мінез құлқы реттеле
түседі. Осылайша құлға құлдақтан арылады.
2. Пайғамбарларға сенуді үйрету:
жаратушының адамзатқа біллдірген хабарларын пайғамбарлар арқылы
білеміз. Адамнан өзге жаратылыстар дүниеге келгеннен өз басына өмір сүруге
ыңғайлы болып келеді. Ад адам баласы дүниеге шыр етіп түскеннен ананың
қарауынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан олар ержеткен күннің өзінде
жол көрсетушіге мұқтаж. Адамды жаратқан Аллаһ Тағала болғандықтан олардың
осы әлсіздігін назарға ала отырып, жол нұсқайтын пайғамбарлар жіберген.
Құран бойынша ең кемел адамдар пайғамбарлар болып есептеледі. Олар
Аллаһтан алған уахиді адамдарға жеткізеді. Сондықтан да пайғамбарлардың
өмірімен танысудың, үйренудің адам өмірінде алар орны ерекше.
Аллаһтың бар екенін, жаратқандығына сенгеннен кейін оның
пайғамбарларына сену де Ислам негіздеріне кіреді.
Жастарға Пайғамбарларға сенуді үйрету, дінді үйретудің ішіндегі ең
оңайы деген болады. Өйткені, олардың өмірімен танысу, олардың іс-әрекеттері
мен басынан өткен оқиғалар өте әсерлі болады. Сондай-ақ ойда өшпестей із
қалдырады. Мұны сіңдіргеннен кейін, өзге тақырыптарды да түсіну оңайға
соғады.
Тәрбие әдістемесін жүргізгенде жастардың есінде хикаяттар қалып қояды.
Сонымен қатар мұқият құлақ салып тыңдайды. Мектеп жасындағы жастардың
кітаптағы батырлардың, қаһармандардың оқиғаларынан ерекше әсер алады. Тіпті
үлкендердің өзі тарихи кітаптарды ерекше сүйіспеншілікпен қызығып оқиды.
Сондықтан Пайғамбарлар тарихын оқыту арқылы олардың тәрбиесін, мінез-құлқын
да едәуір жоғары дәрежеге жеткізуге әбден болады. Мәселен Пайғамбарымыздың
кішкене бала кезінде басынан өткізген оқиғаларын айтуға болады. Оның
өмірінде алдынан кездескен мәселелерге ұтымды шешім қабылдау секілді
ғибратқа толы көптеген маңызды сәттері бар.
Пайғамбарымыздың жастарға деген мейір-шапағаты, кішіе ізет, үлкенге
құрмет көрсету үлгісі, өнеге боларлық дәрежеде.
Бір адам Пайғамбарымыздың жанында отырған еді. Бір кезде ол адамның
ұлы есіктен кіріп келеді. Ол баласын сүйіп, тізесінің үстіне отырғызады.
Арадан көп уақыт өтпей оның қызы да кірді. Адам оны жанына отырғызды. Мұны
көрген Пайғамбарымыз (с.а.у.):
Неге екеуін тең тұтпайсың деп өкпелеген сыңай танытты[xxvi].
Бір кісі Пайғамбарымыздың қасына барды. Жанында ертіп жүрген баласы
бартын. Ол баласын қайта-қайта бауырына басты. Пайғамбарымыз оған былай
деді:
- Сенің оған жаның аши ма?
Ол кісі:
- Ия – деді. Пайғамбарымыз оған:
- Сен оған қалай мейірім етсең, Аллаһ Тағала сенің мейіріміңнен де
бетер саған мейірім көрсетеді, – деді[xxvii].
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өміріндегі мына оқиға қандай ғибратты:
Хз. Пайғамбар намазда сәждеге жатқанда екі немересі Хасан мен Хусейн
арқасына шыққанда, Хз. Пайғамбар (с.а.у.) сәждеде ұзақ уақыт жатты. Осы
жайтты көргендер:
- Әй, Аллаһтың Елшісі сәждеде ұзақ уақыт жатып қалмадыңыз ба? – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Немерелерім арқама мінгенде асығысқым келмеді, – деді[xxviii].
Намаз оқып жатса да, балаларға бақырып-шақырмай оларға көңіл аударуды,
оның балаларға деген мейірімінің мол екенін көрсетеді. Сондықтан жастарға
тәрбие бергенде бала кезінен оларға үнемі арқа сүйер жанашыр іздейді. Сонда
бала өскенде жалтақтықтан құтылады.
Пайғамбарларға сенуді үйретудің балалар үшін ғана емес, ересектер үшін
де маңызы зор. Күнделікті өмірде адам баласының алдынан қаншама мәселелер
туындап жатады. Олардың барлығын орынды түрде шешу үшін тәжірбиемен қоса
өмірін өнеге тұтарлық адамның қажеттілігі толассыз. Бұл тұрғыда да
Пайғамбарлардың сипаттары мен әрекеттері өт тиімді мысал бола алады. Оның
ең басты сипаттары мына төмендегідей:
Садық: Сөзі мен істерінде туралықты ұстанады. Ешқашан өтірікке
жуымайды. Олардың болады деп айтқандары болған. Болмайды дегені болмаған.
Мәселен Пайғамбарымызға пайғамбарлық келмей тұрып, оған бірде-бір адам
өтірікші деп айтпаған. Қанша жерден қастандық жасаймыз деп талпынса да
ойларын іске асыра алмаған. Құран Кәрімде бұл жайында быдай деген:
Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені
өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы
келеді[xxix].
Сенімді: Олар үнемі сенімділікті өмірлеріне ту етіп ұстанады.
Пайғамбарымыздың пайғамбарлығын мойындамайтын адамдардың өзі оған аманат
тапсырып кететін болған. Досы мен дұшпаны Оны сенімді адам деп атайтын.
Күнәсіз: Пайғамбарлар ешқашан күнә істемейді. Ол өз жүйелерін орынода
іске асырады.
Парасатты: Олар адамдардың арасындағы ақылды, алғыр, рухы мықты
адамдар. Ақыл мен зейіндерін ең жоғарғы дәрежеде қолданады. Негізгі
ақиқатты Аллаһтан алып, адамзат баласына тура жолды көрсетеді.
Таблиғ: Аллаһтың уахи арқылы білдірген әмірі мен тыйымдарын адамдардың
дәрежесіне қарай, ешнәрсені жасырмай ешнәрсе қоспай үйретеді.
Пайғамбарлардың осы ұлы сипаттарын негізге ала отырып, жастарды
тәрбиеге шақыруға болады. Хз. Пайғамбардың барлық әрекеті барша
мұсылмандарға өнеге болады. Осыған байланысты бірнеше мысал бере кетелік:
Исламға дұшпандық жасау жөнінен шекке шыққандардың бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz