Жалпы микробиология негіздері



Жоспар:
1. Микробиологияың структурасы
2. Микробиология ғылымының дамуы
3. Микроорганизмдер морфологиясы

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы микробиология негіздері
Микроорганизмдер морфологиясы
Жоспар:
1. Микробиологияың структурасы
2. Микробиология ғылымының дамуы
3. Микроорганизмдер морфологиясы

1. Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі
организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді.
Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде
400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе
үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.
Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың
құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан
процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты
зерттейтін ғалым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Сонымен қатар
микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын,
ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді
зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология -
микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі
олардың негізгі ролі қарастырылады.
Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу
процесі.Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп,
бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.
2. Микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен теориялық және
практикалық жеңістіктермен толықтырылады. Халық шаруашылығының түрлі
қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым-жалпы микробиология, техникалық
немесе өнеркәсіптік микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық
микробиологиясы, медициналық микробиология, эпидемиология, мал дәрігерлік
микробиология және вирусология болып бірнеше салаға бөлінеді.
Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым
қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы
сипаттама береді, олардың табиғатта заттар алмасу процесіндегі ролін және
оны адам баласының пайдасына қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология – микроптардың тіршілігі
нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде
өндізудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады.
Техникалық микробиологияның дамуы барысында ашыту өнеркәсібі,
антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін
өндірістер ұйымдастырылады.
Тағам микробиологиясы-әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамдық
өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және өнімдердің микробтар әсерінен
бұзылуын болдырмаудың шараларын белгілейді.
Ауыл шаруашылық микробиологиясы-өсімдіктердің қоректенуімен топырақ
түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Сонымен бірге мал азықтық
белоктарды өндірудегі басқа да өсімдіктер тектес азықтардың
құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып, шаруашылыққа
ұсынады.

Геологиялық
микробиология- немесе геоморфология жер қабатындағы
микроорганизмдерді зерттейді.
Санитарлық микробиология- су, ауа, және топырақтағы микроорганизмдердің
таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көиегімен аурудың
таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын
объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын
белгілейді.
Медициналық микробиология- адамдар ауру қоздыратын микроорганизмдерді,
олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен
олардың алдын-ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы
әдістерін жасауды қарастырады.
Эпидемиология-адам мен жануарларда кездесетің әртүрлі жұқпалы аурулардың
жаппай таралуы жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды және олармен
күресу шараларын белгілейді.
Мал дәрігерлік микробиология –малдарда болатын жұқпалы ауруларды қоздырғышы
микроорганизмдерді зерттейді, олармен күресудің шараларын анықтайды.
Вирусология -өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда және бактерияларда
вирустардың даму заңдылықтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунологиялық кезең
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Микробиология аймақтары
Биотехнологияның экологиялық негіздері пәніне арналған зертханалық әдістемелік нұсқау
Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Микробиологияның даму кезеңдері
Микробиология туралы түсінік
Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер
Бактерия
Пәндер