Тауарлы өндірістің ролі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І. Өндіріс, оның мәні және факторлары.
ІІ. Қоғамдық өндірістің түрлері.
ІІІ. Тауарлы өндіріс.
ІV. Тауарлы өндірістің ролі.
V. Тауарлы өндірістің қасиеттері.

1. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті
материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы
алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын
мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі
жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық
игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс
процесі – тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен
еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы
мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі -
өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере
отырып, К.Маркс былай жазған: Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары)
қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы
болып қалады.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы
және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде
қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-
әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда,
қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы
болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек
құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндретін адамдар.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ бұл
қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы,
адамдарды орналастыру – техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты.
Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар
меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың білігі өндіріс әдісін
құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары
сай келеді.
2. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық шаруашылықтың (өндірістің) екі
түрі бар:
1) натуралды шаруашылық;
2) тауарлы шаруашылық;
3. Тауар өндірісі бірден пайда болған жоқ. Ол тарихи дамудың ұзақ
мерзімінің нәтижесі. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 5–6 мың жыл бұрын
пайда болды. Осыған қарамастан бүгінгі күннің өзінде тауар айналысын
білмейтін тайпалар қалдығы бар.
Сонда тауар өндірісіне дейін дамудың жалпы экономикалық формасы
ретінде қандай өндіріс түрі орын алды? Натуралды шаруашылық өндірісі. Ол
не? Өндірушілер шығаратын өнімін рынокқа сату үшін емес, өздерінің
мұқтаж–қажетін өтеу үшін ұйымдастырған өндірісті—натуралды шаруашылық деп
атаймыз. Осындай шаруашылық формасы алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және
феодалдық өндіріс әдістерінде басым болды. Осы күнге дейін экономикасы
әлсіз, сондай-ақ жоғары дамыған кейбір елдерде сөз болып отырған
шаруашылықтың қалдықтары бар.
Сонымен, зат-бұйымдар өзінен-өзі тауар болмай адамдардың қызмет
әрекетіне байланысты тауарға айналғаны ма? Иә, құптап жауап береміз. Қазақ
өмірінен бір ғана мысал алайық. Жанұя жылқы өсірумен шұғылданады делік.
Жылқыны жанұя мүшелерінің қажетіне өсіріп, сатуға шығармаса тауар болмайды.
Тауар болу үшін жылқысын басқа адамға беруі тиіс, демек басқа адаммен
қатынасқа түседі. Бұл жеткіліксіз. Өйткені сайгүлігін сыйға тартып
мінгізсе, ол тауар болмайды. Араларында қарым-қатынас болғаны рас, бірақта
тауар айырбасы қатынасы емес. Өйткені иесі сайгүлікті сатпады, сыйға
тартты, тегін берді, орнына ештеме де алған жоқ. Егер сатса, айырбас
қатынасына түссе тауар болар еді. Демек, тауар – арнайы сатылу үшін
өндірілген қандай да бір нақтылы еңбек нәтижесі. Тауар арқылы адамдар бір-
бірімен экономикалық қатынасқа түседі. Міне, осыны айырбас қатынастары деп
атаймыз. Оның мәні мен мазмұны мынада: Буржуазиялық экономистердің
заттардың арасындағы қатынас деп тапқандарын (тауарды тауарға айырбастау),
Маркс адамдардың арасындағы қатынасын ашты. Тауар айырбасы рынок арқылы
болатын жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді. Тауар
айырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды, экономикалық процесс. Олай болса
оның түпкі тамырын адам табиғатынан инстинктінен емес, олардың өмірінің
экономикалық жағдайынан іздеген жөн.
Сонымен қатар өндіріс дегеніміз не, қашан пайда болды? Тауар өндірісі
деп өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін, оның үстіне бұлардың
әрқайсысы қайсыбір өнімді өндіруге маманданатын, сөйтіп қоғамдық
мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу (сол
себептен де ол тауарға айналады) қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың
ұйымдасуын айтады.
Өнімін тек сату үшін шығаратын өндірісті тауар өндірісі дейміз.
Өндірістің осындай формасы алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы мен құл
иеленушілік өндіріс әдісінің қалыптасуы кезеңінде пайда болды және дамыды.
Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар
алуан түрлі. Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және құрал-жабдықтарға
меншік. Шартты нәрсе осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек
бөлісінің орын алуы жеткіліксіз. К. Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек
бөлінісі жақсы дәрежеде орын алған қауымның бір түрін әңгімелейді. Онда
еңбек бөлінісінің іріленген 9 түрі болған. Өнімдер сауда-саттықсыз қауым
мүшелеріне тегін бөлініп, ортақ меншікте болған. Кейінірек өндірілген өнім,
құрал-жабдықтар нақтылығы біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем
өзгерген. Енді ешкім бір-біріне ештемені тегін бермеген. Мүлік иелерінен
тегін беруді талап ету мүмкін болмаған. Өйткені әсіресе әркімнің жеке
меншігіне өтті ғой. Бұлар бір-бірінің ризашылығымен өздерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауар–айырбас қатынасына түседі.
Басқаша жолы жоқ болғандықтан, бөтен ештеме істей алмайды. Сөйтіп, өндіріс
құралдарына жеке меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму
процесін жеделдетеді.
Натуралды шаруашылықтың жай тауар, ал оның капиталистік тауарлы
шаруашылыққа ауысуы тарихи мерзімді қамтыған аса күрделі процесс. Жай тауар
шаруашылығының капиталистік шаруашылыққа айналуының мәні жөнінде В.И.
Ленин: Капитализм деп тауар өндірісінің дамуында адам еңбегінің өнімдері
ғана емес сонымен қатар адамның жұмыс күші де товарға айналатын сатысын
айтады, деп тұжырымдаған еді. (астын сызған біз – Т.Қ.). Осы түсінік
тұрғысынан алып қарағанда, капиталистік шаруашылық күн сайын миллиард мәрте
қайталанатын тауар өндірісінің ең жоғарғы түрі.
Тауар өндірісі экономикалық дамудың жалпы формасы ретінде барлық
таптық қоғамда орын алады. Алайда олардың мазмұны мен мәні, сипаты қоғамдық
формаларға тікелей байланысты. Бұл жерде басты шешуші күш өндіріс
құрал–жабдықтарына деген меншік формасында. Алайда тауар өндірісі мәңгілік
емес. Коммунистік қоғамның әдепке сатысындағы социалистік тауар өндірісінің
орнына экономикалық дамудың неғұрлым жетілген сапалық жаңа формасы өмірге
келеді.
Тауар өндірісінің түрі екеу. Жай және капиталистік тауар өндірісі.
Бұлардың ортақ белгілерімен бірге өздеріне тән айрмашылықтары бар
(1 схема). Оны бірінші схемадан көруге болады.
Жай тауар өндірісі – капитализімнің күре тамыры және даму тірегі,
қозғаушы күш. Сайып келгенде Ұсақ өндіріс капитализм мен буржуазияны
үнемі, күн сайын, сағат сайын, стихиялы түрде және кең көлемде туғызып
отырады.
4. Тауар – өндірісінің дамуында ақша капиталға, жай тауар шаруашылығы
жалдамалы еңбекті қанауға негізделген капиталистік шаруашылыққа ұласады.
Карл Маркс капитализм қоғамына талдау жасауды тауардан бастайды. Неге олай,
мәні неде? Қандай да болсын құбылысты және затты білу үшін оның ең
қарапайым және мазмұны мен мәнін жете түсіндіре
1 - схема
ЖАЙ ЖӘНЕ КАПИТАЛИСТІК ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құн және капитал теориялары
Қаржы ресурстарының экономикалық негізі
ТАУАР ЖӘНЕ АҚША ТЕОРИЯСЫ
Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру жолдары
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Қоғамдық ұдайы өндіріс
Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Аралас экономиканың моделдері
Капитал - өндіріс факторы
Пәндер