Туберкулез туралы пікірлер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Туберкулез жайында не білеміз?

Адамзат қанша жасаса, туберкулезде соншама уақытты басынан кешірген
деген сөз бар. Ол біздің дәуірімізге дейін көп бұрын пайда болған.
Гейдемберг қаласына жақын жерде 1904 жылы жүргізілген қазба жұмыстары
кезінде тас ғасырында өмір сүрген адамның мүрдесі табылған. Оның бел
омыртқасында қалған зақымнан әлгі адамның туберкулезбен ауырғаны анықталды.

Мұндай белгілер біздің дәуірімізге дейінгі ежелгі египеттердің мәйітің
зерттеген де анықталды. Туберкулез туралы пікірлер ежелгі дәрігерлер
Гиппократ, Гален, Ибн Сина және басқаларының еңбектерінде келтірілген.
Бірақ осы бір қатерлі аурудың себебін ешкім тап басып айта алмады да, одан
сақтандырудың, емдеудің жолдарында ешкім білмеді.

XVIIғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында туберкулезбен
науқастанатындардыңсаны жөнінде мәлімет жоқ деуге бола қоймас. Мәселен,
ағылшындық дәрігер Маршал былай деп жазады: 1660-1679- жылдар аралығында
Англияда туберкулез ауруынан орта есеппен 100 мың адамға шаққанда 1079
опат болып отырған.
Біздің дәуірімізге дейінгі IV-Vғасырда Гиппократ ,II-III ғасырда Гален
туберкулездің аса қауіпті әрі жұқпалы екенін білген. XVI ғасырдағы Италия
ғалымы Фраккасторонның айтуынша көрінбейтін, бірақ жұқпалы өсінділерден
пайда болады екен ...
Испанияда, Португалияда, Венецияда тіпті туберкулез ауруына байланысты
барлық жағыдайды хабарлап отыруға міндеттейтін заң да шыққан Бұл заңды
орындамағандар қатал жазаланған: кінәлілерге ақшалай айып салынды және
елден қуылатын болды, ал одан ауырып өлген адамдардың дүние-мүлкін
жасырғандар түрмеге жабылып каторгаға айдалды.
Арада тағы жүз жылдай өткенде бұрын теңіз флотында, Валь-де-Грас
ауруханасында дәрігер болып істеген француздық Виллемен, сол кездің
деңгейімен салыстырғанда туберкулез жайлы таң қаларлық хабар жасалды. Ол
аурудың матростар арасында таралу себебін зерттей келіп, олардың тар жерде
жатып, бір ыдыстан тамақ ішуінен, деген қорытындыға келеді.
Кейінрек Виллемен ауруханада жұмыс істеп жүрген кезінде аурулардың
қақырығын жинап, теңіз шошқалары тұрған клеткаларын астына жағып тәжірибе
жасады. Сонын нәтижесінде жануарлардың барлығы туберкулезден өлгенің
анықтады. Осыған сүене отырып, Виллемен туберкулез өзінен-өзі тарайтын, аса
жұқпалы ауру екеніне көз жеткізді. Әбу Әли ибн Синаның (980-1037)
еңбектерінде де ткберкулездің кейбір белгілері, одан айығу мүмкіндіктері
айтылады.
Туберкулез ауруының клиникалық және потолого-анатомиялық өзгерістері
жайлы француз ғалымы Лаэннек (1781-1826) нақты тұжырым жасап, ғылымға
тұнғыш рет “туберкулез” деген терминді еңгізеді. Өйткені, мұндай сырқаттың
өкпесінде, т.б. органдарында кішігірім “төнпешіктер” пайда болатынын
анықтаған. Осы “төнпешіктер” көбейіп әрі бірге ұласып, жұмсара, қуыс тесік
(каверна) пайда болады, деген. Бірақ, ол кезде мұны қайдан және қалай пайда
болатынын ешкім де дәл айта алмады. Бұл ауру жұқпалы ма, жұқпалы емес пе,
деген манызды мәселе жайында да ғалымдар арасында әртүрлі кереғар пікірлер
болды.
Медицина ғылымында терен аналитикалық зертткдің болмауы және іс
жүзінде техникалық мүмкіндіктің қалыптаспауы, т.б. туберкулез ауруының
нақты патологиясын ұзақ уақыт жабық күйінде қалдырды.
Ежелгі дүние дәрігерлері қатты жөтел кезінде қақырық бөлінетінін, кейде
қан аралас түкірік пайда болатынын, олардын ауру адамның тез әлсіреуіне
әкелдіп соқтыратынын, жалпы алғанда олардын түберкулез ауруның негізгі
айқындауышы белгілерінің жиынтығы екенін көрсеткен еді. Осыдан барып “көк
жөтел” және “фтиза” (грекше “арықтау”деген ұғымды береді) деген атаулар
пайда болды.
Ұзаққа созылатын өкпе ауруларымен көбіне әлеуметтік жағыдайы нашар,
ауыр еңбекпен айналысатын адамдар аурады. XVI ғасырда кен металургия кәсіп
орындарында жұмыс істеген неміс дәрігері Агрикола мен Парацельс өкпе
ауруларына кеңшілердің көбірек ұшырайтынын анықтады.

* * *
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне қарағанда, қазір
жер шарында туберкулезбен 15-20 миллион адам ауратын көрінеді. Әлемде жыл
сайын олардың саны 2-3 миллион адамға көбейіп отрады екен. Ал біздін
елімізде эпидемологиялық жағдайдын жақсаруына қарамастан соңғы жылдары
туберкулез ауруы аса өзекті әлеуметтік және медициналық проблема ретінде
қалып отыр. Сондықтан туберкулезге қарсы күресті күшейту бағытында елеулі
шаралар жүзеге асырылуда. Соған қарамыстан, әсіресе біздің республикамызда
туберкулез ауруы көп тараған ауру ретінде халық денсаулығына едәуір зиян
келтіруде.
Қазакстанда туберкулезге қарсы күрестің әртүрлі өзіндік ерекшелікткрі
бар: 1) ерте заманнан тұрғылықты халықтар арасында туберкулездің кең
таралып-жайылуы; 2) экономикалық, географиялық-табиғи этнографиялық және
басқа әртүрлі жағдайлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
Суды зерттеу
Бактериялардың мөлшері
Туберкулез ауруының түрлері
Аурудың өту ұзақтығына байланысты фиброзды - кавернозды өкпе туберкулезінің морфологиясы
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
Лабораториялық жануарларға сипаттама
Пуллороз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
«Бірнеше түлікке ортақ пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Журналист – жол басшы
Пәндер