Қазақ ұлттық қолөнеріндегі тігіншіліктің тігіс түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қолөнеріндегі тігіншіліктің тігіс түрлері
Нүрила Қызқанқызы
Тігіншілік мәдениеті өте ерте заманда, адам текке айналып, киім
киіп, үй ұстаған дәуірден басталғаны мәлім. Алғашқы қарапайым ағаш,
сүйек, темір инелерден басталған тігін шаншымдары қарапайымдылықтан
көркемдікке өтіп даму барысында ұзақ дәуірді артына тастаған бүгінгі
күнде, қолмен тігудің орнына машиналасқан техникалы-автоматты,
электронды мишық тігіндері игеріліп, бұрынғы қолөнердің орнын басып
келеді. Қарапайым инемен шаншым тігіні қазірдің өзінде бұрынғы жалпылық
көлемінен тарылып, істелуі азайып барады мұның себебі дайын киім киім
кешекті шарт-жағдай бұрынғыдай әркімнің ине ұстауына қажет түсірмейді,
тіпті, кіиім тігу қажет дегенде де тігін машинасын істетеді. Сонымен
бірге тұрмыстың мұндай өресі адамдарға қолайлық тудырған сайын, байырғы
дәстүрлі қолөнеріміздің күнделік тұтынудан алшақтап, байтаныстанып бара
жатқандығын байқаймыз. Осы тұрғыдан қарағанда, ұлтымыздың қолөнер
мәдениетінің пайда болуы мен дамуына көз жіберіп, зерттеу жүргізгенде
күнделікті тыныс тіршілік, шаруашылығының бір бөлігі болған тігіншілік
мәдениетіне де ден қойып зерттеу жүргізіп, оның әр түрі, әр саласын да
қағыс қалдырмай, дер кезінде жинап, зерттеп халықтың мұра қорына
өқосуымыз кезек күтіп тұрған сияқты. Сол мақсатпен төменде
тігіншіліктегі тігіс түрлерін таныстырамыз.

Тігіншілік құралдары
Мұндағы айтпақшы болғанымыз: қазіргі замандағы озық техникалы жалпы
құрал емес, байырғы қолөнерднгі шағын, қарапайым құралды сөз етеміз.
Айта кетуге тиісті ескеретін жай – тігіншілік атаулары туралы. Қазақ
ұлтының ру, тайпалық құрам қауымдастығының көптігі мен қоныстанған жер
көлемінің кеңдігінен, бір түрдегі жалпы беттік қолданып жүрген тігістің
атауы, бір жерден енді бір жерде ұқсамайтын өңірлік ұғым қалыптастырып,
бір қалыпқа түспеген айырмашылық сақталатындығын да көруімізге болады.
бірақ, атаулар мейлі қалай аталса да, тігіс түрінің қолданылуға жалпы
сипат алып және өзге де көршілес ұлттардың тігіншілік мәдениетімен
жалғасып жатқанын байқаймыз.
Қолөнер тігіншілігінің құралы өте қарапайым, ине және біз болып екіге
бөлінеді.
1).Ине кең көлемде қолданылады. Ине - ұшы өткір, жіп сабақтар көзі
көбінде түп жағында, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, түзу және қайқы, доға
пішінде түрлері болады. қазақ атауларында жіңішкелерін ине (жуан ине)
жуантық ұзындауын тебен деп атайды. Қазақ ұсталары бұрын осындай ине,
тебендерді өздері жасап алатын болған. Оны көбінесе сүйектен, ағаштан
жасаған. Жуан көктеме тебендермен қалың тігімдерді (шом, көпшік,
бөстек тәрізді) арасына сабан, қамыс сияқты заттар салынған бұйымдарды
істетеді. Мұндай жуан тебендердің кейбірінің көзі ұшында болатыны да
бар. Онымен желі жіпті өткермелеп алып, ілмегіне арқау жіпті өткізіп,
қайта тартып қос жіпті қаю формасындағы тігісті тігеді.
1) Біз. Үлкен кішілігі, жуан –жіңішкелігі түрліше болумен бірге, сүйір
ұшты және қармақты болып екіге бөлінеді. Біз өз ішінен де түрге
бөлініп, қолдану жағдайына қарай пішін-тұрқы бір-біріне ұқсамайды.
Мысалы: қайыс бізі ұшы жалпақтау қандауыр формасында келеді.
Күшемелі тігіске істетілетін біздер ине өте қоймайтын заттарға мысалы:
қайыс, былғары, құрым, көн терілер және мақтадан, жүннен, кендірден
қатты сірі етіп жасалған заттардың тігістеріне біз істеткенде күш
келетіндіктен, мұндай біздерді ағашпен не мүйізбен саптайды. Мұндай
біздердің бір бөлімін инемен қатар пайдаланып, бізбен тесіп алғаннан
кейін ине өткермелеп тігеді. Қармақты біздерге ине істетпей, желі жіпті
қармақпен тартып алғаннан кейін, ілмегіне арқау жіпті өткізіп, қос
жіпті қаю формасындағы тігісті тігуге болады. мұндай күшемелі тігіске
істетілетін бізді ұстау әдісі біздің сабын алақанға тіреп күш түсіреді.

Күшемесіз тігін-тоқымаларға істетілетін біздер. Бұлар қармақты
біздер. Ұшты және доғал болып екіге бөлінеді. Ұшты, доғал біздер
темірден, сүйектен, ағаштан жасалып үлкен-кішілігі, жуан –жіңішкелігі
әр түрлі бола береді. Жуандау біздеермен қолғап, байпақ қатарлы киімдер
тоқылса, жіңішкелерімен көркем бұйымдар – шілдерлер тоқылады. Іс
барысында қоға кірмес, қажамас үшін мұндай біздердің ұшын әдейі
доғалдап жасайды. Ал, ұшы өткір қармақ бізді кестеге қолданады. Оны
кесте біз деп атайды. Оның ұшы өткір болатындықтан, қалың
кездемелерге, өңделген тері, құрым, жұқа киіз, шекпендерге істетіп
алуан түрлі гүл, ою-өрнектерді кестелеп, түрлі тұтыну бұйымдарын
тігеді. Бұл кестелер біз кесте аталып негізгі ұлттық кесте өнеріміз
саналады. Бізкестелері жақынғы жылдардан бері жандана дамып, базардан
өз орнын алып келеді. Тоқыма бізбен кесте бізді ұстау әдісі бір-біріне
ұқсамайды. Тоқыма бізді(доғал ұшты) қалам ұстаған формасында ұстаса,
кесте бізді ұшын алдыға қарй саптай төрт саусақпен бас бармақтың
арасына қысып ұстайды.
Бұл біздерден сырт тағы – тікелей ілме – тоқымалап киім-кешекке
істететін ши біз бар. Атауға ши біз болғанымен мұны сымтемірден,
сүйектен, шиден де жасайды. Жуандығы мен ұзындығы қажетіне қарай
жобаланады. Бұл біздің енді бір атауы бес біз, Қытайлар төрт біз
қолданады. Қазақша, бірді асырып бесеу қылып қолданғаннан кейін бес
біз аталса керек. Айналмалы бітеулеп тоқуды бес бізбен тоқыса, екі
шетті салы, орамал сияқтыларды екі бізбен тоқиды. Мұндай бізбен
істетілген істелімдерді ілме тоқыма деп атайды. Ілме тоқыма
тігіншілік өнеріндегі басы бөлек өз алдындағы өнер. Осы сипаттан
алғанда ілмелеп тоқу тігісі түрінен гөрі тоқысашылық түріне жатады.
Қазақ ұлты, күзеу жіп керіп, арқау жіп салып тоқуды өте ертеден-ақ
игергені мәлім. шешем өлмесін,шекпен тоқып беріп асырайды деген
бұрыннан қалған сөз бар.
1) Оймақ. Ине мен бірге оймақ жарыса жүретіндіктен, оны да тігін
құралдарының бірі санауға болады. оймақтың тігіншілікте ролі зор. Қолды
қорғайды және күшемелілікке ролі бар. Сол үшін қара өлеңде:
дүние – дүниеден, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді - дейді. Қазақша тігінде оймақ оң қол
сұқ саусағының басына киіледі. Оймақ бығарыдан, металдан және күміс
жалатып әшекейленген темірден жасалады.

Инемен тігілетін тігіс түрлеері
1-Қаю. Түрлі киім-кешек, тұтыну бұйымдарын тігуде қаю кем болса
болмайтын тігу әдісі. Инемен қаю әрі мықты, әрі көркем келеді. Қаюдың
(1-сурет) сырт бейнесі үстіңгі жағынан көргенде машина тігісіне ұқсап
кетеді. Бірақ одан парқы матаның (кездемеенің) астыңғы бетіндегі
тігістің бірінен-бірі озып, шалынып түсетіндігінде. Қаюды тігін әдісі
алдыға қарай озған шаншым жібін қайтадан артқы шаншымның түбінен
алынып, алға ілгерілетіп шаніп отырады.
2-Шаша қаю. (2-сурет). Шаншым әдісі қаю фомасына ұқсайды. Бірақ
шаншімның арасы ұзақ алынып, кездеменің үстінің көрінетін бейнесі
тышқан ізі сияқты болады. шаша қаюды барлық тігін тігістеріне істетуге
болады. мұқият бір келкі шаншымағанда көркемдігі жетпейді.
3-Жөрмеу. Жөрмеу(3-сурет). Маталардан, киіздерден, терілерден
істетілетін барлық тұтыну бұйымдарына қолдануға келеді. Жөрмеу екі
кенерені бір-біріне қосып біріктіріп тігуге істетіледі. әсіресе, тері
және киіз материялдарының қималарын біріктіруге көбінде жөрмеу тігісі
қолданылады. Ысталған терілерден істелген саба, торсықтарды
қиындылардан қусырып жөрмегенде екі кенере өте берік, шебер
жымдасқандықтан тігіс орнынан су да өте алмайды. Жөрмеу жиі шаншымға
да, алыс шаншымға да келе береді.
4-Тепшу. Тепшу (4-сурет). Тез және әдеттегідей тігінді талап ететін,
маталардан істелген және қажеті түскенде қайысы былғарыдан істелген
тұтыну бұйымдарына көбірек қолданылады. Тігін әдісі: қаю мен шаша қаю
сияқты қайтадан артқа шегіне шаншылып отырмай, ине ілгерілей шаншылып
жіп кездеменің астынан да, үстінен де тең шаншымда көрініп отырады.
Тепшу басқа тігіске қарағанда бос болып, жіптің ұшын тауып суырса,
сөгіліп кетеді. тепшігеннің тері аз төгіледі деген сөз бар. Ал, қайыс
былғарыға салынған тепшу қайыс таспамен тігілетіндіктен, жібі
суырылмайды, мықты болады.
5-Көктеу. Көктеу – тепшу формасында болып, шаншымның арасы 4 – 5см,
одан да алыс шаншылатын тігісті көктеу дейді. Көктеу тігіншілікте жиі
қолданылатын әдіс. Көктеу көбінесе киім-кешек, тұрмыстық бұйымдардың
алғашқы өлшеп пішілген қиындыларын қаусырғанда екі қиынды бірдей болып
шығу үшін, алдымен көктеп алып, артынан басқа тігіс әдістерімен тігеді.
Және арасына мақта, жүн салып қалыңдатып істеген бұйымдардың тігу
барысында сыдырылып кетпеуі үшін өңірдің әр жерінен ұзынынан не
көлденеңінен көктеп қояды. Бұдан басқа әзірше ілекерлей тұратын
бұйымдарды уақыттық көктеу тігісін қолданады. көктеу іс тігіліп
болғаннан кейін сөгіліп тасталады. Көктеуі сөгілмей қалған киімді
көргенсіз көктеумен жүреді деп сөгетін сөз бар. Кейбір қалың киім-
кешек, көрпе-бөстек сияқты бұйымдардың ішкілігіне бөлек бидайлап
салатын мақта, жүндерді жиі көктеуге салып сырып істейді де, бөлек тысы
астарлы қаптың ішінде қалатындықтан сөкпейді. Көктеудің шаншімі өте
алыс болғанда тігінге себі болмайды. Соған қарата көктеуі қозы көш,
олаққа айтқан сөзің еш деген сөз бар.
6-Қос жіпті қаю. Қос жіпті қаю екі түрлі: 1.тепшіп қаю, 2.арқаулап қаю.
Тепшіп қаюда істеткен екі жіп айқасып түсіп отырады. Оны алдымен тепшіп
тігіп алып онан соң алдыңғы тігісті қайта басып, инені алдыңғы шаншым
түбінен аудырмай алып алдыңғы жіп түспеген орынға жіп түсіріп тігеді.
Ал, арқаулап қаюда, (5-сурет) үстіңгі, астыңғы жіп өзара ауыспайды.
Машинаның тігісіне ұқсайды, қос жіпті қаюға қос ине істетсе де болады.
не қармақ біз істетіп, астындағы жіпті іліп алғаннан кейін, арқауын
өткізіп тартады.Мұндай қос тігістерді қазақ шеберлері етік, тоқым, айыл-
тұрман, қапшық, қын сияқты бұйымдарды тіккенде көп қолданады. Қос жіпті
қаю, көркем тігіске жатып, әрі берік ретті болады.
7-Теріс қаю.теріс қаю (6-сурет) әсемдеп істелетін тігіндерге істеледі.
Теріс қаюда тігіннің оң бетінде жіп қос қабатталып түсіп отырады,
астыңғы жағы қаю формасында әдемі түседі, кестенің нәзік айшықтарына
тігіледі.
8-Шалып торлау. Шалып торлау (7-сурет) әр қандай кездеме, тері, киіз
сияқты материялдардың кенерін жиып мықтауға істетіледі. Көбінде түйме
бауларды шалып торлайды және ою-өрнектерге қолданып бастырма оюлардың
шетін жиып қолданып, әсемдеу тігіндеріне істетіледі.
9-Түйіп- торлау, түйіп торлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
Қолөнер тарихы
Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Қазақ халқының ағаш оюы туралы мағлұмат
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Пәндер