Табиғи ресурстарды тиімды пайдалану және экологиялық проблемалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Табиғи ресурстарды тиымды пайдалану және экологиялық проблемалар

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.
Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.
Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді.
Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бүл ұғымға минералдық шикізат кешенді барлау, мейілінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.
Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік т. б.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі- тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын пайдалану- кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу: жалпы көрсеткіш - тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы.
Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген қөлдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.
Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкінік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады. Осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады.
Кешенді пайдалану варианттарын экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.
Тиімді өндірістің ең басты белгісі-нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнеделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады. Варианттарды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізу қажет болады бірақ бұлай істеу қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың тиімді вариантын таңдау үшін әр кезде кәсіпорындарда, аймақ бойынша немесе республика көлемінде шикізаттан алынатын барлық өнімдердің баланстық есептеулерін жүргізіп жағдайларды басқа варианттармен салыстыру қажет.
Қазіргі кезде тиімді вариантты таңдауда көп қолджанвлатын әдіс- келтірілген шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді вариантты таңдау белгісі шығынының ең азы. Бұл әдісті қолданудың басты шарты варианттар бір-бірімен салыстырылатын болуы немесе сол жағдайға келтірілуі керек. Варианттарды өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін “компенсация” (орынын толтыру) әдісі қолданылады.
Мұны мынандай мысалмен түсіндіреміз: минералдық шикізатты кешенді пайдалану варианттарының біреуінде, 3 элемент, 5 элемент алынады.

Екі варианттағы өнімдер саны және түрі бойынша бір-бірімен салыстыруға келмейді. І вариантта қорғасын, мырыш және мыс көбірек және аздау шығын мен аламыз. ІІ вариантта қосымша алтын және күміс аламыз, бірақ алғашқы элеиенттерді алу шығыны артады. Тиімді вариантты бірден таңдай қою қиын.
Варианттарды салыстыру үшін өнімдерін теңестіреміз. Әр вариантқа жетіспеген өнімдері шеткі шығынмен қосамыз. Ол өнімдерді шеткі шығын жұмсап басқа жақтан әкелдік деуімізге болады.
“Компенсация” әдісінің мағынасы да осы. Жетіспеген өнім “компенсациялық” яғни шеткі шығынмен алынады деп есептеледі.
Сонда бірінші вариантқа 0, 2кг алтын және 0, 5кг қосамыз, ал екінші вариантқа 2т қорғасын, 5т мырыш, 0, 2т мыс қосамыз. Вариант бойынша алынатын өнімге шығынды келтірілген шығынмен, қосымша өнімді “компенсациялық” шығын мен есептейміз. Сонда әр вариантқа бірдей 10т қорғасын, 20т мырыш, 2т мыс, 0, 2кг алтын, 0, 5кг күміс алу үшін жұмсалатын шығын:
І в. : (10*500+20*300+2*6000+0, 2*2+0, 5*2) =62200 тенге;
ІІв. : (8*600+15*400+1, 8*600+0, 2*18000+0, 5*18000+2*800+5*500+0, 2*1000) = 61270 тенге.
Сонымен бірдей өнімдерге жұмсалатын жалпы шығындар бойынша екіші вариант тиімді.
Осындай қорытынды диференциалдық рента көрсеткішін қолданып та шығаруға болады. Әр бір өнімге шекті шығын мен келтірілген шығын шамасын салыстырып жалпы рентаны есептейміз.
Ів. : [(800-500) *10 + (500-300) *20+ (1000-600) *2] = 7800тг.
ІІв. :[(800-600) *8+ (500-400) *15+ (1000-650) *1, 8 -(2-18) *0, 2+(2-18000) *0, 5] = 8730тг.
Екінші вариантта ренталдық табыс көп, сондықтан ол тиімдірек .
Тиімді вариантты таңдау үшін табыс немесе пайда көрсеткіштерін де қолдануға болады. Варианттарды салыстыру үшін онда “компенсациялық табыс” немесе “компенсациялық пайда” ұғымын қолданамыз.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану экономикалық тиіммен қатар экологиялық және әлеуметтік тиімдер беред Оның бәрін нақты есептеу мүмкн емес, бірақ шамалауға болады. Ең дүрысы әлеуметтік - экономикалық нәтижелерді барынша толық есептеу.
Минералды шикізатты кешенді пайдаланудың нәтижесінде: одан алынатын өнімнің түрлері және мөлшері көбейеді; қалпына келмейтін шикізат үнемделеді; табиғи ортаға зиянды әсерлер азаяды; табиғат қорғау шығындары үнемделеді.
Өнімнің түрінің мөлшерінің көбеюі, шығындардың үнемделуі шикізаттың әр бір өлшемінен алынатын өнімнің құны арқылы ренталдық табысқа кіреді. Сонымен қатар, қалпына келмейтін(сарқылатын) табиғат баилығының үнемделуі ерекше есептелуі қажет. Мысалы, шикізаттың тапшылығына байланысты арнаулы коэффиценттер қолдану, кенді барлауға жұмсалған шығындардың үнемделуін қоса есептеу және т. б.
Минералдық шикізат қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын болса табиғи ортаны ластамайды, сауықтыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан өсімдіктердің, жануарлардың өсіміне, адамдардың денсаулығына зиян келмейді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады, т. б.
Кешенді пайдаланудың мұндай нәтижелерінің біршамасын экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болады: нақты шығындар, болдырмаған шығындар немесе орын толтыру шығындары бойынша. Әйткенмен табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың толық нәтижелері нақты көрсеткіштермен есептеуге келмеиді. Сондықтан кейбір нәтижелерді арнаулы әдістер қолданып есептеуге тура келеді.
Табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімдігі оларды кешенді пайдалану мүмкіндігін арттырады. Мысалы, отын энергия, минералдық шикізат, су қорының бір аймақта орналасуы металлургия кенішін дамытудың негізі болады. Минералды шикізат көздерінің бір аймақта топтасып орналасуы ортақ байытуфабрикасын, ортақ инфрақұрылымдар пайдалану арқылы оларды кешенді игеру тиімділігін арттырады, өндірісті орналастырудың тиімді түрі территориялық өндірістік кешендер (ТӨК) қалыптастыру мүмкіндігін туғызады. Қазақстанда осындай бірнеше ТӨК-ті атауға болады. Қарағанды- Теміртау көмір мен темір кендерінің аймақтық үйлесімділігін пайдалану негізінде құрылған. Жамбыл- Қаратау фосфорит кенін кешенді пайдалануға негізделген. Маңғыстау мұнай мен газды, Кенді Алтай түсті металлдарды, Екібастұз- Павлодар көмір мен энергия көздері кешкенді пайдалану мақсатында құрылған.
Табиғат ресурстарын кешенді п

Қазақстанның белсенділігі ұлттық экологиялық мәселелерді шешу үшін көптеген халықаралық жобаларды тартуға мүмкіндік береді.
Жаһандық экологиялық қордың және өзге халықаралық ұйымдардың қолдауымен қазіргі уақытта жалпы сомасы 100 млн. Доллардан астам 12 толық көлемді жоба іске асырылуда. Оның ішінде, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері, облыс әкімдіктері және өндірістік орталықтардың қатысуымен Қазақстанда сулы-батпақты жерлерді сақтау, таулы агро-биоалуандылықты және Алтай-Саян аймағының биоалуандылығын сақтау, жел энергетикасы нарығын дамыту бойынша жобалар іске асырылуда.
2009 жылы Министрлікпен Жаһандық экологиялық қорға өтініштер жолданып, келесі толық көлемді жобаларды іске асыруға мақұлдау алынды:
«Қазақстанда энергия үнемдейтін жарықтандыру құралдарын дамыту» Жаһандық экологиялық қор тарапынан қаржыландыру - 3, 8 млн. Доллар;
«Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштарды жоюдың техникалық экономикалық негіздемесі» Жаһандық экологиялық қор тарапынан қаржыландыру - 15 млн. Доллар;
«Орталық Азиядағы тозған жерлерді қалпына келтіру» -
20 млн. Доллар;
«Далалық экожүйелерді қалпына келтіру» - 4 млн. Доллар.
Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, «Қарағанды облысының Шет ауданындағы қуаң жерлерді басқару» жобасы іске асырылуының аяқталуы шөлейттенген аудандардағы тозған жерлерді қалпына келтірудегі алғашқы сәтті қадам болды.
Бес жыл ішінде 35 мың гектар қараусыз жер қалпына келтірілді; Балама энергия көздерін пайдалану арқылы 36 суат ұйымдастырылды; 105 мың гектар тозған жайылма жер қалпына келтірілді; Мал саны 125 пайызға артты; Халық кірісіі мен өмір сүру деңгейінің артуына қол жеткізілді; 130 шаруа қожалықтары тартылды.
2010 жылы ұқсас жобаларды Қызылорда облысының суармалы жерлері мен Қазақстан аумақтарының шөлейттенген жерлерінде іске асыру жоспарлануда.

Мұнайды өндіру барысында үстіңгі сулы қабаттар мүнаймен және ілеспе өндірілетін сулармен ластанады. Мұнай улы қасиеттерге ие, оның аз мөлшерде суда болуы оны ішуге және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке

қолдануға жарамсыз етеді. Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардан, сондай-ақ ыдыстардан, құбырлар мен басқа да құрылымдардан аққан зиянды заттардың фильтрациялық ағынынан жер асты суларынын ластануы мүмкін.

Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе қабат суы - минерализациясы жоғары су болып табылады. Оның жер бетіне шығуы, жер үсті және жер асты су көздерінің тұздануына және олардың ауыз судың сапасын жоғалтуына әкеп соқтырады.

Мұнай-газ кен орындарын игеру барысында топырақ мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен, минерализациясы жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай және оның басқа да компоненттері топыраққа түсе отырып, оның қасиетін едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келместей етіп -битумдық сорлардың түзілуіне, цементтелуіне және т. б өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен жердің биоқұнарлылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Топырақ бетінің бұзылуы нәтижесінде топырақ эрозиясы, дефляция процесі жүреді.

Мұнай топырақ пен өсімдікке өте зиянды әсерін тигізеді. Мұнаймен ластанған топырақта көмірсутектер мен азоттың арасындағы ара қатынас тез өседі, бұл топырақтың азоттық режимін нашарлатып және өсімдіктердің тамырымен қоректенуін бұзады. Сонымен қатар, мұнай жер бетіне төгіліп топыраққа сіңгенде, топырақты қатты ластайды, нәтижесінде жердің құнарлы қабаты ұзақ уақыт бойы қалпына келмейді. Адамдар шоғырланған жердегі атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясы (ШМК) төменде келтірілген.

1. 1. -кесте. Шекті мүмкін концентрация шамасы

Ластағыштардың атауы
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м 3
Максималды бір реттік

Орташа тәуліктік

Ластағыштардың атауы: Бензин
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3: 5, 0

1, 5

Ластағыштардың атауы: Көміртегінің тотығы
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3: 3, 0
1, 0
Ластағыштардың атауы: Азоттың қостотығы
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3: 0, 085
0, 085
Ластағыштардың атауы: Күкіртті ангидрид
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3: 0, 5
0, 5
Ластағыштардың атауы: Күкіртсутек
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3: 0, 008
0, 008
Ластағыштардың атауы:
Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг/м3:

Территорияға айқын көрінетін термиялық режимдегі континенталдылық тән: шілде мен қаңтар айларындағы орташа температураның айырмашылығы кейбір жерлерде 40 0 С-қа жетеді.

Зерттеу ауданы орташа ендікте орналасып, жоғары қысымды ядроның әсеріне, қыста азиаттық антициклонның әсеріне ұшырайды, жауын-шашын жалпы алғанда аз түседі, орташа жылдық мөлшері шамамен 150 мм. Жоғары температуралық фон және төменгі салыстырмалы ауа ылғалдылығы жылына 1000 мм және одан да жоғары булануды қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік игеру барысында мұнай кен орындарын тұрғызу жобасы, ондағы мұнай газын жинау және тиімді пайдалану мәселелері өз шешімін тапқан жағдайда ғана бекітілуге жіберіледі.

Құрамында күкіртсутегі бар газдарды атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тыйым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыкқан газ факелдік жүйе арқылы жағылады.

Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс-шаралар жүзеге асырылуы қажет.

Қондырғыларда, ғимараттарда, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газоанализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.

Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процестерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.

Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:

• магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдерімен ластануын болдырмас үшін конденсат жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;

• мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру қажет;

• сұйық көмірсутектерді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резервуарларды қолдану;

• құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шағын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі-жұтқыштармен жабдықтау;

• кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;

• шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз болған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;

• газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде, олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.

Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз (апатсыз) жұмыс жағдайын камтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.

Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.

Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.

2. Беткі сулар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі туралы
ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Экология құқығының объектілері
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Қазақстан және бейбітшілік үшін саяси әріптестік
Топырақты пайдаланудың экологиялық мәселелері
Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымы
Үржар ауданының малазықтық дақылдарына сипаттама
Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz