Темір жол көлігі жайлы
Темір жол көлігі
Республиканың ЖІӨ-де көлік үлесі 10-11 пайызға жуығын құрайды.
Тасымалдаудың әр түрлері үшін тауарлар мен қызметтің баға құрылымында
көліктік 10-15 пайызға дейін жетеді. Қазақстан Республикасында 70 пайыздағы
барлық көлік артериясын автокөлік жолдары құрайды. Жалпы пайдалану
жолдарының құрамында жолдардың ұзақтығы республикалық бағытта 23,1 мың км
(оның ішінде 98,9 пайызы қатты жабындылар) және жергілікті бағытында - 65,9
мың км. (оның ішінде 92,2 қатты жабындылар). 50 пайыз ұзақтығындағы
республикалық автожол желісі халықаралық статусы берілген жолдарды ұсынады.
Одан басқа жалпы пайдаланудағы жолдардың 20 пайыздан аса ұзақтығын құрайтын
жолдардың жартысына арнайы (қорғаныс) бағыты берілді.
Қазақстанның табысты экономикалық дамуы, оны дүние жүзілік көлік жүйесіне
енгізу үшін, ең алдымен мыналарды талап етіледі:
-халықаралық стандартқа бейімделуді;
-республика аймағы арқылы өтетін халықаралық дәлізді дамыту және
жетілдіруді;
-басқа елдердің альтернативті маршруттарынан басқа үздік жағдайларды құруды
талап етеді.
Мамандардың мәліметтері бойынша, бүгінге дейін Қазақстанда "жылдамдықты"
немесе "автомагистральды" ретінде жіктеуге болатын бірде бір автокөлік
жолдары жоқ. Автожолдардың техникалық параметрлері халықаралық стандарттық
талаптарға сай келмейді. Сарапшылардың ойынша, осы дәліз бойынша жол жүру
жағдайын жақсарту үшін, автожолдардың жеке учаскелеріне реконструкция
жүргізу қажет.
Қалпына келтіру және дамыту бойынша басымдығы Қазақстан Республикасының
29.05.01ж. №726 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2001-2008
жж. арналған автокөлік саласын дамыту Концепциясымен бекітілген халықаралық
дәліз құрамына кіретін автокөлік жолдары, сондай-ақ Батыс Қазақстан жолдары
болып табылады. Одан да басқа, Қазақстан аумағының транзиттік тартымдылығын
көтеру және маршруттық ұсынымдарды кеңейту мақсатында, Республиканы
Қырғыстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясымен байланыстыратын жаңа
автокөлік жолдары құрылысының жағдайлары қарастырылуда.
Қазіргі кезде Қазақстан өкіметімен жоғарыда аталғандарды, сондай-ақ жол
инфрақұрылымын дамытудың басқа да проблемаларын шешуге шақыратын Қазақстан
Республикасында автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу сапасын көтеру
бойынша іс шаралар жоспарының жобасы қарастырылуда. Жолдар мен көпірлерге
күрделі жөндеу жүргізуіне, олардың жеке учаскелерінің құрылысы мен қайта
қалпына келтіруіне ақша бөлу қажеттілігі 1,5 млрд. АҚШ долларына
бағаланады. Бюджеттің шектеулі жағдайларын есепке ала отырып, жұмыстарды
кезеңмен орындау қарастырылуда: топырақты және малтатас жарықтарын жою,
қираған көпірлерді жөндеу және 2000-2006 жылдары аса жүктелген өткелдерге
күрделі жөндеу жүргізу және жол киімдерін молайту, 2006-2010 жылдары
халықаралық автокөлік жолдары жүйесіндегі олардың жабындыларының тегістігін
қалпына келтіру.
Концепцияда анықталған жолшылар міндеттерінің ішіне, отандық және шетел
тасымалдаушылардың тиімді мен қауыпсіз жол жүруін қамтамасыз ететін,
халықаралық техникалық талаптарына сай негізгі транзиттік автокөлік
жағдайларын қалпына келтіру кіреді.
Тиімді геосаясаттық орналасу, үлкен аумақты, дамыған кен өнеркәсібінің және
жүктерді тасымалдаудың үлкен қашықтықтығы күшіндегі Қазақстан, бірінші
кезекте темір жолдарының жұмысқа қабілетті жағдайын және одан әрі дамуын
қолдауына, олардың тығыздығы мен рұқсаттық қабілеттігін көтеруіне көңіл
аударуы қажет.
Қазақстанның темір жолдарының пайдалану ұзындығы 13,6 мың км-ден асатын,
соның ішінде екі жолдық желісі - 5,0 мың км (37 пайыз) электрленген желісі
- 3,7 мың км (27 пайыз) құрайды. Бас жолдардың жайылыңқы ұзындығы - 18,8
мың км, станциялық және арнайы жолдар - 6,7 мың км. "ҰК ҚТЖ" АҚ-ң темір жол
желілерінің негізгі бөлігі Қазақстан аумағында (97,5 пайыз), ал қалғаны 2,5
пайызы - Ресейдің шекаралас аудандарының аумағында орналасқан.
Республиканың солтүстік және орталық облыстарының аумағы бойынша 5,7 мың км
жолдары өтеді, бұл "ҰК ҚТЖ" АҚ-ң иелігінде тұрған жолдардың барлық
пайдалану ұзындығының 42 пайызын құрайды. Еліміздің оңтүстік және шығыс
аудандарында 4,0 мың км (29,3 пайыз) жолдары, ал орталық және солтүстік
аудандарында 6,1 мың км (44,5 пайыз) жолдары орналасқан. Қазақстан
аумағындағы темір жол желісінің бір бөліктері Ресей Федерациясы мен
Қырғызстан темір жол әкімшілігінің басқаруында.
Республиканың темір жол желісінде 751 жеке пунктер орналасқан. 351
стансаларында жүк операциялары жүргізіледі. 21 стансада басқарудың
автоматтанған жүйесі бар, 38 - сұрыптама құрылғыларымен (дөңестермен,
жартылай дөңестермен, еңкіш кермелеулермен) жабдықталған, 6 - жүк және
пойыздық құжаттарды салып жіберу үшін пневматикалық поштамен жабдықталған.
Темір жолдарды техникалық жарақтандырудың (пайдалану ұзындығы, электрленген
желінің ұзақтығы, жүк вагондарының жұмыс паркі) және тасымалдау
жұмыстарының (жүк айналымы, жолаушылар айналымы, жүктерді тиеу) негізгі
көрсеткіштері бойынша Қазақстан бұрынғы КСРО республикалары ішінде Ресей
мен Украйнаға жол беріп, үшінші орынды иеленеді. Сонымен қоса, темір
жолдарының туындаған желілері Қазақстан экономикасында салааралық және
өңіраралық байланыстың дамуына әлі бағдарланбаған. Осылай Шығыс
Қазақстаннан темір жол хабарламалары республиканың басқа өңірлеріне Ресей
аумағы арқылы өтеді, бірқатар облыстар арасындағы хабарламалар айналмалы
жолдармен жүзеге асырылады (атап айтқанда, еліміздің орталығында темір жол
инфрақұрылымы дамымаған), яғни бұл тасымалдау кезінде жүйелік проблемаларды
туындатады: жүктерді жеткізудің мерзімін ұзартады, жүк жіберушілері үшін
қосымша шығындар.
Ұлттық желілердің байланыстылығын жүрістерді қысқартуға және өңіраралық
көліктік-экономикалық байланысын жақсартуға жағдай жасайтын жаңа темір жол
желісі құрылысының жолымен көтеруді талап етеді.
Темір жолдың жұмыс істеп тұрған желісі Республикаға елдер арасында тиімді
сауда үшін халықаралық көлік жүйесі мен халықаралық көлік дәліздерін
пайдалануымен дүние жүзілік саудаға толығымен біріге алмайды. Қазақстан
үшін тиімді звено ретінде тасымалдаудың туындаған және жұмыс істелген
жүйесіне кіру, өзінің транзиттік әлеуетін іске асыру және халықаралақ
транзиттік тасымалдың, бірінші кезекте Еуропалық елдердің Орта және Орталық
Азия елдерімен транзиттік қатынасының бірқатар бөлігін шоғырландыру
маңызды.
Көлік жүйесін дамыту процесінде қуатты мультипликативті тиімділік
салынған,әсіресе көліктен тыс тиімділік жеке көлік сферасында айырықша
жетістікке жетеді.
Қазақстан Республикасында жеткілікті өндірістік-шаруашылық базасы, ғылыми
және басқару потенциалы бар, осының негізінде дүние жүзілік көлік жүйесіне
біріктірілген, қазіргі кездегі нарық экономикасының талаптарына жауап
беретін, тиімді көлік жүйесі құрылуы мүмкін. Соңғы кезде қабылданған
ұйымдастыру түріндегі шаралар, құрылымдық қайта құру, жекешелендіру бойынша
жүргізілген іс-шаралар көліктің барлық түріндегі жағдайларын тұрақтандыруға
жағдай жасады.
Ішкі (автокөлік пен авиациялық көлік) және түрлері арасындағы (автокөлік,
темір жол және көліктің су түрлері арасындағы басты ) бәсекелестік, сондай-
ақ көлік қызметінің нарығын меңгеру үшін шетел тасымалдаушыларымен жарыс
көлік жүйесін одан әрі жетілдіруіне мақсаттайды.
Қазіргі кезде 8 негізгі факторлар еліміздегі көлік кешені саласының
перспективалы дамуын анықтайды:
1. институттық қайта құру жүргізу,
2. көлік инфрақұрылымын дамыту,
3. көлік қызметі мен бәсекелестігінің нақты нарығын құру,
4. құқықтық реттеу құралдарымен қамтамасыз ету,
5. жүргізілген инвестициялық саясатты оңтайландыру,
6. дүние жүзілік көлік жүйесін біріктіру деңгейі және транзиттік
потенциалды пайдалану,
7. қоршаған ортаны қорғау және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау
қауыпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі,
8. қазіргі кездегі технологиямен және байланыс пен ақпарат құралдарымен
қамтамасыз етілуі.
Сонымен бірге, көлікке жүргізілген реформалау көлік инфрақұрылымын оңтайлы
функциялауды қамтамасыз етпейді, өйткені оны құрайтын, мемлекеттік
меншігінде қалатындарды (автокөлік пен темір жолдары, су жолдары,
аэропорттар т.б.) бюджеттік қаржыландыру анық жеткіліксіз болып табылады.
"Қазақстан Республикасында жаңа темір жол желісі құрылысының" Бағдарламасы
бойынша зерттеу жүргізген кезде, көлік дәліздерін құрастыруға кешенді
тәсілі қолданған және темір жол желісі құрылысының басымдығы анықталды. Жүк
ағыны мен перспективалы маршруттарын дамытудың қолайлы жағдайларын
талдағаннан кейін, жаңа темір жол желісі құрылысының мынадай басымдықтары
бекітілген:
Шар-Өскемен және Жезқазған-Саксауыл құрылыс учаскелері аса басымды болып
табылады. Осы жолдардың құрылысын Қазақстан Республикасында жаңа темір жол
желісі құрылысының Бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңінде жүзеге
асыру қажет.
Басымды жобалар бойынша екіншісі Саксауыл-Бейнеу және Өзен-Қазанжық темір
жол құрылысы болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңіне осы
екі жобаларды іске асыру ұсынылады.
Келесі темір жол инфрақұрылымын дамытудың басымдылығы бойынша меридионалдық
көлік дәліздерін күшейтетін жобалар болуы тиіс. Осы бағыттағы аса тартымды
желілер Индер-Александров Гай және Шұбаркөл-Арқалық болады. Бағдарламаны
іске асырудың үшінші кезеңінде осы екі жобаны жүзеге асыру ұсынылды.
Сонымен бірге, осы кезеңде Атырау-Ақсарай темір жол желісін күшейтуді
жүзеге асыру ұсынылып отыр.
Жаңа желілер құрылысын есепке алғанда темір жол құрылымын оңтайландырудың
негізгі стратегиялық желілері әр зона экономикасының баланстандырылған
өсуіне әсер ететін экономикалық аумақ аралық байланысты қамтамасыз ету
болып табылады. Аталған жобаларды іске асыру кезінде құрылымдық
қаржыландырудың түрлі құралдары және концессиялық келісім нысандары
пайдаланылатын болады.
Жылдамдықты айналмалы магистралының құрылысы (Үлкен Алматы Айналмалы
Автокөлік Жолы) қала сыртына қатысты көлік ағынын 30 пайызға дейін
төмендетуге жағдай жасайды, транзиттік автокөлік санын азайтады және
қаланың экологиялық ахуалын тиісінше жақсартады. Осыған байланысты, қала
аумағы перифериясы бойынша біріңғай айналмалы көлік магистралінің кешенін
құрайтын Алматы қаласында барлығы бес айналмалы магистралінің құрылысы
жоспарланды. ҮАААЖ - бес айналмалы магистралінің бірі болып табылады.
Қазақстан экономикасының күретамыры — темір жолдағы күш-қуат қомақты
“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” – республика экономикасының
күретамыры – темір жол транспорты жұмысын одан әрі дамыту бағытында ауқымды
іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік пен
тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты –
ел әл-ауқатын, Қазақстан экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосу. Жол
қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолаушы
тасымалында, өзге де мәселелерде тиімділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде.
Ұлттық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның
жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға
арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобаларының өз
шешімін табуы құптарлық жәйт.
Соңғы жылдары жалпы ұзындығы – 14878 шақырымға, салааралық кәсіпорындарының
саны 340-қа дейін жеткен “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясының
өндірістік көрсеткіштері біршама өсті. Мәселен, орташа тәуліктік жүк тиеу,
жүк түсіру 2,5 есеге, ал шығарылған өнімнің жылдық көлемі үш есеге көбейді.
Жүк тасымалы болса, 300 миллиард тонна шақырымды құрады. Сонымен қатар,
өндірістік қорларды пайдалану тиімділігі де арта түсуде. Айтуға жеңіл, жәй
ғана цифрлардың соңында осы салада қажырлылықпен еңбек етіп жүрген мыңдаған
адамның маңдай тері тұр. Еліміздің темір жол саласында қазірде 125 мыңға
жуық адам жұмыс істейді. Бұл республика халқының 1 пайызын құрайды.
Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының
ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйткені, оған нақты әрі салмақты
деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк
айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының
тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырымнан астам жолдың 5
мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып
отырған салада өндірістік, қаржылық және техникалық көрсеткіштердің жоғары
деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды
ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып
отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көліктік
қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және
өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт. Мұнымен қоса ол
көпшілік пікірінше, ең сенімді және қауіпсіз көлік түрі болып есептелінуде.
Қазақстандық тұрғындардың басым көпшілігі, нақтырақ айтқанда, 15 миллионға
жуығы темір жол көлігін пайдаланып, оның қызметіне жоғары баға береді.
Қазақша айтқанда, тоқсан тарау жолдың тоғысында тұрған республиканың темір
жол магистралы Қазақстанды Ресеймен және Еуропа елдерімен, Азия — Тынық
мұхит аймағындағы елдермен, Орталық Азия, Таяу Шығыспен байланыстырады.
Сонымен қатар, темір жол Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қытай
мемлекеттері темір жолдарымен де тоғысады. Мұның өзі көліктің қызмет
рыногындағы негізгі артықшылықтардың бірі десе де болады.
“Бармасаң, келмесең жат боласың” демекші, экономика күретамыры – темір жол
қызметіне жүктелген салмақ өте ауқымды әрі күрделі де қиын екенін атап айту
қажет. Мемлекет экономикасының тұрақты дамуы халықтың тіршілік деңгейі мен
жағдайының жақсаруы темір жол көлігі қызметіне тығыз байланысты десек, бұл
орайда ауыз толтырып айтарлықтай табыстар да аз емес. Қоғамдағы ең басты
құндылық адам. “ҚТЖ” ҰК” жолаушылар қауіпсіздігіне, оларға көрсетілетін
қызмет сапасына ерекше көңіл бөлуде. “Театр киім ілгіштен басталады”
демекші, жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі үлкен ұжымның бет-
бейнесін көрсетеді. Сондықтан да темір жол бекеттері мен пойыздарда
жолаушыларға сервистік сапалы қызмет ұсыну жолға қойылған. “Жолаушылар
тасымалы” ашық акционерлік қоғамы жолаушыларға көрсетілетін қызметтің жаңа
түрлерін енгізуде. Әсіресе пойыздардағы бригада қызметкерлерінің кәсіби
білім деңгейін, мәдениетін арттыру бірінші кезектегі іс. Бүгінде жаңа
бағдарлар ашылып, темір жол бекеттері қайта құрылуда.
Алдыңғы 2003 жылы жолаушылар қозғалысы кестесіне бірден бірнеше жаңа
бағыттар – Астана-Бішкек, Астана-Адлер, Алматы-Санкт-Петербург, Атырау-
Симфереполь, Астана-Көкшетау енгізілді. Бұл бағдарлар көпшілік сұранысы мен
қажеттілігін терең зерттеп, талдау нәтижесінде ғана іске асырылды. Қызмет
сапасын одан әрі жетілдіріп, түрлерін көбейту мәселесіндегі талпыныстың
тереңдігі қуантады. Биылғы жылдан бастап пойыздарда кабельді теледидар
қызметін қалыпқа келтіру ойластырылған.
Соңғы уақыттардағы тағы бір жаңалық “Жібек жолының маржаны” аталған жаңа
туристік маршрут азғана уақыт ішінде көпшілік ықыласы мен қолдауына ие
болды. “Жолаушылар тасымалы” АҚ Тұран-Азия туристік агенттігі және
“Lernіdee” неміс фирмасы бірлесіп ұйымдастырған сапарға қатысушы туристер
Шығыстың інжу-маржаны атанған – Алматы, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа
және тағы да басқа көрікті әрі ежелгі, тарихы терең қалаларды аралап,
көріп, халықтың салт-дәстүрімен танысуда.
Биыл “Жолаушылар тасымалы” АҚ Қазақстан туристік ассоциациясымен бірлесіп,
алты туристік маршрутты ұйымдастыруды жоспарлауда. Астана мен Бурабай
арасына “Оқжетпес” электр пойызының қатынай бастағанына биыл үш жылға
жуықтады. 1,2,3 класты вагондар теледидармен және басқа да қажетті
жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде республикада қала сырты қатынасына
арналған 73 маршрут жасақталды. Жыл басынан бері пайдалануға қолайлы әрі
сенімді темір жол көлігін 4 миллионға жуық жолаушы пайдаланған.
Қазақстан темір жолы тарихындағы ірі оқиға – темір жолдың құрылғанына 100
жыл толу мерекесі республикада өндірістік, қаржылық жоғары көрсеткіштермен
қарсы алынды. 2004 жылы тамыз айында Астанада өткен мерекелік салтанатқа
қатысқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев темір жолдың Қазақстан экономикасын
қалыптастыруда, мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтуда аймақтық тұтастықты,
елдегі тұрақтылықты қалыптастырудағы рөліне жоғары баға берді. Өз кезегінде
теміржолшылар Елбасына жақын арада темір жол құрылысында жаңа ірі жобаларды
іске асыруға, бәсекеге қабілетті темір жол өнімдерін көптеп шығаруға уәде
етті. Теміржолшылар өз уәделерінде тұрып, үлкен азаматтық та танытты. Арада
бір ай өтіп үлгермей-ақ 9 қарашада қазақстандық теміржолшылар ауыр салмақты
жүк тасымалдауда әлемдік рекордқа қол жеткізді. Ақтау портынан Құлсары
стансасына дейін жеткізілген жүктің көлемі төрт қабатты үйдің көлеміндей
еді. Бұл жүк темір жолдың барлық бөлімшелері қызметкерлерінен кәсіби
шеберлікті, біліктілікті және төзімділікті қажет еткендігі ақиқат.
Осындай өте күрделі сынақтың сәтті аяқталғаны шынында да ел көңілін көкке
көтеретін ірі қуаныш. Өйткені, теміржолшы мамандығы ерлік пен өрлікті талап
ететін кәсіп. Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолында жүйелі түрде қатынауға
мүмкіндік туды. Жаңа жол торабы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік
жылдарындағы темір жол құрылысындағы ең ірі жоба болып есептелінеді. Бір
құптарлығы, бұл еліміздің Батыс аймағына өзге мемлекеттердің темір жол
учаскелеріне соқпай өтетін қолайлы жол. Алтынсарин-Хромтау жолын пайдалану
нәтижесінде жыл сайын мемлекеттің 160 миллион доллар қаражаты үнемделді.
Орталық және батыс жолдарын тікелей жалғаған Алтынсарин-Хромтау тасымал
тасқынын да арттырды. Мерекелік жылы 4 мыңнан астам теміржолшы медальдармен
марапатталды.
Қарамағанда ірі локомотив паркі (700 тепловоз, 600 электровоз) және
вагондар паркі (86 мың жүк және 2000 жолаушылар пойызы) бар “Қазақстан
темір жолы” Ұлттық компаниясы” саланың қайта құрылған (2001 ж.) уақытынан
бастап бүгінгі кезеңге дейін кедергісіз дамуда. Ұжымда еліміздің темір жол
көлігін бүгінгі таңдағы дамыған рыноктық бәсеке жағдайында жоғары талапқа
жауап беретіндей деңгейге жеткізу мәселесі бірінші кезекке шығарылған.
Республика темір жол көлігінің сыртқы және ішкі қатынасын одан әрі өрбітіп,
жаңа бағдарлар көбейтілуде. Жолаушы және жүк тасымалы қызметінде тың
әдістер мен формалар енгізілді. Үкімет қаулысымен (2004 жылғы ақпан) темір
жол көлігін 2004-2006 жылдары қайта құру бағдарламасы жолаушылар тасымалын
2005 жылдан бастап республикалық бюджеттен субсидиялау көзделді. Өткен жылы
республикалық бюджеттен бөлінген 10 миллиард теңге әлеуметтік мәні бар
жобаларға, жолаушылар тасымалына жұмсалды.
Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік шекараларындағы “Достық” стансасы
теміржолшылар назарындағы басты нысандардың бірі. Себебі, бұл станса арқылы
2004 жылы 9,5 миллион тонналық кезекті рекордтық көлемдегі жүк
тасымалданды. Стансаның инфрақұрылымын және өндірістік қуатын жетілдіруде
3,5 миллиард теңге жұмсалып, “Достық” стансасындағы теміржолшылардың және
олардың отбасы үшін биылғы жылы 11 мың шаршы метр тұрғын үй салынып,
пайдалануға берілді. Экономикалық өрлеу кезеңінде республикада өз
локомотивтерін жасау қолға алынып, ескірген тепловоз паркінің жұмыс
қабілетін арттыру, яғни тұйықтан шығу мақсатында компания қоданыстағы
тепловоздарды біртіндеп “Дженерал Электрик” қуатты қондырғысымен
жабдықтауды қолға алды. Соңғы мәліметтер бойынша Үкімет жылжымалы құрамның
моторлары мен локомотивтерді құрастыратын кәсіпорын ашу мәселелерін
қарастыруда. Мамандар болса, мұның “отандық темір жол саласын одан әрі
жаңартудың және вагон локомотив жетіспеушілігінің мәселесін шешудің бірден-
бір жолы екендігін” ашып айтады. Сөйтіп, болат жол көліктерін болашақта
Қазақстанның өзі құрастыратын болады. Жылжымалы құрамдардың 67 пайызының
тозығы жеткен Қазақстан темір жолы үшін бұл үлкен көмек болары сөзсіз.
Ұлттық компания жұмысындағы маңызды жобалардың бірі – алыс-жақын
шетелдермен экономикалық байланысты, ынтымақтастықты нығайту. Бұл бағыттағы
жұмыстар шын мәнісінде де ауқымды. “ҚТЖ” ҰК” халықаралық көліктік дәліздің
Еуразиялық жүйесіне – Тынық мұхит, Парсы бұғазы, Қара және Балтық теңізі
жағалауы порттарына шығу мүмкіндігі бар. Ұлттық компания екіжақты және
көпсалалы келісімдер негізіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды
біртіндеп молайта түсуде. Компанияның экономикалық әріптестері –
еуразиялық континенттегі барлық темір жол державалары екендігі көп нәрсені
аңғартса керек. Атап айтарлығы “Қазақстан темір жолы” ҰҚ” АҚ “Темір жолдар
ынтымақтастығы ұйымының” Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттердің темір жол
көлігі жөніндегі одағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Транссібірлік
тасымалдау жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесі, БҰҰ-ның Азия және Тынық
мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшесі
болып табылады.
Қазақстанның Еуразияда транзиттік қуаты жағынан алдыңғы орындарының бірінен
көрінуі туралы нақты мәлімет – республикада транспорттық саясаттың тиімді
жүргізіліп отырғандығын айқындайды. Бұл орайда мұнда транспорттық
инфрақұрылымның дамуын жеделдету, халықаралық транспорттық дәліздердің
ұлттық желілерін халықаралық стандарттарға сәйкес тиімді пайдалану, Еуропа
мен Азияның транспорттық жүйесіндегі интеграция ерекше рөл атқармақ.
Халықаралық ынтымақтастық саласындағы соңғы уақыттағы тағы бір тың жоба
Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан және Грузия мемлекеттері арасындағы
контейнерлік тасымалды іске асыру. Алматы-Ақтау-Баку-Поти контейнерлік
бағыты бойынша 600 мың тонна жүк тасымалданбақ. Контейнерлік пойыз өткен
жылдың желтоқсанында сынақ ретінде жіберіліп, сынақ нәтижелі аяқталды.
Сондықтан да аталмыш бағыттың келешекте жобаға қатысушы Қазақстан,
Әзірбайжан, Грузия мемлекеттері экономикасына зор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz