ТАРИХИ ДЕРЕК ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ (ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЖОЛДАСТАР РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ, ТІЛДІК-КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ Б. ШАЛАБАЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ )
ТАРИХИ ДЕРЕК ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ (ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЖОЛДАСТАР
РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ, ТІЛДІК-КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ Б. ШАЛАБАЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ ) А. Т. Қажыбай
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана. Arman-
12@mail.ru
Әлімсақтан жеткен толғауы тоқсан әдебиеттің асыл мұрасы – эпикалық мол
мұраларымыз кейіннен тасқынды судай ақын-жыраулар поэзиясына ұласты да, ХІХ
ғасырдың екінші ширегінде ұлттық рухани олжалы аңсарларын хакім Абай
қалаған тың жаңаша сападағы әдебиетке ауысты. Кемел бітімді қазақтың жазба
әдебиеті ХХ ғасырдың басынан өткен ғасырдың аяғына дейін көркемдік дамудың
сан алуан эволюциясын басынан кешірді. Осы толықсып-жетілу, кемелдену,
көркею үрдісінде төл әдебиеттің алдынан дәуірдің талай алмағайып бұралаң-
бұлтарысы, асу бермес өткелі мен шың-құздары, ылдиы мен өрі, зұлматы мен
ғибраты кездесті. Уақыттың сонау өліара, қытымыр мінезі, азаттыққа, рухани
дербестікке бет алған талай алаш арысын зиялы қаймағымызды солдырып
тастады. Ғасыр басында аққан қанда толас болмай, ел азып, жер тозып, ең
сорақысы руханият айдынымыздың ай мүйізді, көк серкелерімізден, рухани
көшбасшыларымыздан айырылған нәубеттен, тығырықтан шығар жол сұрқия
идеологиялық қасапхана дәлізінен бір-ақ шықты. Алайда көк бөрінің ұрпағы
атанған алты алаштың өр рухы, жаны сірі екеніне сан мәрте көзіміз жетеді.
Алланың алқауымен, ғайыптап тайып, жаппар ие жібеушісінің көзі түзу болсын
дегенді медеу еткен қазақ әдебиеті өзінің көркемдік даму бағдарынан жаңыла
қойған жоқ. Әдебиеттанудың өсу, жетілу жолында сойқанды жылдардың, желбуаз
зымиян ұрандары да, тап дұшпандары мен халық жауларынан құтылып, сидиып
шыға келген түрі ұлттық, мазмұны социалистік гомосоветикустардың
утопиясына бөленген әсіресе тапшылдық гөй-гөйлерді айналып өтпеген. Асылы,
уақыт көш-керуенінің ұлы тегеуріні бәрін де өз орнына қойды, тезіне салды.
Оң мен солдың, ақ пен қараның ара жігін айырып бергендей. Сөз жүзінде
бостандық, іс жүзіндегі бодандық билеген саясаттың қиянпұрыс улы зәрі бір
күнгідей болмай үрген көбіктей жоғалып, құрдымға сіңді.
Адамзат тарихындағы аса бір қаралы кезеңдердің, адам ойының мүлде
аласарып тар қапаста тұншығуының зардаптарын шеккен бүкіл халықтық індет
боп келген ХХ ғасырдың екінші ширегіндегі саяси-тарихи жағдайлар бұл күнде
қайта қопарылып, ақиқаттың сәулесімен таныла түскендей. Арғымақтың арынын
басып, асауға жендеттің қолымен тұсау салмаққа ұмтылған баскесерлік соқыр
сенімдердің күлін көкке ұшыраған жаңа дәуірде осыған дейін халықтың рухымен
бірге жасасып, тұншығып жатса да, қасиет-қадірін күн өткен сайын арттырып,
өскелең ұрпақтың көңіл құштарлығына қозғау салар құпия дүниедей өзіне
тартып отырған, ұлтымыздың рухани тегеріш темірқазығы, ар-ожданы іспетті
белгілі Үш Арыстың әдебиетші, тілші ғалымдарымен дүркін-дүркін қауышуы,
зерттеуші қауым тарапынан әлбетте тыңға түрен салар, зерделі мол
ізденістерге, терең ой-толғау, ғылыми дәйекті пайымдауларға толы
еңбектерге, әр кез зәру болары анық.
Қазақ кеңес әдебиетінің, әсіресе ұлттық көркем сын мен әдебиеттану
ғылымының кеңес дәуіріндегі аужайы сөз болғанда алдымен әдебиет әлемінің
заңғары Ғ. Мүсіреповтің бір кездері сүйіспеншілікпен атеп көрсеткен
алыптар тобының ауызға алынары – еш талассыз жайт. Есімдері ел есінен
кетпес саналы ғұмырларын рухани кеңістігін қорғауға, әдебиетіміз бен
тіліміздің өрістеп, өркендеуіне арнаған, халқымыздың жан сүйіспеншілігіне
ерекше бөленген, елдің ерен биігіне көтерілген, кескекті дәуір сомдаған
кесек мінезді алыптар тобы, терең тоғаныстарға жетелейді. Ал сол аға буын
сөз абыздарының өкшесін баса әдебиеттанудың еңбек торысы (М. Әуезов)
ғұлама ғалымдары атанған Б. Кенжебаев, Қ. Жұжалиев, Е. Ысмайылов, М.
Қаратаев, А. Нұрқатов, Т. Нұртазин, М. Ғабдуллин, Ы. Дүйсенбаев, Б.
Шалабаев т. б. көптеген ғалымдардың қай-қайсысы да төл әдебиеттің қалыптасу
кезеңінде әр жанр саласына өзіндік сүбелі үлес қосып, жаңа соқпақтың даңғыл
жолға ұласуында ерен еңбек сіңіргені әмбеге аян. Одақ әдебиетіндегі, одан
кеңейе келе әлем әдебиетіндегі озық дәстүрлерді ұлттық бояу, нақыштармен
ұштастыра отырып, алғашқы деген атқа ие болсам деп жан ұшыра жасалған
жанталастан мүлде ада, таза көңілдің жүрек жарды тұңғыш қадамдары екені
даусыз.
Қашан да жаңа бастаманың сәтті де, сәтсіз де қырларының тайталаса бой
көрсетуі – табиғи құбылыс. Әрине, өнер туындысының оның қай дәуірде, қай
ортада дүниеге келуінен гөрі оның көркемдігі басты қасиеті, өлшемі болып
қала береді. Қолда бар тарихи мұраларға құрметпен қарау, оларды өз дәуірі
тұрғысынан бағалау, әдебиет тарихында өзіндік орны болған азды-көпті
еңбектердің тереңіне бойлап, әділ төрешілігін айту – бүгінгі ұрпақ парызы.
Жоғарыда айтқанымыздай, әр салада қалам тербеп, соңында мол әдеби мұра
қалдырған әдебиетші-ғалым, сарабдал сынның сардары, кәнігі аудармашы,
ұлағатты ұстаз Белгібай Шалабаевтың әдебиеттанудағы орнының қаншалықты
маңызды екені айқын нәрсе. Б. Шалабаев ат салыспаған жанр жоқ десе де
болғандай. Соның ішінде әдебиетшінің әдеби-сын, ғылыми-зерттеулерінің
өзекті бір арнасын Қазақ романының туу мен қалыптасу тарихы [1] және
Казахская литература (Советский период) [2] оқу құралдарына енген І.
Жансүгіровтің Жолдастар романы, Поиски жанра И. Джансугуровым атты
кесек еңбектері құрайды. Отандық романтанудың ілгері көшбасында тұрған Б.
Шалабаевтың бұл толымды зерттеулері әдебиетшінің сезім сергектігінің айнасы
іспетті дәуір дабылына дер кезінде үн қосқан табыс белесі болып саналады.
Әдебиет тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ілеспе шежіресі, айнасы ғана
емес, сол қоғамдағы адамдардың өмір танымын қалыптастыратын, дүниеге
көзқарастарын дамытатын көркем құрал. Оның таным тарапындағы мәні де,
тәрбиелік қуаты да сол құралдың кереметтей шешуші сырына негізделеді. Ол –
көркем әдебиеттің эстетикалық мәні, яғни әрбір көркем шығарманың құндылығы
оның адам сезіміне, түсінігі мен түйсігіне ойын қозғар әсерімен өлшенеді.
Өмір құпиясына терең бойлай білген жазушы ғана оқырманын сан алуан көңіл
күйіне еліктіреді: қуантады, жылатады, толғандырады. Сол сезім арқылы
оқушының көңіл түкпіріндегі ойды қозғайды, санасына өшпес із қалдырады.
Әрине, мұндай сипат кез келген өнер туындысында ғайыптан пайда болмайды. Ол
жазушының қажырлы еңбектенуінің, талмай ізденісінің арқасында мүмкін
болады. Мұндай шеберлік тума таланттың қажымас-қайрат жігері нәтижесінде
қалыптасады, дамиды.
Міне, осындай өлмес өнер туындыларының авторы, ХХ ғасырдағы адамзат
ойының алыптары қатарынан берік орын алған, қазақ поэзиясының Құлагері,
сөз сардары – Ілияс Жансүгіров. І. Жансүгіров шығармаларының тереңіне
бойлаған сайын жаңа бір асылды тапқандай қуанышымыздың терең сыры неде
деген сауал бұдан бұрын да, қазір де, бұдан кейін де сан ұрпақты ойлантып,
тебірентері хақ. Адам жанын тербейтін, оны баурап алар әсемдіктің жұмбағын
шешуге, шынайы өнер туындысының табиғатын тануға жасалған ұмтылыстарда шек
жоқ. Соның бір айғағы – бүгінде әдебиеттану ғылымының кең арналарының
біріне айналған Ілиястанудың өркендей кеңеюі.
Өнер атты әлемде жарқ етіп жанғанымен, сезімтал да нәзік жандардың
өмірдің жалған иірімдеріне қарсылық көрсете алмай, қанатынан қайырылып
қалатындары көптеп кездеседі. Ал, бір өзі бір толқынның жүгін арқалап
жүрердей өміршең туындылары бола тұра, әдеби тағдыры шырғалаңға түсіп,
ортаның салғырт мінезі мезі етіп, өзіне ғана лайық биік тұғырына қона
алмаса да, ізденуден, өзін-өзі қамшылаудан танбайтын дарындар некен-саяқ.
Дауылға қарсы жүзіп, көңіл көгіндегі мұратына жеткенше талмайтын, әр
шығармасында өршелене өрлей түсетін, уақыт өткен сайын жаңа бір қырынан
көрініп, рухани дүниесі алмастай ажарлана, айқындала беретін сондай біртуар
тұлғалардың бірі деп Ілияс есімін айтамыз.
Әрбір дәуірдің әдебиетінде өз уақытының ізі қалары хақ. Ал өміршең
шығарманың ерекшелігі ол тек өз дәуірінің еншісі емес, болашақтың, жалпы
адамзаттық құндылықтардың үзілмес желісін жалғастыруында. Мұнда жазушы
жалпыны жалқы арқылы, ортақты ұлттық бояу-өрнек арқылы безендіреді. Ол
осындай тамыры тарихтың қойнауларынан бастау алатын, мәуесі мейілінше
ұлттық өрнектен көмкерілген алып бәйтерек сынды, сырлы да сұлулық мұнарасы
секілді туындылар арқылы өзі туған халықтың бар ізгілікті қасиетін
қастерлеп танытатын болады. Бұл тұрғыда қазақ топырағында жаралып, әлем
әдебиетінің озық үлгілерінен нәр алған Жансүгіров шығармаларының өзіндік
ерекшеліктері айқын көрінеді. Осы талғампаздық пен танымды Жансүгіров
қандай көркемдік құралдар, идеялар негізінде жасады деген мәселе
төңірегінде сөз қозғасақ, ең әуелі оның шұрайлы тіліне, тағылымы мол
танымына, қаламгерлік қабілет-қарымын танытар ой-сезім тереңдігіне бойлау
қажет.
1936 жылы 9 желтоқсанда Социалистік Қазақстан газетінде жарияланған
мақаласында І. Жансүгіров: Менің қаламым, қайратым социалистік дәуір
әдебиетіне қызмет етеді. Ақыл-ойым, жүрегім Ұлы Отанымның миллиондаған
адамының санасы мен сезімін оятуға жұмсалады. Қолыма қалам алған күннен
бастап мен өз Отанымды, өз елімді, кең байтақ даламды талмастан жырлап
келемін деген еді. Осынау көкіректі кере шыққан сұңғыла суреткердің көсем
сөзінде бүкіл тоғауы мың тірлік пен бұлтарысты болмыстың қадір-қасиеті бір-
ақ ауыз сөздің қауызына сыйып тұр.
Қазақ жаңа әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант
иелерінің бәріне тән ортақ асыл қасиет – көпқырлылық. Бұл ерекшелікті ақын,
драматург, прозаик І. Жансүгіров шығармаларынан да көруге болады. Халық
өмірін реалистікпен бейнелеген дарынды қалам иесінің әр жанрдағы
туындыларының ішінде ерекше шарқырап тұрған оның асқақ поэзиясы ұлттық
әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ публицистикасының
қалыптасуына зор үлес қосқан, Қазақстан Жазушылар одағын басқарып, әдеби
процеске белсене қатысқан әлеуметтік зор қызметтер қаламгердің азаматтық
келбетін көрсетеді. Әдебиетіміздегі, мәдениетіміздегі Ілиястың
шығармашылығын бірыңғай поэзиясынан қарастыру, шығармашылығын тек поэзиямен
байланыстыру – үстірт, сыңаржақ ұғым. Ілиястың өткір сатирасы, жалынды
публицистикасы, ғылыми-сын пікірлері, туған әдебиет туралы ой-толғамдары,
тартымды әңгіме-очерктері, шалқар Жолдастар романы сайып келгенде, қара
сөзбен жазылған көркем және деректі прозалары әр кезең әдебиетшілердің
қырағы назарынан тыс қалмаған. Жазушының проза саласындағы көл-көсір
еңбектері сол дәуірдің деңгейінен қарағанда ғана емес, сарапшы уақыттың
сыны таразысына салғанда да маңызды, мәнді көркем туындылар. Бұл туралы
кезінде ғалым Б. Кенжебаев дұрыс атап көрсеткен, Ілияс негізгі әдеби
жанрлардың бәріне де қалам тартты – өлеңдері, поэмаларымен қатар роман,
пьесалар, фельетондар, әдеби сындар, публицистикалық еңбектер жазды.
Солардың қай-қайсысын болсын ол өзінің әлгіндей талантты дәрежесінде
жазатын. Ілиястың шығармалары терең мағыналы, асқақ сарынды, от жалынды,
өткір тілді, көркем суретті келетін еді [3, 77], – деп жоғары бағаласа,
ғалымның төл шәкірті, ірі әдебиетші, академик Р. Нұрғали мынадай тобықтай
түйін жасайды: ... Ілиястың терең идеялық, көркем мүсінді эпикалық
шығармаларының танымдық-тәрбиелік мәні зор, олар қалың оқырманның ойына ой,
сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп,
гуманистік-адамгершілік идеяларды толғайды; өзінің күйлі, сыршыл, адуын
шығармаларымен халқының көп ғасырлық өмірін, азаттық жолындағы күресін
реалистік қуат, зор шеберлікпен бейнелеп, артына өлмейтін әдеби мұра
қалдырған қанатты қаламгер Ілияс Жансүгіров – қазақ жұртының құлай сүйген
ең сүйікті перзенттерінің бірі, оның өр тұлғасы қайсар ақындықтың символы
іспеттес [4, 294; 338].
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті мен өнері – біздің ұлттық
тарихымыздың бөлінбес бір бөлігі. Сол дәуірге тән дамудың қайшылықтары
қазақтардың рухани өміріне де әсер етіп, оның ұлттық әдебиеті мен өнерінің
тарихында елеулі із қалдырды.Олар да біркелкі өрлеу жолын өте алмай, мезгіл-
мезгіл жүрісінен жаңылысып, қайшылықты күйді бастан кешті. Оған әдебиет пен
өнерге партиялық идеологияның өктем басшылық жасауы, олардың әдебиет пен
өнер шығармаларының тағдырына араласуы елеулі әсер етті. Бүкіл әдеби
процесс, тақырып таңдау, жазушылардың көзқарасы әдебиеттің партиялық
принципінен туындап, қоғам дамуының міндеттерімен тікелей байланыстырылды.
Сондықтан әдебиетте науқаншылдық өрістеп, бүкіл адамзат игілігіне ортақ
мәселелер көтерілмеді, кеңестік жүйенің артықшылығын көркем туындылар
арқылы дәлелдеу орын алды. Төңкеріске дейінгі сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірді жоққа шығарған еуропоцентристік
көзқарас 40-жылдардағы қате қаулылардың өзегі болып, ғылыми зерттеу
жұмыстарын тығырыққа тіреп, әдебиеттің таптығы принципі айырықша
дәріптелді. Тіпті тілге өрен, ойға жүйрік, өреге биік заңғарымыз М. Әуезов
әдебиеттану мәселелеріне күнделікті науқандық жәйттерді, түрлі құжаттарды,
қаулы-қарарды, партиялық талаптарды, қызыл танау саясатты, солақай
социологиясын араластырып: Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану
ғылымының тарихы әзірге қысқа. Бұл – жас ғалым. Ол Әдебиеттік сын, Қазақ
әдебиетінің теориясы, Қазақ әдебиетінің тарихы деген салаларға бөлініп,
енді дамып келеді. Қазақтағы әдебиеттану ғылымы құрылғанда, ол өзінің
алғашқы туысымен, бүгінгі жеткен сатысымен, барлық бас аяғын жинағанда
түгелімен толық мағынасында Социалистік Ұлы Октябрь революциясының жеңісі
болды. Октябрьден бұрынғы қазақ тарихында біз бұл жөнінде өскен ғылым
дерлік мардымды мұра алғамыз жоқ [5, 207], – деп ағаттыққа ұрынғаны және
сондай секілді ой-пікірлер салдарынан қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының
арғы бастауларын зерттеуге көп уақыт бойы қолы байлаулы болып келгені рас.
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, қалыптасу кезеңдерін ғылыми
тексеруде аранайы көңіл аударатын проблемалардың бірі – әдеби мұраны игеру.
Алғашқыда отаршылдық саясаттың талап-тілегіне сай қазақ даласын зерттеу
жұмыстары мұрындық болып, өз халқын бүкіл әлемдік өркениетке жеткізуге
ұмтылған ұлт зиялыларынан қолдау тапқан әдеби мұраны жинау, жариялау
зерттеу жұмыстарында төңкеріске дейін бірталай нәтижеге қол жетті.
Фольклорлық және классикалық мұра жарияланып, халықтың рухани азығына
айналды, қазақ әдебиеті жанрлық жағынан дами бастады. Осылайша ғылыми-
зерттеушілік сипатқа бет бұрған әдеби мұраны игеру жұмыстарына қазақ
даласына қанды қырғыны мен қуғын-сүргінін ала келген төңкеріс кері әсер
етті, дағдарысқа түсірді. 20-жылдардың бас кезінен бастап төңкеріске
дейінгі әдеби мұраны зерттеу мәселелеріне әр түрлі бағыттағы формальды
мектеп, пролеткультшылдық нигилизм, бірыңғай ағым теориясы, тұрпайы
социологизм секілді концепциялар қызу араласып, сыншылдық-эстетикалық,
ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірде өз үстемдігін құру үшін
өзара тартысқа түсті. Бұлардың барлығы да маркстік-лениндік әдіснаманың
көркем әдебиет туралы саясаттағы бет-бағдарын анықтап алғанға дейінгі әр
түрлі бағыттағы ізденістер еді. Бұл теріс концепциялардың орыс әдебиеттану
ғылымында орын алуын ғалым С. И. Машинский: Поиски истины в научном
исследовании никогда не даются легко. Особенно тогда, когда они лежат в
совершенно новой, неизвестной области. Эти концепции по-своему были
поиском истины, но в неверном направлении. Поступательное развитие
марксистко-ленинского литературоведения шло в острой идеологической борьбе
с различными ошибочными концепциями” [6, 45], – деп жазды. Мәдени-тарихи,
биографиялық, салыстырмалы тарихи, филологиялық, психологиялық сияқты
зерттеу мектептері болған орыс әдебиеттану ғылымының өзі 20-жылдары осы
қате концепцияларға бой алдырып алған болса, әдеби сыны енді ғана туып,
әдебиеттану ғылымы толық көрінбеген біз секілді ұлт республикаларына
тигізген нұқсан әсері өте қатты болғанына дау жоқ. Соған қарамастан
қазақтың ұлттық әдебиеті мен өнері туған халқымен бірге болып, оның бастан
кешкен өмірін, тарихын көркем бейнелеуге ұмтылды және бұл салада едәуір
табыстарға жетті.
Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің елеулі табысы – үлкен прозаның
өрістеуі болды. Ж. Аймауытов өмірден кеткенмен, оның дәстүрі әдебиетте
жалғасын тауып қалды. Б. Майлиннің Азамат Азаматич, Ілияс Жансүгіровтің
Жолдастар, С. Мұқановтың Теміртас, Жұмбақ жалау (кейін Ботакөз
болып өзгертілген), М. Дәулетбаевтың Қызыл жар романдарының негізінде
еңбекші халықтың отаршылдық езгіге, қанауға қарсылығы, бостандыққа жету
жолындағы арпалысы суреттелген. Олардың басты қаһармандары қарапайым
халықтың ішінен шығып, күрес үстінде ысылады. Егер де осы жолда олардың
большевиктік, қызылшылдық сипаттары баса айтылса, осы дәуірдің телуі деп
қарау керек. Кезінде мұндай ұғымдардың өзі адалдықтың, күрескерліктің
белгісі есебінде танылғаны белгілі [7, 52]. Ілиястың Жолдастар романының
үзіндісі алғаш рет 1934 жылы Әдебиет майданында [8] жарияланды. Ол Ақ
вексель бөлімі болатын. Романның бірінші кітабы ретінде 1935 жылы жарық
көрді [9]. Романның жазылуы жайлы ақынның жұбайы Фатима Ғабитова Ілиястың
бұл шығармасын трилогия ретінде жоспарланғанын айта келіп: Жолдастар
трилогия болатын, бітпей қалған екі кітабының материалдары бұл күні
Ілиястың өз архивінде сақтаулы [10, 105], – дегеніне қосылуға болады.
Романның оқиға желісіне, жазушының жинап кеткен мол материалдарына жете мән
берсек, романның екі не үш томдық болып жоспарланғаны анық. Бұл пікірді
Ілиясты зерттеушілердің бірі М. Дүйсенов те растайды [11, 57].
Қазақ әдебиетінің қазынасында халық тарихының тереңіне бойлап, әр
кезең суреттерін көркем дүниенің арқауы еткен шығармалар көптеп саналады.
Әсіресе Қазан төңкерісінің алдындағы дүрбелең кезең тақырыбына біршама
толымды еңбектер жазылғаны белгілі. І. Жансүгіровтің Жолдастар романы
қазақ даласындағы осы дүрмегі мен дүрбелеңі мол қиын қыстау қилы заманды
көркем суреттеп, күрделі адам тағдырларымен сабақтастырып бейнелейді. Бір-
бірімен тұтаса байланысқан соқталы төрт бөлімнен құралған романның басты
идеясы адамдық пен зұлымдықтың күресі, адами биік қасиеттердің ұрпақ
бойында замана көшімен бірге жалғасуы. Романның идеялық-көркемдік
сипаттарын, авторлық концепциясымен ұштасып жатқан өзекті желілерін дөп
басып, ғалым Р. Нұрғали төмендегідей ой түйеді: Халқымыздың тарихи ауыр
жолы, Қазан төңкерісі қарсаңындағы ахуалы, сол төңкеріске келуі, тарихи-
әлеуметтік өмірдің өзгеруіне қарай заман сахнасына шыға бастаған жаңа буын
өкілдері, осы орайдағы суреткерлік құлаш, этнографиялық дәлдік, мәйекті
тіл, үйіріліп түсіп жатқан юмор секілді ерекшеліктер – романның идеялық-
көркемдік сипаттарынан, қаламгер мәнерінің куәсі.
Шығарманың сюжеттік желісінде сылбырлық, негізгі арқаумен байланысы
әлсіз жайлар, жекелеген желілердің аяқталмай қалуы сияқты кемшіліктер нақты
тағдырлар, образдар арқылы көрсете алған, жаңа кезеңдегі қазақ прозасының
көркемдік тәжірибесінің толығып-молығуына үлес қосқан, қаламгердің
азаматтық адалдығы мен әлеуметтік сергектігін, суреткерлік сезімталдығын
танытқан, қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік-психологиялық роман жазу
барысындағы алғашқы сәтті тәжірибелердің бірі, өмірлік мазмұны терең,
эстетикалық әсері күшті, сапалы шығарма [4, 338].
Романдағы оқиға желісінен ә дегеннен М. Горькийдің Ана, Ж.
Аймауытовтың Қартқожа сынды шығармаларымен үндес екендігін байқау қиынға
соқпайды. Кезінде ойшыл Ф. Достаевскийдің, Біз бәріміз де Гогольдың
шинелінен шықтық деген пайымдауы аталмыш дәстүр мен сабақтастықтың,
еліктей отырып үйрене білудің заңды құбылысына қаратылы айтылған ақиқаттай
әсер етеді. Жазушының романын оқи отырып, автордың осындай әдеби дәстүрдің
ықпалымен, әсіресе М. Горькийдің прозаларына сүрлеу тартатын үйлесімді
үндестіктің байланысын ғалым Б. Шалабаев жете таныған: Ілияс Жансүгіров
шеберлікті А. Горькийден үйренген. Біз ұлы ұстазды үлгі тұтамыз дейтін
мақаласында: Орыс әдебиетін шама-шарқымша оқып, түсінуге жеткен күннен
бастап мен Горькийге ойша еліктедім. Оның кітабын бірінен кейін бірін
құныға оқыдым. Горькийдің кітаптары жазушы болуға итермеледі. Олар менің
көзімді ашып, жаңа күш-қайрат берді, алға жетеледі, әсіресе оның асқақ
пафоспен жазылған Сұңқар туралы жыры, Дауылпаз туралы жыры және басқа
жырлары өшпес әсер қалдырды дейді. Жолдастар романында М. Горькийдің
әсері анық сезіледі [1, 113-114]. Роман басындағы қараңғы қара жұмысшы
баласы Павка Власов пен роман соңындағы революционер, пролетариат жұмысшы
Павел Власовты алыңыз. Немесе, аш-жалаңаш, жоқтықтан жақ сүйегі шығып
сүмірейген, тіленшідей сүмендеген кедейшілік пен жетімдік қысып, білімге
талпынған ауыл баласынан, сауатты, еліне еңбек етіп, жаңарған елдің жас
жұмысшысына айналған Қартқожаны алыңыз. Жолдастар романын тілге тиек
етуші ғалымдар көбіне шығармада толыққанды кейіпкер бейнесі жасалмады деген
пікір қалыптастыруға тырысқан. Бұл – жаңсақ, ұшқары пікір дер едік. Төрт
тараудан, оның ішінде бірнеше шағын әңгімелердің жинағы рәуішті құрылған
роман композициясына мін тағу қиын. Осы ретте Б. Шалабаевтың пікіріне құлақ
түрсек, І. Жансүгіровтің Жолдастар романында революция қарсаңындағы
қазақ даласының өмірі реалистік түрде суреттелген. Бірақ автордың сюжетті
қосалқы оқиғалармен тым ауырлатып жібергенін де атап көрсеткен жөн.
Негізгі оқиғадан шегіне отырып, ол көптеген новеллаларды орынсыз тықпалаған
(мәселен, Сиыр көрдің бе?, Жанжал, Цирк, Жагер, жоғары шық,
Тасаттық тараулары). Романда екі жүзге жуық кейіпкер бар, олардың біреуі
түрлі оқиғаларға белсене қатысса, екіншісінің тек аты ғана аталған.
Романдағы негізгі кейіпкерлер бедерлі бейнеленген. Мәселен, Шалматай қажыны
ит кемірген асықтай тықырайған қара қажы деп бейнелеуі тек ірі
қаламгердің қолынан келмек [1, 111-112]. Мұндағы әдебиетші атап көрсеткен
шағын тараулар, тақырыпшалар кейде ойды бөліп тастайтындай селкеу оқиғалы
болып көрінгенімен, салмақты көзге романның өзіндік бір ізді желісі, ой
тұтастығы айқын көрініп, бастан аяқ тақырыптың өзекті арнасы жалғасып,
жымдасып жатады.
Жолдастар романында сомдалған, типтелген негізгі кейіпкер Сатанмен
қатар бірнеше Сатанды қатар алып шығуға тырысқан авторлық идея жетістігі
айтарлықтай. Әр орта, әр жағдаймен қилы тағдыр иелерін замана ағымының бір
уақытта революцияға әкелу жолын көрсетудегі жазушы қолданған тәсілдер
ұтымдылығының нәтижесінде өзі суреттеп отырған тарихи кезең оқиғаларын
нанымды бере білген. Ауыр ғұмыр, бірақ бір мақсаттағы бірнеше Власов,
Қартқожалар образы жазушы жоспарлағандай трилогияға айналғанда, Ілияс
кенеттен мерт болмай ойға алған іс аяқтағанда, әдебиетіміздегі үлкен
эпикалық шығармалардың біріне айналмасына кім кепіл?! Екіншіден, романдағы
оқиғалар өткен кезең – 1913 жылдан 1917 жылдың 26 қазанына дейінгі аралық
болса, Ілиясқа кеңес өкіметінің белсенді қайраткерінің бейнесін жасай
қоймадың деу де орынды айтылған сын емес. Романнан Ілияс қаламының өзіндік
мені айқын көрініп тұрады. Жазушы романды тақырыбына, роман суреттеген
дәуірге сай жатық тілмен жаза білген. Ілияс сөйлемдері жеңіл, әрі көркем,
поэтикалық сұлу өрнектермен молынан әшекейленген. Әлбетте, қай жағынан
болмасын романды сүттен – ақ, судан таза деуден аулақпыз. Әйтсе де,
жазушының Жолдастар романы қазақ романдарының алғашқы қарлығаштарының
бірі, өз кезеңіндегі әдебиетіміздің үлкен жетістігі, деген ғалым Б.
Шалабаевтың аталы сөзін назарға аламыз.
Роман Бастау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz