Теңізшевройл және қоршаған орта


Теңізшевройл және қоршаған орта
Кіріспе ТШО-да кез-келген жобаны орындау барысында табиғатты қоршау шараларына басты назар аударылады, өндірісті жаңарту жұмыстарының бәрі бірінші кезекте өндірістік процестердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша төмендетуге бағытталған. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау кезінде қоршаған ортаға әсер етудің негізгі көрсеткіштері ретінде әдетте мыналар қаралады:ластағыш заттектердің жалпы шығарындыларының көлемі, атмосфералық ауаның, судың ластану дәрежесі, өндіріс қалдықтарының сипаты, оларды кәдеге жаратудың тиімділігі өсімдік пен топырақ жамылғысының бұзылуы, жануарлар әлеміне тиетін әсері және т. б. ТШО-ның өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаның ластануындағы үлесі туралы жалпы түсінік беру үшін бірқатар келтірейік.
Мысал ретінде қоршаған ортаның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын атмосфералық ауаның ластануына байланысты ахуалды қарастырайық. Қ. Р. Статистика жөніндегі агентігінің 2003 жылғы мәліметтері бойынша тұрақты көздерден шығатын ластағыш заттектер шығарындыларын жалпы көлемі Қазақстан бойынша тұтастай алғанда 2884 мың тонна, оның ішінде Қарағанды обылысы бойынша 1773 мың тонна, Павлодар обылысы бойынша 506 мың тонна, Шығыс Қазақстан обылысы бойынша 185 мың тонна, ал Атырау обылысы бойынша 177мың тонна құрады.
2004 жылы ТШО-ның атмосфераға тараған шығарындыларының жалпы көлемі 56. 1 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш Қ. Р. атмосфералық шығарындылардың жалпы көлемінің 2 % төмен. Бұл көлем орташа жылу электр станциясының немесе орташа обылыс орталығындағы автокөлік шығарындыларының көлемімен салыстыруға тұрарлық. Мысалы Алматы қаласындағы автокөліктерден тарайтын ластағыш заттектер шығарындыларының көлемі 2004 жылы 136. 0 мың тонна құрады. Келтірілген мәліметтерге сай, егер ТШО-ның өндірістік қызметінің еліміз үшін ерекше стратегиялық рөлі мен экономикалық маңыздылығын ескерсек, қазіргі уақытта ТШО-ныңатмосфераға тарайтын шығарындыларының жалпы көлемі тұтастай алғанда біркелкі төмен. ТШО-ның негізгі ластағыш заттектер шығарындыларының негізінен биіктігі 100-200 м. алаулар мен мұржалардан жүзеге асырылады, сөйтіп желдің ықпалымен тез сейіледі, ал шығарындылар елді мекендерден алыс орналасқандықтан, қоршаған орта мен адам денсаулығына қаладағы автокөліктерден шығатын шығарындыларға қарағанда әлдеқайда өте төмен әсер етеді.
Қазақстанның көптеген ірі қалаларымен өнеркәсіп орталықтарында шығарындылар деңгейінің ШРК-дан бірнеше есе асуы үнемі байқалады. Оларға қарағанда ТШО-ның өндірістік нысандарына жақын орналасқан Қосшағыл, Сарықамыс, Қаратон сияқты елді мекендерде және де Құлсары қаласында атмосфералық ауадағы ластағыш заттектердің орташа жылдық концентрациясы қалыпты шектерде, яғни 1 ШРК-дан аспайды. Мысалы 2004 жылы түрлі заттектер бойынша орташа жылдық концентрациялар мынадай болды: Шымкент қаласында 1. 6 ШРК, Алматыда -2 ШРК, Өскеменде-1. 5 ШРК болды. Күкірт қос оксиді бойынша Өскеменде-1. 8 ШРК, Балқашта-1. 9 ШРК. Балқаш қаласындағы күкірт қос оксиді бойынша бір жолғы ең жоғарғы концентрация 16 ШРК-ға жетті.
Қазақстанның ең ірі қалаларымен өнеркәсіп орталықтарының атмосфера ластануының кешенді индексінің (АЛИ 5) көрсеткіштері мен салыстыру үшін ТШО-ның жақын орналасқан елді мекендердегі сол индекстің көрсеткіштері 9-кестеде келтірілген. Кестеде көрсетілгендей Теңіздегі ауа сапасы Қазақстанның басқа қалалары мен елді мекендеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Бұл бір жағынан ТШО-ның атмосфераға тарайтын шығарындыларының көлемінің қазіргі уақытта біркелкі азайғанымен және ауаға шығарылатын заттектерінің қауіптілік класының салыстырмалы түрде төмендігімен түсіндіріледі. Екінші жағынан ТШО-ның өндірістік нысандары орналасқан аймақтың географиялық және климаттық ерекшеліктеріне байланысты ластағыш заттектер ауада шоғырланбайды, желмен сейіледі, осыдлайша атмосфераның жерге жақын қабатында олардың концентрациясы төмендейді.
Қоршаған ортаның қандай да болмасын заттекпен ластану деңгейін бағалау үшін ШРК-шекті рауалы концентрация ұғымы қолданады. Белгілі зиянды заттектердің ШРК көрсеткіштері мемлекеттік санитарлық нормалармен белгіленеді. Мысалы қандайда болмасын заттектің ауадағы немесе топырақтағы құрамы 4 ШРК құрайды дегенде, бұл сол заттектің шоғырлану деңгейі шекті рауалы көрсеткіштен 4 есе жоғары екенін білдіреді. Қ. Р. санитарлық нормалары көптеген ластағыш заттектердің шоғырлану деңгейіне қатысты анағұрлым қатаң талаптармен ерекшеленетін атап өту қажет, яғни Қазақстандағы ШРК көрсеткіштері әдетте басқа елдердегіге, мысалы АҚШ, Канада, Еуропа елдеріндегіге қарағанда өте төмен. ШРК көрсеткіштерін өлім қауіпі бар концентрация ретінде қарастыруға болмайды. Темекі түтініндегі кейбір заттектердің концентрациясы ШРК-дан ондаған есе жоғары. Ірі қалалардың тұрғындары іс жүзінде ластағыш заттектердің концентрациясы әрқашан ШРК-дан жоғары болатын ауамен тыныс алады. Бір уақытта бірнеше заттектермен ластануды бағалау үшін атмосфера ластануының кешенді индексі (АЛИ 5) пайдаланады. Ол бес заттек бойынша ШРК-ға барынша негізделген көрсеткіштермен олардың қауіптілік класын ескере отырып есептеледі. Ластағыш заттектердің шоғырлануымен олардың қауіптілік класы неғұрлым жоғары болса, индекс (АЛИ5) те соғұрлым жоғары болады.
ТШО-ның экологиялық мониторинг жүйесі Қоршаған ортаның жағдайын бақылау мақсатында және ТШО қызметінің табиғи орта мен адамдардың денсаулығына зиян келмейтініне сенімді болу үшін ТШО-ның арнайы қызметтері мен тиісті мердігер ұйымдар кешенді экологиялық моноторингіні жүзеге асыра отырып, қоршаған ортаның барлық негізгі параметрлеріне бақылау жүргізеді. Табиғи ортаның құрамдас бөліктері-АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА, СУ, ЖЕР ҚОЙНАУЛАРЫ, ТОПЫРАҚ, ӨСІМДІКТЕР мен ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ үздіксіз бақылауға алынған.
Атмосфералық ауа мониторингі ТШО-да атмосфералық ауа сапасын бақылаудың ең озық және көлемді жүйесі қолданылады. Жүйелі бақылау жұмысын ТШО-ның мониторинг тобы мен Гидромет ақпараттық өндірістік орталығының аккредитациядан өткен зертханасы жүргізеді. Мониторинг жүйесі мыналарды қамтиды:
- Кен орны аумағындағы және санитарлық қорғау аймағының периметрі бойынша орналасқан 12 автоматтандырылған қоршаған ортаны бақылау стансалары. Бекеттер ауадағы күкіртсутектің, көміртегі тотығының азот оксидінің, көмірсутегінің, күкірт қос тотығының құрамын анықтауға арналған жаңа талдағыштармен жабдықталған. Ауа сапасының көрсметкіштері барлық бекеттерден автоматты түрде орталық диспетчерлік пунктіге цифрлік түрде келіп түседі. Бұл атмосфералық ауа ахуалының толық көрінісін алуға және мәліметтерді келесі талдауға дейін жинақтауға мүмкіндік береді.
- ТШО, Сарықамыс поселкесіндегі, Құлсары қаласындағы тұрақты бақылау бекіттері
- Кеңарал, Қаратон, Теңіз поселкелеріндегі жылжымалы бақылау бекіттері
- Алау астын бақылау жұмыстары мониторингінің бөлек бағдарламасының бір бөлігі ретінде күн сайын жылжымалы зертханаларда жүргізіледі. Сынамалар алу газ өңдеу зауыты алаңының ығ жағынан, жылжымалы зертханалардың белгіленген жерге жету мүмкіндігі мен сол жердің сорлы болуына қарай 1, 2, 4, 8, 10 және 16 километр қашықтықта жүзеге асырылады. ГӨЗ-дің жел жағынан 16 км. қашықтықта зерттелетін компоненттердің шоғырлану аясын анықтау үшін тағы бір сынама алынады. Сынамалар алу нүктедерінің дәл орналасуы географиялық жайғастыру жүйесінің жабдығын пайдалану арқылы анықталады.
- Жұмыс орнындағы мониторингіні ТШО-ның өнеркәсіп гигиена тобы жүргізеді. Зерттелетін компоненттер-күкіртсутегі, күкірт пен көміртегі оксиді, меркаптандар, диэтаноламин, күкірт шаңы, аммиак, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, натрий гидрототығы мен бензол. Күкіртсутегінің жиналуы немесе ауаға тарауы ықтимал жерлерде де күкірттің шоғырлануын анықтайтын құралдар қосымша орнатылған.
- Шығарынды көздеріндегі мониторингіні ТШО-ның мониторинг тобы жүргізеді.
Мониторинг нәтижелерін бақылау жұмысын мемлекеттік органдар-Атырау обылыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының және Атырау обылыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары жүргізеді.
Ауаға таралатын ТШО шығарындаларының негізгі көзі-газ өңдеу зауытының алаулары. Сондай-ақ ауаға тарайтын жалпы шығарындылардың кейбір бөлігі резервуарлық парктен, қалдық газды жағып тастайтын пештің мұржаларынан және жылыту қазандығы мен газ-турбиналары электр стансасының мүржалары арқылы шығады. ТШО-ның атмосфераға үлесті салмағын елеулі түрде азайтуға қол жеткізілді. 2004жылы шығарындылардың үлесті салмағы 10. 47 кг\т-дан 4. 1 кг\т-ға төмендеді. 1997 жылдан бастап шығарындылардың үлесті салмағының азаюы мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсуі барысында жүзеге асты.
ТШО-да ауаға тарайтын шығарындылардың жалпы көлемі соңғы сегіз жыл ішінде елеулі түрде азайып, 2004жылы 56. 1 мың тоннаны құрады. ТШО шығарындыларындағы құрамындағы негізгі ластағыш заттар-күкірт қос оксиді, азот қос оксиді, көміртегі оксиді жәнекөмірсутек. Олардың барлық шығарындыларындағы үлесі 99. 6 %. Бұл кәдімгі газ плитасындағы тамақ пісірген кезде шығатын жағу өнімдері. Бұндай шығарындылар айтарлық автокөлік түтініне немесе темекі түтінінің құрамындағы зиянды заттектерге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. ТШО-ның үздіксіз бақылау мәліметтері және бақылаушы ұйымдардың мәліметтері ТШО-ның өндірістік учаскелеріндегі ауа мен жақын маңда орналасқан елді мекендердегі ауа құрамындағы ластағыш заттектердің шоғырлануы шектеулі рауалы концентрациядан төмен екенін растайды.
Диаграммада көрсетілгендей Теңіздегі ауаның сапасы қалалардағыға қарағанда жоғары. Атмосфераның ластануы кешенді индексінің мәні бойынша Теңіз кенішін Қазақстанның анағұрлым таза аймақтарының біріне жатқызуға болады.
Өндірісті жетілдіруге жұмсалған ірі қаражат және озық технологиялар пайдаланылатын жаңа нысандардың іске қосылуы алауларда жағылатын газ көлемін алға қарай елеулі түрде азайтуға септігін тигізуде. Кәсіпорын алауларда жағылатын газ көлемін біршама азайту үшін көп күш жұмсады. Сондай-ақ қосымша шаралар әзірленіп жатыр, қазіргі уақытта олар жоспарлау кезеңінде. Атап айтқанда, әзірленіп жатқан газда кәдеге жарату жобасы алауларда жағылатын газ көлемін азайтуды және оның пайдалануын оңтайландыруды көздейді. Бұл жоба Қазақстанда және бүкіл дүние жүзінде жүргізіліп жатқан газдың пайдалануын оңтайландыру және оның қорын сақтау жөніндегі жұмысқа сай келеді. Осы жобаның жүзеге асырылуы алауларда жағылатын газ көлемін азайтуға және қалыпты жұмыс жағдайында сақтандырғыш құрал ретінде пайдаланылатын қосалқы оттықтарда газ жағумен ғана шектелуге мүмкіндік береді. Алайда шағын алауларға деген қажеттілік әрқашан болады. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде немесе күтпеген жағдайда пайда бола қалғанда қысым деңгейін азайту үшін қажет. Болашақта зауыттың бірқалыпты жұмысы жағдайында зауыт алаулары бастапқы деңгейлерде ғана жанып тұратын болады.
Күкіртсутегі және оның мониторингі Мұнай өндіру өскен сайын өндірілген өнімнің тоннасына шаққандағы меншікті шығарындылар түбінде азаяды. Бұған мұнай мен ллгаз технологиясын жетілдірудің, шикі газды қайта айдаудың, пропан, бутан мен құрғақ газды қайта айыруды арттырудың арқасында алауларда газ жағуды мейлінше азайту арқылы қол жеткізіледі. Қазіргі өндіріс пен жобаланып отырған технологияның басты ерекшелігі осында. Теңіз кен орнын жайластыру жобасында бұл саладағы ең жаңа технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, шикі газды қойынаутқа қайта айдау қарастырылған. Осынының арқасында тек Теңіз кен орнынан мұнай өндірудің жалпы көлемін ұлғайтуға ғана емес, атмосфераға тарайтын шығарындылардың да көлемін азайтылуға қол жеткізіледі. ЕБЗ жұмысына байланысты күкірт өндірудің нақты көлемі өскенімен, ШГА басталуымен бір тонна мұнайға шаққандағы күкірт өндірісінің көлемі азаяды. Жобада қосымша екі күкірт түйіртпектеу қондырғысы қарастырылған және бұл Жерорта теңізі елдеріне, Ресей мен Қытайға күкірт сату көлемін өсіруге себеп болады. ТШО-ның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу қаталдығы өсіп келе жатқан экологиялық талаптарға және озық тәжірбиеге сай жүргізілген. Қалдықтарды басқару саласында жаңа технологияларды қолдану-ТШО бастамасыбоп келеді. Қалдықтарды орналастыру полигоны Қ. Р. санитарлы нормативтік құжаттарға сәйкес жобаланып салынды. Қайта өңделетін материалдар қолданыс тапқанға дейін қауіпсіз түрде арнайы мекемелерінде сақталады немесе өңделеді. Болжам бойынша қалдықтар көлемі әжептәуір азаяды, бұл диаграмадан да көрініп тұр.
Күкіртсутегі ұңғымалардан өндірілетін шикі мұнаймен және газбен бірге келіп түседі. Күкіртсутегі ілеспе газ көлемінің шамамен 14 % -н құрайды. Мұнай өндіру процесі үзіліссіз болғандықтан, Теңіз мұнайын өндіру барысында кәсіпорын өзінің күш-жігері мен шығындардың біршама бөлігін күкіртсутегінің мол көлеміне жұмсайды. Себебі қабылдап жатқан мұнай мен газды тазарту барысында сол мұнай мен іліспе газдан күкіртсутегіні айрып алу қажет және оны бірден қауіпсіз және үздіксіз түрде қарапайым күкіртке айналдыруды қамтамасыз ету керек. Күкіртсутегі-түссіз газ, шоғырлану деңгейі төмен болғанда ғана қауіпсіз, тек шіріген жұмыртқаға тән иісі ғана болады. Шоғырлануы жоғары болған кезде ол өте қауіпті және иіссіз, оның ауадағы құрамын анықтау мүмкін емес. Ауа құрамындағы күкіртсутегіні тек арнайы аспаптар қодлдану арқылы анықтауға болады. Сондықтан ТШО-да атмосфералық ауадағы күкіртсутегінің құрамына мамандырылған мониторинг жүргізіледі. Күкіртсутектің пайда болуы ықтимал учаскелердің, аймақтардың, үй-жайлардың бәрінде де ТШО Қ. Р. нормативтік талаптарына сай қазіргі кездегі сенімді жабдықтармен ауадағы газдың құрамына қатаң бақылау жүргіуде. Бұндай мамандырылған жабдықтарға ауадағы күкіртсутегінің құрамын анықтайтын тұрақты аспаптар, сонымен қатар жеке пайдалануға арналған шағын құралдар жатады. Бұл құралдар ауадағы күкіртсутегі концентрациясын үздіксіз өлшейді және күкіртсутегі деңгейі ШРК-ға жақындаған кезде жарықпен немесе дыбыспен белгі береді.
Топырақ пен өсімдіктер Мұнайды өндіру, өңдеу және де тасымалдау кезінде топырақ жамылғысына жағымсыз әсер етуі ықтимал негізгі факторлар-топырақтың ластануы және топырақ пен өсімдік жамылғысының механикалық ықпал ету салдарынан бұзылуы. Жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық жер телімдері қалыпты ауыл шаруашылық қолданысына жарайтындай етіп, қалпына келтіріп, қайтарылады. ТШО өндіріс мәдениеті антропагендік сор пайда болуына жеткізетін жердің азуынан немесе мұнай төгіп жерді ластау секілді экологиялық келеңсіздіктерден іргесін әрі салуға мүмкіндік береді.
Топырақ мониторингі Топырақтан жүйелі түрде сынамалар алу серіктестік пен жақын маңдағы поселкелердің аумағында орналасқан бақылау алаңдарында жүргізіледі. Мониторингілік зерттеу жұмыстарын Гидромет ақпараттық-өндірістік орталығы жүзеге асырады. Топырақ сынамалары мұнай өнімдерінің, ауыр металдардың, радионуклидтердің құрамын қатысты талданады. Топырақтың ахуалына ҚазЭкоПроект мамандары тұрақты бақылау жүргізеді. Зерттеу кезінде сынамаларды талдау нәтижелері, даладағы зерттеу жұмыстары мен қашықтықтан зондылау мәліметтері пайдаланылады. Жалпы алғанда зерттеу жұмыстары топырақтағы ластағыш заттектердің құрамы қалыпты шектерде екенін және техногендік әсер елеусіз болып бағаланылатын көрсетеді.
Өсімдіктердің күйі Өсімдіктің күйіне, оның тірлік құрамы мен өзгешеліктеріне ықтимал антропагендік әсерді бағалау үшін тұрақты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша өсімдікті сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған табиғатты қорғау шаралары талданады. Жалпы алғанда өсімдіктерге антропогендік әсер ету жағдайы елеусіз деп бағаланып отыр. Спутниктен жасалған суреттер мен аэросуреттер Теңіз кен орны алғаш игеріле бастаған кезде де бұл маңда бұрғылау жұмыстарының қарқынды жүргізілуі және оған сай автокөліктердің кез-келген жерден жол салуы топырақтың өсімдік өсетін қабатына елеулі түрде залал келтіргенін көрсетеді. Топырақтың өсімдік өсетін қабатына тиетін әсерін азайту мақсатында ТШО өзі құрылған алғашқы күндерден бастап-ақ автокөліктер үшін тас жолдар торабын салып, автокөлік қозғалысын қатаң реттеді. Қоршаған ортаны қорғаудың жалпы бағдарламасы шеңберінде кен орнын жайластыру барысында бұзылған жерлерді техникалық және биологиялық тұрғыда қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Кен орны алғаш игеріле бастаған кезде жасаған аэрофототүсірілімдер мен қазіргі кездегі ғарыштық суреттерді салыстыра қарағанда, Теңіз кеніші аумағындағы экологиялық жағдайдың дұрысталып қалғанына көз жеткізуімізге болады.
Геологиялық орта немесе жер бетіне ғарыштан жүргізілетін мониторинг. Қоршаған ортаға тиетін әсерді анықтау мақсатында жер бетіндегі ахуалға мониторинг жүргізу үшін және соған қатысты түрлі деректерді талдау үшін ТШО спутниктен суретке түсірудің бірнеше түрін пайдаланады. 2001 жылдан бастап Қ. Р. ғарыштық зерттеу институты ТШО тапсырысы бойынша Теңіз кеніші мен Каспий маңының солтүстік шығыс бөлігінің аумағын суретке түсіруде. Институт ғалымдары MODIS суреттерін негізге ала отырып, вегетациялық маусым ішінде өсімдіктердің өзгеру ерекшеліктерін анықтайды. Бұл зерттеу жұмыстары ТШО-ға қайта құнарландырылған жердің өсімдіктерін қалпына келтіру шараларын жоспарлауға көмектеседі, сонымен қатар өсімдіктер жамылғысының суреттерін негізге ала отырып, вегетациялық маусым ішінде өсімдіктердің өзгеру ерекшеліктерін анықтайды. Бұл зерттеу жұмыстары ТШО-ға қайта құнарландырылған жердің өсімдіктерін қалпына келтіру шараларын жоспарлауға көмектеседі, сонымен қатар өсімдіктер жамылғысының жағдайын маусымдар аралығы мен біренеше жылдар бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық Терра компониясының ғалымдары мен қызметкерлері ландшафты мәліметтердің үлкен көлемін жинақтап, талдады. Олар Теңіз кенішінің ландшафтық картасын жасады. Гиперспектрлік суреттерді талдау нәтижесінде ТШО-да CHEVRON ENERGY TECHNOLOGY COMPANY мен ELLIS GEOSPATIAL компанияларының қатысуымен өсімдіктердің, топырақтардың, мұнай өнімдерімен ластанған учаскелердің, сордың тұздылық дәрежесі карталары, теңіз жағалауының картасы және басқа да карталар жасалды. Сол учаскелер бойынша қайта жиналатын деректер жергілікті аймақтың өткен кезеңіндегі өзгерістерін көрсете алады. Спутник мониторингіні қолдану бақылаудың дәстүрлі жер үсті әдістеріне қарағанда әлдеқайда тиімді.
Жануарлар әлемі Кеніш аумағында жануарлар әлемі Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеу обьектісі болып табылады. Қ. Р. зоология және жануарлардың тектік қоры институтының мамандары жүргізген зерттеудің нәтижелері бойынша, бұрғылау жұмыстарының қарқынды жүрген кезеңінде Теңіз кен орнының аймағындағы жануарлардың саны мен түрінің азайғаны байқалған, соңғы кезде жағдай жақсарды. Соңғы жылдары осы аймақта сүтқоректілердің кейбір түрлері қайта қоныстанып жатыр, Бұл көрініс қосмекенділер мен жорғалаушылардың топтарына тән. Жорғалаушыларға Каспий теңізі деңгейінің ауытқулары әсер етеді. Тееңіз деңгейі көтерілгенше кеніш аймағы жыл құстарының қысқа мерзімге аялдайтын тұрағы болады. Теңіз деңгейі көтерілуі салдарынан біршама жем қоры пайда болып, құстардың жазғы фаунасы құрамы жағынан өзгереді. Қазір ТШО аумағына жақын жердегі қалың қамыс арасында құтардың шамамен 40 ұя салған.
Жер қойнауының геодинамикасы. Тңіз кен орнында мұнай өндіру барысында мүмкін геодинамикалық қатерлердің көрінісін айқындау үшін ТШО геодинамикалық моноторинг бағламасын іске асыруда. Ол арқылы қойнауқаттың отырып кетуі және сейсмикалық жағдай анықталады. 2004 жылдың аяғына шейін Теңіз кен орнын игеруге байланысты ешқандай техногендік аноломия байқалып, хатталған жоқ. Қазірдің өзінде ТШО Теңіз кенішінде мұнай өндіру барысында пайда болуы ықтимал геодинамикалық қатер туралы нақты түсінік алуға ұмтылуда. Қолданыстағы мониторинг жүйесі геодинамикалық құбылыстардың негізгі түрлерін-сейсмикалықты, жер бетінің отыруын және жарылымдардың белсенділігін тіркеуді қамтамасыз етеді. Геодинамикалық моноторингіні жүргізудің мақсаты-Теңіз кенішінің қауіпсіз игерілуін, соның ішінде топырақ асты құрылымдар мен қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз етеді. Кеніш аумағында бүкіл жұмыс кешені «Геосервис-С» ЖШС, «Геокен» ҒӨО ЖШС және «ЭкоГеоНефтеГаз» ҒӨО ЖШС сынды ұйымдардың күшімен орындалады.
Теңіз кенішінде пайдаланатын геодинамикалық моноторингінің негізгі әдістері мыналарды қамтиды:
- Өте дәл ниверлеу-жер бетінің тік қозғалыстарын тіркеуге мүмкіндік береді.
- Географиялық жайғастыру жүйесі-жер беті қозғалысының тік және көлденең компонентерінің таралымын анықтауға мүмкіндік береді.
- Гравиметрлік түсірілім-резервуар мен жоғары жатқан түсірілімдердің тығыздылық сипаттамаларының өзгеруіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қайтадан жүргізілетін гравиметрлік бақылаулар жарылым аймақтарының белсенді учаскелерін анықтауға және флюидтердің тік жылыстаун зерттеуге көмектеседі.
- Сейсмологиялық және микросейсмикалық мониторинг-цифрлы өте дәл сейсмоөлшегіштер магнитудасы 0. 1 балл және одан жоғары алыс және жергілікті сейсмикалық тербелістерді үздіксіз тіркеуге мүмкіндік береді.
- Спутник интерферометрикалық бақылау жұмыстары-бұл әдіс арнайы өңделген спутниктік деректер негізінде жер бетінің деформациясын анықтауға мүмкіндік береді.
- Мониторинг нәтижелерінде алынған геодинамикалық өлшемдердің барлық мәндері рауалы нормалар шегінде және кенішті пайдалану кезеңіндегіжер беті отыруының ең жоғары есептік көрсеткіштері елеусіз деп бағаланып отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz