Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнiмi


Тауар
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнiмi. ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттаңдырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін етейтін қасиеті оны тұтыну қүны етеді тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз.
Тауардың екі жақсы касиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттын, пайдалылығы оны тұтыну қүны етедi.
Тұтыну құны - тауардың пайдалылығы, адамның белгiлі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:
- Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғиқасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.
- Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбекмөлшерінен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіругежұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалғанеңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығыбір-бірінен кем емес.
- Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақөндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пенарба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарыпотыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе бередi.
Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны (қойдың) екінші бір тауар арқылы (астық) анықталады.
Эквивалент рөлін алтын, бағалы металдар атқарған кезде ғана беки бастады. Бір кезде эквивалент рөлін тек алтын ғана атқарды. Сөйтіп айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар-ақшаның белініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанынын пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы әлем екіге бөлінді - тауарлар және ақшалар.
Тауар мен акша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық кайшылық та тұтыну кұны арқылы керінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы.
Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқаңда, тауар өңдіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып еткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн керудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін, жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін (мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырган.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті - оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты.
Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан қатынастарын (пропорцияны) байқатады. Мысалы, бір пар етікті бір қап бидайға айырбастаса, бір пар етіктің айырбас құны бір қап бидайдың құнына тең деген сез. Етік пен бидай түрліше заттар.
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негiз - олардың еңбек өнімі, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің ғана шығыны ретінде қаралса құн болып саналады. Екiнші сөзбен айтқанда, құн дегеніміз - тауарға сіңген еңбек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz