Тәңірлік діндерде Пайғамбар түсінігі


Тәңірлік діндерде Пайғамбар түсінігі.
Жоспар
І тарау. Иудаизмде Пайғамбар түсінігі
I-1 Шын және жалған Пайғамбарлар
I-2 Еврейлердің Пайғамбарларды өлтірулері
I-3 Еврейлерде Пайғамбарларды асыра төмендету үлгісі
ІІ тарау. Христиандықтағы Пайғамбар түсінігі мен олардың Хазіреті Исаға берген сипаттары
II-1 Адамдық сипаты
II-2 Тәңірлік сипаты
II-3 Мәсих сипаты
II-4 Киелі рух сипаты
ІІІ тарау. Исламда Пайғамбар түсінігі
III-1 Пайғамбарлық миссияға сенім
III-2 Пайғамбарлар жайында жаңылыс түсініктер
III-3 Жалған Пайғамбарлардың ортаға шығуы
III-4 Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) -ды асыра көтермелеу үлгісі
III-5 Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) -ды асыра төмендету үлгісі
Қорытынды
Сілтемелер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат тарихына үңіліп, алғашқы дәуірлерге назар аударсақ Аллаһ тағала адамзатты тура жолға бұру үшін түрлі халықтьар арасына пайғамбарлар жіберген. Олар өмір бойы жұртты имандылыққа уағыздап, үгіт-насихат жүргізген. Аллаһ тағала пайғамбарларды халық арасынан өзі таңдап ұзақ уақыттар бойы кезегімен жіберіп отырған. Кейбір деректерге сүйенер болсақ 124 мың пайғамбар өткен деген мәлімет бар. Олардың көпшілігі ескі заманда өткендіктері үшін аты - жөндері біздерге жетпеген. Құран кәрімде 25 пайғамбардың аты аталады. Солардың біразы дүниедегі ірі үш дінде, атап айтқанда: Яхуди (Еврей), Насара (Христиан) және Ислам діндеріне ортақ болып келеді.
Бұл Аллаһтың бірлігін құранның хақтығын дәлелдейді. Әуелде Аллаһ жіберген елшілердің соңына ерген халықтардың кейінгі ұрпақтары келе-келе түрлі топтарға бөлініп кеткендіктен, олардың Аллаһ туралы, пайғамбарлар туралы түсініктерінде елеулі айырмашылықтар пайда болған және тілдік ерекшеліктеріне орай пайғамбарлармен оларға Аллаһтан түскен кітаптардың аттары да діндері де түрліше болғанымен барлығыда Аллаһтың бірлігін, барлығын уағыздаған діндер және пайғамбарлар болып табылады . Қазіргі таңда илаһи діндердің Аллаһ, Пайғамбар, Періште, Кітап, ақирет жайлы түсініктері мен пікірлері әрқалай болып келеді. Бұлай болуының да өзіндік себептері бар. Осы еңбегімізде илаһи діндердің пайғамбарлар жайындағы түсініктерін салыстыра отырып қарастыратын боламыз.
Иудайзмде Пайғамбар түсiнiгi.
Иудайзм дiнi өмiр сүрген ең негiзгi тәңiрлiк дiндердiң ескiсi болып саналады. Бiрақ та оған мүше болғандар саны өте аз, бүгiнде жер жүзiнде иудайзм дiнiн дiн ретiнде қабылдағандардың саны 18-20 милионға жуық. Бұлардың 4 милионы Израйльде ал 6 милионы Америкада одан қалғандары Европа және басқа мемлекеттерде өмiр сүруде. Еврейлердiң дiнi болған Иудайзм дiнi дiндер тарихында ерекше бiр орны бар. Және бұл дiн Тәңiрлiк негiздегi ең ескi дiндердiң бiрi болып саналады. Бұл дiннiң тарихы бiр неше мыңжылдарды артта қалдыру мен бiрге бұл дiннiң маңызды ерекшелiктерiнiң бiрi Исрайль ұлдарымен Тәңiр арасындағы “уәде” жайында қасиеттi кiтаптарында маңызды бiр орын алуда. Осыған байланысты бұл дiн “уәде” дiнi болып есептелуде. Исраил ұлдарының бастарына келген қиыншылықтардың себебi осы антқа , берген уәделерiнде тұрмағандықтарынан пайда болғандығы жайында өздерiнiң қасиеттi кiтаптарында да және Құранда да хабар берiлуде. Еврей дiнi Бабил сүргінiнен кейiн ұлттық бiр дiн халiне келтiрiлгендiгi жайында кең таралған. Жалпы Иудаизм дiнi тек Тәңiрге, уахиға, қасиеттi кiтапқа сүйенген және Пайғамбарларға маңыз берумен бiрге ұлттық дiндерден болып саналады. Яғни Иудайзм дiнiнде басқа дiндер сияқты Пайғамбар сенiмi үлкен орын алған. Еврей сенімінде Пайғамбарға үлкен маңыз береді. Пайғамбарларға сену негізі қалыптасқан. Олардың ең үлкен Пайғамбарлары Хз. Мұса болып саналады. Және де одан басқа әйел Пайғамбарлар келгендіктерін қабыл етеді. Еврейлерде Пайғамбар сөзі үшін әртүрлі терминдер қолданылады. Бұлардың басында ең көп қолданылатыны - Нәби сөзі келеді. Ескі Өсиет кітабында, ең алғаш Хз. Ибрахим үшін қолданылған бұл «Нәби» термині «өзіне міндет берілген, тапсырма үшін жіберілген» мағынасында қолданылса, «Пайғамбар» сөзінің мағынасы-«Тәңір жағынан бір міндетпен жіберілген» мағынасына келеді. Сол үшін де Еврейлер сенімі бойынша Пайғамбарлар - Тәңірден алған нәрселерін адамдарға жеткізумен жүктелген, міндеттелген деген сенімде.
Еврейлер Алланың Пайғамбар жiбергендiгiне сенедi. Және де Иудайзмде Пайғамбарлардың екi сипаты бар екендiгi айтылады:
- Адамзатты Аллаһқа құлшылық етуге шақыруы әрi Аллаһқа серiк қоспауы керек.
- Болашаққа қатысты хабарлар берiп және айтқандары қалай да жүзеге асуы керек
Бұлардан басқа, Ислам дiнiндегі сияқты Пайғамбарлар үшiн уәжiп болған, яғни болуға тиiстi 5 сипат жоқ. Сондықтан Еврейлердiң дiнiнде: Пайғамбарлар айла жасап, адамдарды алдай алады, ойнастық жасай алады, зұлымдық iстей алады, өтiрiк айта алады, тек қана өзiнiң жеке мүддесiн ойлайтындай мiнез көрсете алады. Тiптi Еврейлердiң Пайғамбарлар туралы айтқан әңгiмелерi Таураттағы екi шартқа да қайшы келедi. Мысалы бұзылған Тауратта Харун Пайғамбар алтынннан бұзау жасап, соған табынуды әмiр еткен деп кiнәланады. Еврейлер осы жағдайды Харун (а. с. ) бұзауды пұтқа табынатын қауымның қысымының нәтижесiнде жасады 1 - деген түрде жорыса да, бұл Пайғамбарлық мiндетiне мүлдем сәйкеспейдi . . . Өйткенi Пайғамбарлар “Құдайы күшейтумен” яғни Аллаһтан көмек келуге жетерлiктей дәрежеде жiберiлген. Ал Құран кәрiм Еврейлердiң Харун (а. с. ) туралы өсек аяңдарын мүлдем қабылдамай, мәселенiң турасын бередi. Құранда келтiрiлген мәлiмет бойынша Харун (а. с. ) пұтты жасамаған, керiсiнше бұзау түрiндегi пұттың жасалуына кедергi болуға тырысқан, тiптi сол себептi Израйл ұлдары тарапынан өлтiрiлу қаупі туған Пайғамбар болып есептеледі.
Және де Еврейлер Пайғамбарларды оларға жат әрi әсте қабыл етiлмейтiн сйпаттармен безендiредi Мысалыға айтар болсақ 2
а. - Хз. Нұх топаннан кейiн жүзiм өсiрiп арақ өндiрген, маскүнем бiреу. Бiр күнi қатты iшкенi сондай, шатырында мас болып ұйықтап қалады. Дәл сол кезде кiшi ұлы Хам iшке кiредi де әкесiнiң жалаңаш жатқанын көредi. Бауырлары Сам мен Яфеске айтып әкесiнiң үстiн жапқызады. Нұх айыққанда кiшi ұлының iстегенiн бiледi . . .
Бiрақ Нұх сол себептi ұлын емес, немересi Кенанды қарғайды. Сондықтан Кенан есiмi Еврейлердiң ең жек көретiн есiмдерiнің бірі болып саналады. 3
ә. - Хз. Лұт Таураттың баяндауы бойынша қыздарымен зина жасаған болып шығады. Содом мен Гоморе қалалары құртылып, жойылғанда Лұт пен екi қызы қашып құтылып бiр үңгiрге кiредi. Хз. Лұт ұйықтап қалғанда қыздары:
“-Мемлекетте нәсiлдiң жалғасуы үшiн бiз тие алатындай еркек қалған жоқ. Әкемiзге арақ iшкiзейiк ! . . . ” -деп, әкесiмен қосылады. 4
б. - Хз. Яқұп әкесiнiң батасын аларда егiзi Ыйсты айла жасап алдайды. 5
в. - Хз. Дәуiт әйелi көп болған бiр патша едi. Сонда да Уряның әйелiн көргенде, оған пейiлденедi де зина жасайды. Кейiннен Уряны соғыс айласымен өлтiртедi. 6
г. -Хз. Сүлейменнiң мың әйелi бар едi. Сүлеймен өмiрiнiң соңғы кездерiнде осы әйелдерiнiң iшiндегi пұтқа табынатындарының соңына ерiп, пұттарға табынып кетедi. Осымен Хз. Сүлейменнiң де “Тәңiрдiң алдында жаман болған iстердi” iстегенi айтылады. 7
Еврейлер өз iшкi дүниелерiндегi нәпсi армандарын Тауратта жалғастырып, үнемi өздерiне жеңiлдiк жасауға тырысқан едi. Әлбетте осылардың бәрi Еврейлердiң өз зұлымдықтары мен сатқындықтарының нәтижесiнде айтылған өсек-аяңдар. Осы “лағнеттелген қауым” үшiн бұл оқиғалар жай, әдеттiгi iстер сияқты. Өйткенi, олар өздерiнiң жеке мүдделерiне келiспеген жағдайларда өсек аяң айтулары былай тұрсын, Пайғамбарларын өлтiруден де тайынбаған. Хз. Закария мен ұлы Хз. Яхия осылай зұлымдық көрiп өлтiрiлген екi Пайғамбар. Еврейлер бойынша Пайғамбарларда да ұлттық бiр мiнез қалыптасқан. Олардың көзқарасы бойынша Пайғамбарлар тек қана Исрайл ұлдарынан шығады деген сенімде. Олар өмiр сүру тұрғысынан Пайғамбарлардың жоғарғы сипаттағы жеке тұлғалар екендiктерiн қабыл етпейдi. Олардың түсiнiгi бойынша Пайғамбарлар басқада адамдар сияқты жүз қызартушы айыпты iстер iстеулерi мүмкiн деп сенедi. Олар Хз. Иса және Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) ның Пайғамбарлықтарын қабыл етпейдi, Пайғамбарлар арасында Хз. Мұсаға үлкен бiр маңыз бередi. Осы себептен оларға “Мусеви” деп атайды. Еврейлер Християндар сияқты Узейiр (а. с. ) ды Алланың ұлы деп түсiнедi. Емендегi жүргiзiлген ғылыми зерттеулер нәтижесiнде еврей бiр тобының осы сенiмде екендiктерi анықталады. Олар Хз. Исаны Пайғамбар емес, дүнйенiң әмiршiсi, дүнйенiң билеушiсi, бiр патша ретiнде қабыл етедi. Яғни бұл көзқараста Хз. Исаның Пайғамбарлығын қабыл етпей оны жәй дүниедегi бiр әкiм немесе басқарушы деп түсiнетiндiктерi ашық көрiнуде. Ал Хз. Харунды болса Алланың елшiсi емес, Хз. Мұсаның елшiсi, Пайғамбары деп қабыл етедi Яғни Еврейлер Хз. Харунның Пайғамбарлығын қабыл етпей, Хз. Мұсаның дәрежесін жоғарлатып, Хз. Харунды оның көмекшісі ретінде қабыл етумен бірге оған түрлі жаман қасиеттерді тағуда.
Шын және Жалған Пайғамбарлар.
Еврей сеніміне қарағанда Пайғамбарлар шын және жалған болып екіге бөлінеді: Шын Пайғамбарлар, адамдарды тәңір құлшылығына және Аллаһтан басқа нәрселерге, табынбауға шақырады. Және де шын Пайғамбарлар келешекке байланысты берген хабарлары дұрыс шығуы тиіс. Егер берген хабарлары дұрыс шықпаса ол Пайғамбар жалған Пайғамбар болып есептеледі.
Ал жалған Пайғамбарлар болса адамдарды пұтқа табынуға шақырады, арақ ішеді, түрлі жаманшылықтар істейді. Және де келешекке байланысты берген хабарлары шындыққа аспайды. Еврей сенімі бойынша Пайғамбарлық Хз. Ибрахимнен басталып, Хз. Мұса олардың ең үлкен Пайғамбарлары болып саналады. Және де олар Хз. Ибрахимнен алдынғы Пайғамбарларды Пайғамбар ретінде емес, ру басшысы «Патриарх» ретінде қабыл етеді. Еврей көзқарасы бойынша Тәңір Хз. Мұсаның қарындасы болған Мирьям Дебора және Ноадя сияқты әйел Пайғамбарлар да жіберген деп сенеді. Еврейлік те Пайғамбар сенімі жайында мағлұматтар кеңінен ашықталып жазылмаған. Кейбір әдебйеттерде Пайғамбарларды Пайғамбар емес патша және поптар ретінде қабыл еткендігі жазылуда. Оларға толық Пайғамбар түсінігі берілмесе де кейбір “Ескі өсиет” кітаптарында Тәңірден уахи келгендігі айтылуда. Мысалыға айта кетер болсақ Еврейлер Хз. Дәуіт және Хз. Сүлеймен Пайғамбарларды әкім, патша ретінде қабыл етсе, Хз. Харунды болса поп ретінде қабыл етеді. Еврейлердің бұл көзқарастарына қарағанда олардың Пайғамбар түсініктерінің өте тар көлемде екендігі айдан анық көрінуде. Еврейлер тек қана Хз. Ибрахим мен Хз. Мұсаның ғана Пайғамбарлығын және де одан кейін келген Пайғамбарлардың кейбіреулерінің ғана Пайғамбарлығын қабыл етеді. Ал қалған Пайғамбарлардың Пайғамбарлығын қабыл етпей оларды Пайғамбар емес патша және поптар түсінігінде қабыл етеді. Осылайша Еврейлердің көзқарасындағы Пайғамбар түсінігі түрліше ашықталуда. Мысалыға айтар болсақ Еврейлер Пайғамбарлардың көбін өлтірген және де оларға Пайғамбарлығына жараспайтын, тура келмейтін күнә, айыптармен айыптаған.
Еврейлердің Пайғамбарларды өлтіруі.
Хз. Сүлеймен Пайғамбардан кейінгі дәуірлерде болған маңызды оқиғаларға тоқтала кетейік. Патша Ехошафат дәуірінде адамдардың көбісі иман еткендер еді. Оның ұлы Ехорам дәуірінде де бір бөлік адамдар бір Тәңірді қабыл етіп, ал қалған бөлігі басқа діндерді қабыл еткен еді. Оның ұлы Алиаху дәуірінде болса адамдар пұтқа құлдықта өмір сүрген. Оның өлтірілуімен оның орнына өткен анасы Ислияху дәуірінде күпірлік барынша кең тараған. Ислияхудың өлімінен кейін орнына келген немересі Иойш анасының күпірлігін жалғастырды. Закария Пайғамбарды таспен атқызып, өлтірткізді. Содан кейін өзі де сарай ұлдарының тарапынан өлтірілді. Содан кейін патша болған Азияху Хз Дәуіт Пайғамбардың нәсілінен келген Исрайыл ұлдарының Пайғамбары Амосты өлтірткізеді.
Хазкияның өлімінен кейін патша болған Минша пұтшы еді. пұтханаларды құрдырып, әр жерлерге мүсіндерді салғызды. Бұдан да бетері Ишая Пайғамбардың басын арамен кестіріп, шәһид еттіреді.
Патша Ахаб дәуірінде Исрайыл ұлдары тағы да пұтқа құлдықты жалғастырды. Сонымен қатар Иляс Пайғамбарды өлтіру үшін түрлі айлалар жасады. Алдын айтып өткеніміздей Исрайыл ұлдарының сенімінде айқындалғандай Пайғамбар түсінігі негізінде күнәхарлықтан бой алуда еді. Егер оларға бір Пайғамбар жіберілсе ол Пайғамбардың қай нәсілден шыққандығына мән беріп, егер қарсы нәсілден болса онда оған қарсы шығып, оның Пайғамбарлығын қабыл етпейтін. Не болмаса жіберілген Пайғамбарды қабыл етпеген жақтың саяси бір күші бар болса, бұл қарсы шыққан Пайғамбарларды өлтіруге дейін баратын. Еврейлердің Пайғамбарларға қарсы болулары тек қана өлтіру пікірінде ғана болмаған, олардың Пайғамбарлықтарын мойындамай, оларды төмен санаған. Пайғамбарлардың Пайғамбарлықтарын, елшіліктерін мойындамағандықтан олардың көпшілігін өлтірген. Яғни Еврейлердің Пайғамбарларды өлтіріп, оларға зұлымдық жасағандықтарына қарағанда олардың Пайғамбар түсінігі өте тар екендігі айдан анық көрінеді.
Еврейлердің Пайғамбар түсінігі жайында Құран Кәрімде былайша баян етеді: «Олар: Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?»-десті. 8 Бұл аяттың баяндауына қарағанда еврейлер Хз. Мұса және Хз. Харун Пайғамбарлардың Пайғамбарлығын төмен көріп, оларды да өздері сияқты қарапайым адам ретінде есептегендіктен оларға иман етуді қаламаған. Перғауынның Хз. Мұсаға айтқан сөздерін Құранда былайша баян етеді: «Әй Муса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару үшін келдің бе?»-деді 9 «Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды». 10 «Тағы қолын шығарды. Ол қараушыларға аппақ көрінді». 11 «(Перғауын) Айналасындағы бастықтарға: «Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен»-деді». 12
Бұл аятқа қарағанда Перғауын және оның жақтастары Хз. Мұсаның Пайғамбарлығын мойындамай, оның өте керемет бір сиқыршы екендігін қабыл етіп, оған басқаша көзқараста болған.
Еврейлерде Пайғамбарларды асыра төмендету.
Пайғамбарларын асыра көтермелеген Христьяндар да төмендету бейімділігі басым болғандай, Пайғамбарларын жерге қаратардай төмендету әрекеттері басым болған Еврейлерде де еврейлену бейімділігі басым болған. Бұл бейімділіктің атын Еврейлену деп атауымыздың өзіндік бір себебі бар екендігін айтқанымыз жөн болар.
Өйткені адамзат тарихы, - Пайғамбарлыққа және Пайғамбарларға жасаған қастандық туралы мысалдарға толы. Бұл шындыққа басты Құран болып, Таурат пен Інжілде де доп басып айтуда.
Құран Израйл ұлдарының өз райларына пайдаларына жасалған әрекеттерін, Хз. Пайғамбардың өміріне бағыттай отырып, әрекеттер байланысында бірер көріністер көрсетеді. Таха, Ағроф сияқты Меккелік сүрелерде айтылған Хз. Мұсамен оның хабарына байланысты парақтар өте көп. Хз. Мұса иман еткендермен бірге Перғаун және оның қауымы арасындағы байланыстарға тоқталады. Себебі ашық: Хз. Мұсаның міндетін ары қарай жалғастырған Хз. Мұхаммед (с. а. у) Пайғамбарға және оның әкелген илахи хабарына өте қатты дәрежеде қарсы тұрған Меккелік мүшрік қауымынан сабақ алуға шақыру. Осылайша Құран Хз. Пайғамбармен Хз. Мұсаның Меккелік мүшрік қауымы мен Перғауын және оның қауымы арасында бір ұқсастық болғандығын білдіреді. Бақара мен Майда сияқты Мадйналық сүрелерде айтылған Хз. Мұса және оның хабарына байланыста парақтар болса Мұса үмбетінің Пайғамбарларына қарсы әрекетерін, Хз Мұхаммед (с. а. у) үмбетіне бір ғибрат қағазы, дәлелі ретінде ұсынады.
Құранның жорамал жасаған еңбегінің бірінде шығыстанушы Болжон былай дейді: “Израил ұлдарының пайымдауынша Пайғамбарлық табысқа жеткен шебер ғалым, тіпті олардың көбі халық ақыны немесе компзитор” деген пікірді айтқан. Еврейлер Пайғамбарларының көбісін “өтірікшілер” деп тас боран қылған. Хз. Исаға Еврейлер тарапынан жасалған мәміле де осының ұқсас мысалы болып келеді. Хз. Сүлеймен жайындағы ойлары да осылай. Құран хабары, олардың Хз. Сүлеймен жайындағы жарғыларын былайша жоққа шығарады: Сүлейменнің басқаруы кезінде олар шайтандар қулықтарының соңына ерді. Сүлеймен күпірлікке түсіп адаспады, керісінше сор шайтандар адамдарға үйретіп күпірлікке адастырды.
Бұл аяттан түсінікті болғаны сияқты Еврейлер Хз. Сүлейменді күпірлікке түсті деп жала жабатын. Олар Хз. Сүлеймен жайындағы бұл ойларын “Китабул Муққадис”-ке дейін кіргізіп жазған. Олардың пікірі бойынша Хз. Сүлеймен пұттарға табынудан қайтпайтын еді. Осылыйша Хз. Сүлеймен басқаруының ең көрікті кезеңі болған өмірінің соңғы жылдарында пұтқа табынушы әйелдерімен күңдерінің көңілдерін көтеру мақсатымен олардың пұттарына да құрмет көрсеткен, тіпті оларға ғибадат еткен деген пікірлерді айтуда. Біздің ойымызша олардың Хз. Сүлейменді күпірлікпен кінәләулары, пұттарға табыну хикаясын айтудың қажеті жоқ. Өйткені Таурат және Талмуд оларды өте қатты дәрежеде тыйым салған және бұл іспен шұғылдану пұтқа табынумен тең санаған. Хз. Сүлейменнің пұттарға табынғандығының негізі, оның сиқыршы болып көрінуі еді. Израил ұлдарының басқаруы кезінде мемлекеттерінің саясаты, өнерінде ғылымында және хикметке жеткен себебі сиқырдың нәтижесінде қол жеткізген деген сенімінде. Мадиналық Еврейлер “Мұхаммедтің тірлігіне қараңдар! Тура мен сияқты жаңылыстарды бір-біріне араластырады” деп Хз. Сүлейменді Пайғамбарлардың арасынан еске алады. Осылайша Еврейлер Хз. Сүлейменді жалданған бір сиқыршы деген пікір айтады. Құран Еврейлердің бұл теріс пікір және жалаларын жоққа шығырып, Хз. Сүлейменді ақтап шығарады. Израил ұлдарының Пайғамбарлық құрылымды төмендетулері тек Хз. Сүлейменді ғана сөзге тартпаған, өткен Пайғамбарларды да қамтыған, Хз. Нұхқа жасалған лас және теріс жала пікірлері, Хз. Ибрахимге және оның әйелі Сараға жасалған жаман жала пікірлер осылардың басында келеді. Хз. Яқуб Аллаһқа қарсы шыққан және оны аптайыған ретінде сүреттеледі. Бұл мысалдардың бірі кіші бауыры Хз. Мұса уахи алу үшін кеткен кезде Пайғамбар болған Хз. Харун алтыннан бұзау пұтын жасап оған табынуларын әмір еткендігі туралы теріс жаласы тағы бар. Жоғарыда айтылып өткен аяттың күнделікті өмірге әкелген “сиқыршылық” деген айыптаумен қоса Хз. Сүлейменнің ойынға келіп пұтқа табынғандығын алға қоюда.
Еврей тәпсір аяты, Ескі өсиетте орын алған осындай теріс пікірлердің кейбіреулерін жорамал жасаған. Бұл тәпсірлердің кей біреулері қабыл етілген, бірақта кейбір жала пікірлердің жорамал жасалмайтындығы ашық көрінуде. Еврейлердің өздеріне жіберілген Пайғамбарларға қарсы менсінбеушілік әрекеттері тек жала жабумен ғана болмай, олардың жолын алуды яғни миссиясын тартып алуды мақсат еткен.
Патша Ислияхудың артынан патшалыққа өткен немересі Иоуш, Хз. Закарияны тас боран етіп өліміне себепші болған. Хз. Дәуттің немерелерінен болған Пайғамбар Амос қатты тексеру себебімен патша Азияху тарапынан өлтірілген: “Қудуста шашырап өмір сүргендерге нендей өкініш! пілдердің үстінде жатқандарға, отардан қозы, ақырдан бұзау алып жегендерге нендей өкініш! Сантур даусымен бостан-бос өлең айтқандарға және Хз Дәуіт сияқтанып музыкамен есі ауғандарға, ожаулармен шарап ішіп, әдемі иіс сүргендерге нендей өкініш!” Иса деп есептелген Ишая Пайғамбар бәрінен де өте келісімді сұрыптаулар, тексерулер жасап, Еврейленген Израил ұлдарын таухидке шақырған. Еврей патшасы Мишнаның жауабы зұлымдықпен болды: Пайғамбар Ишаяның басын қылышпен кестірді. Хз. Мұсаның әкелген илахи уахиының тарихы болған Еврейлер, Хз. Мұсаның шын уахиына Пайғамбарлығына қарсылық көрсетіп, сондай жаман төмендету әрекеттері өздерін Хз. Ибрахимның нәсіліне және сеніміне байланысты етіп келген Мекке қауымы жағынан ұқсас бір кезеңмен Хз. Пайғамбарға және оның әкелген уахиына қарсы жайып салған.
Христиандықта Пайғамбар түсiнiгi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz