Сот қызметінің өнегелік аспектілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сот қызметінің өнегелік аспектілері
Судья әділділіктің, заңдылықтың айнасы, ал оның әдептілігі, бет-
бейнесі, түр сипаты, өзін-өзі таныту жолындағы іс-әрекеті, тура ұстаған
жолы, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттің молдығына байланысты болады.
Профессор К.Х.Халиқов мемлекеттік органдар жүйесінде сот ерекше орын
алады деп өз еңбектерінің бірінде атаған болатын.
Ал адамгершілік өзара қарым-қатынастың қалыптасқан халықтың
ережелерін мүлтіксіз орындау әдеп сақтау болып табылады. Адам баласы
белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Ал қоғам болса адамның кейбір нәрселердің
орындалуын талап етеді, бұл талаптар орындалмайынша адам сол қоғамнан өзіне
тиісті орнын таба алмайды, бұзықтық жасаған адамды шеттеуге тура келеді.
Сол себепті әркім өзі өмір сүрген қоғаммен қалай болғанда да санасуға
тиісті, яғни өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, оны адал орындауы
қажет, солардың бірі судья болып табылады.
Негізі адам өмірге келгенде оның өсіп-өнген, ержеткен ортасы,
айналасын қоршаған табиғи тіршілік сезімін, ойын, болмыс-танымын, тыныс-
тіршілігін түйсік арқылы қозғап тыным бермей, сан алуан әрекет-қимыл
жасауға итермелейді.
Мемлекет орнатқан тәртіпті бұзуға, ережеден шығып кетсе, Қазақстан
Республикасының алдына қойған мақсаты құқықтық мемлекетке айналуы сияқты
сара жолдан таюға ешкімнің де хақысы жоқ.
Негізінен құқық жолынан ауытқымай, заңға бағынып, оны бұзбай жүрген
азамат мемлекеттік тәртіптің күшеюін қамтамасыз етеді, қоғамның даму
қарқынын жылдамдатады. Мысалы, қылмыстық істі жүргізу заңында
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, іс бойынша жинақталған
дәлелдемелер, бұлтартпау шараларын қолдану, айыпкерден жауап алу сараптама
жасау, тінту жүргізу және қылмысқа байланысты айғақ затты алу, куәлердан,
жәбірленушіден дер кезінде жауап алу, алдын – ала тергеу жұмысын уақытылы
бастау, істі тоқтата тұру, аяқтау мерзімі толық көрсетілген, сондықтан да
бұл заң барлық соттар, прокуратура, тергеу, анықтау қызметкерлері үшін
мүлтіксіз орындалуы міндетті болып табылады.
Құқықтық жолмен реттелетін қоғамдық қатынастар алуан түрлі келеді.
Мысалы: отбасы және неке құқығы, қылмыстық, азаматтық, қоршаған ортаны
қорғау құқығы сияқты болып келеді. Сондықтан кез келген заңды дұрыс
пайдалану үшін ол құқықтық қатынастың қай саласымен және нақты қандай
нормалармен реттелетінін анықтап алу керек, содан кейін ғана бұзылған
құқықты қалпына келтіру үшін сотқа талап арызбен жүгінуге болады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың
теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықтың шарт екендігін, жеке істерге кімнің
болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық
құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына
келтірілуін, олардың соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттілігін тануға
негізделген.
Азаматтардың өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз
мүддесін көздей отырып ие болады. Кез келген құқық саласында құқық пен
міндет қатар жүреді, бірін екіншісінен ажыратуға болмайды.
Әркім өзінің кәсіптік міндеттемесін орындаған кезде, ол ең алдымен
мемлекеттің мүддесін қорғайды. Сондықтан да әрбір қызметкер өз жұмыс
істеген мекемесінің атына кір келтірмеуге тырысады, ал керісінше болған
жағдайда ондай жауапсыз қызметкерді кез келген мекеме орны ұстамайды,
жұмыстан шығарылады, ал кейбір жағдайларда оның тиісті жауапқа тартылуын
өтініп жоғары тұрған органға арызданады. Сондықтан кез келген заң
қызметкері жүктелген тапсырманы адал әрі дұрыс атқарып отыруға міндетті.
Әсіресе заң қызметкері заңды дәлме-дәл, мүлтіксіз әрі өз мерзімінде,
өз дәрежесінде орындалуын қамтамасыз етеді. Заңды қалай болса солай өз
қалауы бойынша бұрмалауға, заңға қайшы келетін, яғни заңсыз қандай да
болсын іс-әрекет жасауға еш уақытта да жол берілмейді.
Заң қызметкерлерінің негізгі жұмысы заңмен тікелей байланысты
болғандықтан оларға екі түрлі міндет жүктеледі, бірі заңды өте жақсы
меңгерген білікті маман ретінде заңды мүлтіксіз қатал сақтау болса,
екіншісі адамгершілік тұрғыдаға түр сипаты ең жоғарғы дәрежеден көрінуге
тиіс. Сондықтан өзнің еңбек жолында заңның қай саласын таңдауына
қарамастан, алдыңғы тарауларды аса назар аударуды түсіндіріп, талдаған мән-
жайларға айрықша көңіл бөліп, ондағы бұлжымас әрі аса қажетті қағижаларды
жадына ұстап, оны күнделікті күйбең тіршілігінде дұрыс әрі тиімді пайдалана
білгенді жөн санайды.
Мысалы, әділ сот қара қылды қақ жарып, ақ-қараны айырып, әділдігін
істеп, немқұрайлылыққа, жүрдім-бардымға салынбай, азғыруға көнбей, параға
сатылмай, тек қана заңға сүйеніп, айыпталушыға оның жасаған қылмысына
сәйкес кінәлі екендігін анықтап отырып заң баптарында оның тиісті
тармақтарында көрсетілген сан мөлшеріне пара-пар нақты жаза
тағайындайтындығы бәрімізге белгілі нәрсе.Қазақстан Республикасында сот
төрелігін тек қана сот жүзеге асырады, ал судья сот билігін атқарушы болып
табылады.
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-
ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге
тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
   Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
  Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң
актiлерiн шығаруға тыйым салады.
     Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот
билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
     Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен
шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың
қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
     Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге
қызмет етедi.
Судьяға мынадай талаптар қойылады:
✓ Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын
бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;
✓ сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық
мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-
қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның
беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына,
әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән
туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;
✓ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот
төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу
әрекеттерiне қарсы тұруға;
✓ судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi;
✓ Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми
немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы
төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе
байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруіне болмайды;
✓ Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды,
қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз
сөйлеуге тиіс емес;
✓ Судьяның лауазым атқаруының шекті мөлшері 60 жас, ерекше
жағдайда ғана Әділет министрілігің әрі кеткенде бес жылға
ұзартуы мүмкін.
Аудандық соттың судьясы болып: жиырма бес жасқа толған; жоғары заң
бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл
жұмыс стажы бар; Әдiлет бiлiктiлiк алқасында немесе мамандандырылған
магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған; медициналық куәландырудан
өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн
ауруларының жоқтығын растаған; сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және
соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы
тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген
адамдарға тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.
Осы талаптарға сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл
жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде бес жыл судья болған азамат
облыстық соттың судьясы бола алса.
    Ал, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар, оның
iшiнде, әдетте, кемiнде он жыл судья болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы
бола алады.
Енді 1996 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы судьяларының
съезінде қабылданған Судья этикасының кодексі бойынша судьяның мінез-
құлқының негізгі принциптеріне тоқталып өтелік, олар:
1. Судья міне-құлқының жоғары үлгілерін орнықтыру мен сот
тәуелсіздігін және оған деген құрметті нығайтуға ұмтылуы
тиіс.
2. Әрбір судья құқықтық қоғамның ажырамас элементі болып
табылатын сот билігінің тәуелсіздігі мен ар-намысын
сыйлауға тиіс.
3. Судья сот билігін құрметтеуші және оның мәртебесін
сақтаушы болып табылады.
Әрбір судья өз қызметінде адал болуы, заңды бұлжытпай ұстануы, оларды
қадірлеуі және сотта өзін сотқа деген қоғамдық сенімді ақтайтындай ұстауы,
процеске қатысушыларға сабырлылық, әдептілік және кішіпейілділік білдіруі
керек.
Судья өз отбасында, қоғамдық және басқа да байланыстарына судья
ретіндегі өзінің қызметіне ықпал етулеріне жол берілмеуі тиіс.
Судья қызметіне тағайындалған немесе сайланған адам оның мамандығына
қойылатын талаптарды сезінуі және оған сөзсіз бағынуы тиіс.
Судья кәсіби және басқа да қарым-қатынастарында, сондай-ақ тұрмыста
өз жұмысымен байланысты адамға ғана емес, сондай-ақ басқа да сот
қызметкерлеріне де ізеттлілік, төзімділік және әдептілік сияқты міне-құлық
танытуы тиіс.
Сотта іс қарау барысында судья өз сөздерімен немесе іс-әрекетімен
қандай да болмасын қате түсінік немесе жеткіліксіз түрде объективті, соның
ішінде ұлты, нәсілі, діні, жынысы немесе жасына қарай кемсітушілік
білдіруге құқы жоқ, сонда-ақ процеске қатысушы тараптар бұған жол
бергізбеуі тиіс.
Қызметтен тыс кезінде судья өзінің судьялық міндеттеріне қатысты дау-
шаралар мүмкіндігінше аз болатындай ретте ұстауы тиіс.
Сондықтан судья өз мінез-құлқына:
✓ Оның бейтарап қызмет ету қабілетіне күмән келтіруге негіз
болмайтындай;
✓ Судья мамандығына кір келтірмейтіндей;
✓ Судьяға өз міндеттерін лайықты түрде орындауға кедергі
болмайтындай болуы тиіс.
Қорыта келгенде, Ата заңымыздың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс
судьялардың өздері заңды аттап, көзге көрініп тұрған қылмысты жамап-
жасқауға тырысса басқалардан не үміт, не қайыр күтуге болады?
Сот ісіндегі бір ғана әділетсіздік шешім қаншама адамдардың тағдырын
тәркекке салатынына қатты қынжыласың.
Сондықтан да заңсыз жауапқа тарту, заңсыз ақтау немесе жазасын
төмендету, орынсыз өте жеңіл жаза беруге ешуақытта да жол берлілмеуі керек.
Сотәділдігін жүзеге асыру барысында заңдылықты қатаң сақтау,
әділдікті қамтамасыз ету, әрбір істі мұқият, жан-жақты, тиянақты зерттеп
дұрыс шешуге қол жеткізу әрбір судьяның аса жауапты міндеті болуға тиіс.
Сот орындаушыларының қызметін үнемі тексеріп, орындалудың барысын
сұрап отыру да судьяның басты міндеті, өйткені әр қызметкердің ойлау
тереңдігі, істегі жеделдігі, жеке басының тазалығы бәрі де екшеленуі керек.
Fq0syАаааааааук03.04.2009 
Aikyn. KZ
Халықаралық сот стандарттарына көшуге кедергі неден?
Соңғы кездері еліміздің сот жүйесіне тың өзгерістер енгізіліп жатқаны
баршаға мәлім. Бұл жақсы нышан. Олардың бірқатары тиімділігін көрсетіп,
өміршеңдігін дәлелдей алды. Алайда көзге оғаш көрініп, бүгін қырықсаң,
ертең қылтиып бой көрсетуге қауқарлы арам шөптің аяққа оралатыны сияқты,
заң саласында да, құқық саласында да шекпен киіп, шен алғандардың арасында
алабөтендер жоқ емес. Айтар ойымыздың ауылынан алыстамай, турасын айтсақ,
сол теріс пиғылдылардың әділетсіз әрекеттері ел арасында Егер еліміздің ең
жоғарғы құзыры саналатын Жоғарғы соттың өзі әділетсіздікке жол берген
болса, не істеуге болады? Неге Қазақстан азаматтарының да қажет жағдайда
Халықаралық сотқа шағымдануына жол ашпасқа? деген әңгіменің тууына себеп
болып отыр. Расында да, бірқатар халықаралық маңызды құжаттарға қол қоймай,
біз Халықаралық сотқа шыға алмаймыз.
Сөзге тартқанымызда еліміздің белгілі заңгерлері қойылған сауалдар
төңірегіндегі толғақты тұстарды нақты көрсете отырып, Халықаралық сот
көмегіне жүгінудің әлі де мүмкін еместігін және оның себептерін тарата
айтты.

Сәкен Өзбекұлы, заң ғылымдарының докторы, академик:
– Халықаралық сотқа шықпас бұрын, ең алдымен өзіміздің сотымыздың жұмысын
реттеп алуымыз керек. Соттардың заңға бағынуы, оның этикасы, тәртібі сияқты
мәселелерде әлі де болса кемшіліктер жетерлік. Халықаралық сот турасында
тек содан кейін ғана айтуға болады. Өкінішке қарай, еліміздің сот жүйесінде
заңсыз әрекеттерге бару, үкімді біреудің пайдасына шығару сияқты
сорақылықтарға баратын судьялардың саны өте көп. Қазір осы салаға қатысты
сот марафоны деген термин қолданылып жүр. Сот марафоны дегеніміз не?
Соттың бір істі неше жылға созып, араша сұрап келгенді сандалтып,
сергелдеңге салып қою. Және де бұл сөз тіркесі сот шешімінің орындалуы жеті-
сегіз, тіпті одан көп уақытқа созылып кеткен жағдайларға айдар боп
тағылған. Сот марафоны, әсіресе, азаматтық істерде өте көп кездеседі және
ол үйреншікті жағдайға айналған. Ал оның артында адамның жеке құқығы,
бостандығы, оның өмірі мен денсаулығы тұр. Осы тұрғыдан алып қарағанда,
Халықаралық сотқа біздің елдің азаматтарының шағымдану құқын заңдастырған
жөн. Әсіресе, адам тағдыры тәлкекке салынып, өрескел әділетсіздіктерге жол
беріліп жатса, оны Халықаралық сот арқылы шешуден басқа амал бар ма? Алайда
мынаны ескерген жөн, ең алдымен елімізде Халықаралық сот құжаттарын
бекітуге мүмкіндік беретін құқықтық тетіктерімізді жасап алу керек.
Мәселен, Халықаралық сот істі қандай нормамен қарайды? Біздің ұлттық
құқықтық жүйемен бе, әлде басқа жүйемен бе? Мәселен, АҚШ-тың құқықтық
жүйесінде англо-саксондық жүйе қолданылса, біз романо-германдық жүйеге
жүгінеміз. Екеуі ешқандай сәйкестігі жоқ, мүлде екі басқа дүние. Немесе
мұсылман елдеріндегі сот жүйесін алып қарайық, оларда барлық құқықтық
мәселелер шариғат заңымен реттеледі. Ол да біздің жүйемізге қайшы.
Сондықтан да біз Халықаралық сот бағынып отырған стандартқа көшуіміз керек.
Десек те, әсіресе, адам құқықтарына байланысты жағдайда Халықаралық соттың
араласуы аса қажет деп санаймын.

Марат Сәрсенбаев, заң ғылымдарының докторы, профессор:
– Халықаралық келісімдерсіз ешқандай мемлекеттің басқа бір елдің ішкі ісіне
араласуға құқы жоқ екендігі белгілі. Демек, Халықаралық сотқа бірігуіміз
үшін біз көптеген пактілерге қол қоюымыз керек. Бұл өте күрделі шаруа. Бір
күнде, бір жылда жасау мүмкін емес. Сондай-ақ қолданыстағы заңдарымыздың
кейбір тұстарын өзгертіп, толықтырулар енгізбесе тағы болмайды. Содан кейін
барып, алдымен тәжірибе жүзінде байқап көріп, оны көпшілік талқысынан
өткізу керек. Менің ойымша, ерте ме, кеш пе, біз Халықаралық сотпен жұмыс
істейтін боламыз. Біртіндеп соған келе жатырмыз да.
Тергеушілеріміз бен соттарымыздың арасында, жасыратыны жоқ, адам құқығын
бұзып жатқандар аз емес. Сөйте тұра, олардың талайы жауапкершілікке
тартылмайды. Осындай әділетсіздіктердің бетін ашып, шындық іздеп шырылдап
қалатын азаматтардың мүддесін қорғайтын бірден-бір құзыр – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Кәмелетке толмағандармен жасалатын зорлықшыл қылмыстылығының криминологиялық сипаттамалары
Құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы және мінез құлық түрлері
Медициналық этиканың дамуы
Аудит стандарттары және аудитордың кәсіби этикасы
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Жұмыссыз қылмыскердің типологиясы
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Пәндер