Тауарлық - материалдық қорлар есебiнiң аудитi мен талдауы
Тауарлық-материалдық қорлар есебiнiң
аудитi мен талдауы
Материалдық қорлар есебiнiң аудитi
Аудит – заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебiнiң Қазақстан
Республикасының заңдық талаптарына сай шынайылығы мен объективтiлiгi
жөнiнде тәуелсiз пiкiр беру мақсатындағы тексеру болып табылады[1].
Тауарлық-материалдық қорларды аудиторлық тексерудiң негiзгi мiндеттерi
төмендегiдей:
- олардың есебiнiң жүргiзiлуiнiң дұрыстығын тексеру;
- сақтау орындарындағы материалдар қалдығы мен олардың қозғалысы
жөнiндегi нақты мәлiметтер алу;
- материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету және өндiрiстiк
тұтынылуының нормативтерiнiң сақталуын тексеру;
- материалдық қорлардың ұтымды орналастырылуы үшiн кәсiпорынға қажет
емес қорлар түрлерiн анықтау және сату.
Яғни, тауарлық-материалдық қорларды аудиторлық тексерудiң бағдарламасы
төмендегiдей сұрақтарды қамтуы қажет:
1) тауарлық-материалдық қорлардың баланста көрсетiлу дұрыстығын тексеру;
2) олардың нақты қолда бары мен сақталуын тексеру;
3) қоймадағы есептi және кәсiпорынның материалдық қорлармен қамтамасыз
етiлуiн тексеру;
4) тауарлық-материалдық қорлар қозғалысының алғашқы құжаттарын толтырудың
дұрыстығын тексеру;
5) келiп түскен қорлардың толық және өз уақытында кiрiске алынуын және
есепке алу барысындағы бухгалтерлiк жазулардың дұрыстығын тексеру;
6) қорлардың дайын өнiм өндiрiсiне босатылуының негiздiлiгiн, босату
операциялары бойынша бухгалтерлiк жазулардың дұрыстығын тексеру;
7) тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдiстерiн анықтау;
8) материалдық қорлардың өңдеуге берiлуi мен сыртқа сатылуымен байланысты
операциялардың дұрыс құжатталуы мен сәйкес жазылған бухгалтерлiк
корреспонденциялардың дұрыстығын тексеру;
9) шикiзаттар, материалдар мен басқа құндылықтарды өз уақытында және дұрыс
жүргiзiлуiн тексеру;
10) материалдық құндылықтардың табиғи кему шегiнен жоғары мөлшердегi
жетiспеушiлiгi, олардың зақымдалуы мен бағаның төмендеуiне байланысты
арзандатылуы жөнiнде қабылданған әкiмшiлiк шешiмдерi мен актiлерiн оқып-
зерттеу.
Тауарлық-материалдық құндылықтарын аудиторлық тексеруден өткiзу
барысында ең алдымен баланс деректерi, Бас кiтап, 6,7,10 журнал-ордерлер
мен басқа есеп регистрлерiндегi мәлiметтердiң, синтетикалық-жинақтамалы
және аналитикалық-талдамалы есептердің өзара тепе-теңдiгi тексерiледi.
Материалдық қорлардың нақты қолда бары мен есеп мәлiметтерiн салыстыру үшiн
ең алдымен жылдық түгендеу қорытындыларына, екiншiден, тұтас және iшiнара
түгендеу өткiзу қажет материалдар топтарын анықтау керек. Қорларды
қоймаларда сақтау тәртiптерiн, кейбiреулерiнiң сақталу жағдайларын да
тексерген жөн. Тауарлық-материалдық қорлардың көпшiлiгiнiң табиғи формасы
мен есебiн жүргiзуде бiрқатар ерекшелiктер болғандықтан, оларды аудиторлық
тексеруден өткiзудiң маңызы зор.
Жалпы материалдық қорларды тексерудi аудитор қойма шаруашылығын
зерттеуден бастайды: қойманың және өлшеу құралдарының дұрыс қолданылуын,
бақылау-өткiзу пунктi жұмысының дұрыстығын, өрттен қорғау және күзеттiк
белгi беру құралдарының болуын, қорларды қабылдап алу тәртiптерiнiң
сақталуын, оларды босату және сақтауды, материалдық-жауапты адамдардың
iрiктелуi мен қоймаларға бөлiнуiн, бұзылған, зақымдалған, жатып қалған
қорлардың болуын, кiрiс және шығыс құжаттарының дұрыс толтырылуын,
қоймадлық есеп жүргiзу мен қорытынды есеп тапсырудың дұрыстығын тексеру
керек.
Аудитор қойманың материалдарды сақтау орны ретiнде пайдалануға жарамдылығын
анықтайды. Бақылау-өткiзу пунктiнiң жұмысына ерекше көңiл бөлген дұрыс,
себебi бұл пункттерден бiр өткiзу құжатының бiрнешi рет қолданылуы мүмкiн,
есеп беруге тиiстi адам құқығын растаушы құжаттары жоқ адамдардың қорларды
алып өтуiне жол бермеу керек, сондықтан материалдардың өткiзiлуiне құқық
беру құжаттары мұқият тексерудi талап етедi. Сондай-ақ бұл өткiзу құжаттары
кәсiпорын бойынша ұрлықтың, жетiспеушiлiктердің орын алғандығы жөнiнде
хабарландырылған жағдайда да бақылау құралдары ретiнде пайдаланылады.
Материалдық қорлардың қоймада бары мен өндiрiске босатылған мөлшерiн
тексеру үшiн аудитор кәсiпорын басшылығымен түгендеу өткiзу жөнiнде
келiседi. Түгендеу комиссиясы құрылып, барлық талаптарға сәйкес жұмыс
iстеуi қажет. Түгендеудi кейбiр жағдайларда материалдық-жауапты адам
қатысынсыз өткiзу жөнiнде шешiм қабылдаған аудиторлардың материалдардың
жетiспеушiлiгi жөнiндегi қорытындысын қойма меңгерушiлерi мойындамауы
мүмкiн. Сондықтан материалдық-жауапты адамның қатысуымен ғана түгендеу
өткiзiлуi керек. Түгендеу өткiзер алдында материалдық-жауапты адам барлық
материалдардың кiрiсi мен шығысының құжаттары бойынша қорытынды жасайды,
оның бiр данасы аудиторға берiледi. Аудитордың негiзгi мақсаты түгендеу
операциясының дұрыс өткiзiлуiн қадағалау және есеп мәлiметтерiнiң
бұрмалануына жол бермеу. Түгендеу нәтижесi әр материал түрi бойынша
түгендеу тiзiмдерiнде сол кәсiпорында қабылданған номенклатурасы және өлшем
бiрлiктерi бойынша жеке көрсетiледi. Қоймадағы кәсiпорын меншiгiне
жатпайтын уақытша орналасқан материалдық қорлар материалдық-жауапты адамның
арызы мен арнайы анықтама қағазы арқылы түгендеу түзiмiне қосылмайды, бiрақ
олардың қай кәсiпорынға тиiстi екендiгi анықталуы керек.
Материалдық құндылықтарды аудиторлық тексерудiң маңызды бөлiгi
қоймалық есептi тексеру. Тәжiрибеге сәйкес қойма есебiндегi негiзгi
қайшылықтар материалдардың қалдықтарының қызыл сальдо (қалдық) ретiнде
көрсетiлуi. Мұндай қалдық сомасы келiп түскен материалдардың толық немесе
өз уақытында кiрiстелмегендiгiн бiлдiредi. Терiс мәндi қалдық сомасының
болуы болашақта ұрлықтың орын алуына себеп болады.
Қойма меңгерушiсi қызметiне алынған адамның бұрынғы жұмыс орындарында
ұрлыққа жол берген, сенiмсiздiк туғызған адамдар болмауын алдын-ала
тексерген жөн. Аудитор материалдық-жауапты адамның жұмысқа қабылдануы
барысында сәйкес құжаттардың толық және дұрыс толтырылғандығын тексередi.
Материалдардың қозғалысының есебiн тексеру барысында материалдар
қозғалысы есебiнiң ведомостiнiң толтырылуын, ондағы жазулардың дұрыстығын
тексеруi қажет. Олардың кiрiстелуiнiң алғашқы құжаттарының дұрыстығын,
реквизиттерiнiң толықтығын тексередi, себебi алғашқы құжаттар
материалдардың қолданылуы мен сақталуына бастапқы, ағымдағы және одан
кейiнгi бақылау жүргiзудiң негiзi болады. Бақылауды жүзеге асыру
кәсiпорынның бас бухгалтерi мен бөлiмшелерiнiң басшыларына тапсырылады.
Материалдық қорлардың құрамын тексергенде аудитор соңғы есептi
мерзiмдегi кәсiпорындардың материалдармен қамтамасыз етiлуiнiң дәрежесiн
тексередi. Материалдардың нақты қолда бар мөлшерi жөнiндегi мәлiметтер 20
Материалдар бөлiмшесi шоттары бойынша, ал синтетикалық және аналитикалық
есеп түрлерi арасындағы сәйкестiк айналым немесе қалдық ведомостерi, 6-шы
журнал-ордер, Бас кiтап және баланс бойынша тексерiледi.
Материалдық қорлардың жабдықтаушылардан, есеп беруге тиiстi
адамдардан, негiзгi құралдардың есептен шығарылуы нәтижесiнде келiп
түсетiндiгi белгiлi. Кәсiпорындардың кәсiпкерлiк-жоспарының өндiрiстiк
бағдарламасын жүзеге асыру үшiн материалдық қорларға деген қажеттiлiктi
анықтайды да қорларды сатып алады. Сатып алу операциялары жасалған келiсiм-
шарттарға сай жүргiзiледi. Материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмi
кәсiпорынның материалдық-техникалық жабдықталуы жоспарының орындалуын
тексередi, қорлардың өз уақытында келiп түсуi мен кiрiске алынуын
бақылайды.
Келiп түскен материалдарды экспедитор қабылдап алады, олардың сандық
және сапалық сәйкестiгiн тексередi. Келген материалдар құжаттардағы
мәлiметтерге сәйкес болмаған жағдайда коммерциялық актi толтырылады, ол
жабдықтаушыға шағым-талап ұсынуға негiз болады. Экспедитор материалдарды
қоймаға материалды-жауапты адам қарамағына өткiзедi. Қабылданған
материалдар бойынша қойма меңгерушiсi кiрiс ордерлерiн толтырады.
Құндылықтардың кiрiске алынуын жабдықтаушылардан келетiн есеп айырысу
құжаттары бойынша талдау жасау арқылы тексеруге болады. Құжаттау тәртiбiн
жақсы бiле отырып, аудитор материалдарды толық есепке алынуын, бухгалтерлiк
жазулардың дұрыстығы жөнiнде қорытынды жасай алады. Кiрiске алу
операцияларын 20-шы бөлiмше шоттарының дебеттiк айналымы мен 10, 12, 7,
журнал-ордерлердегi мәлiметтердің өзара сәйкестiгiн салыстыру арқылы
тексередi, ал қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған жабдықтаушы-
кәсiпорындардың салықтық счет-фактураларындағы қосылған құн салығы
сомасының Дт 331 Кт 671 жазу бойынша тексередi. Қосылған құн салығы сомасы
салықтық счет-фактурада көрсетiлмеген жағдайда 331 шот бойынша есепке
алынбайды.
Материалдық құндылықтар отандық-жергiлiктi жабдықтаушыдан алынған
жағдайда оларды жеткiзуге өкiлеттiлiк берушi сенiм хат түрiндегi
құжаттардың толтырылуының дұрыстығын айқындайды, берiлген сенiм хаттар
ведомосiнiң жүргiзiлуiн қадағалайды.
Қорларды аудиторлық тексеруден өткiзудiң маңызды бiр кезеңi
материалдардың босатылуын тексеру болып табылады. Материалдардың жұмсалуын
бақылау үшiн көптеген шаралар iске асырылады. Босату операцияларының негiзi
- материалдық шығындардың нормаландырылуы және босатылу шектерiнiң
бекiтiлуi. Шектеулердi жабдықтау бөлiмдерi өндiрiлетiн өнiм көлемi мен өнiм
бiрлiгiне қажет шығындар нормасына сәйкес бекiтедi. Материалдардың
босатылғандығы жөнiнде мәлiметтердi шектi-алу карталарынан аламыз. Сонымен
қатар, материалдарды босату жөнiндегi талаптар, қойма есебiнiң
карточкалары, айналым және қалдық ведомостiлерi, басқа да ақтаушы құжаттар
материалдардың өндiрiске босатылуының дұрыстығын анықтауға негiз болады.
Құжатталу процесiнiң дұрыстығына айқындап болғаннан кейiнгi кезең
шоттардағы бухгалтерлiк жазулардың дұрыстығын тексеру болып табылады.
Өндiрiс процесiне жұмсалынған материалдарды аудиторлық тексеруден өткiзудiң
ең басты бөлiгi олардың бағалануын тексеру болады. Әртүрлi кезеңдерде
сатылып алынатын материалдық құндылықтардың бағаларында бiрқатар
айырмашылықтар болуы мүмкiн. Материалдық қорлардың өзiндiк құны оларды
сатып алуға, тасымалдап-жеткiзуге кеткен шығындар мен өңдеу шығындардың
жиынынан құралады. Оларды сатып алу шығындарының жиынынан саудадағы
кемiтулер, қайтарылған сомалар, және басқа түзетулер сомалары алынып
тасталынуы қажет. Қорлардың белгiлi төрт негiзгi (ФИФО, ЛИФО, тұтас
идентификация, орташа құн) әдiстер бойынша бағаларының дұрыс
анықталғандығын тексеру керек. Пайдаланылып жүрген бағалау әдiсiнiң есеп
саясатына сәйкестiгiн тексеру қажет.
Дайындау-тасымалдау шығындарының дұрыс есепке алынуын анықтау
материалдық қорлардың бағалануын аудиторлық тексеру барысындағы негiзгi
кезең болады. Материалдардың нақты өзiндiк құны мен қатаң есептi бағасы
арасындағы айырма сомасы жұмасалынған және қоймада қалған материалдардың
арасында олардың қатаң есептi бағасына пропорционалды түрде бөлiнiп-
таратылады. Ол үшiн материалдардың нақты өзiндiк құнының қатаң есептi
бағасынан ауытқуының проценттiк қатынасын анықтайды, оны босатылған және
қоймада қалған материалдардың қатаң есептi бағасына көбейтедi. Бұл
ауытқудың проценттiк қатынасын төмендiгi формулаға сәйкес анықтайды:
(Аб + Ас)*100
Х ( –––––––––––, мұндағы:
ЕБб + ЕБс
Аб – материалдардың нақты өзiндiк құны мен есептi бағасының бастапқы
кезеңдегi ауытқуы; Ас – есептi кезең соңындағы ауытқуы, ЕБб – есептi кезең
басындағы матеиалдардың қатаң есептi бағасы, ЕБс – есептi кезең соңындағы
материалдардың қатаң есептi бағасы.
Бұл проценттi есептеуге қажеттi деректер Материалдар қозғалысы
есебiнiң ведомостiндең келтiрiледi. Тасымалдау шығындарын босатылған
материалдар есепке алынған шоттарда көрсету қажет. Себебi, материалдық
қорлардың бағалануы мен тасымалдау-дайындау шығындарының сомасы сатылған
өнiмдердің өзiндiк құны арқылы алынатын жиынтық табыс сомасына, яғни
мемлекеттiк бюджетке төленетiн табыс салығының сомасына да тiкелей әсер
етедi. Бұның өзi материалдық қорлардың бағалануының салықтық ұйымдар
тарапынан қатаң тексерiлетiндiгiн көрсетедi және аудитордан ерекше
мұқияттылықты талап етедi.
Бұдан кейiнгi аудитордың негiзгi мiндетi материалдардың өңдеуге
жiберiлуiне немесе сырт ұйымдарға сатылуына байланысты операцияларының
дұрыс құжатталуы мен шоттарда дұрыс көрсетiлуiн тексеру болып табылады. Тек
207-шi шотта есепке алынған сомалардың дұрыстығын ғана тексерiп қана
қоймай, оларды өңдеуге жiберудiң маңызын анықтау керек. Аудторлық тексеру
барысында материалдар шығындарының нормадан, яғни шектен тыс болуы және
қажеттi мөлшерде дайын өнiм алынбайтындығы анықталған жағдайда аудитор
олардың себебiн айқындайды, өңдеу опреациясы жүргiзiлген кәсiпорында
тексеру өткiзуiне болады. Сатылған материалдық қорлар бойынша аудитор сату
операциясының маңыздылығын, келiсiм-шарттарының дұрыстығын және тағы басқа
жағдайларды тексередi. Қандай да бiр ауытқулар анықталған болса, онда
сәйкес қарсы тексерудi жүргiзуге болады. Аудитор құрастырылған актiлерге
ерекше мән беруi керек: әсiресе, кәсiпорын басшылығының материалдық
құндылықтардың табиғи азаю шегiнен жоғары мөлшерде кемуiне байланысты
жетiспеушiлiгiн есептен шығару жөнiндегi шешiмдерiн тексеруi қажет. Мұндай
тексеру үшiн жыл бойы бағасы кемiген материалдық құндылықтарды, моралды
тозған, бастапқы сапасын жоғалтқан құндылықтарды алдын-ала анықтау керек.
Бұл құндылықтар, олардың бағасы өзiндiк құнынан төмен болған жағдайда,
кәсiпорын балансында мүмкiн болатын сату бағасымен бағаланады, ал олардың
өзара айырмасы кәсiпорын қызметiнiң нәтижесiне әсер етедi. Айырма сомасы
түгендеу актiлерi, нарықтық баға жөнiндегi мәлiметтермен, басқа да сәйкес
құжаттармен расталуы қажет.
Материалдық қорлардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етудегi маңызды бiр
мәселе тек бухгалтерлiк есебiнiң дұрыс ұйымдастырылуы ғана емес, сонымен
бiрге шикiзаттарды, отын, басқа материалдық игiлiктердің өз уақытында және
сапалы түрде түгендеу болып табылады. Яғни, аудитор жоспарланған түгендеу
жүргiзу мерзiмдерiн, тәртiбiн, қорлардың нақты қолда бар мөлшерiнiң дұрыс
анықталуын, түгендеу нәтижесiнiң дұрыс құжатталуын, олардың дұрыс есепке
алынуын, салыстыру ведомостерiнiнң дұрыс құрастырылуын қадағалайды.
Қорыта келгенде материалдық қорлар бойынша аудиторлық тексеру өткiзу
барысында аудитор олардың толық және өз уақытында кiрiске алынуын, олардың
кәсiпорын өз iшiндегi өндiрiс пен басқа қажеттiлiктерге, және сыртқа
шығарылуының негiздiлiгi мен дұрыстығын бақылайды.
1. Дайын өнiмдер (тауарлар) мен аяқталмаған өндiрiс есебiнiң аудитi
Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарына көшу барысында
аудитор аяқталмаған өндiрiстi тексеру мақсатында ең алдымен бухгалтерияның
қаржылық және басқару бухгалтериясы болып екiге бөлiнетiндiгiг ескеруi
керек. Басқару есебi басшылық арқылы iшкi пайдаланушыларға берiлетiн барлық
өлшенетiн және өңделетiн есептiк ақпараттарды қамтиды. Қаржылық есеп тек
iшкi пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар, сыртқы пайдаланушыларға да
қажеттi ақпараттарды қамтиды. Бухгалтерлiк есептің Типтiк шоттар жоспарының
9 Өндiрiстiк шығындар шоттары’ бөлiмiнi шоттары басқару бухгалтериясына
қатысты, есептi кезең бойында бұл шоттарда есепке алынған өндiрiстiк
шығындар өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын анықтау мақсатында пайдаланылады да,
есептi кезең соңында кәсiпорын балансында нақты өндiрiлген дайын өнiмдердің
өзiндiк құны ретiнде және ақталмай қалған бөлiгi ретiнде 21 Аяқталмаған
өндiрiс және 22 Тауарлар бөлiмшелерiнiң шоттарында көрсетiледi. Аудитор
аяқталмаған өндiрiсң бабының деректерiн Бас кiтап мәлiметтерiмен
салыстырып, баланстағы көрсетiлген аяқталмаған өндiрiс мөлшерiнiң дұрыс
бағаланғандығын анықтауы керек. Аяқталмаған өндiрiстiң дұрыс бағаланылуы
өте маңызды мәселе, себебi, өндiрiстiк шығындардың дайын өнiмдер мен
аяқталмаған өндiрiс арасында дұрыс бөлiнуi өзiндiк құнның дұрыс
қалыптасуына, сонымен бiрге қаржылық нәтиженiң де дұрыс анықталуына ықпал
етедi. Мұндай тексерудiң ақпараттық көзi 10 журнал-ордердің екiншi
ведомостi болады. Бұл ведомость арқылы аудитор аяқталмаған өндiрiстiң
құрамын анықтауға мүмкiндiк алады және оның бағалануының дұрыстығңын
анықтайды. Аяқталмаған өндiрiстiң дұрыс бағалануы өндiрiс түрiне тiкелей
байланысты. Мысалы, жекеше сипаттағы өндiрiстерде аяқталмаған өндiрiс нақты
шығындар арқылы бағаланады және баланста көрсетiледi. Ал массалық және
сериялық өндiрiстерде аяқталмаған өндiрiстi тек нормативтi (жоспарлы)
өндiрiстiк өзiндiк құны бойынша бағалауға және баланста көрсетуге болады,
мұндай жағдайда барлық ауытқулар өнiмдердің өзiндiк құнына қосылады. Жеңiл,
тамақ және басқа қысқа өндiрiстiк цикл бойынша жұмыс атқаратын
өнеркәсiптерде аяқталмаған өндiрiстiң бағалануының дұрыстығын тексеру
барысында аудитор кейбiр салалық өнiм көлемiн жоспарлау, есепке алу,
калькуляциялау жөнiндегi методикалық нұсқауларға сәйкес аяқталмаған өндiрiс
құрамына тек негiзгi тiкелей шығындар қосылатындығын ескеру қажет. Тiгiн
өнеркәсiптерiнде аяқталмаған өндiрiстi бастапқы жұмсалған шикiзаттар мен
материалдар құны бойынша бағалайды, ал өңдеу, еңбек ақы төлеу шығындарын
толығымен өндiрiлген өнiмнің өзiндiк құнына қосады. Тек, кейбiр
өнеркәсiптерде аяқталмаған өндiрiс құрамында өңдеу шығындарының 50%-iн
есептейдi.
Егер кәсiпорында өндiрiстiк есеп директ-костинг жүйесi бойынша
ұйымдастырылған болса, яғни, өнiмдердің толық калькуляциясы есептелмейдi,
ол тек жартылыай есептеледi, аяқталмаған өндiрiс нақты шығындар немесе
нормативтi (жоспарлы) өндiрiстiк шығындар бойынша анықталады. Бұндай
жағдайда 821 Жалпы және әкiмшiлiк шығындар, 831 Пайыздар бойынша
шығындар, 811 Тауарлар (жұмыстар, қызметтердi) сатумен байланысты
шығындар шоттарында есептелетiн шартты-тұрақты шығындар есепке алынбайды.
Аяқталған өндiрiспен қосымша дайын өнiмдер есебiн аудиторлық
тексеруден өткiзудiң маңызы зор. Ол Дайын өнiмдер деп аталатын баланстық
бапта, 221 активтi инвентарлы шотта есептеледi. Дайын өнiмдерге өндiрiстiк
сипаттағы жұмыстар мен қызметтер, өзiнiң күрделi құрылысына арналған
жұмыстар мен қызметтер, сатуға арналған жұмыстар мен қызметтер де, өз
өндiрiсiнлегi жартылай өнiмдер де жатқызылады. Ең алдымен аудитор
баланстағы деректердi Бас кiтаптағы 221 Дайын өнiмдер шоты бойынша
тексередi. Сонымен қатар, 2-шi журнал-ордердiң, 10-шы журнал-ордердiң,
қоймалық алғашқы есеп мәлiметтерiн тексередi. Аудитор осы 221 шотта
есептелген дайын өнiмдердің нақты жинақталғандығын, тексеруден өткендiгiн,
қоймаға накладной бойынша кiрiске алынғандығын анықтайды. Дайын өнiмдер
есебiнiң аудитiн сапалы түрде жүргiзудiң басты шарты өндiрiлiп шығарылған
дайын өнiмдердің оперативтi бақылануын тексеру. Ол үшiн кәсiпорындар
технологиялық процестердің орындалуын, дайын өнiмдер көлемi бойынша,
ассортиментi бойынша жоспардың оындалуын, сапасын және өндiрiс
ырғақтылығын тексерiп отырады. Оперативтi бақылау нақты деректердi жоспарлы
мәлiметтермен салыстыру арқылы жүргiзiледi. Тексеру арқылы өнiмдердi өндiру
жоспарының орындалу дәрежесi және жоспар мен нақты көрсеткiштердің
арасындағы ауытқулардың пайда болу себептерi, оған кiнәлi адамдар
анықталады.
Барлық өндiрiлген өнiмдер бухгалтерлiк есепте көрсетiледi. Егер дайын
өнiмдер цехта немесе қоймада кiрiске алу құжаттары арқылы кiрiстелмеген
және бухгалтерлiк еспке алынбаған жағдайда есепке алынбаған өнiмдер пайда
болады. Бухгалтерлiк есепке алынбағандықтан олардың құны сол кәсiпорында
пайдаланылып жүрген әдiс бойынша анықталады. Есепке алынбаған дайын
өнiмдердің құны технологиялық процестердi сипаттайтын құжаттар негiзiнде
анықталады. Кейбiр жағдайларда олардың құны құжаттардағы деректердi өзара
салыстыру арқылы анықталады.
Есепке алынбаған өнiмдер нақты өндiрiлiп шыққан, натуралды және құндық
өлшем бiрлiктерiмен өлшенетiн дайын өнiм түрiнде болуы да мүмкiн. Олар
қоймаға төмендетiлген бағасы бойынша кiрiске алынады. Мұндай жағдайлар
аудитордан ерекше мұқияттылықты талап етедi, себебi төмендетiлген баға
бойынша кiрiстелген дайын өнiмдердi жоғары бағамен сатуды кәсiпорын
басшылары мен сәйкес қызметкерлер қосымша табысқа иелену көзi ретiнде
қарауы мүмкiн. Мұндай заңға қайшылықтардың орын алғандығын анықтау үшiн
аудитор өндiрiлген өнiм аты мен сортын дәлелдейтiн цех құжаттары мен сол
өнiмдердің қоймаға кiрiске алынуы немесе сатылуы жөнiндегi босату
құжаттарын салыстырады. Есептен тыс өнiмидердің пайда болуының негiзгi көзi
бұрын есеп болмаған шикiзаттар мен материалдардың болуы. Яғни, есепте жоқ
дайын өнiмдердің шығарылуын тексеру оларды өндiруге негiз болған артық
материалдардың пайда болу жолдарын тексерумен қатар жүредi.
Аудиторлық тексеру барысында көңiл бөлерлiктей маңызды мәселе дайын
өнiмдердің дұрыс бағалануы мен бухгалтерлiк есеп шоттары жүйесiнде
көрсетiлуi борлады. Дайын өнiмдер синтетикалық есепте өзiндiк құны бойынша,
ал аналитикалық есепте қатаң есептi бағасы бойынша бағаланады. Қатаң есептi
баға ретiнде жоспарлы өзiндiк құн немесе келiсiм бағалары пайдаланылуы
мүмкiн.
Бухгалтерлiк есепте дайын өнiмдер төмендегiдей бағалар бойынша
бағаланады:
1). Өндiрiстiк өзiндiк құн (нақты, жоспарлы) – дайын өнiмдердi өндiрумен
байланысты барлық өндiрiстiк шығындар. Нақты өндiрiстiк өзiндiк құн 10-шы
журнал-ордердің екiншi ведоммостiсi бойынша анықталады. Бұл баға көбiнесе
көлiк құралдарын немесе жеке ерекше жабдықтар өндiретiн жеке өндiрiстерде
қолданылады. Жоспарлы өзiндiк құнды пайдаланған жағдайда нақты өндiрiстiк
өзiндiк құн мен жоспарлы өзiндiк құн арасындағы айырма есебi жеке
жүргiзiледi. Бұл бағалау әдiсiнiң маңыздылығы оның жоспарлау мен
бухгалтерлiк есеп арасындағы бiрлiктi қамтамасыз етуiмен түсiндiрiледi,
бiрақ жоспарлы немесе нормативтi баға жылдам өзгермелi болатын болса, онда
дайын өнiмдердi қайта бағалау қиындай түседi.
2). Толық өзiндiк құн (жоспарлы, нақты) - өндiрiстiк өзiндiк құн мен
төмендегi кезең шығындарының қосындысынан жиналады:
- жалпы және әкiмшiлiк шығындар;
- пайыздарды төлеумен байланысты шығындар;
- тауарлық-материалдық құндылықтарды сатумен бьайланысты шығындар.
3). Кәсiпорынның келiсiм бағалары бойынша. Дайын өнiмдердi бағалаудың бұл
әдiсiнде олардың нақты өзiндiк құнының ауытқуы жеке аналитикалық-талдамалы
шотта есептеледi. Егер келiсiм бағалоары тұрақты болатын болса бұл әдiс
кеңiнен таралуы мүмкiн, себебi бұл әдiс өнiмдердің ағымдағы есепегi және
қорытынды есептегi бағаларын өзара салыстыруға мүмкiндiк бередi. Ол
тауарлық өндiрiстi анықтауда ерекше маңызға ие болады.
4). Бөлшек баға бойынша бағалау әдiсi. Бұл әдiс көбiнесе бөлшек сауда және
қоғамдық тамақтану мекелерiнде қолданылады. Бөлшек баға келiсiм бағасы мен
сауда үстемесiнiң қосындысынан тұрады. Мауда үстемесi айналыс шығындарын
жабу мен сауда ұйымдарының табыстарының қалыптастырылуына бағытталады.
Дайын өнiмдердің сатылуы жөнiнде келiсiм-шарт жасағаннан кейiн,
кәсiпорынның сату бөлiмiнде олардың босатылу немесе сатып алушыларға тиеп-
жөнелтiлуi туралы бұйрық-накладной толтырылады және дайын өнiмдер
босатылғаннан кейiн бұл құжаттар бухгалтерияға жiберiледi. Бухгалтерияға,
сонымен қатар, транспорттық тасымалдау құжаттары да келiп түседi.
Бұл құжататр бойынша бухгалтерияда төлем-талап тапсырмасы толтырылады,
оларды сатып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz