Тұтыну құнының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негiзгi белгiлерi, типтерi
2. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негiзгi белгiлерi, типтерi
Қорытынды
Қолданған әдебиет

КІРІСПЕ

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек
өнiмi. ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы
шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін
қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды
қанағаттаңдырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай
да болсын адамның бір қажетін етейтін қасиеті оны тұтыну қүны етеді
тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы
әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың
бәрін біз тауар деп атай аламыз.
Тауардың екі жақсы касиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да
болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір
затқа айырбасталатын зат; заттын, пайдалылығы оны тұтыну қүны етедi.
Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгiлі бір қажетін
қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары
ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:

1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи
қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-
жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар,
белоктар болады.
2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек
мөлшерінен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге
жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған
еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы
бір-бірінен кем емес.
3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ
өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың
жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады.
Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен
арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып
отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе бередi.
Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған
орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап
астыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны (қойдың) екінші бір тауар
арқылы (астық) анықталады.

Эквивалент рөлін алтын, бағалы металдар атқарған кезде ғана беки
бастады. Бір кезде эквивалент рөлін тек алтын ғана атқарды. Сөйтіп айырбас
процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар-ақшаның белініп шығуына жеткізді.
Құнның ақшалай нысанынын пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы әлем екіге
бөлінді — тауарлар және ақшалар.
Тауар мен акша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық кайшылық та
тұтыну кұны арқылы керінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды
шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну
құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де
қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол
тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі
бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет.
Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі
еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы
тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек
бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі
еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана
шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы.
Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы.
Басқа сөзбен айтқаңда, тауар өңдіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге
апарып еткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше
тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық,
тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы
адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн керудің
ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш
күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін,
жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін
(мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды
атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол
өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырган.

Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның
басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты.
Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан
қатынастарын (пропорцияны) байқатады. Мысалы, бір пар етікті бір қап
бидайға айырбастаса, бір пар етіктің айырбас құны бір қап бидайдың құнына
тең деген сез. Етік пен бидай түрліше заттар.
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негiз — олардың
еңбек өнімі, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің ғана
шығыны ретінде қаралса құн болып саналады. Екiнші сөзбен айтқанда, құн
дегеніміз — тауарға сіңген еңбек.

1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негiзгi белгiлерi, типтерi

Ақша – тауар өндiрiсiнiң, қатынастарының дамыған түрi тақырыбының
ақшаның түсiнiктемесiн, оның қызметтерi мен негiзгi агрегаттарын
қарастырмас бұрын, тауар шаруашылығы және тауар қалай пайда болды, қалай
дамыды, олардың түрлерiн қарастырып кетудi маңызды деп есептедiк.
Егер адамдардың экономикалық әрекетіне ретроспективада қарайтын болсақ,
шаруашылық жүргізу формаларының қалай өзгеретінін байқауға болады.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі - натуралды
шаруашылық.
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан,
тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылыкты
айтамыз. Ол универсалды қол еңбегiне негізделуі анағұрлым таза түрінде
қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған
алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру
аса қарапайымдығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы
өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріледі (жай ұдайы өндіріс).
Үш басты сұрақ: нені? калай? және кім үшін өндіреміз? дейтін
мәселелерді өз шаруашылықтарының (патриархалды отбасы) сұранымын ескере
отырып, шаруашылық иелері (өздері әрі жұмыскерлер) шешті. Натуралды
шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен рөль аткарды.
Басым форма ретінде натуралды шаруашылық оған тарихтың өлшеп берген
жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда, "өндірдік-тұтындық" принципі бойьшша
байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның
элементтерін қазіргі заманғы қоғамның микро-макродеңгейлерінен де көрінеді.
Микродеңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі
мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола
алады. Ал, макродеңгейде бір ғана елдің шегінде, өзін-өзі қамтамасыз етуге
бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік
нарықтан оқшаулануына экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі,
шаруашылықты тәуелсіздікке жеткізбейтіндіктен реакциялық болып табылады.
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашьшық анағұрлым күрделі.
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтьшушылар
арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық
аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты - нақты бір өнім
шығаруға өндірушiлердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал
шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы
айырбастың болуына жағдай жасады. Екiншісінде – қолөнер егіншіліктен
бөлінiп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші
кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты.
Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары
арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік алғашқы
қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
Нарықтың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін,
деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы өндiрістің ерекше моделі сәйкес
келеді:
1) дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі;
2) еркін нарықтың тауарлы өндірісі;
3) реттелетін нарықтың тауарлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар өндірісінің типтері
Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері
Арнаулы салық режимі
Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
ТАУАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ТАУАРҒА СІҢГЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕКІ ЖАҚТЫ СИПАТЫ. ҚҰННЫҢ НЫСАНДАРЫ
Тауартану туралы түсінікті айқындайтын күрделі мәселелер
Табыстар теориясы
Тауар өндірісі – нарық шаруашылығының негізі
Тұтынушы тәртібі нарықты сигменттер және тауар тұрғысы
Тауарлы өндірістің ролі
Пәндер