Қазақстан экономикасының күретамыры - темір жолдағы күш
Қазақстан экономикасының күретамыры — темір жолдағы күш-қуат қомақты
“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” – республика экономикасының
күретамыры – темір жол транспорты жұмысын одан әрі дамыту бағытында ауқымды
іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік пен
тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты –
ел әл-ауқатын, Қазақстан экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосу. Жол
қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолаушы
тасымалында, өзге де мәселелерде тиімділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде.
Ұлттық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның
жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға
арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобаларының өз
шешімін табуы құптарлық жәйт.
Соңғы жылдары жалпы ұзындығы – 14878 шақырымға, салааралық кәсіпорындарының
саны 340-қа дейін жеткен “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясының
өндірістік көрсеткіштері біршама өсті. Мәселен, орташа тәуліктік жүк тиеу,
жүк түсіру 2,5 есеге, ал шығарылған өнімнің жылдық көлемі үш есеге көбейді.
Жүк тасымалы болса, 300 миллиард тонна шақырымды құрады. Сонымен қатар,
өндірістік қорларды пайдалану тиімділігі де арта түсуде. Айтуға жеңіл, жәй
ғана цифрлардың соңында осы салада қажырлылықпен еңбек етіп жүрген мыңдаған
адамның маңдай тері тұр. Еліміздің темір жол саласында қазірде 125 мыңға
жуық адам жұмыс істейді. Бұл республика халқының 1 пайызын құрайды.
Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының
ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйткені, оған нақты әрі салмақты
деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк
айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының
тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырымнан астам жолдың 5
мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып
отырған салада өндірістік, қаржылық және техникалық көрсеткіштердің жоғары
деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды
ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып
отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көліктік
қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және
өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт. Мұнымен қоса ол
көпшілік пікірінше, ең сенімді және қауіпсіз көлік түрі болып есептелінуде.
Қазақстандық тұрғындардың басым көпшілігі, нақтырақ айтқанда, 15 миллионға
жуығы темір жол көлігін пайдаланып, оның қызметіне жоғары баға береді.
Қазақша айтқанда, тоқсан тарау жолдың тоғысында тұрған республиканың темір
жол магистралы Қазақстанды Ресеймен және Еуропа елдерімен, Азия — Тынық
мұхит аймағындағы елдермен, Орталық Азия, Таяу Шығыспен байланыстырады.
Сонымен қатар, темір жол Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қытай
мемлекеттері темір жолдарымен де тоғысады. Мұның өзі көліктің қызмет
рыногындағы негізгі артықшылықтардың бірі десе де болады.
“Бармасаң, келмесең жат боласың” демекші, экономика күретамыры – темір жол
қызметіне жүктелген салмақ өте ауқымды әрі күрделі де қиын екенін атап айту
қажет. Мемлекет экономикасының тұрақты дамуы халықтың тіршілік деңгейі мен
жағдайының жақсаруы темір жол көлігі қызметіне тығыз байланысты десек, бұл
орайда ауыз толтырып айтарлықтай табыстар да аз емес. Қоғамдағы ең басты
құндылық адам. “ҚТЖ” ҰК” жолаушылар қауіпсіздігіне, оларға көрсетілетін
қызмет сапасына ерекше көңіл бөлуде. “Театр киім ілгіштен басталады”
демекші, жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі үлкен ұжымның бет-
бейнесін көрсетеді. Сондықтан да темір жол бекеттері мен пойыздарда
жолаушыларға сервистік сапалы қызмет ұсыну жолға қойылған. “Жолаушылар
тасымалы” ашық акционерлік қоғамы жолаушыларға көрсетілетін қызметтің жаңа
түрлерін енгізуде. Әсіресе пойыздардағы бригада қызметкерлерінің кәсіби
білім деңгейін, мәдениетін арттыру бірінші кезектегі іс. Бүгінде жаңа
бағдарлар ашылып, темір жол бекеттері қайта құрылуда.
Алдыңғы 2003 жылы жолаушылар қозғалысы кестесіне бірден бірнеше жаңа
бағыттар – Астана-Бішкек, Астана-Адлер, Алматы-Санкт-Петербург, Атырау-
Симфереполь, Астана-Көкшетау енгізілді. Бұл бағдарлар көпшілік сұранысы мен
қажеттілігін терең зерттеп, талдау нәтижесінде ғана іске асырылды. Қызмет
сапасын одан әрі жетілдіріп, түрлерін көбейту мәселесіндегі талпыныстың
тереңдігі қуантады. Биылғы жылдан бастап пойыздарда кабельді теледидар
қызметін қалыпқа келтіру ойластырылған.
Соңғы уақыттардағы тағы бір жаңалық “Жібек жолының маржаны” аталған жаңа
туристік маршрут азғана уақыт ішінде көпшілік ықыласы мен қолдауына ие
болды. “Жолаушылар тасымалы” АҚ Тұран-Азия туристік агенттігі және
“Lernіdee” неміс фирмасы бірлесіп ұйымдастырған сапарға қатысушы туристер
Шығыстың інжу-маржаны атанған – Алматы, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа
және тағы да басқа көрікті әрі ежелгі, тарихы терең қалаларды аралап,
көріп, халықтың салт-дәстүрімен танысуда.
Биыл “Жолаушылар тасымалы” АҚ Қазақстан туристік ассоциациясымен бірлесіп,
алты туристік маршрутты ұйымдастыруды жоспарлауда. Астана мен Бурабай
арасына “Оқжетпес” электр пойызының қатынай бастағанына биыл үш жылға
жуықтады. 1,2,3 класты вагондар теледидармен және басқа да қажетті
жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде республикада қала сырты қатынасына
арналған 73 маршрут жасақталды. Жыл басынан бері пайдалануға қолайлы әрі
сенімді темір жол көлігін 4 миллионға жуық жолаушы пайдаланған.
Қазақстан темір жолы тарихындағы ірі оқиға – темір жолдың құрылғанына 100
жыл толу мерекесі республикада өндірістік, қаржылық жоғары көрсеткіштермен
қарсы алынды. 2004 жылы тамыз айында Астанада өткен мерекелік салтанатқа
қатысқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев темір жолдың Қазақстан экономикасын
қалыптастыруда, мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтуда аймақтық тұтастықты,
елдегі тұрақтылықты қалыптастырудағы рөліне жоғары баға берді. Өз кезегінде
теміржолшылар Елбасына жақын арада темір жол құрылысында жаңа ірі жобаларды
іске асыруға, бәсекеге қабілетті темір жол өнімдерін көптеп шығаруға уәде
етті. Теміржолшылар өз уәделерінде тұрып, үлкен азаматтық та танытты. Арада
бір ай өтіп үлгермей-ақ 9 қарашада қазақстандық теміржолшылар ауыр салмақты
жүк тасымалдауда әлемдік рекордқа қол жеткізді. Ақтау портынан Құлсары
стансасына дейін жеткізілген жүктің көлемі төрт қабатты үйдің көлеміндей
еді. Бұл жүк темір жолдың барлық бөлімшелері қызметкерлерінен кәсіби
шеберлікті, біліктілікті және төзімділікті қажет еткендігі ақиқат.
Осындай өте күрделі сынақтың сәтті аяқталғаны шынында да ел көңілін көкке
көтеретін ірі қуаныш. Өйткені, теміржолшы мамандығы ерлік пен өрлікті талап
ететін кәсіп. Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолында жүйелі түрде қатынауға
мүмкіндік туды. Жаңа жол торабы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік
жылдарындағы темір жол құрылысындағы ең ірі жоба болып есептелінеді. Бір
құптарлығы, бұл еліміздің Батыс аймағына өзге мемлекеттердің темір жол
учаскелеріне соқпай өтетін қолайлы жол. Алтынсарин-Хромтау жолын пайдалану
нәтижесінде жыл сайын мемлекеттің 160 миллион доллар қаражаты үнемделді.
Орталық және батыс жолдарын тікелей жалғаған Алтынсарин-Хромтау тасымал
тасқынын да арттырды. Мерекелік жылы 4 мыңнан астам теміржолшы медальдармен
марапатталды.
Қарамағанда ірі локомотив паркі (700 тепловоз, 600 электровоз) және
вагондар паркі (86 мың жүк және 2000 жолаушылар пойызы) бар “Қазақстан
темір жолы” Ұлттық компаниясы” саланың қайта құрылған (2001 ж.) уақытынан
бастап бүгінгі кезеңге дейін кедергісіз дамуда. Ұжымда еліміздің темір жол
көлігін бүгінгі таңдағы дамыған рыноктық бәсеке жағдайында жоғары талапқа
жауап беретіндей деңгейге жеткізу мәселесі бірінші кезекке шығарылған.
Республика темір жол көлігінің сыртқы және ішкі қатынасын одан әрі өрбітіп,
жаңа бағдарлар көбейтілуде. Жолаушы және жүк тасымалы қызметінде тың
әдістер мен формалар енгізілді. Үкімет қаулысымен (2004 жылғы ақпан) темір
жол көлігін 2004-2006 жылдары қайта құру бағдарламасы жолаушылар тасымалын
2005 жылдан бастап республикалық бюджеттен субсидиялау көзделді. Өткен жылы
республикалық бюджеттен бөлінген 10 миллиард теңге әлеуметтік мәні бар
жобаларға, жолаушылар тасымалына жұмсалды.
Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік шекараларындағы “Достық” стансасы
теміржолшылар назарындағы басты нысандардың бірі. Себебі, бұл станса арқылы
2004 жылы 9,5 миллион тонналық кезекті рекордтық көлемдегі жүк
тасымалданды. Стансаның инфрақұрылымын және өндірістік қуатын жетілдіруде
3,5 миллиард теңге жұмсалып, “Достық” стансасындағы теміржолшылардың және
олардың отбасы үшін биылғы жылы 11 мың шаршы метр тұрғын үй салынып,
пайдалануға берілді. Экономикалық өрлеу кезеңінде республикада өз
локомотивтерін жасау қолға алынып, ескірген тепловоз паркінің жұмыс
қабілетін арттыру, яғни тұйықтан шығу мақсатында компания қоданыстағы
тепловоздарды біртіндеп “Дженерал Электрик” қуатты қондырғысымен
жабдықтауды қолға алды. Соңғы мәліметтер бойынша Үкімет жылжымалы құрамның
моторлары мен локомотивтерді құрастыратын кәсіпорын ашу мәселелерін
қарастыруда. Мамандар болса, мұның “отандық темір жол саласын одан әрі
жаңартудың және вагон локомотив жетіспеушілігінің мәселесін шешудің бірден-
бір жолы екендігін” ашып айтады. Сөйтіп, болат жол көліктерін болашақта
Қазақстанның өзі құрастыратын болады. Жылжымалы құрамдардың 67 пайызының
тозығы жеткен Қазақстан темір жолы үшін бұл үлкен көмек болары сөзсіз.
Ұлттық компания жұмысындағы маңызды жобалардың бірі – алыс-жақын
шетелдермен экономикалық байланысты, ынтымақтастықты нығайту. Бұл бағыттағы
жұмыстар шын мәнісінде де ауқымды. “ҚТЖ” ҰК” халықаралық көліктік дәліздің
Еуразиялық жүйесіне – Тынық мұхит, Парсы бұғазы, Қара және Балтық теңізі
жағалауы порттарына шығу мүмкіндігі бар. Ұлттық компания екіжақты және
көпсалалы келісімдер негізіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды
біртіндеп молайта түсуде. Компанияның экономикалық әріптестері –
еуразиялық континенттегі барлық темір жол державалары екендігі көп нәрсені
аңғартса керек. Атап айтарлығы “Қазақстан темір жолы” ҰҚ” АҚ “Темір жолдар
ынтымақтастығы ұйымының” Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттердің темір жол
көлігі жөніндегі одағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Транссібірлік
тасымалдау жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесі, БҰҰ-ның Азия және Тынық
мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшесі
болып табылады.
Қазақстанның Еуразияда транзиттік қуаты жағынан алдыңғы орындарының бірінен
көрінуі туралы нақты мәлімет – республикада транспорттық саясаттың тиімді
жүргізіліп отырғандығын айқындайды. Бұл орайда мұнда транспорттық
инфрақұрылымның дамуын жеделдету, халықаралық транспорттық дәліздердің
ұлттық желілерін халықаралық стандарттарға сәйкес тиімді пайдалану, Еуропа
мен Азияның транспорттық жүйесіндегі интеграция ерекше рөл атқармақ.
Халықаралық ынтымақтастық саласындағы соңғы уақыттағы тағы бір тың жоба
Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан және Грузия мемлекеттері арасындағы
контейнерлік тасымалды іске асыру. Алматы-Ақтау-Баку-Поти контейнерлік
бағыты бойынша 600 мың тонна жүк тасымалданбақ. Контейнерлік пойыз өткен
жылдың желтоқсанында сынақ ретінде жіберіліп, сынақ нәтижелі аяқталды.
Сондықтан да аталмыш бағыттың келешекте жобаға қатысушы Қазақстан,
Әзірбайжан, Грузия мемлекеттері экономикасына зор ықпал жасайды деген үміт
те жоқ емес. Сондай-ақ аталмыш елдер осы жоба арқылы ТРАСЕКА дәлізінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп отыр. Бағыт контейнерлік
тасымалдауды дамытуға да көмектесуі мүмкін. Алматы-Поти контейнерлік жүк
пойызының жолға шығуына Болгария мен Қытай мемлекеттері де қызығушылық
танытуда. Өз тауарларын өзге мемлекеттерге жеткізуде таптырмайтын бағыт
екендігіне олар сенімді. Жобаға қатысушы бас мемлекеттер болып саналатын –
Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия контейнерлік жүк тасымалдау тарихын бірыңғай
етуді ұйғарды. Әзіргі баға бір тонна-шақырым жүкке 2,2 АҚШ центін құрайды.
Мұнымен қоса “Достық-Алашаңқай” стансаларының өткізу мүмкіндігін арттыру,
контейнерлік тасымал аясын кеңейту де ойластырылуда. Қазақстан аумағы
арқылы Қытайдың орталық және батыс аудандарынан Еуропа елдеріне бағытталған
жүктер тасымалын ұйымдастыратын жаңа темір жол дәліздерін ашу күн
тәртібіндегі мәселелердің бірі. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастықты жақсарта отырып, негізгі мүдде темір жол бағдарлары бойынша
көліктік дәліздерді дамыту, “Достық-Алашаңқай” және Қорғас шекаралық
стансаларының өткізу қабілетін жетілдірілмек. Қазақстан мен Қытай
арасындағы “Достық” арқылы өткен контейнерлік темір жол тасымалы көлемі 100
пайызға жетті.
Көпжақты көліктік ынтымақтастық сауда экономикалық байланыс динамикасының
оң өсіміне көмегі айтарлықтай. Оған “ҚТЖ” ҰК” АҚ-тың өзге мемлекеттермен
арадағы қарым-қатынасы ұзақ мерзімді келісімдері дәлел бола алады.
Еліміздегі жетекші ірі компания күнделікті іс-шаралармен қатар, инвестиция
мәселесіне де басты назар аударуда. Мәселен, “ҚТЖ” ҰК” АҚ жыл сайын
магистральдік желілер мен өндіріс құралдарын модернизациялауға және
дамытуға ауқымды көлемде инвестиция бөлуде. 2003-2005 жылдары осындай
мақсатқа 1,25 миллиард доллар инвестиция бөлінді. Ұлттық компанияның
инвестициялық қызметіндегі маңызды мәселелердің бірі – темір жолдарды
электрлендіру және ондағы электрқуатымен қамтамасыздандырылатын
құрылғыларды жаңарту болып табылады. Электрлендірілген жаңа учаскелерді
енгізу – электровоздар жұмысын және пойыздар қозғалысы жылдамдығын
арттырып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz