Темекі және оның зияны. Темекі тартуға қарсы күрес



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАП ЖАСАУ
КОЛЛЕДЖІ

Тақырыбы: Темекі және оның зияны

Жоспар

1. Темекінің шығу тарихы

2. Шылым тарту зиянды әдет

3. Темекі тартуға қарсы күрес

Адамдардың денсаулығын қорғау мен нығайту ісіне кедергі
жасайтын себептердің біріне әр түрлі зиянды дағдылардың тарауын
жатқызамыз.
Европада темекінің таралуы Американы тұңғыш ашқан теңіз
саяхатшысы Христофор Колумбтың есімімен тығыз байланысты. Ол өзі
Сан-Сальвадор деп атаған Гуанагани аралында 1492 жылы болған
кезінде жергілікті тұрғындардың бір өсімдіктің құрғақ жапырағын орап
алып, тұтандырып тартатынын таңырқай тұрып қараған еді. Олар
темекіні шиыршықтап тартуды Петум деп атаған. Кейіннен бұл сөздің
мәні табак деген ұғыммен ауыстырылған. Себебі, темекі Санто-
Домингодағы Тобаго провинциясында қолданылып, жұртқа ерекше мәлім
болған. Содан бері табак деп аталып, күні бүгінге дейін сол
мағынасында айтылып жүр.
Колумб серіктестерімен Испанияға оралған уақытта өздерімен
бірге темекінің шағын қорын ала келумен қатар, оны тарта білуді
де үйреніп қайтқан. Мұның ықпалымен Испанияның отаршылар армиясының
матростары мен солдаттары, қоныс аударушылар мен саудагерлер
темекіні бірінші тартушылар болып алды. Сөйтіп Европада тұңғыш
рет Испанияда темекі плантациясы пайда болған еді.
1496 жылы темекінің ұрығы бұл елге әкелініп, сәндік
өсімдік ретінде, ал кейіннен қолдан өсіріліп, шылым ретінде
пайдаланылады. ХVІ ғасырда темекі Францияға тарайды. Осы тұста
темекі әр түрлі дерттерге шипалы дәрі-дәрмек ретінде де
қолданылады. Францияның Португалиядағы елшісі Жан Нико Француз
королевасы Екатерина Медичиге бас ауруынан жазылу үшін темекімен
емделуді ұсынады. Сөйтіп королева темекіні ем ретінде қолданылып,
бас ауруынан айығады. Бұл Никоның даңқын одан әрі көтере түсті.
Ол өз еліне темекі тұқымын әкеліп, оны тұңғыш рет
өсіргендердің бірі болды. Сол себептен де оның есімімен темекі
никотиана деп аталған еді.
Көп ұзамай-ақ темекінің жапырағын үгітіп, ұнтақтап
насыбай ретінде мұрынға иіскеу пайда болды. Оның адам
ағзасына тигізетін зияны байқалғаннаң кейін 1585 жылы Англияда
темекі тартқан адамды ауыр жазаға кесетін

заң шықты. Себебі, шылым тартушылар арасынан темекімен
уланушылар кездесе бастады.
Кейіннен 1605 жылы темекі тарту Түркияға келіп
жетті. Халық арасында наркомания жиілей түсті.
Сондықтан үкімет тарапынан шылым тартушыларға жаза
қолданылды. Италияда папа Урбан VІІ темекі тартқан,
насыбай атқан адамдарды шіркеуде шоқынуға тыйым салды.
1663 жылы Константинопольде темекі отынан болған
өрттен кейін Мұрад ІV сұлтан шылым тартқандарды өлім
жазасына кесуге әмір етті. Персияда да темекі тартқандар
қатаң жазаланды. Шылым тартқандардың мұрындарын жұлып
алды. Персия шахы Абасс соғыс лагеріне темекі әкелген
саудагерлерді өртеп жіберуге бұйырды. Ал француз королі
ХІІІ Людовик 1680 жылы аптекашыларға темекіні емдік
дәрі ретінде ғана сатуға рұқсат еткен указ шығарды.
1692 жылы Сантьягода бас монахты темекі тартқаны үшін
қабырға арасына тығып сылап тастады.
Темекі тартушыларға қарсы осы сияқты қатал жазалар
қолдалануына қарамастан ол жер шарына кең түрде тарала
берді. Англия королі Карл І темекі саудасына қымбат
патенттер белгіледі, ал содан кейін Испанияның үлгісі
бойынша темекіге монополия тәртібін енгізді. Сөйтіп темекі
саудасы көп пайда келтіретін сауда түріне айналды.
Америкада темекіні егіп өсіру ұлғая берді, Европа
елдерінда кең тарай бастады.
Россия территориясында 1616 жылдан темекі егіле
бастады. Бірақ Россияда темекі тартуға патша өкіметі мен
діни басшылары тарапынан күшті наразылық туып, оған қарсы
түрлі қатаң шаралар қолданыла бастады. Михаил Романов
патшалық құрған дәуірде темекі тартуға тыйым
салынды. Себебі шылым отынан өрт шығару орын алып
келген еді.
Петр І голландияға барып темекі тартуды үйреніп
қайтқаннан кейін Россияда оған тыйым салуды жойып, оны
сатуға рұқсат берген. Темекі сатушыларға салық салып,
бұдан мемлекетке кіріс кіргізілген. Сөйтіп кәсіпке айналды.
Сонымен қатар Петр патша ағылшын

көпестеріне Россияға темекі тасып әкелуге рұқсат етіп,
осы үшін олар мемлекетке 200 мың фунт стерлиг баж
салығын төлеуге міндеттенді. Мұндай жолмен темекі
саудасын жандандыра түсу мемлекет үшін аса тиімді іс
болды.

Шылым тарту зиянды әдет.

Темекі тарту – никотинизм немесе жалпы тұрмыстық
накомания деп аталады. Ол ел арасына кең таралған
зиянды әдеттердің бірі. Бұл күнде никотинизмге жүздеген,
мыңдаған адамның ұшырағаны жасырын емес.
Папирос пен сигарет алғаш тартқанда жағымсыз болғанымен
оған адам бірте-бірте құмарланып, дағдылана түседі.
Темекі түтініне кұштарлығы артады, оны өз де байқамайды.
Осы айтылған жай темекіге үйрене бастаудың алғашқы
белгілерінің бірі. Адам, әсіресе тамақ, шарап ішкеннен кейін,
ұйқыдан тұрғаннан кейін, қайғы-қасіретке шалдыққанда не
болмаса шаршап-шалдыққан кезінде шылым тартуға құмартады.
Шылым тартқан кезде темекінің әр түрлі зиянды
қосындылары: никотин, күкіртсутегі, сірке, құмырсқа, синил, май
қышқылдары, пиридин, оттегінің тотығы және басқа да
химиялық заттар бөлініп өкпе тканьдары арқылы денеге
тарайды.
Темекі тарту адам ағзасы үшін физиологиялық қажет
нәрсе емес. Іс жүзінде ағза үшін қажетсіз зиянды
құбылыс. Өйткені ол денені уландырырып, денсаулыққа зардапты
әсерін тигізеді. Темекінің түтінінде 80-90 процентке
дейін никотин болады.
Никотиннің зиянды әсері салдарынан дәм сезу
органдары, ас қорытуға қажетті аппараттар мерзімінен бұрын
бүліне бастайды. Темекі түтініндегі никотиннің әсерінен
тістің сыртқы эмалі сарғайып бүлінеді. Сөйтіп ол тіс
жегісіне шалдығады. Шылым тарту сілекей көп бөлінетін
болды, оның үстіне ауызда ұнамсыз иіс пайда
болады. Сондай-ақ шылым

шегушілер арасында стоматит, гингивит деп аталатын
дерттер жиі кездеседі. Ал тілдегі, еріндегі, таңдайдағы
жазылмайтын жалақтар темекі тартушыларға ғана тән
аурулар.
Бұл аз болса шылым тартушылар арасында жүрек-қан
тамырларының аурулары да жиі кездеседі. Никотиннің әсерінен
қан тамырларының тұтқырлығы артып, олар дистрофияалық
өзгерістерге ұшырайды, сөйтіп жүрек пен қолқа тамырларында
ұшырайды, сөйтіп жүрек пен қолқа күре тамырларында
артериосклероз дерті пайда болады.
Темекі тартпайтындармен салыстырғанда шылым шегушілердің
тамыры минутына 15-16 рет жиі соғады. Тамырдың қатты соғуы
жүректің жиі соғуына байланысты. Ал күш түспестен
жүректің қатты соғуы оны әлсірететіні, тоздыратыны
даусыз. Жүрек бұлшық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шылым тарту зиянды әдет
Темекі және оның зияны
Темекі және оның алдын алу жолдары
Темекінің қарынға әсері
Темекіге қарсы күрес
Темекі түтінінің құрамы
Алкоголизм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері
Темекінің организмге әсері
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
Әйелдер арасындағы шылым шегу әлеуметтік және физиологиялық проблемалары
Пәндер