Тау жыныстары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1. Тау жыныстары.
Геологиялық процестер нәтижесінде қалыптасып, жеке – дара денелер
түріндегі жер қыртысының құрам – бөлшектері болып табылатын, нақтылы
құрам және құрылыс ерекшеліктерімен сипатталатын табиғи минералдық
агрегаттарды тау жыныстары деп атайды. Тау жыныстары өздерінің жаралу
тегіне орай ірі үш топқа – шөгінді, магмалық, өзгерген метаморфтық
жыныстарға бөлінеді. Әрбір тау жыныстары өздерінің сыртқы күштердің
ықпалына қарсылық көрсету қабілеті тұрғысынан түрліше болып келеді.
Әдетте тау жыныстары төзімділік дәрежесіне қарай өте төзімді, төзімді,
бейімделген және азырақ бейімделген жыныстарға бөлінеді. Тау жыныстарының
төзімділік қасиеті дегеніміз – олардың үгілу, мүжілу процестеріне
беріктігі, ал бейімделу – ағынды сулардың, желдің, бсқа да экзогендік
күштердің ықпалына бейім болуы.
Тау жыныстарының әр генетикалық топтпра сыртқы күштердің әсеріне
түрліше бейімделеді. Мысалы, шөгінді тау жыныстары ( лесс, құмдар,
малтатастар ) үгілк процесіне төзімді, бірақ та олардың көбі ағын
сулармен, желдердің бұзу, қирату әрекетіне бейімделген. Ал магмалық және
метаморфтық жыныстар, керісінше, ағынды сулардың шаюына аса
бейімделмейді, ал үгілу процестерінің әсерінен тез бұзылады. Мұның себебі
магмалық және метаморфтық жыныстар жердің терең қойнауында белгілі
термодинамикалық және химиялық элементтердің қатынасуы жағдайында
түзілген. Жердің бетіне шыққаннан кейін бұлар басқа жағдайда тап болады
да, түрлі процестердің әсерінен (тотығу, гидратация, еру, гидролиз )
бұзыла бастайды. Демек, жыныстардың бұзылу қарқыны олардың физикалық –
химиялық қасиеттерімен қатар, нақты физикалық – географиялық
жағдайларымен анықталады, өйткені әрбір табиғи аймақтық тек өзіне ғана
тән үгілу ерекшеліктері бар.
Кристалды тау жыныстарына қарағанда мономинералды, майда түйіршікті
тығыз орналасқан массивті ақшылдау тау жыныстары физикалық үгілуге
төзімді келеді. Сондай – ақ, полиминералды гранит – мономинералды
кварцитке қарағанда тез бұзылады. Ал гнейс минералдық құрамы жағынан
гранитке ұқсас болса да жіңішкеталшықты, жолақты текстуралы, яғни әр
түрлі минералдардың алма – кезек алмасуыменсипатталғандықтан үгілу
әсеріне мүлдем икемді болады. Негізгі және ультранегізгі магмалық
жыныстар орта және қышқыл жыныстармен салыстырғанда тез үгіледі.
Физикалық үгілу қарқындылығына тау жыныстарының жылусыйымдылық пен
жылуөткізгіштік қасиеттері елеулі әсер етеді: жылусыйымдылық төмен болған
сайын көрші жыныстар учаскелерінің қызу мен салқындау кезеңдегң
температураның айырмашылығы едәуір болғандықтан олардың тез бұзылуына
әкеп соқтырады.
Тау жыныстарының суөткізгіштік қасиеттері де айтарлықтай
морфологиялық роль атқарады. Әдетте суөткізгіштік жыныстар жаңбыр және
еріген сулардың жер астына сіңуіне қолайлы жағдай жасайды. Соның
нәтижесінде суөткізгіш жыныстар кең тараған аймақтарда эрозиялық пішіндер
сирек дамыған. Керісінше, су өтпейтін қатты жыныстардан құралған
аймақтарда, жер бетіндегі ағыстар жиі болып, эрозиялық пішіндердің
дамуына жағдай жасайды. Тау жыныстарының суөткізгіштік қасиеті олардың
құрамына, қатаю дәрежесіне ( құмдар, малтатастр ), кеуектілігіне ( әктас,
ұлутастар, әр түрлі туфтар мен пемзалар ), жарықшақтылығына байланысты.
Тау жыныстарының жарықшақтық қасиеті рельеф құрылуы мен дамуына ерекше
жағдай жасайды, көбіне гидрографиялық торлардың жазық беттегі келбетін
қалыптастыруға едәуір әсер етеді.
Тау жыныстарының ерігіштік қасиеті де зор морфологиялық мағынаға ие.
Жеңіл немесе салыстармалы жеңіл еритін жыныстар қатарына ас тұзы, гипс,
әктастар, доломиттер жатады. Бұл жыныстардың кең таралған жерлерінде
карст процестермен байланысты ерекше карстық рельеф пішіндері түзіледі.
Тау жыныстарының тағы бір қасиеті – шөгу құбылысы, яғни топырақтың
ылғалдануынан нығыздалып, көлеі едуір кеміп, соның нәтижесінде жер
бетінің кейбір үлескілері төмен опырылып, көптеген шұңқыр пішіндерді
құрайды. Шөгі процесі кеуек топырақтарда – лессте және лесс тәрізді
жыныстарда байқалады. Ылғалдылығы аз қалыпты жағдайда бұл жыныстардың
механикалық беріктігі айтарлықтай. Ал ылғалданғанда беріктігі кеміп, шөге
бастайды. Сондықтан лесстың үстіне салынған ғимараттар мен құрылыстар
лесстің ылғалдануы салдарынан лезде отырып, тіпті мүлдем шөгіп кетуі
мүмкін. Бұл ғимараттардың қирауына әкеп соғады.
Сонымен тау жыныстарының физикалық және химиялық қасиеттерінің
жиынтығы мынандай заңдылықты қамтамасыз етеді: тұрақты тау жыныстары жер
бетінде оң пішіндерді құрайды, төзімсіздер – теріс пішіндермен
бейнеленеді. Тау жыныстарының салыстырмалы тұрақтылық қасиеті олардың
химиялық және минералдық құрамына ғана байланысты емес, олар көп жағдайда
қоршаған орта жағдайларына да тәуелді.кейбір тау жынысы бір жағдайда
тұрақты болып, басқа жағдайда тұрақсыз болуы ықтимал.
Тау жыныстары өздеріне тән қасиеттерімен бірге жер қыртысында әр
түрлі астасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау жыныстары туралы
Метаморфтық тау жыныстары
Тау жыныстарының жіктелуі
Тау жынысының құрылымы мен түзілімі
Тау жыныстары туралы түсінік
Тау жыныстары
Тау жыныстары және минералдар
Геологиялық кезеңдер
Жердің жасы мен жылнамасы
Магмалық тау жыныстары
Пәндер