Трансұлттық корпарация
Трансұлттық корпарация
Әлемдік тәжірибе сыртқы рыноктарды жаулаудың қазіргі уақыттағы ең тиімді
тәсілдерінің бірі трансұлттық корпорациялар (корпоративтік көшбасшылар)
құру және олардың осы жолдағы жұмысына қолдау білдіру екендігін көрсетіп
отыр. Форбс журналының мәліметтеріне қарағанда, әлемдегі 100-ден аса ірі
корпорацияның 35-і мұнай және осыған ұқсас секторларда жұмыс істейді екен.
Егер осыдан 15-20 жыл бұрын ірі трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) барлығы
Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінің үлесінде болса, 2006 жылғы есеп
бойынша жоғарыдағы 100 ірі корпорацияның едәуір бөлігін енді Оңтүстік
Корея, Қытай, Ресей және Бразилия елдерінің ірі компаниялары құрай
бастаған. Өйткені, бұл елдер трансұлттық корпорциялардың ел экономикасының
іргесін кеңейтудегі рөліне мән беріп, оларға барынша көмек көрсетуде.
Жуықта әлемдегі көптеген ақпарат құралдары Жапонияның “Toyota”
компаниясының АҚШ автомобиль рыногында ірі жеңіске жеткендігі туралы
хабарлар таратты. Аталған рынокта “Toyota” автокөлігін сату көрсеткіші
әлдеқайда жоғарылап кетті. Осының салдарынан “Форд”, “Дженерал Моторс”
секілді америкалық компаниялар өз өндірістерін шектеп, 10-20 мыңдап
жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр болған.
Әлемде трансұлттық корпорациялар құру ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау
алды. Содан бері олардың саны мыңдаған есе өсіп, қызметі бүкіл әлемге
кеңінен жайылды. Бүгінде әлемдік тікелей инвестициялардың 90 пайызы, сыртқы
сауданың 65 пайызы, өнеркәсіптік өнімдердің жартысынан астамы ТҰК-тер
үлесінде.
Сондықтан Қазақстан алдағы уақытта өз өнімдерін сыртқы рыноктарға молдап
өткізу жағдайын ойлайтын болса, ең алдымен осы өнімдерді алға жылжытатын
трансұлттық корпорациялар құру мәселесіне көңіл бөлуі қажет еді. Үкімет “30
корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасын әзірлеу арқылы экспорт мәселесінің
нақ осы қышыған жерінен дөп тиген.
Біздің ойымызша, Қазақстанда қазірдің өзінде трансұлттық корпорация
мәртебесіне лайық компаниялар бар. Солардың алдыңғы қатарында “Қазатомпром”
ұлттық компаниясын айтуға болады. Себебі, біздің ТМД елдерінде, тіпті дүние
жүзінің азиялық бөлігі мен Шығыс Еуропада уран өндірісі мен экспорты
жөнінде “Қазатомпромға” бәсекелес бола алатын компания жоқ. Оның үстіне
“Қазатомпром” таяудағы жылдар ішінде уран өндірісінің көлемін бірнеше
еселей арттырып, оны өндіру мен сату жөнінде әлемнің № 1 компаниясы атануды
мақсат етуде. Демек, “Қазатомпромды” біз трансұлттық компания ретінде
қазірдің өзінде мақтан тұта аламыз.
Қазақстан қазір астық экспорты жөнінен әлемдегі ең озық алты елдің қатарына
кіреді. Ал ұн экспорты жөнінен алдыңғы үштіктің құрамындамыз. Қазақстанның
астық жөніндегі экспорттық саясатын жүзеге асыруға “Азық-түлік келісім-шарт
корпорациясы” АҚ барынша үлес қосып отыр. Оның экспорттағы үлесі жоғары.
Сондай-ақ Қазақстанның ішкі рыногын астықпен қамту, рынокты тұрақтандыру
мәселесінде де елеулі рөл ойнайды. Астық экспорты мәселесінде Орталық
Азияда және ТМД-ның көптеген елдерінде оған тең келетін компания жоқ десе
де болады. Оның үстіне бұл корпорация соңғы уақыттары әлемнің бірқатар
елдерінен астық терминалдарын және өкілдіктерін ашып, өзінің қызмет аясын
кеңейтіп келеді. Қырықтан астам елге астық жөнелтеді. Демек, Азық-түлік
келісім-шарт корпорациясын да қазірдің өзінде трансұлттық деңгейде
қалыптасып отырған өңірлік компаниялардың бірі ретінде мақтан тұта аламыз.
Біздің ойымызша, осы қатарға “Қазақтелеком”, “ҚазМұнайГаз”компанияларын да
жатқызуға болады. Әрине, олар Қазақстанның ішкі жағдайындағы өте ірі және
мығым компаниялар. Енді сыртқы рыноктарда осындай табыстарға жетуі, ең
бастысы, өз өнімдері арқылы халықаралық рыноктағы жағдайларға ықпал ете
алуы үшін қызмет аяларын мейлінше кеңіте түскені жөн.
Жоғарыдағы айтылған “Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасы
осылар секілді трансұлттық корпорацияларды қалыптастыру мақсатын көздейді.
Бағдарламаның алдына қойып отырған тағы бір үлкен мақсаты – экономиканың
шикізаттық емес салаларына жәрдемдесу. Осы уақытқа дейін қабылданған
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекет тарапынан
жеке инвестициялық жобаларды қолдау бағытында едәуір жұмыстар жүргізілгені,
даму институттарының құрылып, жұмыс істей бастағандығы белгілі. Бұл ретте
мемлекеттік қолдау негізінен алғанда жобаларды және сауда операцияларын
қаржыландыру, лизингтік қызмет көрсету, экспорттық операцияларды сақтандыру
мәселелеріне қарай жұмылдырылды.
Дегенмен, қазіргі уақытта экономиканың шикізаттық емес секторлары шикізат
секторларымен және құрылыс саласымен бәсекеге түсе алмай отыр. Өйткені,
шикізаттық салаға қарағанда олардың кірістері төмен. Әрі мұндай жобаларды
жүзеге асыруға едәуір уақыт кететіні де айқын. Міне, сондықтан да жеке
меншік пен мемлекеттің бір мақсат жолына жұмылған әріптестігі ауадай
қажеттікке айналуда. Аталған бағдарлама шикізаттық емес салада осы
әріптестік қатынастарды мейлінше дамыта түсуді көздейді.
Сонда инвестициялық жобаларды мемлекеттік тұрғыдан қолдау қандай деңгейде
жүргізілмек?
Әрине, мұның жолдары көп. Соның бастыларының бірі ретінде мемлекеттің жеке
меншіктің инвестициялық жобасына жоба құнының 50 пайызынан аспайтын
мөлшерде қатыса алатындығын айтуға болады. Сондай-ақ мемлекет жобаны жүзеге
асыру үшін ұзақ мерзімді несиелер бере алады. Қажетті инфрақұрылыммен
қамтамасыз ету жөнінде де көмектер көрсетуіне болады. Жобаны жүзеге асыру
барысында кез болатын әкімшілік кедергілерді жою, білім саласын дамыту,
кадрлар әзірлеу мәселесін жолға қою арқылы білікті еңбек ресурстарымен
қамтамасыз ету, жобаны жүзеге асыруға қажетті жер телімдерін бөлу секілді
де көмектері бар. Алайда, осының бәрінің басын қосып келгенде мемлекеттік
қолдау көлемі жеке меншік сектордың жобаны жүзеге асыруға қосатын үлесінен
аспауы тиіс. Өйткені, жобаны жүзеге асырудағы негізгі тәуекел мен
жауапкершілік жеке сектордың өзіне жүктелетін болады.
Негізінен алғанда бағдарламаны іске асыру екі кезеңнен немесе екі бағыттан
тұрады деуге болады. 2007-2010 жылдардың аралығын қамтитын бірінші
кезеңінде тиісті серпінді жобалар әзірленеді және оған көрсетілетін
мемлекеттік қолдаудың нақты көлемі айқындалады. Осы ретте корпоративтік
көшбасшыларды айқындайтын жобаларға қойылатын негізгі талаптардың бірі оның
құны 100 млн. АҚШ долларынан кем болмауы керек. Яғни, жоба кең ауқымды
болуы тиіс.
Бағдарламаның екінші кезеңі (2008-2030 жылдар аралығы) негізінен алғанда
бәсекелестік қабілеті бар өнімдерді анықтап, осы өнімдер арқылы
қалыптасатын қазақстандық брендтерді халықаралық рынокқа жылжыту жұмыстарын
қамтиды. Әрине, екінші кезеңді бағдарламаны жүзеге асырудың ең бір жауапты
да қиын тұсы деп айтуға болады. Өйткені, бәсекелестік жылдан-жылға артып
келе жатқан қазіргідей уақытта Қазақстанның мақтанышына айналатын және оны
әлем халықтарына танытатын бренд қалыптастыру оңай емес.
Дегенмен, біз қазірдің өзінде брендке сұранып тұрған өнімдер Қазақстанда
бар деп айта аламыз. Олар – уран таблеткалары мен бериллий ұнтақтары,
сапалы, қамырлық қасиеті мол бидайымыз бен ұнымыз, дүние жүзіне танымал
болып отырған мұнайымыз бен газымыз, сондай-ақ мал еті мен марал пантысы,
енді қолға алынып жатқан биоотын өндірісінің өнімдері және басқалар. Егер
біз осы өнімдер өндірісін дұрыс жолға қойып, оларды әлемдік деңгейде
жақсылап жарнамалайтын болсақ, бұл өнімдердің Қазақстанның экспорттық
әлеуетін дамытумен қатар, абыройын да асқақтата түсетіндігі айқын.
Неге екенін білмеймін, осы мақаланы жазу барысында Махамбет Өтемісұлының
“Өтемістен туған он едік, онымыз атқа қонғанда жер қайысқан қол едік”
дейтін отты жолдары еске түсіп отыр. Әдетте отбасын мемлекеттің ең шағын
формасы деп жатамыз ғой. Ендеше, ақын айтып отырған осынау жауынгерлік
рухты бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде жүзеге асырудың ең жарқын мысалы
халықаралық рынокта ұранға айналарлықтай өнімдер шығару болса,
“Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасы осынау стратегиялық
мақсатты жүзеге асырудың үлкен бір құралына айналуы тиіс. Солай болады деп
үміт күтеміз.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.
Начало формы
СЕНІМ ЖӘНЕ СЕРПІН
Өтіп бара жатқан 2007 жыл оқиғаларының арасында 6 қараша күні Үкімет
қабылдаған “30 корпоративті көшбасшы” жобасының маңызы ерекше. Демек,
аталған күн Қазақстан тарихында ел экономикасын жеделдете жаңғырту ісі
ресми түрде бастау алған күн ретінде ерекшеленбек.
Бұл бағдарламаның мәні мен маңызы жайында бұрын да жазған болатынбыз. Енді
соны тағы да бір ауыз сөзбен түйіндейтін болсақ, мына бір факті ерекше
назар аудартады. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген мәліметі бойынша, дүние
жүзінде каучук пен мұнай экспортының 70 пайызына, мыс пен қалайы
экспортының 80 пайыздан астамына, ағаштың, темір рудалары мен боксит
экспортының 90 пайыздан астамына 15 аса ірі трансұлттық корпорация
(корпоративтік көшбасшы) бақылау жасайды екен. Олар мұндай зор мүмкіндікке
қалай қол жеткізіп отыр? Әрине, бәсекелестік майданында басқадан басым түсу
және өз мемлекеттерінің жан-жақты қолдауына ие болу нәтижесіне жетіп отыр.
Соңғы жүз жылдың ішінде трансұлттық корпорациялар саны қарқынды түрде өсу
үстінде. Мәселен, 1939 жылы әлемде 300-ге тарта трансұлттық сипаттағы
корпорациялар жұмыс істесе, 1985 жылы олардың саны 12 мыңнан асып түскен.
Ал 2000 жылдар мөлшерінде әлемнің 150 елінде 40 мыңнан астам корпорация
тіркелген. Ендеше, осындай үлкен қозғалыстан экономикасы жедел дамып келе
жатқан біздің Қазақстанымыздың да тыс тұра алмайтындығы белгілі еді.
Трансұлттық корпорациялар Қазақстанға не үшін қажет? Ең алдымен экспортқа
шыға алатындай өнімдерді өндіріп, оны халықаралық рыноктарға жылжыту үшін
қажет. Қазақстандық кейбір өнімдер сапалы десек те, олардың өз бетімен
басқа елдерге шыға алмайтындығы белгілі. Өйткені, заңды, заңсыз жолдармен
жасалынатын көптеген кедергілерге тап болады. Демек, трансұлттық
корпорациялар осы өнімдерді шетелге шығарып саудалаудың, осыған сәйкес
әріптестер іздестірудің, олармен бірлесе отырып қимыл-әрекет үйлестірудің
басты құралы болып табылады.
Қазақстанда халықаралық рыноктарда сұранысқа ие бола алатындай шикізат
көздері көп. Мәселен, біздің мұнай мен газ өнімдеріміз қазірдің өзінде
дүние жүзіне әйгілі болып, “қазақстандық бренд” есебінде қалыптасып келеді.
Уран таблеткалары, титан мен мырыш, берилий, мыс, марал пантысы туралы да
осылай деуге болады. Демек, Қазақстанда осы өнімдерді халықаралық
рыноктарға жылжытатын әлемдік немесе өңірлік деңгейдегі корпоративтік
көшбасшыларды құрудың сенімді алғышарттары бұрын да бар болатын. Ол –
біздің аса мол шикізат байлығымыз. Осындай тағы бір маңызды алғышарт Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың 15 жыл көлемінде елімізді тура бастап, көрегендікпен
жүргізіп келе жатқан саясаты дер едік. Осы саясат нәтижесінде аты әлемге
әйгілі аса ірі компаниялар, яғни дүниежүзілік деңгейдегі трансұлттық
корпорациялар Қазақстанға сенім көрсетіп, өз инвестицияларын салып отыр.
Осы инвестициялар арқылы еліміздің жағдайы тез түзеліп, отандық іргелі
компаниялар да қалыптасып, жетіліп, экономикамызды алға сүйрей бастады.
Мәселен, Елбасы жуықта болып өткен Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлерінің
форумында елімізге 15 жылдың ішінде шетелден 70 миллиард доллардың тікелей
инвестициясы келіп құйылса, қазақстандық ішкі инвестицияның өзі 80 миллиард
доллардан асып жығылғандығын мәлім етті. Енді осы күшейіп келе жатқан
қазақстандық компаниялар өңірлік, халықаралық рыноктарға да әсер ететіндей
ықпалға ие болуы тиіс. Сонда біз оларды отандық трансұлттық корпорациялар
ретінде заңды түрде мақтан тұтатын боламыз.
Біздің компанияларымызды, міне, осындай жағдайға жеткіземіз деп жұмыс
жүргізіп жатқан Үкіметтің алға қойып отырған мақсаты бұдан да тереңірек деп
айта аламыз. Ол мақсат шетелдік рыноктарға шикізат шығаруды ғана емес, сол
шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болған сапалы тауарлар шығаруды көздейді.
Мұның жемісті нәтижелері қазірдің өзінде де байқалып отыр. Мәселен,
Қазақстан бүгінгі таңда астық экспорттау жөнінен әлем елдерінің арасындағы
алдыңғы қатарда тұрған алтылық қатарына кірсе, ұн экспорттау жөнінен
алдыңғы үштіктің бел ортасынан ойып тұрып орын алған. Тіпті соңғы деректер
бойынша, өтіп бара жатқан 2007 жылдың нәтижесінде бірінші орынға дейін
көтерілген. Әрине, астық сатқанға қарағанда одан ұн дайындап сатқанның ел
экономикасы үшін пайдасы зор екендігі түсінікті.
Әрине, бұлардың барлығы жүзеге асқан жұмыстар. Ал енді “30 корпоративтік
көшбасшы” бағдарламасына сәйкес жалпы құны 56 миллиард АҚШ долларын
құрайтын 86 серпінді жобаны жүзеге асыруымыз керек. Осы жобалардың барлығы
жүзеге асқан жағдайда Қазақстан әлемдегі бәсекелестік қабілеті жоғары 50
елдің қатарына еркін еніп, бел ортасынан ойып тұрып орын алатындығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz