Тұрар жасырын ұйымға мүше болған ба



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
Тұрар жасырын ұйымға мүше болған ба?
Түркістан аумағында құрылған ұлттық автономиялар большевиктік билік
тарапынан күштеп құлатылғаннан кейін, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық
күрестің белең алғаны баршаға мәлім. Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздік
идеясының төңірігіне топтасқан ұлттық ұйымдар бұл кезеңде негізінен үш
бағытта күрес жүргізді: Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру,
үкімет аппараттары мен партия қатарында жасырын күрес жүргізу және ұлттық
майданның ауқымын кеңейту. Бұл туралы Мұстафа Шоқай Түркістанның
бақытсыздығы және одан құтылудың жолы деп аталатын мақаласында: ...
Дұшпанға қарсы қарулы күресті партия, үкімет аппараттары ішіндегі
күрестермен байланыстыру керек ... Мемлекеттің іштей біріккен күштерін
өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында Ресейге қарсы күресіп жатқан басқа да
халықтардың күресумен үйлестіру лазым. Тығырықтан шығудың бұдан басқа жолы
жоқ. Тек осылай еткенде ғана бостандыққа және тәуелсіздікке жету мүмкін
болады, — деп атап көрсеткен еді.
Большевиктік билікке қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысы
Мұхамметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайдың ұйытқы болуымен Қоқанда құрылған
Түркістан ұлттық автономиясының тарихымен тікелей байланысты. Тұрар
Рысқұловтың 1919 жылы жасаған батыл баяндамасында айтылғандай, Қоқан
автономиясын қатігездікпен талқандау барысында партия басшылары кешіруге
болмайтын көптеген қателер жіберді. Нәтижеде, Ферғанада большевиктік
билікке қарсы ұлт-азаттық жаңа майдан ашылып, басмашылар қозғалысы пайда
болды. Большевиктер мен армян ұлтшылдарының бірлескен күші тарапынан
озбырлықпен таратылған Түркістан автономиясының тақсіретті тағдырына араша
түскен Тұрар Рысқұлов, ТКП IV съезі мен Кеңестердің VIII съезінің коммунист
делегаттарының 1919 жылы 18 қыркүйекте өткізілген бірлескен мәжілісінде: ...
Автономиялы Қоқан үкіметі — бүл ұлт-азаттық кезеңі болды. Және сіздер
автономияшылдарға қалай қатыгездік жасалғанын білесіздер деп, жаңа
үкіметті айыптай сөйлеген еді.
Басмашылық қозғалысы бастапқыда стихиялық түрде пайда болған еді.
Әуелгіде саяси және стратегиялық бағыты айқын болмаған қорбашылар қозғалысы
кейінірек күреске жәдитшілдер мен зиялылардың қосылуымен бірге үлкен күшке
айналды. Бұл тұрғыдан алғанда, жалпы халықтық сипатта болған ұлт-азаттық
қозғалысының ауқымды майданға айналуына ұйымдасқан жасырын ұйымдардың
қосқан үлесі зор еді. Өйткені, білікті мамандар мен саяси сауатты зиялылар
жаңадан орнығып келе жатқан Кеңестік жүйенің құрылысымен жақсы таныс
болатын әрі онымен күресудің жолдарын анағүрлым жақсырақ білетін еді.
Сондықтан, негізінен астыртын ұйымдарда біріккен зиялылар бастапқыда
шашыраңқы әрі бағыты айқын болмаған жекелеген қарулы күштерді топтастырып,
оларды бір майданға шоғырландыра білді әрі сол арқылы қозғалысқа біртұтас
саяси сипат берді.
Түркістандағы жасырын ұлттық ұйымдардың тарихы жалпы алғанда міне, осы
басмашылық қозғалысымен тұстас келеді. Басқаша айтқанда, ұлттық автономия
құлағаннан кейін халық қолына қару алып, күреске шыққан кезде ұлт зиялылары
да Кеңес үкіметіне қарсы екінші майдан ашып, жасырын ұйымдар қүра бастаған.
Міне, осындай астыртын ұйымды алғашқылардың бірі болып Мұстафа Шоқай құрған
еді. 1918 жылы Екатеринбург қаласында қазақ Мұстафа Шоқай, башқұрт Зәки
Валидов (Тоған), татар Илияс Алкин, Юсуф Минар және Вадим ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басмашылар қозғалысы
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Тұрар Рысқұлұлы туралы (1894-1937)
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
ДСҰ міндеттері
Тұрар Рысқұлов өмірі
Анықтауышты жайылма сөйлемдер
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Тұрар Рысқұлұлы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Пәндер