Туберкулез ауруы. Кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Туберкулез ауруы
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін
күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын
фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох
туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы
кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені
жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл
індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер,
нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген
келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы
адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда
аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты
қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер
және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.
Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады.
Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және
салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып)
ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол
бермейді.
Туберкулездің алғашқы сатысы
Егер жас сәби немесе бала туберкулез таяқшасын жұқтырып, кейіннен ағзасында
оған қарсы иммунитет пайда болса, ол кезде туберкулез ауруы пайда болмайды.
Ал егер баланың денсаулығы әлсіз болса, онда туберкулез таяқшалары қозып,
соңы ауруға әкеп соғады. Бұл бастапқы сатыны бәрі-бәрмектермен емдеуге
болады. Ешқандай дәрі пайдаланбаған кезде жағдай ауыр болуы мүмкін, бүкіл
ағзаны жаулап ала алады. Туберкулезбен науқастанған адамның кеудесіндегі
лимфатүйіндері мен өкпесі қабынады.
Туберкулездің екінші кезеңі
Дәрі-дәрмектердің көмегімен жақсылап емделген күннің өзінде туберкулездің
қатып қалған орындары болуы мүмкін. Сол орындар бұрынғы науқас адам
қайтадан қолайсыз жағдайларда өмір сүргенде, зияны тиестін сусындар мен
тамақты пайдаланғанда қайта қозады. Тағы бір себеп ретінде туберкулезден
басқа инфекцияны жұқтыруды келтіруге болады. Туберкулездің екінші кезеңі
үздіксіз түрде ауруханада емделіп, үй жағдайына шыққанда тұрақты түрде
жақсы күтімде болудың көмегімен жазылады.
Туберкулездің дабылын туылған кезде жаппай егілетін БЦЖ (бацилла
Кальметта — Герена (Bacillus Calmette—Guérin)) вакцинасының көмегімен
қайтаруға болады. Екінші реттік БЦЖ  вакцинасы мектепке барар алдын немесе
мектепке барған кездерде егіледі.
Қауіпті дерттен сақтанайық
Туберкулез адамзатқа оның қоздырғышы ашылғанға дейін белгілі болған.
Египеттегі археологиялық зерттеулер кезінде ішкі органдары туберкулезбен
зақымдалған адамның мумиясы табылған. Мумияның жасы 2 мың жыл деп
есептелген. Қазіргі күнде де туберкулез таяқшалары өзін ұмыттырмай отыр.
Ауру деңгейі өте жоғары, ал егер өлім туралы айтсақ әр минутта дүниежүзінде
туберкулезден бір адам өледі.Туберкулез ауруынан эпидемиологиялық жағдай
емхана бойынша да, қала бойынша да қиын болып отыр. Туберкулез ауруымен
ауыратын науқастар санының көбеюі тек әлеуметтік-маңызды аурулар есебінен
ғана емес, белсенді науқастардың контингентіндегі туберкулездің
мультирезисті нысанының меншікті салмағының өсуімен анықталып отыр.
Туберкулез ауруын анықтау бактериоскопиялық диагностикаға, рентген-
флюоролық тексеруге негізделген. Емханада қақырықты микроскопиялайтын
бинокулярлы микроскоптармен жабдықталған зертхана бар.2009 жыл ішінде
емхана бойынша 470 флюоросы оң тұлғалар анықталды, солардың ішінде 111
туберкулез ауруымен ауыратын науқастар болып шыққан.2010 жылдың 6 айы
ішінде 41 адамнан туберкулез ауруы анықталған. 2009 жылдың осы мерзімінде
38 адам есепте тұрады.Туберкулез бактериялары ауа арқылы таралады. Олар
туберкулезге шалдыққан ауырған науқастардың өкпесінде өсіп, таралады.
Осыдан клеткалар тобының қабынуы, одан кейін бұзылуы басталады, өкпенің
ыдырауы, атап айтсақ миллион бактерия орналасатын тесік пайда болады.
Солардың ішінен туберкулез бактериялары жөтелу, түшкіру, әңгімелесу кезінде
қоршаған ортаға бөлінеді. Туберкулез бактериялары ауада бірнеше сағат болуы
мүмкін. Ал егер туберкулез ауруының ашық түрімен (жұқпалы) ауыратын науқас
ұзақ уақыт бойы дұрыс желденбейтін ғимаратта болса, ауада таралған
бактерияларды сол жерде жүрген басқа адамдар жұтады. Бұл туберкулездің ауа-
тамшылары арқылы жұғатын басты жолы. Сондықтан ешкім туберкулезді
жұқтырудан сақтандырылмаған. Өйткені ауа бәрімізге ортақ.Туберкулезді кез
келген жаста жұқтыру мүмкін, әсіресе организмі әлсіз балаларға қауіпті.
Егер туберкулез ауруымен ауыратын науқаспен ұзақ уақыт және жиі байланыста
болсаңыз жұқтыру қаупі өседі. Коха таяқшасымен күрестегі ең басты көмекші –
иммунды жүйе. Оны әлсіздендіретін кез келген фактор организмді инфекция
алдында қорғансыз етеді. Солардың ішінде ұйқының қанбауы, шаршау, стресс,
физикалық жүктемелер және таза ауада болмау, дұрыс тамақтанбау (әсіресе аш
болу), созылмалы инфекциялар және әрине ЖҚТБ, лейкоздар. Қауіптің және бір
факторы – шылым шегу.Коха таяқшаларының орналасатын сүйікті орны – өкпе. Ол
жерде олар белсенді көбейіп, өкпе клеткаларын бұзады. Сонымен қатар бацилла
қанды сорып, организмді улайтын уды тудырады. Осыдан туберкулездің алғашқы
белгілері пайда болады – әлсіздік, тершеңдік, безгек.Организмді
әлсіздендіретін факторлардан аластай отырып, туберкулез ауруынан өзіңізді
және басқаларды мынадай жолмен қорғай аласыз: дұрыс тамақтану, еңбек,
демалу ережесін сақтау, таза ауада көбірек болу, шылым шекпеу, ішімдікке
әуес болмау, ғимаратта тазалық ұстау, жеке ыдыс, гигиена заттарын қолдану,
т.б. Отбасында туберкулезбен ауыратын науқасты анықтаған уақытта міндетті
түрде дәрігердің кеңесін орындау қажет.Профилактикалық негізді айтсақ, ол
өзіне әлеуметтік-профилактикалық және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар
бойынша тұрғындардың өмірін және тұрмысын сауықтыру жағдайларын, физикалық
мәдениетті және спортты үйлестіреді.Балаларды және жасөспірімдерді БЦЖ
вакцинасымен иммунизациялау туберкулездің алдын-алуда маңызды рөл атқарады.
Туберкулинді қолдану арқылы өткізілетін жаппай алдын-алу тексерулер –
ауруды ерте анықтауға мүмкіндік беретін Мантуға реакцияны қою,
флюорографиялық зерттеулер жатады. Өзіндік емдеумен айналыспаңыз. Ауру
неғұрлым ерте анықталса, сіздің ағзаңызға соғұрлым аз залал тиеді, тезірек
және толықтай сауығуға мүмкіндік береді, айналадағыларға да тиісінше
инфекция аз таралады.

Туберкулез жұқпасының таралу жолдары мен көздері

Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең
ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылы

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық
сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер
бетіндегі бүкіл халықтың 13 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен
жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің
жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз
жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-
риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.Туберкулез науқастарының 75%-зы 20-
40 жас аралығындағы, яғни еңбекке біршама жарамды жастағы адамдар
болғандықтан, туберкулез анықталған жанұялар үлкен зардаптарға душар болып,
мемлекет айтарлықтай шығындарға тап болады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы туберкулез жағдайларының біршама жағдайларын емдеп-жазуға
болатындығын дəлелдеді.  Сырқаттың анықталуы жəне оны емдеу шаралары дұрыс
та, тиімді  тағайындалған болса, туберкулез науқастары толығымен жазылуы
тиіс. Туберкулез – туберкулез микобактериясы деп аталатын (ТБМ)
микроағзаларының адам ағзасына түсе салысымен, дами бастайтын жұқпалы ауру.
1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох аталмыш ауру мен ТБМ-сын ашқаныдығы үшін
Нобель сыйлығын иеленді. Бактерияны ми-кроскоппен қарағанда иілген жұқа
таяқша түрінде көрінетіндіктен, оны туберкулез таяқшалары деп атайды. Өткен
ғасырларда, туберкулез немесе сол заманда аталғандай чахотка ауруы соғыс
уақытымен салыстырғанда, бейбіт өмірде өмір сүрген көптеген ғұлама
адамдардың бұл дүниден кетуіне себепші болып, мемлекеттердің қаңырап
қалуына да өз əсерін тигізді. Еске сала кететін болсақ, туберку-лезбен
Антон Чехов, В.Белинский, Н.Добролюбов, Дж.Байрон, Ф.Шопен, Шоқан Уəлиханов
сынды əйгілі адамдар ауырған. Туберкулез микобактериялары u1179 қоршаған
ортаның əсеріне төзімді болып келеді. Олардың таралуына ең жайлысы адам
денесінің температурасына сəйкес келетін температура болғандықтан, олар
адам немесе жануар ағзасында тез тарайды.
ТУБЕРКУЛЕЗДІ АНЫҚТАУ МЕН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ƏДІСТЕРІ
Туберкулезді жетік емдеудің ең басты шарты, ауруды дер кезінде анықтау
болып табылады. Ауруды уақытылы анықтау үшін, туберкулезге күмəн ту-дыратын
белгілер байқалған мезетте, кідірместен дəрігерге қаралу қажет.
Тұрғындардың барлығы туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болу-лары
керек жəне сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықты тексеру
мақсатында, емханаға қаралулары керектігін білулері қажет. Туберкулездің ең
алғашқы басты белгілері:
• Жөтелдің 2 аптадан астам уақытқа созылуы
• Қатты шаршау
• Əлсіздік
• Тəбеттің төмендеуі
• Дене салмағының азаюы
• Кеуде қуысының ауыруы
• Түңгі уақыттағы терлеу
• Дене қызуының көтерілуі
Дегенмен, аталмыш белгілер тек туберкулез жағдайында ғана болмай, өзге де
себептерден болуы мүмкін. Сондықтан, дəрігер толық тексер-геннен кейін
ғана, туберкулездің бар-жоқтығын айқындай алады. Өкінішке орай,
науқастардың көпшілігі алғашқы байқалған белгілерге аса көңіл бере
бермейтіндіктен, ауруды асқындырып алады. Туберкулезді дер кезінде жəне
нақты анықтау үшін, науқасты ұқыпты ды, тиянақты түрде тексеру қажет.
Емханаға келген бойда науқас,  өзін қалай сезінетіндігін, алдында ауырған
аурулары жайлы, сонымен қоса жанұясының басқа да мүшелерінің ауырған
аурулары жайлы толық айтып беруі тиіс. Ең бастысы, туберкулез науқасымен
қатынас болған-болмағандығын, болған жағдайда қашан жəне қанша мерзімде
екендігін білген дұрыс. Дəрігер науқасты толық тексергеннен кейін, оны одан
əрі  қосымша зерттеулерге бағыттайды. Қазіргі кезеңде туберкулезді
анықтаудың ең дəл əдісі: бактериологиялық, рентгенологиялық диагностика
жəне балалар мен жасөспірімдерде Манту сы-  намасы болып табылады. Енді
осы  аталған əдістерге жеке-жеке толығырақ тоқталып өтейік. Туберкулезді
бактериологиялық диагностикалау– науқастың патологиялық материалындағы
(қақырық, қан, зəр, жараны бөліп тұрған ауатамырдың u1179 құрамы,  жұлын
сұйықтығы, операциялық материал) туберкулез микобактериясын анықтауға
бағытталған. Бұл түрі тек  туберкулезді диагоностикалау үшін ғана емес,
процестің ағымын, тиімді емдеу үлгісін жо- спарлауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез дертіне шалдыққан адамдармен жүргізетін әлеуметтік жұмыстар
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Медбикенің рөлі
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Туберкулездің эпидемиологиясы
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру
Қоянның сойыс өнімдерінің жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық- санитариялық сараптау
Жарақаттар туралы
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Қарағанды облысының тарихы
Пәндер