Көлік қызметі нарығын дамыту


Жоспар
Кіріспе
1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
2. Көлік қызметі нарығын дамыту
3 Транзиттік әлеуетті іске асыру
4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
Қолданылған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.
Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 1 (бұдан әрі - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.
Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында өз көрінісін тапты.
ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ
Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы темір жол желісін Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттілігінен шыға отырып, жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.
Қалпына келтіру, жүк тасымалдылығы көп учаскелердің өткізу қабілетін арттыру және электрлендіруді қоса алғанда, халықаралық транзит дәліздерінде және негізгі республикаішілік бағыттарда магистральдық желінің техникалық жай-күйінің деңгейі басымдылық ретімен арттырылуы тиіс.
Инфрақұрылым объектілерінің негізгі қорларына кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуі және олар темір жол көлігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірілуі тиіс.
Темір жол көлігінің желісін өңірлік басымдықта дамыту Солтүстік - Оңтүстік (Ресей - Орталық Азия) және Шығыс - Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия - Қытай - Еуропа) бағыттарында жүргізілетін болады.
Стратегияны іске асыру кезеңінде жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі мынадай инфрақұрылымдық жобалар қаралатын және экономикалық негіздеме болған жағдайда іске асырылатын болады:
Бейнеу - Шалқар станциясы учаскесі, поездардың жүру бағытының ұзақтығын батыс өңірі мен Азия елдерінің Ақтау теңіз порты арқылы қатынасында орта есеппен 530 км-ге қысқарады;
Қорғас - Сарыөзек учаскесі, ол қолданылып жүрген бағыттармен салыстырғанда Ақтау портынан Қытайға дейінгі темір жол тасымалдарының қашықтығын едәуір қысқартады, ал Шалқар - Бейнеу темір жол желісін салу жобасы іске асырылғаннан кейін Цзиньхе - Ақтау бағытының ұзақтығы қазіргі 3 920 км-дан 3 222 км-ге дейін қысқарады;
Жезқазған - Сексеуіл станциясы учаскесі, ол Қазақстанның орталық облыстарынан Ақтау портына анағұрлым қысқа шығуды қамтамасыз етеді және іргелес өңірде көмір, мұнай-газ, мыс-темір рудасы және басқа да кен орындарын игеруде жәрдем етеді;
Шар станциясы - Өскемен учаскесі, ол Локоть станциясы арқылы қолданыстағы бағыттармен салыстырғанда тасымалдау қашықтығын Ресей аумағы арқылы жүруді қажет етпестен 300 км-ден астамға қысқартады;
Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау және Ақтау теңіз портынан шамадан тыс жүктемені азайту үшін Маңғышылақ - Баутино және Ералиев - Құрық жаңа темір жолдары құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Темір жолдарды одан әрі жаңғырту үшін жүк тасымалдылығы көп Мақат - Қандыағаш, Алматы - Ақтоғай, Қостанай - Железорудная және Хромтау - Алтынсарин учаскелерін электрлендіру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.
Өңірлер арасында өте қысқа бағыттар бойынша жүк тасымалдарын оңтайландыруға және жаңа темір жол желілерін салу арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге экспортталатын тауарларды жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін ұлттық тұйық темір жолдар желісін қалыптастыру жүк поездарының артық жүрістерін болдырмауға және түпкі өнім құнындағы көліктік құрамдастар үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Темір жол көлігінің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда олардың жоғары капитал қажеттілігіне байланысты мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік нысаны кеңінен қолданылатын болады. Жаңа инфрақұрылымдық объектілер құрылысы кезінде жеке бастамашылықты тарту үшін мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің әртүрлі схемасы қолданылатын болады.
Көлік қызметі нарығын дамыту
Темір жол көлігінде жүргізілген құрылымдық қайта құрулар көлік қызметтерінің бәсекелі нарығын қалыптастыру мен дамыту үшін негіз және қажетті алғышарттар құрады. Тасымалдау қызметін қызмет көрсетуден бөлу және магистралдық желені ұстау жолаушылар мен жүктер тасымалдары бойынша қызметтер ұсынуда бәсекелі ортаның қалыптасу мүмкіндігін көздейді. Локомотивтік тарту мен жүк вагондарын ұсыну жөніндегі қызметтер де бәсекелі секторға бөлінген.
Сонымен бірге магистральдық темір жол жүйесінің қызметтерін ұсыну табиғи-монополиялық сала болып қала береді және мемлекеттің қарауында болады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жоғары әлеуметтік қыры мен магистральдық желіні пайдаланғаны үшін тарифтер деңгейіне экономикалық тәуелділігін ескере отырып, оларды қалыптастыру оны жөндеуге және ұстауға арналған белгілі бір шығындар нормасын және Ұлттық режимді ұсыну туралы 1994 жылғы тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің (ТСБК) талаптарын ескерумен, магистральдық темір жол желісі қызметтеріне тарифтерді маңызды өлшемдер бойынша саралау мүмкіндігін көздейтін айқын әдістемеге негізделуі тиіс.
Кез келген ықтимал операторға көлік қызметтері нарығына қол жеткізудің бірыңғай талаптары мен тең шарттарын белгілеу үшін тиісінше нормативтік құқықтық база жетілдірілуге тиіс. Лицензиялау мен сертификаттау жүйесі осы талаптардың орындалуын және ұсынылатын қызметтердің қажетті сапалық деңгейін қолдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекет белгілейтін әлеуметтік мәні бар қатынастар (облысаралық, ауданаралық және қалааралық) бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған тарифтердің шекті деңгейін шектеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес көзделетін мемлекеттік бюджеттен (республикалық немесе жергілікті) субсидиялар түрінде осындай тасымалдарды ұйымдастыруға байланысты залалдар үшін тасымалдаушыларға өтемақы тетіктерін көздеуі тиіс.
Жүк тасымалдарының технологиялық және экономикалық тиімділігін арттыру үшін негізгі ынталандыру ретінде жүк тасымалдары жөніндегі қызметтерді ұсынатын тасымалдаушылар мен операторлар арасындағы бәсеке ортаны қамтамасыз ету қажет. Бұл, бірінші кезекте тасымалдау жылдамдығын арттыруға, жүк вагондарының жүктерді өңдеу пункттерінде себепсіз көп бос тұруын болдырмауға және белгілі бір дәрежеде вагондар тапшылығының проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Тиеу ресурстарын босату және кәсіпорындардың кірме жолдарында жүк операциялары кезінде жылжымалы құрамның бос тұруын қысқарту мақсатында жүк жөнелтуші кәсіпорындардың темір жол инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту қажет.
4. 1. 3. Транзиттік әлеуетті іске асыру
Темір жол көлігі транзиттік әлеуетті дамытудың және оны пайдалануды арттырудың ең жақсы перспективаларына ие.
Транзиттік қозғалыс үшін темір жол дәліздерінің тартымдылығын кешенді арттыруға инфрақұрылымның сапасын арттыруды, тариф саясатын жетілдіруді және әкімшілік сипаттағы тосқауылдарды жоюды қамтуы тиіс. Қызметтерді жетілдіру нақтылық, сенімділік және тасымалдау жылдамдығы сияқты өлшемдер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Козғалыстың қауіпсіздігі мен әмбебаптығын қамтамасыз ету жүйесін кұру қажет.
Трансазиялық темір жол магистралі бойынша халықаралық тасымалдарды қамтамасыз етуде қазақстан-қытай шекарасындағы Достық станциясын дамыту ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану, сондай-ақ көлік-логистикалық кластерді іске асыру шеңберінде өткізу нарығында өнімдер мен қызметтерді жылжытудың тиімді схемасын қалыптастырудағы мемлекеттің, көлік ұйымдарының және тауар өндірушілердің күш-жігерін үйлестіру мақсатында Астана, Алматы, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Достық станциясында және Қазақстанның басқа да өнеркәсіптік дамыған өңірлерінде мемлекеттік деңгейдегі өңірлік көлік-логистикалық орталықтар ұйымдастырылатын болады.
Достық - Алашанькоу халықаралық шекаралық өткізу пункті арқылы темір жол көлігімен тасымалдаудың орнықты өсуі мақсатында, қытай жағынан Алашанькоу мен Үрімші станцияларының және Ақтоғай - Достық учаскесінің терминалдық сыйымдылығын 2015 жылға қарай 25 млн. тоннаға дейін кеңейтуді қоса алғанда, оның өткізу қабілетін барынша ұлғайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды іске асыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz