Деректердің типтері. Электрондық кесте


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Электрондық кесте

Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттігі жиі кездеседі, мысалы, еңбекақыны есептеу тізімдемесі, смета құру, сатылған өнім туралы есеп беру және тағы сол сияқты. Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формуламен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән. Кестеде тек бір ғана жол болуы да мүмкін, мұндай кестені сызықтық кесте деп атайды. Бірнеше жолдардан тұратын кестені төрт бұрышты кесте деп атайды. Сонымен кесте дегеніміз не? Анықтама берейік.

Кесте -ақпараттың жолдармен бағаналарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағаналардың кез-келген санынан құрылуы мүмкін.

Жол -көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған -көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандармен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.

Ұяшық- дерек салынатын орын.

Ұяшықтарда алғашқы немесе бірінші, сондай-ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы мүмкін.

1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызады. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалады. Осыдан кейін-ақ электрондық кестелер тұжырымдамасын бір қатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 кестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Ink фирмасының SuperCalc-3-4-5 кестелік процессоры кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 кестелері жасалынды. Осы күнге дейін қуаты аз компьютерлерде SuperCalс-4. 5 нұсқасы қолданылады.

Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кең тараған. Бұл кесте компьютердің экранында былай бейнеленеді. Оның электрондық кесте (қысқаша ЭК) -деп аталатын өз бейнесі болады.

Электрондық кесте (ЭК) -ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

Электрондық кестелерде сол бағандар мен жолдар қолданылады. Мұнда графалар (бағандар) алфвит әріптермен белгіленеді және бағандар деп аталады, ал жолдар сандармен белгіленеді. Көптеген электрондық кестеде бағандары «А»-дан «Z»-ке дейінгі латын әріптерімен, ары қарай «АА»-дан «IV»-ға дейінгі екі әріп комбинацияларымен белгіленеді. әрбір жол 1-ден басталатын реттік нөмірмен нөмірленеді. Бірақ кішкентай дисплей экранына кесте бағандарымен жолдарының сондай көп мөлшерін қалай сыйдыруға болады?

Барлық әңгіме мынада, кестенің барлық элементтерін бірден көрудің қажеті жоқ, сондықтан экранды, әдетте 13 немесе14 баған мен шамамен 22-24 жол ғана көрсетіледі.

Егер басқа бағанмен жолды талдау керек болса, онда кестедегі керек баған мен жол көрінгенше экран бойымен оңға-солға немесе жоғары-төмен жылжытылады.

Егер бағандар мен жолдарда дерек болмаса, онда олар қолданылмайды, яғни әдеттегі «бос тор» сияқты бос болып қала береді.

Баған мен жол қиылысқан жерде ұяшықтар құрылады. Электрондық кестеде ұяшық дерек сақтаудың ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың өз адресі болады, ол оның коордиттарымен: баған белгіленген әріппен және жолдың нөмірін анықтайтын цифрмен айқындалады.

Мысалы, «А» бағаны мен «5» жолының қиылысуындағы ұяшық адресі «А5» болады. Кестедегі ұяшықтың адресін білу ондағы ақпаратты дұрыс тауып және онымен есептеу жүргізу үшін өте маңызды.

Адрес тек қана ұяшықтарда ғана емес, шектес ұяшықтар тобында- ұяшықтар блогында да (немесе біз оны бұдан былай ауқым деп атаймыз) болады.

Ұяшықтар блогы ретінде бүкіл жолды немесе жолдың бір бөлігін, бүкіл бағанды немесе бағанның бір бөлігін немесе төртбұрыш құрайтын бірнеше бағандар мен жол жолдарды қарастыруға болады.

Ұяшықтар ауқымы арасына бөлу белгісі (қос нүкте) қойылатын оның бірінші және соңғы ұяшықтарының адресімен беріледі.

Деректердің типтері

Электрондық кестенің ұяшығына қағаздағы кесте тор көздеріне енгізілгендей, алғашқы деректерді (мәндерін) енгізуге болады.

Мәндер мынадай типтерде: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін. Мәтін мен сандар тұрақты ретінде қарастырылады. Оларды ұяшықты редакциялау жолымен ғана өзгертуге болады.

Электронды кестедегі мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі болуы мүмкін.

Егер бірінші символ тырнақша болса, апостроф, бос орын немесе цифрлар әріптермен кезектесіп келсе, онда символдардың, қандай да болса жиыны мәтін ретінде қабылданады (мысалы, 2758 саны-цифрлық мән емес, мәтіннің жолы ретінде сақталады) . Мәтіндік ақпаратты енгізгенде «Enter» пернесін басқаннан кейін (үнсіз келісім бойынша), мәтін сол жаққа тураланады, яғни ұяшықтың сол жақ шекарасына жақындайды.

Сандық деректер- бұл цифрдан «+» немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін цифрлар тізбегі.

Бүтін сандарды (226), бөлшектерді (1/8 немесе 13/5), ондық бөлшектерді (987, 326 немесе 43. 65) немесе экспоненциальдық түрде берілетін сандарды (2, 5849Е+8) енгізуге болады. Кейбір кестелік процессорларда үтірдің орнына нүкте қойылады(978. 326) .

Қазіргі кестелік процессорлар дата мен уақыт символдармен жұмыс істей алады.

Дата мен уақыт мәнін айқындалған пішінде енгізу керек. Дата мен уақыт енгізу кезінде ғасыр басынан бастап (2000 жыл), енгізілген күнге дейінгі күн санын анықтайтын реттік нөмірге түрленеді.

Уақыттың мәні санның бөлшек бөлігі түрінде сақталады. Барлық күндер (оның қалай енгізілгеніне қарамастан) дд/мм/ пішінінде бейнеленеді.

Жазбаның бөліктерін ажыратып көрсету үшін қиғаш сызық, дефис немесе бос орын қолданылады.

Ұяшыққа дата мен уақытты жазудың бірнеше мысалын келтірейік және осы мәтіндердің формулалар жолында электрондық кестедегі формула бейнелейтін төртбұрышты аймақ қалай бейнелейтінін көрейік.

Күн Уақыт

Ұяшыққа

енгізілгені

Формулалар

жолында бейнеленгені

Ұяшыққаенгізілгені: 7/6/2004
Формулаларжолында бейнеленгені: 07. 06. 2004
Ұяшыққаенгізілгені: 6/қаңт. /04
Формулаларжолында бейнеленгені: 06. 01. 2004
Ұяшыққаенгізілгені: 6/маус. /
Формулаларжолында бейнеленгені: 06. 06. 2004
Ұяшыққаенгізілгені: Қаңт. /2004
Формулаларжолында бейнеленгені: 01. 01. 2004
Ұяшыққаенгізілгені: 07/06/04
Формулаларжолында бейнеленгені: 07. 06. 2004
Ұяшыққаенгізілгені:

Ұяшыққа

енгізілгені

Формулаларжолында бейнеленгені:

Формулалар

жолында бейнеленгені

Ұяшыққаенгізілгені: 7:50
Формулаларжолында бейнеленгені: 7:50:00
Ұяшыққаенгізілгені: 7:50 MA
Формулаларжолында бейнеленгені: 7:50:00
Ұяшыққаенгізілгені: 15:23
Формулаларжолында бейнеленгені: 15:23:00
Ұяшыққаенгізілгені: 15:23:22
Формулаларжолында бейнеленгені: 15:23:22
Ұяшыққаенгізілгені: 3:23 MP
Формулаларжолында бейнеленгені: 15:23:00
Ұяшыққаенгізілгені: 3:23:22 MP
Формулаларжолында бейнеленгені: 15:23:22

Уақытты 12 немесе 24 сағаттық пішімде көрсетуге болады. Егер 24 сағаттық пішім қолданылса, онда МА (түске дейін) немесе МР (түстен кейін) көрсетудің қажеті жоқ. 12 сағаттық пішімде МА немесе МР алдында бір бол орын болуы керек.

Дата мен уақытты бір ұяшықта көрсетуге болады, онда оларды бос орынмен бөлуге болады.

13/11/04/ 15:23

Берілген күннен басқасын азайтып, олардың арасында қанша күн бар екенін анықтауға болады.

Элетрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.

Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.

Математикалық операторлар Салыстыру операторлары

Оператор
Функция
Оператор: +
Функция: Қосу
Оператор: -
Функция: Азайту
Оператор: *
Функция: Көбейту
Оператор: /
Функция: Бөлу
Оператор: ^
Функция: Дәреже
Оператор: %
Функция: Пайыз
Оператор: Оператор
Функция: Функция
Оператор: <
Функция: Кем
Оператор: >
Функция: Артық
Оператор: =
Функция: Тең
Оператор: <>
Функция: Тең емес
Оператор: <=
Функция: Кем н\е тең
Оператор: >=
Функция: Артық н\е тең

Формулаларда қолданылатын операторлардың математикадағыдай келесі басымдықтары (арифметикалық амалдардың орындалу реті) бар:

  1. ( ) -дөңгелек жақша ішіндегі амалдар
  2. %-пайыз
  3. ^ -дәрежеге шығару
  4. * немесе /-көбейту немесе бөлу
  5. + немесе -қосу нмесе азайту
  6. <> = -салыстыру операторлары

Бсымдықтары бірдей операциялар орналасу ретімен солдан оңға қарай орындалады, дөңгелек жақшалардың болуы операциялардың орындалу ретін өзгертеді.

Формулалар, әдетте электрондық кестеде бейнеленбейді, бірақ қажет болған жағдайда сәйкес амалдарды орындап, оларды экранға шығаруға болады. Егер формула ұяшыққа сыймайтын болса, онда кестелік процессор формуланың ұяшыққа орналасуы үшін оның екенін автоматты түрде кеңейтеді. Кестелік процессор D және Е бағандарында берілген формула бойынша есептеуді автоматты түрде орындады, D2 -ден D7 - ге және Е2- ден Е7 -ге дейінгі ұяшықтарда D8 ұяшығына формуланың қорытынды сомасын енгізді.

Электрондық кестеге дерек қандай түрде енгізілсе, сондай түрде сақталады, бірақ олар экранға пішімдеу ережесіне сәйкес шығарылады.

Ұяшықта шығарылатындар бейнеленетін мәндер, ал формула жолдарында көрінетіндер енгізілген мәндер болып табылады.

Формула жазу ережесі

Жоғарыда электрондық кестенің ұяшығына формула енгізуге болады деп айтылды. Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады.

Электрондық кестеде кейде арифметикалық амалдарды ұяшықтардың бүтін блоктарымен орындау қажет болады . Блоктың адресі жоғары сол жақ төменгі оң жақ ұяшықтар адресінен тұрады. Осылайша 1- кестедегі қорытынды соманы есептеу үшін D2:D7 блогының адресін көрсету қажет.

Ұяшықтар блогын қосқан кезде, мысалы, = D2+D3+D4+D5+D6 +D7 формуласының орнына =СУММ (D2:D7) өрнегі D2:D7 ұяшықтарында сақталған сандардың орта мәнін есептейді.

МИН және МАКС функциялары көрсетілген ауқымның немесе сандар тізімі мәндерінің сәйкесінше ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтайды. Бұл функциялар былай жазылады:

= МАКС (1-мән; 2-мән; . . . ; соңғы мән) ;

= МИН (1-мән; 2-мән; . . . ; соңғы мән) .

1-кестедегі В бағанының ең кіші мәнін және С мен D бағандарының ең үлкен мәнін табуымыз керек делік. Ол үшін B9 ұяшығына =МИН(B2:B7) формуласын енгіземіз, бұл формуланың есептеу нәтижесі B2:B7 ұяшықтарының ауқымындағы ең кіші мән болады, ал С9 ұяшығына =МАКС(С2:С7) , D9 ұяшығына = МАКС(D2:D7) формулаларын енгіземіз. Берілген формула алдыңғы формулаға қарама-қарсы, ол осы ұяшықтар ауқымында берілген мәндердің ең үлкенін есептейді.

Логикалық функцияларды қолдану кестелік процессордың көмегімен логикалық есеп шығаруға мүмкіндік береді. Логика ережелерін біз жоғарыда қарастырдық.

ЭК бейнесін құрған кезде кестені есептеуге алдын ала дайындау болады, яғни сандық мәндерді енгізуге дейін, жолдармен бағандарға мәтінді енгізіп, ал ұяшықтарға есептеу жүргізілетін формуланы енгізу керек.

өшіру, кірістіру жолдарм ен бағандарды жылжыту сияқты кейбір операцияларда кестелік процессор формулалардағы ұяшықтың адресін автоматты түрде өзгеретінін ескеру керек.

Кейде ұяшықты басқа орынға көшіргенде, олардың координатасы өзгермеуі керек, ол үшін жол немесе бағанның координатасының алдына доллор белгісін қоямыз. Бұл символ кестелік процессорға ұяшықтың координатасын ешқандай жағдайда өзгертпеу керектігін көрсетеді. Мұндай адрес абсолютті адрес деп аталады.

Мысалы, формуласы бар D8 ұяшығына қайтіп оралайық: егер формула =СУММ($D$2:$D$7) түрінде енгізілген болса, онда біз оны электрондық кестенің қай жеріне көшірсек те ол бәрібір D2:D7 ауқымының ұяшықтарындағы деректерді қолданатын болады.

Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы

Кестелік процессорды іске қосу


Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу
Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу: Кестенің жаңа жұмыс бетін құру
Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу: Деректерді енгізу
Деректерді редакциялау
Енгізілген объектілермен жұмыс істеу
Кестені пішімдеу
Құжатты сақтау
Құжатты басу

Компьютерде кестелік есептеуді дайындау мәтіндік редактордағы сияқты бірқатар кезеңдерді тізбектеп орындаудан тұрады. Блок-схемада кестелік процессорда жұмыс істеудің негізгі кезеңдері көрсетілген. Бұл кезеңдер кез-келген ретпен кезектескен тізбекте болады, мысалы:

  1. жаңа кесте құрдық, яғни дерек енгіздік және оны сақтамай бірден баспаға шығардық;
  2. бұрын құрылған кітапты аштық, оны редакцияладық, сақтадық, бірақ баспаға шығарған жоқпыз;
  3. кесте құрдық және сақтадық;
  4. кітапты аштық, пішімдедік, баспаға шығардық, сақтадық және т. с. с.

Мәтінді енгізу және редакциялау

Мәтін пернетақтадан енгізілнді. Кейбір пернелер WordPad қолданбасында мәтінмен жұмыс істегенде қадет болады, соларды қарастырайық.

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытып отырады. «Enter» пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріптер үшін «Shift» пернесін басып тұрып қажетті әріпті тереміз. Жолды түгел бас әріппен теру үшін, «Caps Lock» пернесін басып, ал кішкене әріппен көшіру үшін, оны екі рет шертеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері 050111- информатика мамандығы бойынша
Жергілікті есептеу желілері және олардың ақпараттық жүйесі
Бастапқы және сыртқы кілттер туралы ақпарат
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
Excell кестелік программасы.Деректер Базасы (Access)
Ақпарат. ақпараттың берілу түрлері. ақпараттың көлемі
Деректер базасы
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Кітапхананы автоматтандыру процессі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz