Қазақ тілі - өте бай, көркем тіл


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Келбет

Біздің қазақ тілі орталығында әр елдің азаматтары жиналады. Олардың алдарында бір мақсат бар - қазақ тілін тез үйреніп алу. Дегенмен, олар бір-біріне ұқсамайды.

Мысалы, Минаның бойы аласа, ал Тимнің бойы сұңғақ. Гленданың бойы Минаның бойнан биіктеу көрінеді, бірақ Тимнің бойнан тапалдау. Суреш орта бойлы. Суреш және Мина толық денелі, Вильям мен Мина болса арықтау. Ең толық - Тим, ал ең арық - Гленда.

Біздің тіл үйрену орталығына жақында тағы бір адам келді, ол - Жанер, Түкиядан келген. Өзі орысша да, қазақша да сөйлей білмейді. Біз онымен ағылшын тілінде сөйлесеміз. Жанер ұзын бойлы, қалың қара шашты, қыр мұрынды, ат жақты, кең иықты, өте сымбатты жігіт. Толқынды қара шаштарын артына қайыра тарап қойған, қастары да қап-қалың, қап-қара. Қара көздері адамға қарағанда тұп-тұнық, мөлдір болып көрінеді. Еріндері қалың да, жұқа да емес, күлгені өзіне сондай жарасады.

Жанердің мінезі тұйықтау, өте сабырлы, қарапайым. Тіл білмегендіктен бе, әлде бізді жақсы танымайтындықтан ба, көп сөйлемейді. Көбіне тек сұрағыңа ғана жауап қайырып отырады. Ол жауаптың өзін де асықпай қайырады.

Қазір ол менің алдымдағы екінші орындықта отыр. Орындықтың бір жақ шетіне сүйеніп, қиғаштай отырған оның үстінде көгілдір көйлегі, қара шалбары бар. Сұңғақ бойлы болғандықтан шығар, киімі өзіне жарасып-ақ тұр. Алғашында кішкене қысылушы еді, қазір бізге үйренісіп кетті. Түсінбеген жайларды қасындағылардан жиі-жиі сұрап отырады.

Ғылым мен техниканың дамуы

Ғылым танымның сыналған әдістері арқылы обьективті ақиқатқа жетудің мақсатын айқындайды. Ғылымңның түпкілікті мақсаты - нақтылық. Ол ұдай қайталанып отыратын адамзат іс-тәжірибесіне сүйенеді, өзі зерттеу нысанасына алған затты немесе нәрсеніанық ой формалары арқылы айқындап береді.

Ғылым қай қоғамда болмасын өркениетке жету жолында шешуші рөл атқарады. Сондықтан ғылым - қоғамның серпін беруші, қозғаушы күші. Олай болса ғылымсыз қоғам ілгері қарай дами алмайды.

Қазақстан ғылымының да әлемдік деңгейде алатын өзіндік орны бар. Бұл күнде Қазақстандағы ғылым салаларының 508 тармағы, соның ішінде 230 мамандық бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кандидаттық және докторлық қорғалып жатыр. Халықаралақ тұрғыдан алғанда, бұл өте жоғары көрсеткіш болып саналады.

Біздің елімізде ғылыммен айналысатын ғалымдарға түрлі деңгейде материалдық жағдай жасалады. Әсіресе химиялық, техникалық, ауыл шаруашылық, өндірістік ғылымдармен айналысушыларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Ал біздің ғалымдарымыз өздерінің ашқан жаңалықтарымен еліміздің экономикасын көтеруге зор үлес қосуда.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңға жуық тіл бар деп есептейді.

Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды «полиглот» деп атайды.

Қазақта: «Өнер алды - қызыл тіл», - деген қанатты сөз бар. Өз ойын шешен тілмен, көркем де әсерлі жеткізе білгендерді ерекше бағалаған.

Тілінен айырылған халық ұлттық қасиетінен айырылады. Ол халық ретінде жоғалады. Бұл жөнінде халқымыздың ұлы тұлғалаының бірі - Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры», - деген болатын. Сондықтан әрбір адам өз ана тіліне үлкен құрметпен қарауы тиіс. Өз ана тіліңді қадір тұтпасаң, ата-анаңды, еліңді сүйе алмайсың. Г. Гегельдің мына бір сөзін есте сақтай жүріңдер: «Білімділіктің ең басты факторы ана тілінде сөлеу мен оны сыйлаудан басталады».

Бізідң республикамыздың мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Ол сөз құрылымы жағынан жалғамалы тіл болып табылады. Қазақ тілі - өте бай, көркем тіл.

Көне Отырар

Ежелгі Отырар қаласысының іргетасы шамамен VІІІ ғасырда қаланып, екі мың жылдан астам уақыт өмір сүрген. Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі 200 шаршы шақырым територия алып жатыр.

Көне дәуірден бұл жерлерде қаңлы, қыпшақ, қоңырат, тағы басқа да тайпалар мекендеген. Көне Отырар арқылы көшпенді халықтар саудамен шұғылданып, басқа елдермен қатынас жасаған. Отырар көне Тараз, Баласағұн қалаларымен, сонымен бірге Қытаймен Волга жағалау арқылы, Кавказбен Қара Теңіз жағалау арқылы, Бетпақ Дала арқылы Сібірмен байланысып жатқан.

Бұл жерлердің халқы отырықшылдық тіршілік жасап, егін шаруашылығымен де айналысқан. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай сияқты дәнді дақылдарды, сондай-ақ мақта шаруашылығымен және бақша өсірумен шұғылданды.

Отарар қаласы туралы араб, парсы саяхатшыларының жазбаларында да айтылады. ХІ ғасырдың ортасында Сырдария бойндағы жерлерді қыпшақ тайпалары жеңіп алған. Қыпшақтар қаланы нығайтып, кеңейтіп, жалпы фортификациясын жөндейді. Сондықтан Отырар 1219 жылы Моңғол басқыншыларынан жеңілмеді. Отырырға алты ай бойы шапқаншылық жасалған кезде Отырар халқын басқарған Қайырхан болды. Алты ай мерзімнен кейін қаланы жау басып алып, өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған Қайырхан өлім жазасына кесілді, бірақ оның есімі халық жадында мәңгі сақталып қалды.

Бұдан кейін де Отырар қаласы талай рет тағдырдақ қаталдығына ұшырайды. Оны көшпенді өзбектер, Алтын Орда басқыншылары, Темірлен жеңіп алдыотырар қазақ хандарының ұрпақтарымен тартысқандардың кепілдігі болды.

Отырардың тағдары біздің ата-бабаларымыздың тағдыры. Отырар қласы - ата-бабалар қаны төгілген, Куликов, Бородино, Ватерлоо сияқты ерлік майданы.

Қоршаған ортаны қорғау

Обылыс экономикасының өсуі, автокөліктердің және Шымкент қаласында өндіріс секторларының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуы, өндірістік және тұтыну қалдықтарының залалсыздандырылмауы, сондайақ қалалар мен елді мекендерде іркінді су қалдықтарының қалып қоюы экологиялық проблемелар туындатып отыр. Табиғатты қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен экологиялық проблемелер тереңдей түсуде. Мәселен, 2005 жылы қоршаған ортаны ластаудан келіп түскен 394, 353 миллион теңге төлемдерінің тек 45 миллионы немесе 11 пайзы ғана табиғатты қорғау шараларына бөлінген.

Іркінді суларды тазалау қондырғыларын сауға қаржының жетіспешілігінен, обылыс орталығында, кішігірім қалаларда және аудан орталықтарында халықтың көбейуінен туындайтын іркінді суларды залалсыздандыру проблемасы бұрынғысынша өзекті мәселе болып отыр.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының іркінді суларын залалсыздандыруға арналаған қаламен шекаралас Ордабасы ауданының аумағында 2093 шақырымға созылатын суармалы егістік жер берілген. Суармалы егістік жер қаланың тазалау қондырғыларының технологиялық прцесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Суармалы егістік жерді пайдалану белгілі бір шаралардың орындалуын талап етеді, яғни топырақта, ауыл шаруашылық дақылдарында улы заттар жинақталмау керек.

Сондай-ақ фосфор және қорғасын зауттары жұмыс істеп тұрған жылдары жиналған, және де Шымкент, Кентау қолаларындағы полиметал кендерін байытуда түзілген өндірістік және радиоактивтік қалдықтарды, оның ішінде иондандырылған сәуле шығару көздерін залалсыздандыру мәселелері орын алған.

Жоғарыда келтірілген мәселелердің барлығы да қала қалқының, жергілікті тұрғындарының денсаулығына елеулі әсер етуде. Адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, сондықтан халық денсаулығын жақсарту үшін қоршаған ортаны ластанудан сақтау қажет.

Салауатты өмір салты

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің жолдауында ең бастысы, дәрігерлерді «Салауатты өмір саясатын қалай үйрету туралы біліммен қаруландыру қажет, оған денсаулықты сақтау, отбасын әлеуметтендіру, ересектер мен балалар ерекшелігін есепке ала отырып, ағзаларын шынықтыру туралы нақты кеңестер беруге тура келеді» - делінген.

Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі, сондай-ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметтің, мемлекеттің денсаулығына деген кемел, үтымды да, тиімді көзқарастарына байланысты қазақ халқында бейнелі көркем анықтама бар: «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық». Ғасырлар бойы халық тұрмысымен бірге жасасып келген мақалдың мазмұнында да адам денсаулығы бірінші кезеке қойылып отыр. Бұл дегеніміз, қай кезде де болмасын жеке адам немесе бүкіл бір қоғамның дені сау болуы бірінші кезектегі мәселе.

Денсаулыққа заман келтірген залалдарға негізінен: жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау мен салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық гигиена туралы мәліметтердің көпшілікке жете бермеуі, гиподинамия, дене салмағының қалыптан тыс жоғарылауы, қоршаған ортаның ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс тудыратын жағдайлар, т. б. жатады.

Сондықтан да салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала кезден бала кезден бастау қажеттігіне көп көңіл бөлу керек.

Тәуелсіз Қазақстан. Мәтіндегі етістіктер, етістіктің шақтары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Мемлекеттәк тіл – татулық тірегі
Қазақ әдеби тілі туралы
Сөйлеу мәдениеті - оқу пәні
Мақал - мәтелдердің шығу тарихы
Қазақ тіліндегі синонимдердің зерттелуі
Ауыз әдебиеті - әдеби тіл бастауы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Толымсыз теңеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz