Қазақстандағы ауа кеңістігі, су және топырақтың экологиялық жағдайы
Жоспар
1.Экологиялық түсініктер.
2.Қазақстанның экологиялық проблемалары.
3.Қазақстандағы ауа кеңістігі, су және топырақтың экологиялық жағдайы.
Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым – қатынасы
туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай –
ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен қатынасы,
өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің
еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы
қазбалар, жел, т.б.) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға
пайдаланады. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген
табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі бүкіл
дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам
өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның
ластануына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық
баланстың (биосфераның ішкі өзін - өзі реттеу механизмінің) бұзылуына,
адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының салдары
ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия
дамыған сайын, өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде
айналамыздағы бүкіл табиғат – ауа, су, топырақ, бәрі де белгілі бір
дәрежеде ластанған. Бір жерлерде қышқылды жаңбыр жауады, су қоймаларындағы
балықтар қырылады, басқа бір жерлерде ластану қауіпті шекке жете қойған
жоқ, бірақ ұлғайып келеді.
Экология – ойлаудың жаңаша түрі. Әрбір адам машинаны өзенде жуу,
орман – тоғайда қоқыс, консерві қалбырлары мен бөтелкелерді, егістіккке
тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына
сіңіруі тиіс. Айналадағы ортаны таза сақтауға әрқайсымыз белсене қатысуға
міндеттіміз. Климаттың, өзен, көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік
проблемалар тудырады.
Табиғат – оны құрайтын бөліктердің (су, ауа, топырақ, өсімдік,
жануарлар және т. б.) жай қосындысы емес, ол барлық бөліктері өзара тығыз
байланысқан біртұтас жалпы планеталық биосфера жүйесі. Табиғат аясына неше
түрлі қалдық, қоқыс, тозған бұйымдардың шығарылуы айналадағы ортаның
ластануы деп аталады. Ластану – бұл ауа, топырақ пен судың физикалық,
химиялық және биологиялық қасиеттерінің қолайсыз өзгерістері, олар өсімдік,
жануар және адам тіршілігіне зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Ең кең таралған
ластағыштардың қатарына өнеркәсіп қалдықтары жатады. Адамға жаңа химиялық
заттардың, энергия түрлерінің, әр алуан физикалық сәулелердің әсер етуі
бұрын тіпті болмаған генетикалық, токсикологиялық, аллергиялық, тыныс
жолдары, эндокриндік және т. б. ауру түрлерін тудырады.
Метеорологиялық процестер өнеркәсіптік ластағыш заттарды
тасымалдап, таратып, шашыратып отырады. Биологиялық құбылыстар олардың
жиналып, шоғырлануына себеп болады. Тамақтану және тыныс алу кезінде кейбір
элементтер адам ағзасына алғашқы мөлшерден (жер бетіндегі, судағы, ауадағы)
бірнеше мыңдаған есе көп дәрежеде келіп түседі. Бұл элементтер айналадағы
ортамен, тірі организммен өзара әрекеттесу нәтижесінде тізбекті реакция
жүреді. Орта ластанып, адам денсаулығына зиян келеді. Адам денсаулығына
ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға
көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі
ісік, қанның азаюы (анемия), ақ қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады.
Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы,
Орталық Қазақстан жеріне құлаған Протон қондырғылары халық денсаулығына
өте зиян келтіруде. Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан
елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық
арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі
қалаларда автокөліктерден шыққан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді
мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар
асқазан, ішек ауруларына ұшырайды.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше
фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен
қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір – бірімен
тығыз байланыста екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқалардың да
өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның
кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми – техниканың
тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық
жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын –
шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды
тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің
ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен
бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу
мезгілсіз батпақтануға, топырақ, өсімдік жамылғысы мен сол жердің
микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік
ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар
жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен
оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып
табылады.
Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде
қарастырылуы қажет. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет
ететін проблемалар бар.
Каспий проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына
байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте
зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде
де үлкен маңызы бар. Каспий теңізінің қазіргі деңгейі теңіз деңгейінен 27 м
төмен орналасқан. ХХ ғасырдың өзінде теңіз деңгейі бірнеше рет ауытқуға
ұшырады. 1978 жылы теңіз деңгейі өте төмендеп кетсе, қазіргі кезде қайтадан
көтерілуде. Теңіз деңгейінің ауытқуы ондағы тіршілік дүниесіне де әсер
етеді. Теңізде балықтардың 75 түрі (олардың 43 – і көксерке тұқымдасына
жататын бағалы балықтар) бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің
салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын
нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды
экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл
аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл
аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар
туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне
байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
- - мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,
балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының
кеміп кетуі;
- - осы теңізге ғана тән (ендемикалық) итбалықтың мезгіл – мезгіл
қырылуы;
- - аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Аралдың экологиялық проблемасы. Бұл проблеманың тууына себепші болған-
адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен
Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта,
күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын
шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп
соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге
бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км кв.
жетеді Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200
млн тоннаға дейін тұзды шаң – тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның
жағалауындағы 800 га тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл
күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз
тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз
кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Қазір
Арал тағдыры – адам тағдыры деген қанатты сөз кеңінен тараған.
Келтірілген мысал бір ғана табиғат компонентінің өзгеруі басқа құрамдас
бөліктердің, бүкіл табиғат кешенінің өзгеріп, экологиялық апат аймағына
айналғанын дәлелдей түседі.
Балқаш проблемасы. Балқаш көлі алабында да күрделі экологиялық
жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай
бөгені мен су электр стансасының (СЭС) салынуы Іле – Балқаш су шаруашылығы
кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық жағдай өзгере
бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы
табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік
ететін жануар дүниесіне (ондарт, балық т.б.) және ауыл шаруашылығына көп
зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге
аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның
кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз
кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің
болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, ХХ1 ғасырдың басында, көлдің батыс
бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз
кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды
түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі
оның суының шамадан тыс минералдауына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан,
егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың
көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы
аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік
температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды.
Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы
географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның
ластануы. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң –
тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он
есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер,
Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың
концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа
кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz