Ана тілі және ұлттық рух: ауыз әдебиеті, тәрбие және тілдің сақталуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тілі мен ділі берік ұлттық рухы биік.

Адамның адамдығын ана тілін білу тұрғысынан бағалау ата - бабасының өмір салтын, әдет - ғұрпын, рухани байлығын білу тұрғысынан бағалау деген сөз. Бұл бағзы заманнан келе жатқан көнелі дәстүр. Орыстың бір жазушысы: «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени деңгейіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеттері жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Өз отанына деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес. Өз ана тіліне немқұрайлықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей. Оның ана тіліне деген немкеттіліг өз халқының өткенініе, қазіргісімен келешегіне деген немкеттілікпен сабақтасып жатады. Сондықтан ондайлар зиянды» - дейді. Қатты айтылса да бұл шын сөз

Қазақ тілінің қайнар бұлағы - халық ауыз әдебиеті. Батырлар жыры, ертегі, аңыздар, шешендік сөздері, айтыс өнері . . .

Ауыз әдебиетінен балалардың өздері-ақ сынып-сынып болып білімпаздар жарысын ұйымдастыра алады. Ашық сабақ, кеш арнауға лайықты, өнегесі мол тақырыптар екені де даусыз.

Тілдің еріс алар жері-ең әуелі от басы, ошақ қасы, үй-іші . «Әуелі - бесігіңнді түзе» деген сөз кемеңгер Мұхтар Әуезовтың аузына текке түспеген. Бесікте басталмаған тілде береке болмайды. Бесіктен басталған тіл балабақшада баян тапса, бастауыш сынып, мектепте, онан соң жоғары оқу орындарында жалғасса, қанекей! Қазағымыздың қатып ұстанар бір қағидасы осы.

Экономикада, білім - ғылымда бәсекелестік деңгейіне жету талабын қолдап отырған Елбасымыздың саясатын біз де қуаттаймыз. Алайда көңілдегі күпті ойлардан арыла алмай жүргенімізде ақиқат. Тіпті орысша оқып, орыс тәрбиесін көрген Шоқан Уалихановтың өзінің қазақ баласын орысша оқытумен әуестене беруден тіксінгені бар. Одан бергі жерде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы қазақ тілінің байлығын ғана сөз етіп, таңданудан гөрі сол асыл қазынадан қамсыз - қарекетсіз күйде жүріп, айырылып қалмау жағын әңгіме еткен. Сақтандыра сөз қозғайды.

Қазір орыс тілі үстемділігн үстіне ағылшын тілін үйрену қатты насиқаттала басталды. Тіпті ендігі жерде ағылшын тілімен компьютерді, интернетті меңгермегендер мемлекеттік қызметке алынбайтыны ескертілуде. Рас орыс тілін үйрену арқылы ойымыз тереңдеп, қолымыз ұзарады. Білім көкжиегінде дүниежүзілік мәдениет қазанынан дәм таттық. Бұл үлкен жетістік. Сөйтіп жүріп біз ұлттық негізден алыстап, рухани тұғырымызды теңселте бастағанымызды да есте мықтап ұстаған жөн.

Еліміздің экономикасы мен әл-қуаты артып, саяси әлеуметтік еңсесі көтерілген сайын ұлттық тіл мен ұлттық рухымыздың өскенін, ұлттық мүддеміздің екінші қатардағы қосалқы дүниедей болып қалмауын қадағалау әрбір қазақпын деген үлкен - кішіге парыз. Тәуелсіздік туын енді ғана желбіретіп, әлемдік мемлекет қатарына қосыла бастағанымызда ұлттық құндылықтарымызды аялай алмасақ ендігімізге сын болмақ.

Ана тіліміздың бүгінгідей күнге тап болуы қазақтың өздеріне тікелей байланысты. Олай дейтініміз, өз басын силайтыни адам ғана өзгенің қадірін көре, тани білмек. Яғни, өз тіліне селқос өз ұлтының асыл қасиетін танып - біліп, оны қастерлей білмегеннен не жақсылық күтуге болады? Осындайлардың қарасы көбейген сайын халықтың ұлттық сипаты жоғала бастайды. Ондай халықтың өз мүддесін қорғалық күрескерлік қабілеті төмендейді. Ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімі жоғалады.

Қазақпын деп сезіне білген әрбір азаматтың алында ұлт тұтастығы мен ел бірлігінің жауынгерлігі ретінде атқарар ісі ұшан - теңіз. Ендеше елің үшін, жерің үшін, ана тілің үшін күш қайратың мен білік - біліміңді жұмсап қал, жас ұрпақ!

Мақал - Мәтелдер

Тіл өнері туралы.

  1. Өнер алды - қызыл тіл.
  2. Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады

  1. Сүңгінің жарасы бітер,

Тіл жарасы бітпес

  1. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
  2. Аяғы жаман төрді былғар,

Аузы жаман елді былғар

  1. Қаһарлы сөз қамал бұзар
  2. Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле.

  1. Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

  1. Аталы сөзге

Арсыз таласар

  1. Жақсы сөз - жарым ырыс.
  2. Ат жүйрігі айырады,

Тіл жүйрігі қайырады.

  1. Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

  1. Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл,

Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.

  1. Аңдамай сөйлеген,

Ауырай өледі.

  1. Орынды айтылған сөз -

Орнына қағылған шеге сияқты.

  1. Аталы сөзге

Арсыз жауап қайтарар

Ақ пен қараны

Шындық айырар

  1. Жақсының сөзі

Өлшеп пішкендей

Жаманның сөзі

Түйеден түскендей

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті және ұлттық тәрбие дәстүрлері
Ауыз әдебиеті: әдеби тілдің бастауы және бала тілін дамытудағы рөлі
Ахмет Байтұрсыновтың халық педагогикасы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүр және ұлттық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру: ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлердің әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі - ұлттық қазына: мемлекеттік тілдің мәртебесі мен дамуы
Тілдің қоғамдық мәні: қазақ тілі - ана тілі мен мемлекеттік мәртебе және тіл білімі тарихы
Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру: ұлттық ауыз әдебиеті, ойындар және күнделікті өмір эстетикасы
Қазақ тілінің тарихи-әдеби дамуы: ауыз әдебиеті, авторлық поэзия және ана тілінде оқытудың маңызы
Этнопедагогика: халық ауыз әдебиеті негізіндегі тәрбие әдістері мен құралдары
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі мен ауыз әдебиеті негізіндегі тәрбие мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz