ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ.
- Халықтың әлеуметтік жағдайындағы қиындықтар мен проблемалар
- Еліміздің мәдени дамуындағы өзгерістер
Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі-адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, экономиканың өсуі мен тұрақтануына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру.
Әлеуметгік салада егемендіккс жеткеніміздің басты көрсеткіші ұлттық байлықтың көбеюі, халықтың тұрмыс-тіршілігі дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтік қабілетіне байланысты. Оған құндылықтар жүйесі, оқу-білім, кәсіби шеберлік, білім-ғылым базасының деңгейі, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық институттардың даму дәрежесі және т. б. жатады.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты жақсы өмір сүру халықтың көпшілігінiң көзінен бұл-бұл ұшты, оның тұрмыс жағдайы жыл сайын төмендеп отыр. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы соңғы жылдары тиісінше дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Қазірде халықтың материалдық-тұрмыстық жағдайының үнемі нашарлауы, баға мен ақша құнсыздануының өсуі адамдардың болашаққа деген сенімсіздігін, моральдық-психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейтіп отыр, рухани жүдеулік те осыдан өрбуде.
Еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайға әсерін тигізді. Мұны бала туу мен өлім-жітімнің, сондай-ақ халықтың республикадан тыс жерлерге көшіп кетуінің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жылдар аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21, 0 адамнан 16, 6 адамға дейін азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның ішінде Израильге, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т. б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді. Олардың саны 1992 жылы - 352 мың, 1993 жылы - 333 мың, 1994 жылы - 542 мың, 1995 жылы - 423 мың болды. Осы себептермен байланысты халықтың саны жылдан-жылға қысқарды. Егер 1992ж. Қазақстанда - 17 млн. халық болса, 1993 жылы - 16 млн. 871 мың, 1995 жылы - 16 млн. 539 мың, 1996 жылы - 16 млн. 41 мың, 1997 жылы 15 млн. 860 мың, ал 1999 жылдың басыңда 14 млн. 951 мың адам болған, немесе 1992 жылмен салыстырғанда республикада тұратын халықтың саны бір миллион 247 мың адамға қысқарған. Соңғы кезде қалада тұратын халық көбейді еліміздегі барлық халықтың 56%-і қалаларда, ал қалған 44%-і-ауыл-селоларда тұрады.
Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр. Бір айырықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте-бірте басымдыққа ие болып келеді. Мәселен, 60-жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштен бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең жарымын құрады. Ал 1999 жылдың басындағы халық санағы деректері бойынша қазақтардың саны 8, 2 млн. адамға жетіп, жалпы халықтың 53, 4%-ін қамтыған.
Экономикалық реформалар процесi тереңдеп, еңбек рыногіндегі жағдай неғұрлым шапшаң шиеленіскен сайын халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. Адамдардың еркін еңбек етуге және қалаған мамандығын таңдап алуына деген құқықтары сөз жүзінде қалды. Нәтижесінде 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды. Бұған баска елдерден жұмыскерлер алып келуiнің де керi әсері тидi.
Кестеде көрсетілгендей, 1991 жылы жұмыс сұрап келгендер саны 185 мың адам болса, 1996 жылы оның саны 562 мың адамға жеткен, толық жұмыссыз деп саналраны-1991 жылы-44 мың адам болса, 1996 жылы-391, 7 мың, жыл ішіндегі жұмыссыздар процент есебімен 1991 жылы-0, 05 болса, 1996 жылы бұл көрсеткіш 5, 6%-ке жеткен. Б ұған қоса көзге көрінбейтін жұмыссыздық тағы бар, бірақ ол дәл есепке алынбайды. Ресми деректергс қарағанда уақытша Ж ұмыс істемейтін адамдар негізінен кәсіпорындардың жиi тоқтауынан саны 1995 ж. 1-шілдесінде 765 мың, немесе Жұмыстейтiн адамдардың 11%-ін қамтыған. 1996 жылдың сәуір айында Қазақстанда ашық жұмыссыздық 3, 1%, ал тіркелмсген жұмыссыздықтың көлемі экономикалық салада қызмет етуге қабілетті халықтың 10, 9%-не жеткен. Сөйтіп, реформадан бұрын республикада 6, 5 миллионнан астам адам тұрақты жүмыс істеп келсе, 1996 жылғы наурызда оның саны 4, 6 миллион болған. 2000 жылдың басында жұмыссыздардың саны бір миллионнан асып, еңбекпен айналысуға қабілетті азаматтардың 13%-ін қамтыған.
Әлеуметтік проблемадағы тағы бір шешiмiн табатын мәселе-ол шалғай аудандарда, шөл және шөлейт жерлерде. Арал, Семей полигоны сияқты экологиялық апат аймағында тұратын халықтың тұрмысын көтеру. Жасыратыны жоқ ол жерлердің барлығында негізінен өзіміздің қандастарымыз, қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселені қолға алмай, оны тиісті дәрежеде шешпей, Қазақстанның экономикасы жөнінде айту қиын.
Қазақстанда әлеумет саласындағы басты мәселелердің бірі-зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2000 жылы 3 миллион адамға жетті. Бірақ көптеген аймақтарда халықтың осы әлеуметтік тобы өзінің маңдай тер, табан ақысының қайтарымын ала алмауы олардың наразылығын туғызды.
Сондықтан осы жоғарыда көрсетілген деректерден тиісті қорытынды шығарып, қайткен күнде де экономиканы көтеру арқылы халыктың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту жақын арадағы өзекті мәселелердің бірі болып қалады.
Өтпелі кезеңде басқа салалар секілді медицина саласы да айтарлықтай қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Қаржының тапшылығынан ауруханалар мен емханалар тұрғындарға ойдағыдай қызмет көрсете алмай келеді. Әсіресе, шалғай ауылдардағы ауруханалар мен дәрігерлік қызмет көрсететін пункттердің жағдайы тым нашар. Кейбір ауылдарда медициналық мекемелер жұмыс істемейді. Қаржының жетіспеушілігінен жабылып қалған ауруханалар да аз емес. Денсаулық сақтау саласында істейтін дәрігерлер мсн медбикелердің саны қысқарып, 1997 жылы республикада 57 мың дәрігер және 150 мың медбике қалған. Дәрігерлердің еңбекақысы аз, жұмыстары қиын, нағыз жауапкершілікті талап етеді. Олардың айлықтарын уақытысында төлемейтін аймақтар да бар. Міне, осындай себептерден келіп, елдің тұрғындары, әсіресе, ауылдық жерлерде медициналық көмекке зәру болып отыр. Әлеуметтік зардабы зор ауру түрлері, соның ішінде жұқпалы, терi-венерологиялық аурулар, өкпе ауруының түрлері, жүрек қан тамырлары аурулары, аналар мен балалардың анемеяға шалдығуы көбейді, өлім-жітім өсті. 1991-1995 жж. аралығында әр мың тұрғынға шаққанда өлім-жітім 8 адамнан 10, 1 адамға дейін көбейген, ал әртүрлі себептермен қайтыс болған адамдардың саны 1991 жылы 134, 5 мың болса, 1995 жылы 168, 3 мыңға жеткен, яғни 25. 0%-ке артқан.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлтгық мәдени орталықтар мен Қазақстан халыктарың біріккен ассамблеясы бірсыпыра жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996 жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жекеменшiк галерея мемлекеттің жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жүргізiлуде.
Республикада мәдениет саясатын нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандарының атқаратын ролі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары, 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде жазушылар, композиторлар, суретшілер, театр және киноөнері тағы басқа шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге асыру қызметімен шектелмей, шығармашылық жастардың тәрбиесіне зор ықпал ететін шараларды іске асырып отырады.
Түркістандағы Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Алматыдағы Сыртқы Істер Министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып, дайындалып шыққан кадрлар, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім мол. Өйткені, олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа тілдерді меңгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке коммерциялық жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2000 жылдың басында мемлекеттік жоғары оқу орындары 51-ге дейін азайды, ал керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 100-ден асып отыр.
Егемендік алған соңғы тоғыз жылда еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми iзденістерінің такырыптары жаңа талаптарға сай көтерілуде. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесi кеңейтілді. Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшiн республика Жоғары аттестациялық департаменті құрылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz