ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА ҮҢІЛУ: BBC-ДІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РАДИО ЖӘНЕ ТЕЛЕҚЫЗМЕТІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА ҮҢІЛУ: BBC-ДІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РАДИО ЖӘНЕ ТЕЛЕҚЫЗМЕТІ
ХХ ғасырдың 1920 жылдарында отар империялар сияқты Англия елінде де
езілген халықтардың ұлт-азаттық қозғалысы өрістеді. Өз билігін сақтап қалу
мақсатында олар да қолдан келгеннің бәрін жасап бақты. Ал бұл мақсатта ең
қолайлы құрал радио болатын. Сөйтіп Би-Би-Си өз отарына қысқа толқындағы
алғашқы хабарларын 1927 жылдың қараша айынан бастады. Осы тәжірибелік
хабарлары арқылы ұйымдастыру, техникалық және саяси жетілу негізінде Би-Би-
Си өз хабарларын 1932 жылы тұрақты түрде жүргізіп отырды. Британ империясы
үшін радиобағдарламалардың салтанатты ашылуы дәл осы жылдың 19
желтоқсанында болды. Соңынан Би-Би-Си-дің империялық қызметі құрылды.
Империялық қызмет негізінен аймақ үшін жұмыс атқарды деуге әбден болады,
олар: Австралия, Үндістан, Оңтүстік Африка, Батыс Африка мен Канада.
Империялық қызмет жаңа әрі бейтаныс қызмет болғандықтан, өз кезегінде
көптеген елдердің тыңдаушыларына ие болды. Айта кетерлік жайт, алғаш
ашылған бұл қызметті Форин-офис қаржыландырды. Хабарлары тек қана ағылшын
тілінде таратылып, ағылшын тілінде берілгеніне қарамастан, Орта Азия елдері
де кейіннен бұл радиоға ықылас таныта бастады. Радиохабарлары тек қана
ағылшын тілінде тараған Англияның халықаралық радиоқызметі ағылшын тілінің
басқа аймақтарға да өрістеп дамуына едәуір үлесін қосты. Сөйтіп 1920-30
жылдар аралығында Англияның билік басында отырған басшылары енді өзге
аймақтарға басқа тілдерде хабар тарату мәселесін көтерді. Лондон радиосының
шет тілінде ашылған алғашқы бөлімі бұл – Араб қызметі болып саналады. 1938
жылы дүниеге келген Араб қызметі Англия мен Италия арасындағы үлкен
текетірестен кейін, көп ұзамай хабар тарата бастады. Каирдің жергілікті
радиосынан екі радиожүргізуші арнайы шақырылды. Алғашқы кезде олар
ақпараттық және әртүрлі саладағы хабарларды жүргізді, кейіннен радио арқылы
Құранды оқыды. Араб қызметі негізінен дін тақырыбына терең үңілді. Мәселен,
жыл сайын Рамазан айында Би-Би-Си-дің Араб қызметі эфирден ерекше хабарлар
беріп тұрды. Екінші жақтан, Би-Би-Си Дүниежүзілік қызметі діни хабарларды
беру арқылы араб елдерінің сеніміне кіріп алды.
Ал Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік неміс, ағылшын, француз қызметтері 1930
жылдардың соңында ғана қызмет көрсете бастады. Жалпылама атауда “Еуропа
қызметі” деп айдар тағылған бұл қызметтің алғашқы ашылуында сол кездегі
премьер-министр Чемберленнің өзі арнайы сөз сөйлеген-ді. Дүниежүзілік Би-Би-
Сидің Еуропа радиоқызметіне дара тоқталар болсақ, бұл қызметтің радиожелісі
бес елге дейін тартылды. Олар – Шығыс Еуропа, Орталық Еуропа, Оңтүстік
Еуропа, неміс және француз қызметтері. Аталған бес қызметтің өзі хабар
тарату аймағы мен тіліне орай бірнеше секцияға бөлінеді. Жалпы Еуропа
қызметінің өзі іштей бес аймаққа, яғни, Африка, Араб, Шығыс, Қиыр Шығыс
және Латын Америкасы елдері үшін қызмет көрсетеді. Енді солардың
әрқайсысына ерекше тоқталайық. Африка қызметі негізі өз құрлығындағы үш
тілде, яғни, суахили, хауси, сомали тілдерінде хабар таратады. Ара-тұра
француз және ағылшын тілдерінде де хабарлар қосыны беріліп тұрады. Ал Шығыс
қызметі тек Оңтүстік Азия елдері үшін ғана арналған десе де болады. Оның
ішіне Иран, Үндістан, Бангладеш және Бирма елдері кіреді. Шығыс қызметі
бенгали, урду, тамиль, бирма, хинди, сингалез және непал тілдерінде түрлі
саладағы хабарларды дайындайды. Ал, Қиыр Шығыс қызметі Қытай, Жапония,
Оңтүстік және Шығыс азия елдері үшін арналған. Бағдарламалары да қытай,
жапон, вьетнам, малай, индонез, тай тілдерінде жүргізіледі. Латын Америкасы
Қызметі испан және португал тілдерінде қызмет көрсетеді. Бұл қызмет Латын
Американың 18 еліне хабар таратады.
Англияның халықаралық радиохабары ХХ ғасырдың орта белінде қалыптасып,
екінші дүниежүзілік соғыстың басында сыртқы саяси насихатын жүргізетін
басты құралға айналды. Соғыстан кейінгі 1946 жылы “қырғи қабақ соғыстың”
әсерінен Би-Би-Си орыс тілінде тұрақты хабар тарата бастады. Бұл кездің
өзінде Би-Би-Си-дің орсы радиоқызметі апта сайын 30 сағат хабар таратты.
Ал, чех және словак тілдерінде – 22 сағат, венгр тілінде – 18, болгар
тілінде – 14, румын тілінде – 16, сербохорват тілінде – 16 сағат бағдарлама
жүргізді. Сөйтіп Би-Би-Си-дің Дүниежүзілік қызметі 90 жылдардың ортасына
дейін ТМД елдеріне тек орыс тілінде ғана хабар жүргізіп келді. 1950 жылдары
орыс хабарларының көлемі 33 сағатқа дейін жетті, ал сол кезде мұндай
сағаттық көлем үлкен көлем болып саналды.
Би-Би-Си-дің сыртқы хабары 1948 жылы күрт өзгеріске ұшырады. Барлық
радионасихат басшылығы бір орталықтандырылып, бір жерге ғана
шоғырландырылды. Ал, бүгінгі таңда Би-Би-Си-дің сыртқы қызметінде 3 мыңнан
астам журналист қызмет атқарады. Ал хабарлар қоржыны 52 студияда әзірленіп,
аптасына 700 сағатқа дейін жетеді. Бағдараламалар реті 37 тілде және
ағылшын тілінде тәулік бойы қызмет көрсетеді. Айта кету керек, Би-Би-Си-дің
әр елдің жергілікті тілдерімен қатар тек қана ағылшын тілінде хабар
тарататын “ағылшын жүйесі” деген арнайы бөлімшесі бар. Бұл қызмет (BBC
World Servise) күн сайын елуден астам ақпараттар бюллетенін береді. Оның
жартысы халықаралық тақырыпқа, ал қалғандары коммерциялық, экономикалық,
спорттық ақпарат болып келеді. Сонымен қатар, баспасөзге шолу, музыка,
ғылым мен техника, өнер... тақырыптары беріледі. Әлемдік қызметің хабарлары
дүниежүзінің бәріне де ретрансляцияланады. Сондай-ақ, әлемдік қызметке
аймақтық қызмет те ішінара кіреді. Вест-Индия, Австралия, Жаңа Зеландия,
Фолкленд аралдары, АҚШ пен Канадаға хабар таратады. Әлемнің көптеген
елдерінде 76 передатчик қысқа, орта және ұзын толқында жұмыс істейді. Алыс
аймақтарды қамту үшін Кипр, Мальта, Малайзия, Либерия сияқты мемлекеттерде
ретранслияторлары бар. Би-Би-Си-дің передатчиктері Батыс Берлинде орта
толқынды қамтамасыз етіп, бүкіл Еуропаға тарайды.
Негізінен, Би-Би-Си радиосы аудиторияның мүддесіне көп көңіл бөледі.
Мәселен, 1960 жылдары Шығыс Еуропа қызметінің басшысы болған Морис Лейти,
кейіннен бүкіл британ сыртқы хабарының бас комментатаоры болған ол:
“Аудитория ең алдымен не тыңдағысы келеді? деген сұраққа былай деп жауап
берген: – Дәл ақпарат, дәлелді комментарий”. Буш Хаус үнемі аудитория
талабын ескеретін болса керек. Егер редакция біреуге тапсырыс беретіндей
болса, “бізге керек” деп айтпаған, “біз солай ойлап едік” немесе
“радиотыңдаушылар тыңдағысы келеді”, “аудитория, көпшілік соны қалайды”
деген тіркестерді үнемі пайдаланып отырған екен. Халыққа дәл, нақты, шынайы
ақпарат таратуды әу баста-ақ әдетке айналдырған. “Беспристрастность...
Должная беспристрастность - это основа основ Би-би-си. Все программы и
услуги Би-би-си должны быть открытыми, честными, отражающими уважение к
истине. Не должно существовать ни одного заметного аспекта мысли, который
не нашел бы своего отражения или был бы недостаточно представлен на Би-би-
си”. Лондон радиосы аудиторияны зерттей отырып, басқа да ірі зерттеу
орталықтарының ақпараттарына пайдаланылады. “Америка даусы”, ФРГ, Канада,
Францияның қызметтерімен тығыз байланыс жасап, құнды ақпараттарымен алмасып
отырады. Британ радиокорпорациясы аудиторияны зерттеуге 1936 жылы кірісті.
Ал, кеңес аудиториясын зерттеуді 1954 жылдан бастады. Аудиторияны арнаулы
құрастылырған сұрақ-анкета немесе тұрғындардан ауызша сұрау социологтардың
ежелден келе жатқан әдісі. Би-Би-Си-дің Батыс Еуропа, Таяу Шығыс және
әлемнің басқа елдеріне арналған арнаулы сауалдары бар. Мұнда тіпті
диктордың немесе хабар жүргізушінің дауыс ырғағына тыңдаушының көзқарасы
сұралады. Ал, Кеңес елдері кезінде Би-Би-Си мұндай сауалдар қоя алмады.
Сондықтан, “тікелей байланыс” орнатуға тырысты. Ол өзімізге белгілі шетелге
барған туристерден, делегациялардан сұхбат алу тәсілімен жүргізілді. Ал,
біздің мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлеріміз мұндай шараларға жол
бермеді. Сондықтан, Би-Би-Си кеңес елдері туралы деректерді диологтардан,
бизнесмендерден, барлау қызметкерлерінен алуға тырысты. 1960 жылдары
аудиторияны зерттеу бөлімінің анықтамалығында: “Орталық және Шығыс Еуропа
елдерінен босқандар “темір шымылдықтың” ар жағынан біздің аудиториямыз
жайлы ақпарат алатын бірден-бір көз” – деп аталған. Мұндай ақпараттар
бірден беріле салмайды. Әуелі басқа ақпарат көздерінен алынған
мәліметтермен салыстырылады, анализ жасалады, содан кейін ғана беріледі.
1961 жылы Мәскеуде болған сауда жәрмеңкесінде Би-Би-Си-дің орыс бөлімінің
қызметкерлері екі аптаның ішінде Кеңес Одағының 600-ге жуық тыңдаушыларымен
сұрау жүргізген.
Тағы да бір әдіс бар. Түскен хаттар арқылы анализ жасау. Сондықтан апта
сайын нешетүрлі радиоконкурстар, викториналар ұйымдастырылып, ең талапқа
сай келген жауаптарға жүлде ұйымдастырылады. Таспаға жазылған музыкадан
бастап, Англияға барып қайтуға туристік жолдамаға дейін берілген. Бұл
бәйгелердің тақырыбы ағылшын тілін, мәдениетін, өмір сүру дағдысын білумен
ұштастырылады. Мысалы, Лондон радиосы Шекспир туралы үздік жұмысқа,
Ұлыбританияның географиясына, оның тарихы мен әдебиетіне бәйге өткізген.
Айта кету керек, ағылшын елінде алғаш рет тәжірибелік телехабар 1932 жылы
басталғанымен, тұрақты түрде ресми көрсетілген жылы 1936 жыл болып
есептелінеді. Алғашқы кезде хабарларды Лондонда тұратындар ғана көре алды.
Тек 1937 жылы Георг ҮІ таққа отыруын көрсету рәсімінен кейін теледидар тез
өркендей бастады. Алайда екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен телехабар
қызметі үзіліп қалды да, барлық жігер радиоға жұмсалды. Осы көзқарас 1940
жылдардың ортасына дейін жалғасып, теледидардың тез дамып кетуіне мүмкіндік
бере қойған жоқ. Алайда аудитория саны біртіндеп өсуін тоқтатқан жоқ.
Мысалы, 1948 жылы теледидар саны 14 мың 560 болса, 1948 жылы сегіз жарым
есеге күрт өсті. 1950 жылдың аяғында Би-Би-Си хабарларын ағылшындардың 92
пайызы қабылдады. Сол кездің өзінде оның апталық хабар беру көлемі 40
сағатқа жетті. Алғашында хабарлар бір программа арқылы ғана берілсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Би-би-си телерадиокорпорациясы
Журналистика пәнінен дәрістер
Би-Би-Сидің телевидениедегі қызметі
ВВС деректі фильмдерінің құрылымына сараптамалық талдау жасау
Би-би-си-дің әлемдік әуе толқынындағы бейнесі
Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
YOUTUBE АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ
Көбіне дата журналистер
Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал
Пәндер