Электрондық үкімет деген не
Электрондық үкімет деген не?
Бүгіндері электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара
іс-қимыл жүйесі.
Электрондық үкіметтің ішінде негізгі моделдері 3 байланыс болып табылады:
халыққа, бизнеске, мемлекеттік органдарға G2C мемлекеттік қызметін көрсету.
Электрондық үкіметтің идеологиясы 2 затқа негізделген. Бұл сервистерді
көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің
өздері. Электрондық үкіметтің құрылымы инфрақұрылымдық компоненттерді құру
болып табылады. Олар бірыңғай мемлекеттік деректер қоры, электрондық
цифрлық қолтаңба берілетін куәландыру орталығы, азамат қызметті алатын және
төлейтін шлюз
Электрондық үкіметті негіздеу
2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен "электрондық үкiметті"
қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
қабылданды.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесі:
• Электрондық үкімет инфрақұрылымының базалық компоненттерін
қалыптастыру;
• Нормативтік құқықтық базаны құру;
• Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту және
қалыптастыру;
• Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру.
2007 жылы Қазақстан Республикасы электрондық үкіметті дамытудың 2008-2010
жылдарға бағдарламасы қабылданды, оның міндетіне мыналар кіреді:
• электрондық үкімет базалық инфрақұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін
кеңейту және дамыту;
• бизнес үшін талап етілетін және азаматтар үшін әлеуметтік маңызды
• мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үдерістерін автоматтандыру және
ықпалдастыру;
• ақпараттандыру үдерістерінің нормативтік құқықтық базаларын қамтамасыз
ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді беру;
• мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мен мөлдірлігін арттыру
Электрондық үкіметті дамыту кезеңдері
Электрондық үкіметті енгізу стратегиясына сәйкес е-үкіметті
қалыптастыру және дамыту 4 кезеңнен тұрады:
• Біріншісі ақпаратты жариялау және таратуды көздейді.
• Екіншісі – мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-
қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру.
• Үшіншісі– қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы
іске асыру транзакциялық өзара іс-қимылы.
• Төртіншісі – ақпараттық қоғамды қалыптастыру.
Ағымдағы жағдай
Электрондық үкімет веб-порталын қалыптастырудың бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік органдардың ақпараттық және интерактивтік қызметтеріне қол
жеткізудің бірыңғай нүктесі құрылды. Бірінші ақпараттық кезең өтті. Қазір
электрондық үкімет веб-порталында 1503 ақпараттық қызмет жарияланған.
Веб-портал арқылы мемлекеттік электрондық қызметтерді ұсыну мақсатында
ЭҚАБЖ ықпалдастырылған және мемлекеттік деректер қорын бағдарламалық
қамтамасыз ету жасалды, сондай-ақ ЭҚАБЖ және мемлекеттік деректер қорымен
бірігу модулдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі жасалды, соның ішінде
Мемлекеттік жер кадастры, Интегралданған салықтық ақпараттық жүйе,
Жеке тұлғалар, Заңды тұлғалар, Адрестік тізім, Жылжымайтын мүлік
тізімі, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының деректер қоры бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір азаматы е-үкіметке кіріп, мемлекеттік
органмен тікелей байланыссыз қысқа уақыт ішінде ақпарат ала алады.Ол үшін
www.e.gov.kz. адресіне кіріп, қажетті анықтаманы алу үшін электрондық
цифрлық қолтаңбамен сұрау жіберу қажет.
Қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында 41 электрондық қызмет іске
асырылған. Бұл зейнетақылық бөлу туралы анықтама алу, ӘЖК телнұсқасын алу,
азаматтық хал-ахуал актілері бойынша деректік анықтамаларды алу және
басқалар.
Ағымдағы жылдың соңына дейін АШМ, ІІМ, ӘМ, ЕЖХӘҚМ секілді мемлекеттік
органдардың 60 электрондық қызметін орналастыру, сондай-ақ азаматтарға
мемлекеттік қызметтерді веб-портал және электрондық қызмет арқылы екінші
деңгейлі банктердің төлем карточкаларының көмегімен төлеу мүмкіндігін беру
жоспарлануда.
Сонымен, электрондық үкімет жобасы өзінің келесі даму кезеңі -
транзакциялық кезеңге өтеді.
Электронды үкімет -2009 бастамасы
Әлемдік дағдарыс және Қазақстанда IT-технологияның дамуы, электронды үкімет
және 3G технологиясының енгізілуі, еліміздің ақпараттық технологиялар
саласында АҚШ пен Финляндия деңгейіне жетуі, сонымен қатар әскери жиіліктің
азаматтық салаға ауысу перспективасы. Берілген мәселелер мен растаулар,
пікірлер мен наразылықтар астанада IV халықаралық Электронды үкімет -2009
бастамасы конференциясы карсаңында айтылған болатын.
Электронды үкіметті дамыту бойынша конференциясы Қазақстанда осымен
төртінші рет өткізіліп отыр. Электронды үкімет жұмысындағы кемшіліктерді
іздеу мен оларды жою, айта кету керек, олар әлі де аз емес, ақпараттық
теңсіздікті төмендету мәселесі, IT-саласының үрдісі және болашағы, сондай-
ақ тәжірибе алмасу – осының барлығы – жақында өткен шаралар болып табылады.
Конференцияда Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы
Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, бізде барлығы тамаша екеніне көз
жеткізу қиын емес. Қазақстанда ақпараттық технологияны кеңінен енгізу
миссиясы орындалды. Қазіргі таңда мемлекет тұрғындарының басым көпшілігі -
ұялы байланыс пен Интернеттің белсенді пайдаланушылары. Біз барлық
мемлекеттік органдарды көшірдік, екі платформаның, интерактивті араласудың
арқасында қазір әр мемлекеттік орган Интернетсіз және Интернет
пайдаланушыларының сұрақтарына жауаптарсыз әрі қарай жылжуға болмайтынын
жақсы түсінеді. Менің ойымша, негізгі мақсат - төңкерістік миссия болып
табылатын тұрғындардың ақпараттық технологияны пайдалануына біз қол жеткізе
алдық.
Министрлер кабинетінің басшсысы Кәрім Мәсімов интернет-пайдаланушыларының
саны туралы сұраққа өз пікірін ортаға салған болатын: Жақын арадағы 2-3
жылда бізге сапалы жұмыс атқару керек. Соңғы халық санағы көрсеткендей,
тұрғындардың 55%-ы компьютерде жұмыс жасай алады, теориялық түрде қазіргі
таңда 1 млн. 200 мың адам интернетке қосылған – бұл 12,5%-ды құрайды. Түкке
тұрмайтын аз цифра.
Екі шенеунік те Қазақстанның ақпараттық технология саласында біраз
жетістіктерге қол жеткізгеніне, бірақ оған қарқынын жоғалтпай, сол бағытта
дамуы қажет екеніне келіседі. Ең басты бағыты электронды экономика болған,
XXI ғасырдың дүниежүзілік үрдісінен аса амбициозды міндеттері бар
Қазақстанға артта қалмау керек, - деп есептейді АБА-ның төрағасы. Әлемдік
қаржылық дағдарыстың негізгі күшті елеулі экономикалық мәселелерді шешуге
бағыттауға мәжбүрлеуіне қарамастан, Қазақстанда IT-технологияның дамуы
басым бағыттар қатарында қалуы тиіс. Осы жолда оны кешеуілдету немесе
тоқтата тұруы елімізді алысқа шегіндіруі әбден мүмкін. Тіпті, саланы алға
жылжыту және IT-дамыған мемлекеттер тізіміне ену – республикамыздың абзал
міндеті болуы тиіс, - деп атап көрсетті премьер-министр Кәрім Мәсімов. Дәл
осылай электронды үкіметтің дамуы да еліміздің аса маңызды міндеті болып
табылады. Қазіргі кезде аса елеулі экономикалық мәселелерді шешу, содан
кейін ғана электронды үкіметке назар аудару қажет деген пікір бар, - деп
премьер-министр атап көрсетті. – Бірақ бұл саяз көзқарас. Егер біз IT-
технологияның дамуына көңіл бөлмейтін болсақ, бұл елімізді біршама артқа
шегіндіреді, және де тек IT-саласында ғана емес. Өз баяндамасында Есекеев
мырза мемлекеттік органдардың интернет-порталы мен электронды
құжатайналымын енгізу облысындағы жетістіктер туралы айта кеткен болатын.
Басымдық бағыттар - электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, е-
лицензиялау, е-әкімдік, төлем шлюзі, электронды үкіметтің веб-порталы.
Сонымен қатар, Премьер-министр қазіргі таңда қазақстандық тұрғындардың 55%-
ы ресейлік ақпараттық кеңістігінде тұрып жатқанын хабарлаған болатын.
Осыған орай, ол интернет сласында да, телевизия саласында да, Бұқаралық
ақпарат құралдар саласында да ресейлік көрермен үшін күресуге біздің өз
ішкі контентіміз болуы керек. Бұл міндетті қамтамасыз ету үшін К.Мәсімов
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігіне күш-жігерді біріктіру міндетін тапсырды.
"Электронды үкіметтің" төлем шлюзі
“Төлем шлюзі” жобасы Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған
“электронды үкімет” құру туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің
10 қараша 2004 жылғы №1471 Жарғысымен бекітілген, Мемлекеттік
Бағдарламасының (әрі қарай- Бағдарлама) аясында жүзеге асырылады.
“Төлем шлюзі” (“электронды үкіметтің” базалық құрауыштарының бірі) “Ұлттық
процессинг орталығы” АҚ-ның техникалық базасында жүзеге асырылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтардың және ұйымдардың мемлекеттік
қызмет көрсетулеріне жылдам және сапалы қол жеткуізін қамтамасыз ету,
ақпараттық-қатынас технологияларын кеңінен қолдану арқылы мемлекеттік
мекемелердің тиімді жұмыс істеуін арттыру болып табылады.
“Электронды үкімет” аясындағы “төлем шлюзінің” негізгі атқарымдық
ұстанымдары:
• Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсетуіне
қол жеткізуі “электронды үкіметтің” порталы арқылы “бір терезе”
ұстанымы бойынша іске асырылады.
• Е-қызмет көрсетулерді және мемл. мекемелердің жүйежасалым мәліметтер
базасын тұтынушылар арасындағы ресми сұрау салулар мен ақпараттық хат-
хабарлаларды жеткізу, бірыңғай қатынас үлгісі негізінде мемлекеттік
мекемелердің Бірыңғай қорғалған тасымалдау ортасында (БТО) іске
асырылады.
• Мемлекеттік мекемелермен е-қызмет көрсетулерді ұсыну ақпараттарды
қорғау жөніндегі бекітілген талаптарыға сәйкес, атаулы және бірсыпыра
жағдайларда ақылы іске асырылуы тиіс.
• Орталықтың аутентификациялық және сертификациялық қызметін Ұлттық
сәйкестендіру жүйесі (ҰСЖ) атқарады.
• “Электронды үкімет” жүйесінде төлем құралы ретінде ҚР банктері-
резиденттерінің төлем карточкаларын қолдануға болады.
• Барлық жүйежасалым мәліметтер базасы, қаржылық ұйымдар – төлем
карточкаларының эмитенттері, “электронды үкімет” порталы, сонымен
қатар ұлттық сәйкестендіру жүйесінің құрауыштары ҰСЖ-не е-үкімет
шлюзінің және “төлем шлюзінің” – сәйкес интерфейстері арқылы
қосылады.
Бағдарлама “төлем шлюзінің” технологиялық платформасына келесі негізгі
талаптар қояды:
• Жоғарғы сенімділік.
• Табыс етілген және сақталынатын ақпараттардың қорғалуы.
• Ақпараттың жеткізілу және оған тұтынушының ақы төлеу кепілдігі.
• Жоғарғы өнімділік.
• Жобаның дамуын қамтамасыз ету мақсатында платформаны ауқымдылау
мүмкіндігі.
Барлық жоғарыда көрсетілген талаптарға банктік төлем жүйеде
пайдаланылатын, ақылы ақпараттық қызмет көрсетуді көптеп көрсету және
электрондық сауда технологиясы толық көлемде жауап береді:
• Төлем карточкаларына қызмет көрсету жүйелері секундына жүздей
транзакция жүргізіліп, жұмыс мөлшері көбейген жағдайда сенімді жұмысты
қамтамасыз етеді.
• Электрондық сауда жүйелеріндегі пайдаланылатын 3-D Secure е-қызметінің
тұтынушысының аутентификацияның үшдоменді технологиясы карточка
ұстаушылардың және мәліметтер берудің ашық жүйесі арқылы қорғалған
электрондық төлем жүргізудің сенімді аутентификациясын қамтамасыз
етеді.
• Карточкалық төлем жүйелерінің карточка ұстаушылардың аутентификациясы
үшін ашық кілттер технологиясын қолдануда ерекше кең тәжірибесі бар
(мысалы мынадау шешімді іске асыруда – Скандинавиялық елдерде е-
үкімет қызмет көрсетулерге қол жеткізу қызметімен төлем карточкасы).
“Төлем шлюзін” іске асыру үшін негіз ретінде келелі-бағдарланып
ықпалдасқан платформаны пайдалану жорамалданған. Бұл платформа on-line
режімінде ақылы қызмет көрсету жобаларында әрекет ететін, әр түрлі
ақпараттық жүйенің ықпалдысуы үшін бірыңғай ақпараттық-қаржылық орта құру
құралы болып табылады. пластикалық карточкаларды және ықпалдасқан
платформаны басқару жүйелерінің үйлесуі бірыңғайланған хаттамалар
негізінде ауқымы кең мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл үйлесім “бір
терезе” ұстанымы бойынша электрондық қызмет көрсету жобасын іске асыру
үшін қолайлы технологиялық платформамен қамтамасыз етеді.
“Төлем шлюзінің” құрылысы жоғарыда көрсетілген оның ұстанымдары мен
талаптары жобаның тәуекелділігін төмендеуіне, оның іске асырылу мерзімінің
қысқаруына және жоба құнының кемуіне әкеп соғады:
• Шешім ақпараттардың қорғау үлгісі және электрондық төлемдердің
дәйектілігі мен қауіпсізділігінің кепілі болып табылатын, халықаралық
төлем жүйелерімен қолданылатын, мәліметтерді беру хаттамалары бойынша
базаландырылуы керек. Осы үлгілерді пайдалану жүйе жұмысының толығымен
тұрақталуын қамтамасыз етеді.
• Жобада ҚР-да кеңінен қолданылатын карточкалық төлем технологиясын
пайдалану, ақпараттық киосктер және банктердің web-банкоматтары
“электрондық үкметтің” қызмет көрсетуіне қол жеткізу орны ретінде
әсер етіп, жобаның шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.
• Ақпараттық киосктер мен екінші деңгейлі банктердің банкоматтары
терминалдық желінің қайталануынан құтылуға мүмкіндік беретін,
электронды үкіметтің қызмет көрсетуіне қол жеткізетін орындар ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ҚҰРУ НЕГЕ СЫЛБЫР?
Астанада Электронды үкіметті дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған
бағдарламасын жүзеге асыруды көздеген Электронды үкімет бастамалары атты
ІV халықаралық конференция болып өтті. Басқосуға Нұр Отан партиясы
Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев пен Үкімет басшысы Кәрім
Мәсімов қатысты.
Елімізде электронды үкімет құру ісі қолға алынғанына бірнеше жылдың жүзі
болды. Әдетте халық сірескен шенеуніктердің есігін қақпай-ақ шаруасын
бітіргенді қалайды. Сондықтан бюрократиялық кедергілерден әбден мезі болған
жұрт электронды үкіметтің тезірек орнағанын күтіп жүр. Қазір ЕуроОдақ
тұрғындарының 75 пайызы электронды үкіметтің қызметін пайдаланып, ұзақ
сонар кезекті ұмытқан. Халыққа қызмет көрсетудің мұндай оңтайлы тәсілі
бізге де қажет-ақ. Конференцияны ұйымдастырушылар электронды үкіметті
дамытуға көпшіліктің назарын аударып, сарапшылардың ой-пікірлерін екшеп,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының мамандарын және
бағдарламаларын дайындаушы компаниялардың, сондай-ақ әлеуетті тұтынушылар
мен инвесторлардың бір-бірімен өзара тиімді ынтымақтастығын қалыптастыру
мәселесін талқылады. Осы ретте электронды үкіметке аз-кем түсінік бере
кетсек. Бұл жергілікті атқарушы органдардың және Үкіметтің мемлекеттік
органдар ресурсындағы ақпаратты бірлесе пайдалану және ақпараттық
технологияны күнделікті жұмыста барынша тиімді қолдану, осы тетіктер арқылы
ұйымдарға және азаматтарға жан-жақты қызмет көрсетуі болып табылады.
Электронды үкімет ең бірінші кезекте Үкіметтің жұмысын жетілдіреді. Қазір
елімізде Нақты тұлғалар, Заңды тұлғалар, Мекен-жайлық тіркеу,
Жылжымайтын мүлікті тіркеу салалары бойынша эталондық деректер базасы
жұмыс істейді. Үкімет үстіміздегі жылы электронды үкіметтің қызмет
көрсету өрісін дамыту үшін үлкен істер атқаруға бекініп отыр. 2009 жылдан
бастап кейбір мемлекеттік органдар лицензиялаудың автоматтандырылған
жүйесіне көшкені белгілі. Бұдан басқа бюджетке салық төлеу және басқа да
міндетті төлемдер интернет арқылы жүзеге асып жатыр.
Соңғы халық санағында тұрғындардың 55 пайызы компьютерді пайдаланатыны, ал,
1 миллион 200 мың адам интернетке қосылғаны мәлім болды. Халықтың 12,5
пайызы ғаламторға қол жеткізіп отырған тұста электронды үкіметті дамытпау
орынсыз болар еді. Қарапайым халықтың ғаламтор мен электронды қызмет
түрлерін пайдалануы көңілімізді марқайтады. Ал, бұл істе облыс әкімдері
шабан қимылдап отырғанын айтпай кетпеуге болмас. Электронды үкімет
жариялылыққа жол ашатыны білгілі. Бұл ретте, Кәрім Мәсімовтың блогына
жазылған хаттар қоғамдық пікірге қаншалықты қозғау салғанын есімізге
түсірсек жетіп жатыр. Үкімет қазір әрбір ауданның веб-сайтын жасап, ондағы
ақпараттарды жаңартып тұруға қажетті қаржы бөлді. Ал, жергілікті жердегі
атқамінерлер болса, Үкіметтің тапсырмасына жүрдім-бардым қарап отыр. Қазір
аудан тұрмақ, облыстың сайты жаңартылмай жататын кездер болады. Аудандардың
сайтына кірсеңіз құрғақ ақпаратқа кезігесіз. Тіпті, кейбіреулерінің мүлде
веб-сайты жоқ. Шамасы аудан әкімдерінің электронды үкіметпен шаруасы жоқ
сияқты.
Осы ретте жаңалыққа аса қызыға қоймайтын атқамінерлерге Нұр Отан ХДП
Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевтың Электронды партия
жобасын іске асыра бастағаны ой салатын шығар.
– Қазір Электронды партия жобасын жасау бағытында жұмыстар жүруде.
Пилоттық жоба ретінде Нұр Отан өзінің Астана қалалық филиалының базасында
электрондық портал құруда. Ары қарай партияның біртұтас электронды порталын
жасау жоспарлануда. Біз бұл жұмыста Үкіметтің көмегінен үміттіміз. Біз күш-
жігер біріктіру арқылы өзіміз белгілеген нәтижелерге қол жеткіземіз деген
ойдамын, – деді Дархан Кәлетаев.
Электронды үкімет сапалы байланыссыз іске аспайтыны белгілі. Бұл үшін
еліміздің кез келген жерінде, аптаның жеті күнінде, жағрапиялық
ерекшелігіне қарамастан үздіксіз байланыс болып тұруы керек. Осыны ескерген
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жыл соңына дейін елімізде 3G байланысы іске
қосылатынын атап өтті. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі әскерилер
пайдаланып жүрген жиілікті азаматтық салаға ауыстырып, 3G секторын дамыту
турасында тапсырма алды. Бұл байланыс түрі іске қосылғанда ұялы телефон
арқылы жылдамдығы 2 мегабайттік интернет арқылы түрлі видеоларды ұялы
телефонмен кез-келген адамға жіберуге болады.
Конференцияда Кәрім Мәсімов Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
ресейлік аудиториямен күресу үшін бәсекеге қабілетті болу керектігін
ескертті. Егер барлығы да ойдағыдай болса, онда Ресей мен Қазақстан таяу
арада бір кедендік одақта өмір сүретін болады, келесі қадам – бірыңғай
экономикалық кеңістік, іс жүзінде қазірдің өзінде біздер бірыңғай
ақпараттық кеңістікте өмір сүріп отырмыз. Егер әлеуметтік сұрау салуларға
көз жүгіртетін болсақ, Қазақстан халқының 55 пайызы қазақстандық емес,
ресейлік ақпараттық кеңістікте өмір сүреді, – деді К.Мәсімов. Осылайша
Премьер біздің өз контентімізбен ақпараттық кеңістігіміз бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсырма
берді.
Нұрлан ЖҰМАХАН
Қазақстан
Қазақстан электронды үкімет жүйесін Эстония тәжірибесіне сүйеніп жасайды.
02.06.2004
Біріншіден, бұл жүйе қоғамға үкіметтің парламенттің тіпті президент
әкімшілігінің жұмысын бақылап араласуға мүмкіншілік береді деді ол.
Екіншіден электронды үкімет бюрократтық кедергілерді жояды дейді Эстония
президенті Арнольд Рюйтель.
-Электронды үкімет арқылы ақпарат, бланк алуға болады бірақ, қазақ
шрифтерімен проблема бар.
Саясаттанушы Әміржан Қосановтың пікірінше, Қазақтанда электронды үкімет
ұйымдастырмай тұрып, елді мекендердегі коммуникация мәселесін шешіп алу
қажет.
-Қирап жатқан ауылдарда байланыс бар ма?
Саясаттанушы Жұмабай Доспановтың мәліметінше, қазақстандық электронды
үкіметтің қоғамға пайдасын тигізу үшін, республика ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz