Экологияның адам денсаулығына кері әсері


КІРІСПЕ
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулық. « Денсаулық - зор байлық » - дейді қазақ. Ол адам символы. Дені сау қайыршы адам ауру хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды. Көңілді күймен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына табиғаттың тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе - оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулық қорын көбейтіп отыру керек дейді дәрігерлер мен биологтар. Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.
Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта бер, аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлартуғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналықкөмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді ата заңымызға кең көлемде жазылған.
Денсаулық әрдайым адамның басты құндылығы болып қала береді. Адам әр уақытта өзіне тәндік рухани және әлеуметтік игілігінің негізгі көзі ретінде денсаулығын сақтауға ұмтылады. Денсаулық, сымбаттылық, сергектік - адамның ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы, жастыққа тән күш-жігерін сақтағысы келеді. Денені шынықтырумен және спортпен шұғылданудың денсаулықты нығайтатындығы және оның ұзақ өмір сүруге ықпал ететіндігі баршамызға мәлім. Дене шынықтыру мен спорттық маңызы техника, көлік және автоматика күрт дамыған қазіргі уақытта арта түсіп отыр. Күнделікті телегей-теңіз ақпарат ағыны адамның белсенділігі мен қозғалысын айтарлықтай төмендетеді. Бұған жүйелік-психологиялық жүктемені қосыңыз. Сондықтан да гипертония, миокард инфаргі, қан тамырының қатаюы және стенокардия сияқты аурулардың соңғы 10-20 жылда 50 пайызға неліктен өскендігін түсінуге болады.
« Тәні саудың жаны сау » дейді көне Ресейдегі өмір сүрушілер. Жүгірумен, туризммен, жүзумен тұрақты шұғылданған немесе таңертең гимнастика жасайтын адамдарға қараңыз. Олар әр уақытта ақкөңіл, ұстамды, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді болып келеді. Тосын жағдайларды сасып, абдырамайды. Өйткені, аяқ асты тосын жағдайларда адам қанында қан тамырларының қатты таралуына, қан қысымының артуына ықпал ететін гармон - адреналин тез жинақталады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналардың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
1. Ауа - өмір арқауы
Айналаны қоршаған сыртқы орта - ауа, су, топырақ адам өміріне орасан зор ықпал жасайтыны белгілі. Денсаулығымыздың жағдайы да осыған байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, жануарлар дүниесін сақтау, халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттығы туралы заңдармен қатар ҚР Президентінің заң күші бар жер туралы, жер қойнауларын пайдалану туралы жарлықтары мен қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастарды реттейтін басқа да заңдық және нормативтік құжаттарда адам өміріне қатер төндіретін экологиялық апаттардың алдын алудың көптеген шаралары белгіленген. Мұның бәрі қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу жағдайында қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен оны адамның физиологиялық талаптарына сәйкестендіру шаралары аса маңызды мәселеге айналып отырғанын көрсетеді.
Ең алдымен адам өмірінің арқауы - ауаны таза сақтаудың мәні зор. Оның физикалық және химиялық қасиеттері кәдуілгі табиғи қалпынан сәл өзгеріп, бактериологиялық ластануға ұшырап, шаң-тозаңға батса, адамды сан алуан ауруға душар етеді. Ауаны ластайтын автокөліктен атқылайтын түтін, зиянды газдардың өнеркәсіптік тастандылары, түтіндік аймақтар. Металлургия, химия кәсіпорындары мен өнеркәсіптік басқа да салалары атмосфераға өндірісте неше түрлі технологияны қолданудан шығатын орасан зоршаң, күкіртті және басқа да зиянды газдарды жібереді. Автокөлік қазіргі қалаларды көміртегі тотығымен, азот тотықтарымен, көмірсутегімен, әрі консерогендермен, қорғасын қоспаларымен ластайды. Бір литр бензинде қорғасынның әртүрлі қоспасы түрінде тасталатын 1 грамм тетраэтиль қорғасын сақталуы мүмкін. Автокөліктен атқылайтын газдар фотохимиялық қосылыстар нәтижесінде өте күшті тотықтырғыш қасиеті бар фотооксиданттарды: озон, органикалық асқын тотықтар, азот тотықтары, еркін радикалдар деген жаңа өнімдер шығарады.
Жылу электр станциялары, қазан қондырғылар әуеге түтін, көміртегінің тотығын, күкіртті газ, ұшпа күл, күйе, шайырлы заттар жібереді. Қаланы түтін қаптап, тұман басып, бұлдыр тарататыны, ультракүлгін радиацияның кемитіні осыдан. Қара металургия - шойын мен құрыш қою шаң-тозаңмен қоса алуан газ шығарады. Бір тонна шойыннан 4, 5 кг шаң, 2, 7 кг күкіртті газ бен 0, 5-0, 1 кг марганец шығады; атмосфераға біраз мөлшерде мишьяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап және сирек кездесетін металдардың қоспаларымен қатар цианды сутегі және шайырлы заттар тарайды. Қара металлургияның елімізде көп тараған жерлері - Теміртау, Қарағанды, Өскемен қалалары.
Негізгі өндіріс ошақтары еліміздің Қарағанды және Ақтөбе өңірлерінде орналасқан көмір өнеркәсібіндеқоршаған ортаны қатты ластайтын көмір мен пириттің өзінен-өзі жануы салдарынан күкіртті газ көміртегінің тотығын, шайырлы заттарды бөліп шығаратын бос кен жыныстарының үйінділері. Ал Қызылордада, Атырау, Ақсай(Орал), Ақтөбе, Тараз өңірлеріндегі мұнайөндіру, мұнайхимия және химия өнеркәсібі ауаға көмірсутегін, күкірт сутегі мен сан алуан газдарды таратудың орасан зор көзі.
Ауылдық жерлерде ауаның мал шаруашылық және құс фермалары, энергетикалық және жылу кәсіпорындары ластайды. Мал мен құс асырауға арналған қорлардың маңынанаммиак, күкіртсутегі және басқа да сасық газдар көп жерлерге дамиды. Салғырттықтың салдарынан адам ағзаларына зақым келтіретін улы заттардышектеудің қажетті мөлшері сақтала бермейді. Ауаны ластауға қарсы күрестің ең тиімдісі - өнеркәсіп өндірісін қалдықсыз технология принципімен ұйымдастыру екенін өмір тәжірибесі көрсетіп келеді. Санитарлық-гигиеналық шаралар, электр станциялары мен қазандық қондырғыларды газдандыру, теміржолдар бойын электрлендіру, өнеркәсіп тастандыларын көму, автокөліктен атқылайтын газдармен күрес, тазарту құбылыстарын салу тиімді.
Лабораториялық өлшеудің нәтижелері жақсы болса ғана көлікке жолаушылар мен тамақ өнімдерін тасуға санитарлық паспорт берілуі керек. Қоршаған ортаны қорғау шараларын тиімді пайдалану, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қажетті ортаны сақтау құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі болып отыр.
2. Арал дағдарысы
Соңғы 35-40 жылдың аумағында орталық Азияның халқы дүние жүзіндегі ең ірі су қоймаларының бірі - Арал теңізінің жоғалып бара жатқандығының куәсі болды. Осынау қасіреттің салдарынан үлкен экономикалық дағдарыс тек Арал өңірін ғана емес, ол бүкіл аймақты қамтып отырғаны белгілі жайт. Сонымен Арал дағдарысы бүгінігі таңда теңіз маңайындағы бес мемлекеттің 36 миллион халқының хал-ахуалына кері әсерін тигізуде: жұмыссыздық деңгейінің көтерілуі, күнкөріс жағдайының төмендеуі, көшіп-қону үрдісінің үдей түсуі, адам ғұмырының қысқаруы, балалар мен аналар арасында өлім-жітімнің көбеюі - қазіргі экологиялық дағдарыс салдарының толық емес тізімі - міне осындай. Осыдан он бір жыл бұрын, яғни 1993 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Арал теңізі мен Арал өңірі проблемаларын шешу жөнінде келісім жасап, халықаралық Аралды қорғау қорын құру туралы шешім қабылдағандығы да міне осындай уақыт талабынан туындаған игі шара болатын.
Арал зардабы ана мен балада
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпалықтың дәрежесі орасан зор екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөлінбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластану ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткені анық.
Республика территориясындағы осындай экологиялық апат аймағы боп саналатын жерлердің бірі-Арал өңірі. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының қауырт қанат жаюы мен бұл аймақтардағы су көздерін ұқыпсыз пайдаланудың салдарынан теңіздің құрғаған сорлы ұлтаны ұланғайыр жерге ұшып барып, оны тұншықтырып жатқан шаң мен тұздың үлкен ошағына айналуда. Соның нәтижесінде бұл өңірде ауыз су мәселесі күрт қиындады. Бұған Арал өңірінің құрғақ шөлді аймаққа айналуын климатты-географиялық факторлардың өзгеруін, Байқоңыр космодромына байланысты атмосфераның геомагниттік ауытқушылығын және топырақ пен судың пестицидтермен, дефолиаттармен, улы химикаттармен ластануын қосуға болады.
Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша, Арал өңірі апат аймағының тұрғындарының 91%-нің қанында пестициттердің бар екендігі, сондай-ақ ана сүтінің құрамындағы тұз бен пестициттердің қалыпты жағдайдан жоғары екендігі анықталды. Соған орай бұл аймақта әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-гигиеналық жағдайлардың нашарлауы байқалады.
Бір жағынан жұмыссыздықтың өсуі, халық тұрмысының төмендеуі, екінші жағынан азық-түлік бағасының күрт өсуі халықтың тамақтану жағдайын төмендетті. Жеткіліксіз тамақтану экологиялық апат аймағы тұрғындары денсаулығының нашарлауының негізгі себептерінің біріне айналды. Арал аймағында тұратын аналардың 40%-ке жуығында дене салмағының кемдігі, А, Е, С витаминдерінің тапшылығы анықталған, жүкті әйелдердің түгелдерлігінде, емшек жасындағы балалардың 77-85%-ке жуығында қаназдық байқалады.
Бір жасқа дейінгі жас сәбилердің арасында ауру мен шетінеудің көбеюі, адамдардың өмір жасының қысқаруы, жұқпалы аурулардың кең таралуы, туа бітті пайда болатын және обыр ауруларының санының жоғарылауы, жүкті әйелдердің денсаулық көрсеткішінің төмендеуі-Арал аймағына тән жағдай. М. Қ. Құлжановтың (1993) мәлімет бойынша осы, аймақта тексерілген жергілікті тұрғындардың 70%-інде иммунитеттің нашарлауы байқалады.
Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың, әсіресе жүкті әйелдердің экстремалдық жағдайға бейімделу проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Жүкті әйелдің ауруға шалдығуының бірден-бір ерекшелігі-оның бір сәтте екі өмірге: ана мен іштегі нәрестеге қауіп төндіруде. Ал нәресте-біздің болашағымыз. Сондықтан бірінші кезектегі міндетіміз-үздіксіз өсіп келе жатқан экологиялық қолайсыз жағдайда болашақ ұрпақтың денсаулығын әйел бала көтермей тұрған кезеңнен бастап қамтамасыз ету болып табылады. Экологиялық зиянды факторлар ең алдымен сезгіштігі жоғары тұқым-бала жолдасы жүйесі мен (фето-плацентарлық) және иммунитетіне әсер етуі мүмкін. Сол арқылы екіқабат әйел мен бала ағзаларында бейімделушілік реакциялары бұзылады. Соның салдарынан жүкті әйелдің бойында акушерлік кеселдердің, ал тұқым -нәрестенің (шақалақтың) бойында жатыр ішінде кездесетін кеселдер (перинатальдық) мен әртүрлі аурулардың (соматикалық) асқынған белгілері (клиникалық) жиі пайда болады.
Сонымен, күтпеген зиянды (экстремалдық) факторлар әсер еткенде ағза бейімделушілікке көптеген белгілі бір өзгерістер арқылы жетеді. Сондықтан әйелдердің ағымы мен нәтижесін, тұқым-бала жолдасы (фето-плацентарлық) жүйесі мен иммунитетін өзара байланысқан бірнеше экологиялық зиянды факторлардың әсер ету жағдайында зерттеу арқылы, жүкті әйел мен шақалақтың бойында болып жатқан өзгерістердің ауыртпалығын бағалау және қалпына келтіру (реабилитациялық) шараларын қолдану бүгінгі таңдағы негізгі иәселе болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz