Өмірдің жерден даму эволюциясы


Тақырыбы:Өмірдің жерден даму эволюциясы
Жоспар:
1. Архей, протерозой заманы.
2. Полеозой, мезозой заманы.
3. Кайнозой даму-тіршілік бастамасы.
1. Архей заманы-жер қыртысының тарихындағы көне заман. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ақзалардың-бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені, құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Архей заманындағы жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар:1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болады, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгеріштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ақзаларды екіге:автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ақзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жаңа жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.
Протерозой заманы. Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады. Олар негізінен, су түбіне бекініп тіршілік етті. Жер бетіндегі температура әлі де болса жоғары болғандықтан, тіршілік тек суда ғана жүріп жатты.
Тіршілік біртіндеп геологиялық жағдайға айналды. Протерозой заманындағы негізгі ароморфоздар мыналар еді:
1. Жануарларды екі жақтылық симметрия қалыптасып, соның нәтижесінде қорғаныштық қызмет атқаратын дененің алдынғы және артқы бөліктері ажыратылды.
2. Ең жоғары сатылы жануалар-желілілер типінің алғашқы өкілдері шықты, Оларда желі бұлшықеттерге тірек қызметін атқарды.
3. Түтік тәрізденген орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы тіршілік әрекеттерінің қарқынды жүруіне әсер етті.
4. Желбезек түрінде тынысалу мүшелері қалыптасты.
2. Палеозой заманы. Бұл-ертедегі тіршілік заманы. Бұл заман 6 кезеңге бөлінеді:кембрий, ордоник, силур, девон, тас көмір және пермь(қосарбетті қара) .
Кембрий. Қоңыржай климаты бар кембрий дәуірінде тіршілік негізінен суда болды. Құрлықта тек бактериялар мен көк жасыл балдырлар тіршілік етті. Құрлықта тіршілікке бейімделу құрлық өсімдіктері псилофиттер еді. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі-триолбиттер кең тарала бастады.
Ордовик біршама кембрий кезеңіне ұқсас болды. Мұнда алуан түрлі жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар теңіз түбін қалың орман тәрізді алып жатты. Басаяқты және бауыраяқты былқылдақденелілер одан әрі дами түсті.
Силур кезеңінің соңын ала климат өзгеріп, тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты құрлықтың көлемі артты. Алғашқы құрлықтық жәндік-өрмекшілер болды.
Девон кезеңінде климат одан әрі құрғап теңіздердің көлемі азайып, тіпті шөл және шөлейт жерлер пайда бола бастады. Девонның аяқ, кезінде алып, ағаш тәрізденген шаңжапырақ пен қырықбуындардан тұратын ну ормандар құрлық бетін түгелдей алып жатты. Жануарлар әлеміндегі келесі ароморфоз қосмекенділердің құрлыққа шығу болды.
Тас көмір кезеңінің, жылы және ылғалды климаты құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Олардан кейін келе тұқыммен көбейетін шаңжапырақтар шықты.
Пермь кезеңінде құрлықтың көлемі едәуір артып, климат одан әрі салқындай түсті. Олардың орнын жалаңаштұқымды өсімдіктер алды. Ұрықтың дамуы суда емес, құрлықта жүретін болды. Тынысалу тек өкпе арқылы іске асырылады.
Мезозой заманы. Органикалық тіршіліктің бұл орта ғасырында бұрынғсынша тау түзілу әрекеті көптеген аймақтарды қамти жүрді. Бұл заман 3 кезеңге бөлінеді:триас, юра, бор (қосарбетті қара) .
Триас. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені азда болса сумен байланысыбао көптеген құрлықтық ағзалар тіршілігін жойып, олардың орнынанағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді. Триаста өмір сүрген жорғалаушылардан бүгінгі күнге дейін жеткендері тасбақалар, крокодилдержәне гаттериялар құрлықта шөп қоректі және жыртқыш динозаврлар, теңізде ихтиозаврлар тіршілік етті.
Юра кезеңінде жылы теңіздердің көлемі артып, онда бірқатар басаяқты былқылдақденелілер аммониттер мен белемниттер және теңіз жорғалаушылары ихтиозаврлар мен плезиозаврлар тіршілік етті. Осы уақытта тіршілік еткен археоптерикс құстардың шығуына жол ашты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz