Тәуке ханның ата-тегі, өмірі, биліктегі ішкі және сыртқы саясаты жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тәуке болып ханымыз,

Рахат тауып жанымыз,

Он сан алаш бiрiгiп

Ойран болды жауымыз.

(Халық өлеңі) .

Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызатын заман. қазақ халқы өзінің, бұрынғы-соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды өткізген. Олай болса талайлы тағдыр өмірден із-түзсіз өте шығуы мүмкін емес. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есімен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғалардың салиқалы сокпақтарынан аңғарамыз. Сол сокпақтардың бойында еліне елеулі енбек сіңіріп, қаһарманның кызыметін аткарған ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге сайрап жатыр. Солардын бірі Тәуке хан.

Батырда, ханда, қара да өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар жане шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде елеулі орын алған.

Дәл қазіргі кезде қазақ хандары жайлы материалдар іздесек тек Абылай хан және Кенесары туралы өте көп кездеседі, ал Тәуке жайлы өте аз, тіпті жоқ. Газет- журнал бетерінде де Тәуке жайлы бір-екі ауыз сөзбен шектеледі. Бұған басты себеп Тәуке жайлы архивтерде мәлімет аз, ал ол жайлы зертеулер бұдан да аз. Бұл менің ойымша бұл мүлдем дұрыс емес, себебі Тәуке қазақ халқын біріктіруінде, онын ел болып сақталуында ең көп еңбек сіңірген хандардын бірі

Сондықтан мен баяндаманың бірінші бөлімін Тәуке ханның ата-тегі, өмірі, биліктегі ішкі және сыртқы саясаты жайлы мәлімет бердім.

Екінші бөлімінде Тәукенің «Жеті Жарғысы » туралы баяндадым.

Тәуке ханның туған жылы белгісіз, ал кайтыс болган жылы туралы ғылыми зертеулерде әр турлі қарама-кайшы пікірлер бар. Жарық көрген әдебиетерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген пікір тұрақты түрде қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зертеуші ғалым В. А. Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі 1716 жылдан бастап орыс тарихнамасында сақталған құжатарда мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы мүмкін. осымен қоса зертеуші Б. С. Сүлейменов жане В. Я. Басин де Тәукені 1715 жылы қайтыс болды деп есптейд.

Осыдан кейін бізге бұл дау қытай жылнамаларын толықтай зертеген кезде шешіледі деп үмітенуіміз ғана қалады. (1)

Қазақтың қанына сіңген бір әдет бар, ол ата-бабаны зертеу, талдау. Менде сол әдетке басып Тәукенің ата-бабасын қарап шығуды жөн көрдім.

Сонымен:

Шыңғыс хан →Жошы хан →Тоқай Темір → ӨзТемір→ Қожа→Бадақұл →Арыс хан → Кұйыршык → Барақ хан →әз Жәнібек(Абусағид) →Қасым хан → Сығай хан → Тәуекел хан →Есім хан →Жахангер хан → Жәнгір (Салқам Жәнгір) →Тәуке хан.

Қазақтың атақты данышпаны Шәкәрім Кұдайбердіұлы өз шығармасының бірінде былай дейді:″Тәуке хан ″Салқам Жәнгірдің″ қалмақтан алған әйелінен туған ұлы болатын. Жангірдің Үргеніш ханы Ғайып қызы қатынынан Уәлибақы деген тағы бір ұлы бар болатын. Ол Тәукенің хан болғанына риза болмай, өкпелеп, Ғайып ханға көшіп кетеді. ″(2)

Әрине, Тәукенің билікке келуіне онын оның ақылы мен қайраты және көрегендігі көмектесті. Сонымен Тәуке таққа 1680 жылы отырады. Ол кезде қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты мәз емес еді. Ел ішінде өзара қантөгіс күшейіп, жер дауы, жесір дауы көбейе түсті Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алуыздык күшейе түсіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке дара билеп, дербестенуге ұмтылды. қазақ жүздері арасындағы бұрынан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен, іс жүзінде өз алдында билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжалға, қақтығысқа белшесінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген Жоңғар қалмақтарының шабуылы күшейе түсуіне жағдай жасады.

Осындай қиындық кезеңде хандық құрган Тәуке алдымен Ресей жане оңтүстiктегi көршi елдермен қарым- қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамында iшкi дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болса да, ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсiндi . (3)

Осылайша, өз билiгiн нығайтқан Тәуке хан халық дауларын шеше бастады. Ол кезде халық үшiн мал тіршіліктің көзі болды. Ал малдың өсіп, өнуі үшін құнарлыда, жайлы жайылымдар қажет болды. Бірақ Тәкеге дейін мұндай жайылымдарды тұрақты иелену мүмкін болмады Сондықтан, Тәуке хан үш жүздiң өздерiне тән ерекшелiктерiн ескере отырып, әр территорияның табиғаты мен климатын ескере отырып, олардың қыстауын жайлауын және күздiк жерлерiн бөлiп бердi. Тәуке хан билердiң жиналыстарын кұрып, бiрнеше айдың iшiнде әр жүздiң тарихын, әдет-ғұрыптарын және т. б ерекшелiктерiне сайкес жер пайдаланудың нақты шекараларын бекiттi. Бөлiнген жерлердiң билiгiн әр ру өз қолына ұстады. Олар өздерiне белгiленген жерде ғана көшiп қонуға рұқсаты болды. Территорияның көлемi олардың құрамындағы жанұя және мал сандарына қарай белгiлендi. Жер дауларын ру басшыларымен билер бiрлесiп шештi. (3)

Осы жерде Тәукенiң ең бiр ерекшелiгi билерге өте көп көңiл бөлдi. Ең алғаш рет билер кеңесiн құрды. Дәстүрлi қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берiлдi. Билердiң шаруашылық әдеттi-құқық әскери және идеялогиялық мiндеттердi атқаруда ерекше ролi болды. Алайда олар Шыңғыс ұрпақтарына жатпайтын едi. Төңiрегiне беделдi билердi топтастырған Тәуке олардың қолдауына сүйене отырып, хан билiгiне ашық түрде қарсы шығушы Шыңғыс ұрпақтарына қарсы күрес жүргiздi. (4)

Билер мәжiлiсi ерекше жағдайларда аса маңызды мәселелердi шешуге ғана шақырылған. Билер қызыметiн ретке келтiруде Тәуке бiрқатар шаралар қабылдады. Ол билер съезiнiн өтетiн жерi мен уакытын белгiледi. Ханның маңызды билiк жүйесi болып табылатын билер кенесi әрдайым Тәуке ханның белгiлi бiр ордасында: Түркiстан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мартөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегi Күлтөбеде өткен. (5)

Тәуке хан даулы iстердi шешуде билер сотының беделiн арттырып, билер кеңесiнiң кесiмдi үкiм шығарушы ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап билер кеңесi қазақ хандығының iшкi және сыртқы мәселелердi шешетiн органға айналды. Билер мүддесiн көздей отырып, Тәуке өз билiгiн нығайтты. Мұның барлығы қазақ тайпаларымен көшпелiлер арасында жоғарғы билiктi күшейтуге мүмкiндiк бердi. (4)

Тәуке хан осындай өзгерістер арқылы қазақ қоғамындағы ең алғашқы демократияның негізін салды. Бұған дәлел сол кездегi тарихи жағдайларды зерттеген В. В Вельмянов - Зернов хандық билiктiң ерекшелiктерiн айта отырып, көшпелi қазақ қоғамында билiктi бөлу принциптерi өмiр сүргенiн дәлелдедi.

Абайды өте жақсы бiлген А. А Леонтьев, Тәуке ханның билiгi жайлы айта отырып, қырғыздардың ежелден билiктi бөлу принциптерiн жақсы білгенін айтады.

Жоғарыда айтылғандай, Тәуке билiкке келгенде қазақ жағдайы мәз емес едi. Тәуке iшкi тәртiптi ретке келтірумен қатар сыртқы саясатқа да көп көңiл бөлдi. Ол ең алдымен сол кездегi қазақ халқының ең қауiптi жауы жоңғарлардың шабуылына төтеп беру үшін оңтүстіктегі елдермен достық қарым-қатынасты нығайтуга тырысты. Бұхара мемлекетiмен дипломатиялык қарым-қатынасты орнатты. Осы уақытқа дейiн Бұхарамен қазақ жерлерiнде керуендерге қарақшылық шабуылдар жасалып, қан төгiстер болып тұратын, сол себептен, Тәукенiң арнайы бұрығымен Бұхарадан келе жатқан және бара жатқан керуендерге шабуыл жасауға тиым салынды. Шабуыл жасауды бастаған адамдарды қатаң жазаға тартты. Осыдан кейiн, қазақтар керуендерге шабуыл жасауын тоқтатты.

1686-1693жж аралығында Тәуке хан Ресейге екi ел арасындағы сауда қарым-қатынастарын нығайту мақсатында елшiлер жiбердi. Осыдан кейiн, 1714жылы жоңгарлар Тәуке ханға ауыр соққы берді, сондыктан ол Ресеймен одақ құру туралы шешiм кабылдады және Петр 1-ден қазақ жерлерiн жоңғарлардан азат етуге көмек сұрады.

Шоқан Уалиханов Тәуке ханның өзге елдермен тату достастығы жайлы «Записках о киргизах » деген енбегiнде былай көрсеттi: «Есiм ханнын немересi Жәңгiр ханның ұлы Тәуке қырғыздарды биледi. (кырғыз биi Тиес оған бағынды) Тәуке мен Тиес одағы халық бiрлiгiн нығайтты. »

Ғалым М. Тынышбаев өзінің тарихи зерттеулерінде былай деп көрсетті: “ Біздің ойымызша, “Алты Алаш” сөзі Тәуке заманынан бастап қолдана бастады, өйткені Тәукеге қазақтың үш жүзінен басқа қара-қырғыз, қарақалпақ және қазақ тайпаларымен қандас қатаған, жайма сияқты ұсақ тайпаларды бағынды. Осыған қоса, қара қырғыздар және қарақалпақтардың айтуынша, оларды біріктіретін қазақ жүздері емес” Алаш ” ұраны. ”

Қарақалпақ елі Тәукеге қазақ жерлерін азат ету үшін 6000 әскер берген, ал өздері Тәуке хан қамқорлығында болған.

Міне, осылайша Тәуке хан қазақ ішіндегі дау-жанжалды тоқтатып, сыртқы саясатын нығайтты. Тәукеге дейін кез-келген жаудын олжасына айналатын жерлерді өздерінің мықты қорғандарын құрды. Ол қазақ жерінің ең алғашқы конституциясын жасады.

Қазақ елінің Герадоты А. Левшин Тәукенің іс-әрекетін жоғары бағалап, былай деген: ” . . . Жәңгірден кейін таққа Тәуке келді . . . ол қазақ жерінің Ликругі, әрі дроконы болды . . . Ол қазақ жерінде болып жатқан қантөгісті тоқтатып, халықтың бәрін өзіне бағындырып, әлсізбен күштіні, күштімен әлсізді біріктіріп, бәріне ортақ бір заң жасады . . . Қырғыздардың Кіші ордасының тыныштықпен тәртіпте өмір сүрген уақыты болды, ол кезде әділдікпен заң мықты болды.

Сол Алтын ғасырды олар әлі күнге шейін қазақ елінің данышпаны хан Тәукені тамсана еске алады. Ол қазақ қоғамын құрып қана қоймай, тәртіп пен заң орнатты. ”

Тәуке қайтыс болғаннан кейін оның құрған мемлекеті әлсірей бастады, бұл жайында 1914ж шыққан “Қазақ” газетінде былай деп жазды: ”Тәуке біріктірген үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзде оның өлімінен кейін тәртіп пен заңды сақтай алатын басшы болмады. Хан ұрпақтары Тәукеден кейін өзара соғыс бастады, өзара кек отарын тұтатты. ”

Тарихшы В. А. Моисеев былай дейді: ”Тәуке кезінде қазақ хандығы күшейді, қазақ елінің маңызды мәселелері әр жүздің бетке ұстар тұлғаларынның жиналысы арқылы шешілетін . . . Тәукенің өлімінен кейін мұның бәрі ыдырады. ”

Осыларға қарап отырып, мынандай қорытындыға келуге болады: Тәуке өз заманының данышпаны болды, ол бір орталыққа бағынған, бейбітшілік пен тәуелсіздікте өмір сүрген қазақ мемлекетін құрды.

Тәукенің ең үлкен реформасы ол: қазақ жерінде құқықтық жүйе құруы. Мықты мемлекет құру үшін, сол елде тәртіпті қамтамасыз ететін, халықтың әдет-ғұрпына сай заң керек болды. Осындай заңды құру үшін Тәуке елдің ең әділ, данышпан, беделді тұлғалары мен билерін жинады. Бұлардың ең басында қазақ елінің “үш пайғамбары”- Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке би болды. Осылардың арқасында өмірге “Жеті жарғы” келді. Оның ең басты маңызы мен мағынасы сол кездегі қазақ елінің, жерінің географиялық ерекшеліктеріне, шаруашылық өміріне сай келген әмбебап заң болды.

Жеті жарғының әрбір бөлімі қазақтың тәжірибиелік қоғамдық өмірінде ұлтты қорғау, көшпелі өмірдегі тәртіпті сақтау кезінде туған идеялардың жиынтығы болып табылады. Билер кеңесінің қолдауымен Жеті жарғы халық арасында тарады. Өкінішке орай, қазіргі кезде Жеті жарғы қалай қабылданып, қалай тарағандығы жөнінде сол кездегі тарихи әдебиеттерде кездеспейді. Осы құжатты зерттеуші Н. Өсеров Жеті жарғыны 1968жылы қабылдады деп есептейді, ал С. Өзбек ұлының есептеуінше, Жеті жарғы 1684-1685жж қабылданды. Оған себеп Тәуке билікті қолына ала салып, бірден заң қабылдай алмады.

Жеті жарғының негізі”Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы” деп аталатын ескі құқықтық нормалар болып табылды. Жеті жарғыны қабылдау үшін билер кеңесі ұзаққа созылды, бұған дәлел сол кездерден қалған “Күлтөбенің басында күнде жиын” деген сөз.

Ғылыми теориялық көзқарас бойынша, Жеті жарғының әрбір бөлімінде сол кезеңде өмірдің ең бір мықты талаптарын, мәселелерін шешуге тырысқан, бұған қоса, бұл заң сол кездегі мәселелерін ғана емес болашақты да көздеген. Бұл құжат сөзсіз қазақ елінің бірлігімен ұлттық сана-сезімін жоғарлатты.

Тәукенің өзі 1718жылы қайтыс болса да Жеті жарғы 19 ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді. Бізге дейін Жеті жарғының толық нұқсқасы жеткен жоқ. Біз тек қана К. Шүкіралиева, Я. Гвардиевский және Левшиннің еңбектеріне ғана сүйенеміз, осылармен қатар, академик С. З Зимановта Жеті жарғы туралы құнды құжаттарды жариялады.

“Жеті жарғы”- бұл қазақ елінің әдет-ғұрыптарының жиынтығы. Ол жеті бөлімнен тұрады, яғни ол жер дауларын, жесір дауларын, құн дауларын, балалар тәрбиесімен отбасы мәселесін, ру аралық дауларды және ұлттық қауіпсіздік мәселесін шешті. Бұл пікірді Байболов Қазанғаптың “Төле бидің тарихы” атты дастанына сүйеніп айтамыз.

Жеті жарғы және қазақтың қылмыстық құқығы: қазақтың қылмыстық әдет-ғұрып құқығының талаптары Жеті жарғыда”Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы” және т. б құқықтың қайнар көзінен алынды. Бізге белгілі болғандай, көшпелі халық өмірінде патриархалдық, туыстық қарым-қатынас үстем болды, сондықтан қылмыстық әдет-ғұрып құқығы қазақтардың шаруашылық және көшпелі өмірінің көрінісі болып табылады.

Жеті жарғыда нақты “қылмыскер” деген ұғым бермейді және оның мән-мағынасын ашуға тырыспайды. Бұл жерде қылмыс деп мыналарды көрсетеді: адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адал болмауы, дене жарақаттарын салу, зорлау, әйелдерді ұрлау, тиым салынған некеге тұру, күйеуі бар әйелмен қарым-қатынаста болу, құдайға тіл тигізу, христиан дінін қабылдау және т. б.

Қылмыс ұғымын мынандай сөздермен береді :“Жаман іс”, “жаман әдет”, “құдайдан безген” және т. б.

“Жеті жарғы” бойынша қылмыстық жауаптылыққа он үш жастан бастап тартылады. “Он үш жаста отау иесі” деген сөз әрбір адам осы жастан бастап өз іс-әрекетіне өзі жауап беретіндігін білдіреді. Қазақтар қылмыстық жауаптылыққа жүкті әйелдерді, ақыл есі кем адамдарды тартпайды. Құлдар мен еріксіздер қылмыстың субъектісі болып табылмады, олар үшін жауаптылықты иелері өз мойындарына алды. Жүкті әйелдер адам өлтірсе, оларды қылмыстық жауапқа тартпады, бірақ олар халық қарғысына ұшырап отырды.

Жеті жарғының басты қағидаларының бірі “қанға қан, жанға жан”. Дегенмен, бұл принцип үнемі орындала бермеді, кейбір жағдайларда екі жақ өзара келісім жасасты. Яғни жәбірленуші жақ бұл принциптің орнына келтірілген зиянның орнын толтыруды талап ете алды. Кейінгі зерттеулерде белгілі болғандай, Жеті жарғыда былай деп көрсеткен: “Халық көтерілісімен алауыздықты бастаған адам өлім жазасына кесіледі”. Бұл сол кезеңдегі ру аралық қантөгістің азаюына себеп болды. “Тұсаулы атты ұрлаған адам өлім жазасына кесілсін”. Бұл жаза қатал болып көрінгенмен, бұл халық өміріне маңызды болды. Себебі, жылқы жануары халық өмірінің материялдық меншігі ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің белгісі болып табылды. Дегенмен, бұл жаза бейбітшілік кезінде көп қолданылмады.

“Түркі халықтарының мүддесіне сатқындық жасаған адам өлім жазасына кесілсін”.

“Туысқан адамдар некелессе, олар өлім жазасына кесілсін”. Бұл норма өмірге дені сау, таза қанды ұрпақты әкелуді көздеді.

Жеті жарғының арнайы тарауларында әйелге қарсы қылмыстар және әйел жасаған қылмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылады. Егер күйеуі әйелін өлтірсе, оның туған-туысқандарына құнын төлеп құтылуына болады. Ал егер әйелі күйеуін өлтірген кезде жүкті болса, ол жазадан босатылады, бірақ өмір бойы қоғамнан аласталған, халық қарғысына ұшыраған адам болып есетеледі.

Жеті жарғының талабы бойынша, қызды немесе әйелді зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі және өлім жазасына кесіледі. Егер де әйелдің күйеуі болмаса, туысқандары келіссе, құн төлеп құтылуына болады. Ал егер ол қыз болса, оның ата-анасына қалыңмал төлеп, үйленіп, жазадан құтылуына болады. Осылармен қатар, біреудің әйелін оның келісімісіз алып қашу немесе бірге қашу өлім жасасына кесілді. Егер олар құн төлеп, кешірім сұраса, жазадан босатылатын болған. Егер қашқанда әйелдің келісімі болса, онда әйел сол еркекпен қалу құқығы болады, егер күйеуіне құнын қайтарса.

Егер ері әйелін көзіне шөп салу кезінде ұстаса, өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтте жариялау керек, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін төрт сенімді адам теріске шығарса, әйелі жазадан босатылады.

Кейбір жағдайларда қылмыстың субъектілері жазадан босатылатын мысалға: ата-анасы баласын өлтірсе, бірақ некеде тұрмаған әйел некесіз баласын өлтірсе, өлім жазасына кесіледі және әйелдер мен балалар отағасының ұрлығын біле тұрып, жасырса жазаланбады.

Ұрлық үшін ұры келтірілген зиянды 27 есе артық төледі.

Жеті жарғыда қылмыстың дәрежесіне байланысты әртүрлі жаза қолданылды: өлім жазасына кесу, құнын төлеу, абыройынан айыру.

Өлім жазасына кесуді “қанға қан, жанға жан” принципі қолданылды. Құн төлеу екі жақтың келісімі бойынша іске асырылды. Жеті жарғы ережесі бойынша адам өлтірген болса, құн төлеп жазадан құтылуына болды және бұл қанды кектен де құтқарады. Құн еркек үшін 1000 қой, әйел үшін 500 қой. Бұл норма сұлтандармен қожаларды өлтіргендері үшін қолданылмады. Олар үшін 7 есе артық төлейтін болды, осылармен қатар қосымша құнның 2 түрі болды: біріншісі, өнер құны, екіншісі сүйек құны. Бірінші түрге: ақындар, шешендер, билер, оқымыстылар жатты. Бұлар үшін қылмыскер құнды 2 есе артық төледі, сүйек құны мынандай жағдайларда толенді: өлген адамның туғандары көме алмаса .

Үшінші жаза абыройынан айыру: ең ауыры қоғамнан аластау. Негізгі мақсаты, қылмыскерді ұятқа қалдыру. Бұндай жазаға ұшырағанды мойнына құрым байлап, қара сиырға теріс мінгізіп, ауылды айнала шапқылатады, халық алдында кешірім сұратқызады. Мұндай жазаға әке-шесесіне және үлкендерге тіл тигізгендер де тартылады.

Жеті жарғыға ислам дінінің шариғаттары да әсерін тигізді. Мысалға адам өзіне өзі қол жұмсаса бөлек жерге жерленді. Осымен қатар, құдайға тіл тигізген адамға жеті адам куә болса, таспен атылып өлтіріледі.

Жеті жарғы және отбасы мәселесі.

Бұл мәселеде Тәуке хан “Есім ханның ескі жолына және

Қасым ханның қасқа жолына“ сүйенген. Осы норма бойынша, 13 жастан бастап некелесуге мүмкіндік болды. Басты талабы: екі жастын арасындағы туысқандық айырмашылық жеті атаға жету керек және екінші талабы қалың малын төлеу. Некелесудің 2 түрі болды : келісім жасау және құда тусу. Біріншісінде ата-аналардың және жастар келісімі бойынша іске асты, келесісі тек ата-ана келісімімен іске асты. Қыздың ата-анасына қалыңмал төлеуі міндетті болды, көлемі әртүрлі: 27, 37, 47, 77 жылқы малы болды. Әрине бұл қалың мал төлеушінің материалдық жағдайына байланысты болды.

Кейбір жағдайларда “Жесір” дауы туындап отырды, яғни күйеуінен айырылған әйел немесе қалыңмалы төленген қыз мәселесі . Мұндай қыздар қалың малы төленген жақтың мүшесі болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Қазақ халқының тарихына шолу
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
Қазақ хандарының негізгі мөрлерінің сипаттамасын қарастыру
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz