Төле би және оның дәуірі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе:
Төле би және оның дәуірі
Негізгі бөлім:
Төле би туралы дерек.
Қорытынды:
Төле би – шешедік сөз.

Төле би
Төле би және оның дәуірі.
Бұл қазақ қауымының өмірініндегі ең ауыр да қасіретті кезең. Оны
ұмытуға қақымыз жоқ ешқандай.
Бүгіннің биігінен қарап, қаншама құбылтып, қақпақыл ойнатқанмен
тарихтың аты тарих. Оны әрбір қоғамдық құбылыстың ығына жығып, қожаулық
етіп, қанжығасына байлап, қиянат құрығымен қылғындырып, қайта жазуға
ешкімге құқық берілмеген. Тарихтың тәлімін көкейге түйіп, ащы сабағын
алмағанымыздың ықсуатын көріп, жазырын тартып келеміз. Оның боямасыз
беттері талай шындықты алға тартып, келеңсіздіктерге көз жеткізеді. Сөз
ығыты келгенде айтқан абзал, біз өткеніміздіБатыс, арап-парсы мен қытай-
жапон деректерімен салыстырып, бағалағанда ғана көп беймағлұм жайлардың
ақтаңдақтары ашылады деп ойлаймын.
Бір кедері қыр үстін қаһарымен тітіренткен құдіретті қағанат пен
хандықтар өзара іштей алауыздықтан әлсіреп, тақ пен тәж үшін тайталас
қырқыста титықтап, алты алаштың мызғымайтындай іргетасы сөгіліп, жан-жақтан
байтақ жеріне көз алартқан дұшпандарына айбарлы күш болудан қалды. Бір
ошақтың тұтас үш бұтындай болып, сүттей ұйып отырған ел-жұрттың шырқы
бұзылып, тыныштығы тапталып, Шығыстан жөңкіген жоңғар-қалмақ қалың қолына
төтеп бере алмай, аласапыран да жойқын шапқыншылыққа ұшырады. Ұлы далаға
жасалған дүркін-дүркін шабуыл қазақтарға құрып кету туғызды. Сөйтіп, 1723
жылғы жылан жылымен келген жеті ағайынды жұтпен бірге жүргізілген
басқыншылық соғыс байырғы көшпелі ел үшін қанды қырғынмен аяқталып, тарихқа
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп енді. Бөрік астынан бөрі, жар
астынан жау шығып, аяулы ер-азаматтар, қыз-келіншектердің басы байлауда,
мал –жаны айдауда кетті. Өкшелей қуған өшпенді жаудан ығысып, Алтай, Арқа
мен Жетісудағы атақонысынан ауған қазақтар жолай Қаратауға (Қаратаудың
басынан көш келеді) аз уақыт паналап, тіпті болмаған соң Сыр бойын
сағалап, алдымен Жиделібайсынға, одан әрі Жайыққа қарай үдере өтіп кетті.
Оқтын-оқтын оларға Иранның

Нәдір шаһына арқа сүйеп, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтары да оңтүстіктен
тықсырып, қоқан-лоққы көрсетіп отырды.
Тап осы қиын-қыстау кезде Төле би қоғамдық өмір сахынасына шықты. Ол
туған халқының даналығы мен кемеңгерлігінің айнасы. Қазақтың біртуар
перзенті негізгі деректерге сүйенгенде бірде Шу бойында, енді бірде Бадам
өзенінің жағасында өмірге келіп, қандай қиыншылықтар болғанына қарамастан
ұзақ жасап, Жиделібайсынды жайлап, тоқан үш жасында Шыназда дүние салып, өз
өсиеті бойынша денесі Ташкенттегі Шайқантәуірде жерленген. Бұл кесене
Қарлығаш әулие деп аталып, зиярат етушілердің киелі орнына айналды. Әлі
күнге, өкінішке орай, халқының зердесінде соншама өшпестей із қалдырған тау
тұлғалас бабамыздың туған топырағы мен өскен ортасы туралы мәліметтерде бір
ізділік жоқ. Қарт журналист Ж.Рысмбетов Төлені Қазығұртқа жақын Бадам
өзенінің жағасындағы Бәйтік мекенінде туғанын айтып, 1751 жылы 63 жасында
Ташкентте өмірден өткенін (Оңтүстік Қазақстан,1990 жыл 15 қыркүйек)
баяндайды. Ал К.Аманкелдиев оны Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында 1663 жылы
дүниеге келіп, 1756 жылы бірде Ақбұрқан – Ордада (Қазығұрт қойнауы), тағы
бірде Шыназда қайтыс болды деген кереғар дерек келтіреді (Қазақ
әдебиеті 1991 жыл, 18 қазан). Қалай дегенде де Төле Әлібекұлының
ғұмырнамасында ақтаңдақ пен қаратаңдақ көп екені рас. Бұраламай, тізеге
салмай, бір пәтуаға келсек, оның туған жылы 1663 жылы екені ақиқат.
Шынтуайтында, аталғандардан басқа да топшылаушылар, болжамдар мен
жорамалдар біршама. Сырттай көп көрінгенімен, Төлебитану (Яғни халық тану
десек те болады) ғылымы бұл өзі жүдә, аз зерттелген тақырып. Оны бір ретпен
жөнге келтіріп, бір арналы жүйеге түсіру келешектің міндеті.
Нақтылай кесек, Төле би Жоғары Шыршық, Өгем мен Қаратау қойнауларын ен
жайлаған ұлы баба Бәйдібектің кіндігінен тараған Дулат жұртының өнікті бір
бұтағы Жаныстың жетінші ұрпағынан (Жаныстан Жантобы, одан жайылмас, одан
Қожамберді, одан Құдайберді, одан Әлібек) өрбиді. Оның әулеті шынжыр балақ,

шұбар төстен емес, иіс алмас момындығы үшін ағайындары арасында
қарашоғыр атанғанымен, Әлібек орта шаруа да сөз ұстап, аталастары мен
жамағайындары арасында аса беделді кісі болыпты. Көкірегі қазына Төленің
оқығаны да, тоқығаны да қыруар мол. Ол туралы халық арасында бүгінге дейін
шежіре мен аңыз өте көп. Онда абзал атаның азаматтық асқақ қасиеттері аз
айтылмайды. Төле би Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше сықылды көсем де шншен
кісілердей бұқараға нағыз қамқор мен жанашыр болып көрінеді. Ол жалғыз
қандастарын қоғамдыстырып қана қоймай, алты алаштың қаймағы бұзылмай, тату-
тәтті ақжарылқап заманда өмір сүруін аңсап өтті. Талай тайталас, дау-
дамайдың ортасына түсіп, елдің, жұрттың атынан ақ сөйлеп, кесімді шешім
айтып, биік патасатымен көзге түскен Төле би ақырғы демі таусылғанша сол
бекзаттығынан бұра тартпағандығы қандай ғанибиет. Айтушылардың сөзін
байырқалағанда оның бойы ортадан жоғары, жүзі нұрлы, көзі өткір кісі екен.
Төле би иісі қазақ тарихындағы ғажап қызық тұлға. Ол үлкен қоғам
қайраткері әрі ақылман, әрі данагөй, рухани көсем. Оның уақыты аса күрделі
еді. Зәузат тегінен ұлтының бойындағы ең асыл қасиеттерін әспеттеп
еркебұлан өскен Төле хан сұлтандардың, бектер мен байлардың өзара
қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігіне көзі
жеткен соң қалың бұқараға, оның от ауызды орақ тілді азаматтарына сүйеніп,
татулықты жақтады. Соның арқасында алғаш рет уағдаластыққа қол жетіп, 1726
жылы
үш жүздің жақсылары мен жайсандары Ордабасыға жиналып, аттасып, жоңғар
басқыншыларына қарсы ақ ту көтеріп, елді сансыратқан соғысқа соққы беруге
мәмлеге келді. Бұл ұйымдастырушылыққа сауын айтып, басы- қасында Ұлы жүз
Төле Әлібекұлы (1663-1756 жж.), Орта жүз Қазыбек Келдібекұлы (1667-1765
жж.) және Кіші жүз Әйтеке (Айтық) Бәйдібекұлы көш басшылық етіп, тірлік
пен бірлік, қаһармандық пен ерлікке ұйытқы болды. Соның нәтижесінде қазақ
ұландары құрылып, қылыш қынаптан, қанжар қынынан суырылатын кез таяу
болатын. Енді құнарлы топыраққа түскен рух пен ерлік дәнегі қайрат-жігерді

жанап, қирап қалған жұрттағы күл-қоқыстан өніп шықпауы мүмкін емес еді.
Төле би мен оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жырауларының педагогикалық идеялары
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Шешендік сөздер түрлері
Төле би және оның дәуірі
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Билер жөнінде бірер сөз
XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай
Шешендік өнер
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Пәндер