ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА КЕРІМБАЙ АТЫНДАҒЫ 12 МЕКТЕП-РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ӘДІСНАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР


ӘОЖ 371. 3.
С 14
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА КЕРІМБАЙ АТЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕП-РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ӘДІСНАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
П. Сағымбекова, Э. Тлеубаева, А. Тортаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Құзыреттілік білім шеңберінде өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру.
Әрбір тәуелсіз дамыған мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы саясаты болады. Бұрын, 70 жыл бойы бастауыш сыныптарда төл оқулықтарымыз т. б. болмай аударма оқулықтармен оқып келген болсақ, бүгінде егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты, экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түстік. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі - мектеп қабырғасында берілетін білімнің, оқытушылардың кәсіптік білім деңгейлерінің сапасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл дегеніміз, еліміздің тағдыры және ұлтымыздың болашағы мұғалімнің қолында.
Жалпы алғанда, оқыту деп адамдарды қандай да бір білім, білік және дағдылар жүйесімен қаруландыру процесін түсінетініміз белгілі. Білім беру - белгілі бір жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игерудің барысы, жас ұрпақты өмірге дайындаудың қажетті шарты. Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” заңында: “Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”, -деп жазылған.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы жас ұрпақтың ержетуіндегі жас ерекшелігінің негізгі үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ және жасөспірімдік шақ) сәйкес үш сатыдан тұрады:
1) Бірінші саты - бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) ;
2) Екінші саты - негізгі мектеп (1-9 сыныптар) ;
3) Үшінші саты - бағдарлы (немесе бейімді) мектеп (1-11 сыныптар) .
Халыққа білім беру жүйесінің қай сатысын алсақ та, оқыту процесінің негізін оқушының танымдық қызметі құрайды, оқытуды ұйымдастырудың ең басты мағынасы оқушының танымдық қызметінде. Бұл дегеніміз, оқыту процесінің аса мәнді белгісі болып табылады.
Жалпы алғанда, оқу - оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойында ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және т. с. с. қасиеттерді тәрбиелейді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Мектептегі оқыту - мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын балалардың мақсатқа бағындырылған, жоспарлы және ұйымдасқан түрдегі танымдық қызметі. Оқытудың міндеті жас ұрпақты өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жекебас тұлғасын дамыту болып табылады.
Бастауыш оқыту - мектепте білім берудің алғашқы сатысы, онда мектепте жүйелі білім алуды одан әрі жалғастыру үшін іргелі даярлық жүзеге асырылады. Оқыту процесінің жүзеге асырылуындағы қиындық пен күрделілік оқыту барысында екі технологиялық процестің, оқыту мен оқудың үйлесімді қабысуында. Бұл процестердің екеуі де қатар жүреді, сондықтан да оларды үйлесімді ара қатынаста жүргізу оңай болмайды. Бұған дейінгі “императивтік педагогика” бала танымының технологиясын ескермей, оқушыларға мұғалімнің технологиясын күштеп мойындатуға, сөйтіп айтылған үйлесімді ара қатынасты бұзуға бағыт ұстайтын. Осының нәтижесінде оқушылар оқыту процесінің белсенді емес “объектісі” жағдайында ғана қалып қоятын да, оларды оқудың, білім алудың келешегі қызықтыра қоймайтын. Барлық мәселе мынада: мұғалім қызметінің технологиясы толығымен баланың оқып, білім алуының технологиялық процесін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету міндетіне бағындырылуы керек, сонда ғана оқыту нәтижелі болмақ. Басқаша айтқанда, мұғалім оқушыларды оқуға, білім алуға үйретуі тиіс. Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы бұрынғыдай тек оқудың объектісі ғана болып қалмай, сонымен қатар оқудың субъектісіне де айналуы тиіс, сонда ғана оқыту процесі нәтижелі болмақ.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауының 3. 5. тармағындағы “Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтармен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек” -деген талабына сай: жалпы білім беретін мектеп; лицей; гимназия; бейімдік, бағдарлы мектеп, олардың атқаратын функциялары, т. б. мәселелерді шешу мақсатында Тараз қаласының №12 Керімбай атындағы орта мектеп қала әкімі И. Тортаевтың №956 қаулысына сәйкес мектеп-Ресурстық орталық етіп алынды.
Мектеп-Ресурстық орталығының ғылыми жетекшісі - ТарМПИ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚБА академигі М. Н. Сарыбеков, ТарМПИ-дің ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, эксперимент бойынша менеджері - филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы М. К. Сыдықназаров, Керімбай атындағы №12 мектептің директоры Ф. Ә. Ноғайбаева және директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Б. Х. Тәжібаев басқарған ғылыми-педагогикалық экспериментке қатысатын шығармашылық ұжым, мектеп-Ресурстық орталығында жүргізілетін ғылыми-педагогикалық эксперименттің Тұжырымдамасын, Ережесін және Бағдарламасын бекітіп, жұмыс басталып кетті.
Мектеп-Ресурстық орталығында оқыту негізгі кезеңдерге сай үш сатыда жүргізіледі. І саты - бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) . Мектеп-Ресурстық орталығының бастауыш мектебінің технологы Н. А. Мейірханованың экспериментке қатысатын шығармашылық “Инновациялық зертхана” тобының 9 бастауыш сыныптарының мұғалімдерімен Ресурстық орталықтың талаптарына сай орындайтын: әдістемелік жұмыс жоспары; шығармашылық тобының мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу тақырыптары; эксперименттік сыныптардың пәндік бағдарламалары түзіліп, Ресурстық орталықта бекітілді.
2006 жылдың 7 қарашасында, мектеп-Ресурстық орталықтың құрылуына байланысты “Инновациялық зертхана” - бастауыш бөлімінде, “Инновациялық зертхана” шығармашылық тобындағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудағы озық тәжірибелерді тарату мақсатында “Жаңа ғасырдағы білім берудің озық технологиялары”, “Оқытудың жаңа технологияларын білім беру саласында қолдану заман талабы” деген ұстанымды мақсат тұта отырып, “Панорамалық сабақтар - 2006” байқауы өткізіліп, өткізілген сабақтар сарапталынып, нәтижелері шығарылды. Байқаудың қорытындысы бойынша “жаңашыл мұғалімдердің” іс-тәжірибелерін әдістемелік нұсқау етіп шығару ұсынылды.
2006 жылдың 10 қарашасында, Ресурс орталығының “Инновациялық зертхана” -бастауыш бөлімінде “Педагогикалық ізденістер” тақырыбында пікір алысу дөңгелек стол отырысы болды. “Инновациялық зертхана” жұмысының бағытына тереңірек тоқталып, жүргізілетін іс-шаралардың жоспары таныстырылды.
Пікір алысуға өз тәжірибелерімен бөлісу үшін: Тараз қаласының №48 қазақ орта мектебінің “Оқу-ағарту ізінің үздік қызметкері” медалінің иегері, тәжірибелі ұстаз К. А. Жолымбетова, №45 Б. Момышұлы атындағы гимназия мектебінің тәжірибелі ұстазы Х. Р. Хайруллина және №8, №5 мектептерінен тәжірибелі ұстаздар келіп қатысты.
Келген әр әдіскер мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты, көкейде жүрген сауалдары талқыланды. Мектеп директоры Ф. Ә. Ноғайбаева, мектеп-Ресурстық орталықта жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, өзінің ұсынысын, пікірін айтып, қорытынды жасады. 2006-2007 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша әр мұғалімнің әдістемелік нұсқау шығаруы мектеп технологы Н. А. Мейірхановаға жүктелді.
Қазақстан Республикасында жалпы бастауыш білім беру заңды кепілді, жалпыға мүмкін және міндетті болып табылады. Міндетті деңгей - нақты меңгеруге тиісті және соңғы нәтижеге жетуге бағытталған материал. Мүмкін деңгей - оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін, шығармашылық қызметті ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетінің дамуын қарастырады. Бұл деңгейге әр оқушы жеке-дара қол жеткізетін болады.
Міндетті деңгей жалпы бастауыш білім беру стандартының талаптарында көрсетілген. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушылардың міндетті деңгейді меңгерулері міндетті және мүмкін деңгейді игере алмайтын оқушылармен, қажетті білімдер мен біліктерді меңгерулері үшін қосымша іс-шаралар жүргізілуі керек.
Мектеп-Ресурстық орталығының тұжырымдамасы бойынша: “І саты - бастауыш мектепте, оқушылардың жалпы дамуы қамтамасыз етіліп, функционалдық сауаттылық негізі қаланып, жалпы пәндер бойынша білік, дағдылары қалыптастырылып, ұлттық және әлемдік мәдениетке баулынуы керек. Сонда, ІІ саты - негізгі мектептің 5-ші сыныбында, негізгі орта білімді қиналмай меңгерулеріне, жеке тұлға ретінде қалыптасып жетілулеріне, әр түрлі білімге деген қызығушылықтарының артуына, өздерінің әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етеді” -делінген.
Мысалы, бастауыш мектепте кез-келген оқушының қосу мен көбейту таблицасын және оларға байланысты азайту мен бөлуді жатқа білулері міндетті. Айталық, 10-8. Өрнектің мәнін табу үшін, 10 - бұл 8 бен қандай санның қосындысы? 8 және 2, 8+2=10. 10-8=2. Сол сияқты, 10-2, 10 - бұл 2 және қанша? 10 - бұл 8 және 2.
1 сынып оқушылары 10 көлеміндегі қосу мен азайтудың таблицалық жағдайларын жатқа білулері міндетті. Бұл ең төменгі деңгей. 1-ші сыныпты бітіретін оқушылар бағдарлама бойынша нені меңгерулері керек? Ең төменгі, міндетті нәтиже не болуы керек? Одан төмен білім беруге болмайды. Мемлекеттік стандарт, бағдарлама - мұғалім үшін бағдаршам. Оны, мұғалімнің бірінші күннен бастап білуі міндетті.
2-сынып оқушыларының 20 көлеміндегі қосу мен азайтуды, ондықтан аттайтын, аттамайтын жағдайларын білулері міндетті.
3-сыныптан кейін, көбейту таблицасын және оған сәйкес бөлуді орындай алмайтын бір де оқушы болмауы керек. Арифметикалық амалдардың таблицалық жағдайлары 1-2-3 сыныптарда оқытылып бітеді, бағдарламаның міндетті талап деңгейінде “балалар жатқа білулері керек” -деп, нақты көрсетілген. 4 сыныпта бұлар туралы әңгіме жүргізу қажет емес, бұл ұғымдар тек, есептеу барысында қолданылады.
Тағы бір мысал, бастауыш мектепте көп таңбалы сандарды - бір, екі, үш таңбалы сандарға көбейту және бөлуді оқытамыз. Осы білімге қатысты талаптардың 2 деңгейі қарастырылады, міндетті және мүмкін. Бастауыш мектепті бітірген кезде балалардың көптаңбалы сандарды бір таңбалы, екі таңбалы сандарға жазбаша көбейте және бөле алулары міндетті, ал көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға көбейту және бөлуді білулері міндетті емес, бұл мүмкін деңгей. Сондықтан бастауыш мектепте мүмкін деңгейде білім, білік беріліп, міндетті дегейде білім, білік, дағды қабылданады, тексеріледі.
Бастауыш сыныптарда мынадай алгебра элементтері қарастырылады: өрнек, санды өрнек, әріпті өрнек, оның мәні, теңдеу, теңдеуді шешу, есепті теңдеу құру арқылы шешу т. б.
Оқушылар х+2=10 немесе х+2=100 түріндегі жәй теңдеулерді шеше білулері керек, бұл міндетті деңгей. Ал, бастауыш мектепті бітірерде бұдан күрделірек теңдеулерді шығара білулері керек. Мысалы, теңдеудің екінші бөлімі арифметикалық амалдарды орындауға байланысты берілетін: х+2=54. Сол жағы қарапайым бір белгісізі бар өрнек, қосынды, ал оң жағы екі санның көбейтіндісінен тұратын санды өрнек. Көбейтуді білеміз, сонда х+2=20 түріндегі жәй теңдеу шығады. Бұл міндетті деңгей. Ал, мүмкін деңгейге мынандай теңдеулер жатады: 2х+5=25. Бұл, екі амалмен шығарылатын теңдеу, т. с. с.
Бастауыш мектеп математика курсында халық педагогикасы элементтері: санамақтар, жаңылтпаштар, қазақ халқының ауызша есептеулерін пайдалану оқушының санау, есептеу дағдыларын қалыптастырып логикалық ойлауға жетелейді. Ұлттық салт-дәстүр негізінде тәлім-тәрбие беру мәселесі жан-жақты ойластырылса, оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда мұғалімнің тарапынан шығармашылық ізденіс болса, ұстаз кәсіби шеберлік танытса, бағдарлама мен оқулықтың мүмкіндіктері толық пайдаланылып оқытудың нәтижесінің сапалы болатындығы сөзсіз.
Егеменді елдің жас ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беретін, үлгісі жасалып жатқан ұлттық мектептерімізде - жаңашыл, шығармашылық ізденістермен еңбек ететін кәсіби маман ұстаздарды ХХІ ғасыр деңгейінде дайындау бүгінгі күннің уақыт күттірмейтін талаптарының бірі. М. Жұмабаев “Әрбір елдің келешегі - мектебіне байланысты . . . ” деп айтып кеткендей, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздың еңбегі зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz