Батыс Қазақстан және Орталық Қазақстан теміржол магистралі


Жоспары:
Теміржол көлігі (кіріспе) ;
Теміржол магистралі;
Батыс Қазақстан теміржол магистралі;
Орталық Қазақстан теміржол магистралі;
Темір жол көлігі. Кең байтақ Қазақстан үшін темір жол - көліктің басты түрі. Теміржол - жүк айналымының 57, 5%-ын, жолаушы жүк тасымалының 56 %-ын құрайды. Революцияға дейін Қазақстан теміржолының ұзындығы 2000 км болса, қазір 14, 6 мың км-ден асып, Ресей, Украинадан кейінгі үшінші орынды алып отыр. Қазақстан теміржолы магистралінің әрбір 1000 км жерге жиілігі 5, 3 км-ден келеді.
Көліктің әр түріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Теміржолды кез келген бағытта салуға болады, оған еліміздің жер бедеріқолайлы. Теміржол көлігі климат жағдайына қарамай жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Жүк пен жолаушына алыс қашықтыққа жеткізеді.
Революциядан кейін еліміздің барлық аумағында теміржол жүйелері тартылады. Мұндай негізгі магистральдан республиканың ішкі өнеркәсіпті аудандарына, кен орындарына қысқа жолдар салынып, олар өнеркәсіп тораптарын, ауыл шаруашылығы аудандарын бір-бірімен байланыстырды. Жаңа теміржолдардың салынуы еліміздің табиғат байлықтарын игеруге, экономикасын көтеруге бағытталды.
Еліміздегі теміржолдардың ішінде республикаара-лық маңызы бар бойлық бағыттағы үш магистральды атауға болады.
Батыс аудандар арқылы өтетін ескі теміржолдың бірі - Орынбор-Ташкент теміржолы. Бұл жолдың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарын байланыстыруда, табиғат байлықтарын игеруде, шаруашылық салаларын қалыптастыруда маңызы зор. Сонымен бірге Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстігі мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс жүзеге асады. Бұл - Қазақстанның жүкті барынша көп тасымалдайтын теміржол бағытының бірі. Онымен Еуропалық бөліктен машина, құрал-жабдық, жеңіл өнеркәсіп бұйымы, химия өнеркәсібі өнімдері тасымалданады.
Қазақстанның ішкі жүк тасымалында көмір, мұнай және оның өнімдері елеулі орын алады.
Қазақстанның солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай Семей - Алматы - Құлан - Тараз - Шымкент - Арыс теміржолы өтіп, оның Құлан - Семей арасындағы бөлігін Түркістан - Сібір (Түрксіб ) теміржолы деп атайды. Бұл теміржол магистралі 1930 жылдары салынып, оның құрылысына алғаш рет қазақ жұмысшылары қатысты. Түрксібтің салынуы Кенді лтай мен Жоңғар Алатауында энергенияны көп қажет ететін түсті металлургияның дамуына, Қаратадың фосфоритін игеруге, соның негізінде Тараз-Қаратау аумақтық-өндірістік кешенінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Сонымен бірге теміржол желісі бойындағы ірі қалалардың дамуына мүмкіндік берді. Түрксібтен Локоть станциясы арқылы Өскемен, одан әрі Риддер мен Зырянға тармақ тартылған.
Қазақстанның орталық бөлігі арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік аудандарын байланыстарып, Трансқазақстан деп аталынатын Петропавл - Ақмола - Қарағанды - Мойынты - Шу теміржолы тартылды. Бұл негізгі магистральдан Орталық Қазақстанның ішкі аудандарын, яғни Жарық станциясы арқылы Жезқазғанға, Мойынты станциясы арқылы Балқаш, Саяқ, одан әрі Ақтоғайға кететін тармақтар тартылған. Сонымен қатар бұл магисральдан полиметалл мен темір кендерін игеру мақсатында Қарағанды - Қарағайлы, Қарағанды металлургия комбинаттарын темір және марганец кендерімен қамтамассыз ету үшін Ақтау - Қаражал, Жезқазғаннан Жезді марганец кеңіне тармақтар тартылған. Осы теміржол желісі арқылы Жезқазған-Қарсақпай өнеркәсіп торабы дамып, Атасу темір-марганец кен орындарын игеруге жағдай жасалды.
Трансқазақстан теміржолының мақсаты- Қарағанды көмір бассейні мен Орталық Қазақстандағы мыс өнеркәсібінің жедел дамуына септігін тигізіп, Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Орталық Азияны Сібілдің ағашымен, Солтүстік Қазақстанның астығымен және Қарағандының тас көмірімен қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы аталған бойлық бағыттағы магистральдан басқа еліміз аумағы арқылы өтетін екі ендік бағыттағы транзиттік ірі теміржол магистральдары бар.
Соның бірі-Орал экономикалық ауданының Қарталы станциясынан басталып, Астана, Павлодар арқылы өтетінОңтүстік Сібір магистралінің бөлігі. Одан әрі бұл жол Барнауыл арқылы Шығыс Сібірдің Тайшет қаласында Ұлы Сібір магистраліне қосылады. Магистраль Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары үшін аса маңызды жол болып табылады.
Бұл магистраль Павлодар облысындағы Екібастұз көмір бассейнінің игерілуіне және оның энергетикалық көмірі мен жылу электр станциялары негізінде Павлодар-Екібастұз аумақтық-өндірістік кешенінің қалыптасуын тездетті. Сонымен бірге Қарағанды тас көмірін тасымалдаудың Петропавл-Челябі арқылы Магнитогорск металлургия комбина-тына айналып бару жолын 928 км-ге қысқартты. Бозшакөл мыс кені мен Майкүбі көмірін игеруге де теміржолдың маңызы зор. Осы теміржол магистралі-мен көмір, боксит және астықтың басым бөлігі тасымалдануда.
Келесі ірі магистраль - Солтүстік Қазақстанның Комсомол - Қостанай - Көкшетау қалалары арқылы өтіп, онан әрі Қарасу мен Обьтағы Камень станциясы арқылы, Шығыс Сібірдің Тайшет станциясындаҰлы Сібір магистраліне қосылатын Орта Сібір магистра-лінің бөлігі. Бұл магисральдан Торғай даласындағы Қостанай темір кенін игеруге арналған Қостанай - Тобыл - Лисаков, Жетіқара асбест кен орнына баратын Тобыл - Жетіқара, Торғай бокситіне баратын Есіл - Арқалық тапмақтары тартылған.
Орта Сібір магистралі Қазақстанның солтүстігінде тың және тыңайған жерлерді игеруге, астық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Солтүстік Қазақстан аудандарына астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін басқа аудандарға шығарып, олардан машина, түрлі жабдықтар, жанармай, тыңайтқыш, ағаш, құрылыс материалдарын, халықтың тұтыну заттарын алуға жол ашылды.
Елімідің басқа аудандарында да түрлі бағыттағы шаруашылықта маңызы зор теміржолдар салынған. Батыс Қазақстандағы Атырау - Қандыағаш - Орск теміржолы оны Орал экономикалық ауданымен байланыстырады.
Бұл магистральға жалғастыра салынған Мақат - Бейнеу - Ақтау - Жаңаөзен теміржолы Маңғыстау облысының мұнай-газын игеруге мүмкіндік береді.
Бейнеу станциясы Қарақалпақстанның Қоңырат станциясымен жалғасып, Орталық Азия елдерінің екінші қысқа жолымен Ресейдің Еуропалық бөлігіне шығыуына мүмкіндік береді. Атырауды Астрахань-мен қосатын теміржол Батыс Қазақстанды Солтүстік Кавказ және Кавказ сырты елдерімен байланыстырады.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бір-бірімен шалғай орналасқандықтан, республикамызда теміржол көлік қатынасының маңызы зор.
1990жылы Қытаймен екі арадағы теміржолдың қайта салынуа бастауы Қазақстанның транзитті мемлекет ретіндегі рөлін арттыра түсті. 1992 жылы батан, Қазақстан және Қытай арасында тұрақты теміржол қатынасы қалыптасты. Бұл магисральдың іске қосылуына байланысты Қытай арқылы Азия - Тынықмұхит аймағына теміржол арқылы шығуға жол ащылды.
Теджен (Түрікменстан) - Мешхед (Иран) теміржол магисралінің бітпеген бөлігі Пекин - Стамбұл іске қосылды. Жапонияның жеңілдетілген заемын пайдалану арқылы Ақтоғай - Достық теміржол байланысы да қызмет көрсете бастады. Бұл Трансазиялық теміржол магистралі деп аталады. Оның саяси және экономикалық маңызы зор.
Мешхед - Тегеран теміржол тармағы Орталық Азия елдері үшін сауда қатынасын іске асыруда негізгі жол болып отыр. Ол Ұлы Жібек жолы делінетін ескі сауда жолының оңтүстік-батыс тармағы бағытымен жүреді.
Алдағы мерзімде Қызылорда - Жезқазған - Өскемен - Шар станциялары бір-бірімен жалғастырылатын болады.
Бұл жүктің барлық дерлік түрін тасыиалдай алады және ол онша қымбатқа түспейді. Солтүстік Қазақстан аумағын үш Сібір магистралі кесіп өтеді. Петропавл арқылы Транс-сібір магистралінің кішкене бөлігі өтеді. Екінші темір жол желісі Магнитогордан Қарталыға, одан әрі Астана - Петропавл - Барнаулға барады. Ол - ас- ұзын Оңтүстік Сібір магистралінің бөлігі. Үшінші желі - Орта Сібір магистралінің бөлігі. Ол Қостанай - Көкшетау - Қайманашыл; - Қарасуық - Обтағы Камень - Барнаул қалаларын жалғастырады. Бұлар Сібір мен Қиыр Шығыстан Оралға, Ресейдің еуропалық бөлігіне транзит жүктердің (көмір, ағаш) қуатты тасқынын жеткізуге арналған. Солтүстік Қазақстан аумағында Орталық және Батыс Қазақстан-мен салыстырғанда теміржол желісі жиі орналасқан.
Темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру үшін Транс-сібір магистральдарының жүк көп тасылатын Қарағанды - Астана - Петропавл учаскелері электрленген. Бұл жерлерде қуатты, шапшаң, үнемді тепловоздар мен электровоздар, көп жүк сиятын вагондар, жабдықталған автотіркемелер қатынайды. Пойыздар қозғалысын басқару автоматтандырылып, орталықтандырылған.
Қазақстан жерінен өтетін Сібір темір жол магис-тральдары оның экономикасының дамуына оңды әсерін тигізді.
Мәселен, Қарталы-Астана-Павлодар темір жолының салынуы Торғай алабының темір кені базасын іске қосып, одан әрі дамытуды жеделдетті, Солтүстік Қазақстанның тың дерлерін игеруде маңызды рөл
атқарып, Оралға қарай қарағанды көмірін тасымалдауға төте жол ашты. Астана-Павлодар темір жол учаскесі Екібастұз көмірін іске жаратуға, Бозшак-өл мыс кені мен Майкүбі көмір алабын игеруге жағдай жасады. Бұл жолды салу Қазақстандағы ірі Павлодар-Екібастұз аумақтық өндірістік кешенінің қалыптасуын тездетті.
Астана-Қарағанды жолын салу Орталық Қазақстанда қуатты өнеркәсіп кешенін құруға көмегін тигізді. Қарағанды көмірі енді төте жолмен Оралға жеткізілді. Сонымен қатар бұл жол Орталық және Солтүстік Қазақстан аудандарын өзара байланыстырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz