ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ


Туризмді дамыту міндеттері
Еуропалық комиссия кеңесінде сараланды
Алдыңғы күні Алматыда Бүкіләлемдік туристік ұйым (UNWTO) Еуропа комиссиясының 45-ші кеңесі өз жұмысын бастады. Әлемнің 42 елінен ұлттық туристік әкімшілік өкілдері қатысқан бұл басқосуда Қазақстанның туристік әлеуеті дүние жүзінің қоғамдастықтары алдында мойындалуымен қатар, негізінен әлемдік туризмнің дамуы жөнінде де жан-жақты сөз болды.
Іргелі шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - еуропалық кеңістікте туризмді орнықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді күн тәртібіне қойып, бірлесе отырып шешу. Бұл, әсіресе, - күн тәртібіндегі саланы дамытудың тиімді тетіктерін іздестіру, қазақстандық және халықаралық компаниялар арасындағы байланысты одан әрі жетілдіруге және “Қазақстанда туристік кластерді дамыту” жобасының аясында ақпарат алмасуға, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қатысты.
Форумның жұмысына Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, UNWTO бас хатшысы Франческо Франжиалли, Еуропалық комиссияның төрағасы Зденко Мичич және басқалар қатысып, күн тәртібіндегі күрделі мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Қандай мемлекеттің болмасын бюджеттік қаражатын толықтыруға ауқымды үлес қосатын сала - туризмді дамыту және бұл бағыттағы жұмыстың пәрменділігін арттырудың маңыздылығы жоғары екені белгілі. Сондықтан да басқосуда ұлттық туризм саясаты, оның экономикалық-әлеуметтік дамудағы орны сияқты мәселелер назардан тыс қалмады. Мәселен, Болгария мемлекеттік туризм агенттігінің жетекші маманы Л. Веселинова өз еліндегі ұлттық экотуризмнің дамуы жөнінде әңгімелесе, Зденко Мичич Хорватиядағы орнықты туризмнің стратегиясы мен саясаты туралы жиналғандарға айтып берді. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, туризмі қалыпты дамыған елдердегі жоғары көрсеткіштер осы сала мониторингі мен менеджементін жоспарлаудағы негізгі тетіктердің бірі болып табылуда.
Туризм саласы қарыштап дамыған елдер тәжірибесін үйрене отырып, республикада бұл бағыттағы іс-шаралардың одан әрі жетілдірудің қажеттілігі зор. Көпшілікке белгілі бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде туризм - халықаралық ауқымдағы бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылысқа айналды. Индустрия және сауда министрлігі Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Евгений Никитинскийдің пікірінше, “Қазақстанда туристік кластерді дамытудың маңыздылығы ерекше”.
Шын мәнісінде де тарихы терең, ұлан-байтақ жері көркем біздің елде туризмнің сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметі бойынша туризм - әлемдік экономикадағы түсімі мол ырғақты ірі сала. Негізгі мәселе - іс тетігін тауып, іскерлікті арттыруда екендігі сөзсіз. 2006-2010 жылдарда туризмді дамыту жөніндегі дайындалып жатқан республикалық бағдарламада туризм - біртұтас кластер ретінде қаралуда. Мамандар пікірінше, туристік индустрия кешендерін кластер негізінде біртұтас жүйеге біріктірудің пайдасы орасан.
Республика Үкіметі мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның қолдауымен ұйымдастырылған жоғарыдағы ауқымды шара аясында “Туризмді орнықты дамыту саясаты стратегиясы мен тетіктері” атты семинар өткізіліп, Алматыда қазақстандық халықаралық “КІТҒ-2006” жәрмеңкесін ашу жоспарланып отыр.
Алматы.
Инфляцияның себептері зерттелуде
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен елімізде инфляциялық үдерісті реттеу мәселесі жөнінде кеңес өтті.
Атап айтқанда, инфляция өсуінің монетарлық және монетарлық емес себептері, сондай-ақ есептеудің халықаралық стандартын енгізу талқыланды.
К. Мәсімов өткен аптада Премьер-Министрдің министрліктерге, ведомстволарға және жергілікті атқарушы органдарға инфляцияға әсер етуші себептерді жою жөнінде бірқатар жедел шаралар әзірлеу, соның ішінде заңнаманы жетілдіру саласында, толықтай алғанда мәселені шешуде жүйелі қадам жасау жөнінде берген тапсырмасына назар аударды.
Көктемгі егіс барысымен танысты
Өмір ЕСҚАЛИ.
Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болып, көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік барысымен танысты.
Алғашқы күні Тайынша ауданында А. Рафальский басқаратын шаруа қожалығын аралап, механизаторлармен әңгімелесті. Осында салынып жатқан “Биохим” кәсіпорнында болып, еліміздегі бірегей кешенді өндіріс орнының әлеуетті басымдығына назар аударды.
Аққайың ауданында күніне 45 тонна сүт өнімдерін өндіретін “Рустам” ЖШС-нің жұмыскерлерімен кездесті.
Облыс орталығындағы Қызылжар мешітінде, православие шіркеуінде, тарихи-өлкетану мұражайында болды. Шоқан мен Достоевскийдің барельефіне гүл шоқтарын қойды.
Министр содан кейін ауыл шаруашылығы активімен кездесіп, аудандарды аралады.
Елшімен кездесті
Кеше Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Ахан Бижанов АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвеймен кездесті.
Кездесудегі әңгіме барысында Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестікті нығайту Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы бұлжымас басымдық болып қала беретіні, бұл жөнінде Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурызындағы Жолдауында да айтылғаны атап өтілді.
Иран басшылығы саммитке шақырылды
26 сәуірде Теһранда Президенттің кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі Нұрлан Ермекбаевтың Иран Ислам Республикасының бірінші Вице-президенті Парвиз Давудимен кездесуі болды.
Қазақстан Президентінің Арнаулы өкілі ретінде Иранда болған Н. Ермекбаев кездесу барысында П. Давудиге Қазақстан басшысының ИИР Президенті М. Ахмадинеджадқа Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) алдағы болатын екінші саммитіне қатысуға шақыруын табыс етті. Бұл орайда Қазақстан тарапы Иран Президентінің өкілетті өкілін де қабылдауға әзір екендігі атап өтілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz