Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы –
Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Ұлттық тарихи сананың әліппесі – әдебиет! Әдебиет болғанда халқының
болмысын тал бесіктен таратып, адамның талбойына біткен сымбаты мен жан-
дүниесін нұрландырған қымбатын асылтастай аршып, қырлап-қырнап, толықсытып
көзге тосатын әдебиет сыны.
ХХІ ғасырға аяқ басқан қазақ әдеби сыны жан-жақты өсіп, жанрлық-
стильдік жағынан жетілген, мақсат-мұраты мен атқарар қызметі айқындалған,
кез келген елдің әдебиет сыны саласымен иық теңестіре алатын, кей сәтте
талдау мен ой-толғау жағынан ағалық жасайтын парасатты да байсалды,
салмақты да салиқалы сипатымен ерекшеленеді. Ол – “әдебиеттік ғана емес, ең
алдымен әлеуметтік мәселелерді сөз етуге тиіс сөз өнерінің философиялық
сипаттағы күрделі түрі” (С. Әшімбаев) дәрежесіне дейін көтерілді.
Бүгінгі сыншылар көркем шығарманы талдау барысында бірыңғай
туындыдағы образдар галереясын, кейіпкерлердің сомдалу жайын, мазмұндық-
пішіндік ізденістерін ғана қарастырумен шектеліп қалмай, “жазушы
концепциясын тап басу, жазушы мен оқушыға уақыт рухына сай концептуальды
идеялар ұсыну, қоғамдық, адамдық құбылыстардағы әлеуметтік салдардың
себебін ашу” (С. Әшімбаев) секілді сапалық асқарларға қол жеткізгенін дән-
ризашылықпен атауға болады.
Сол сияқты, әдеби сынның да жеке дара ғылым, өнер деңгейіне
көтерілуіне орай оның өзіндік ерекшеліктері, мазмұны мен түрі, жазылу
стилі, басқа да канондық заңдылықтары, яғни теориялыық сыр-сипат, айырым-
белгілері болатындығы ескеріліп, қазақ әдебиеттануының қалыптасуы жайлы
зерттеулер жасалып, еңбектер жазылуы, еш толассыз, игі нышан. Сонымен бірге
сынның туу алғышарттары, қалыптасу жағдайлары, даму ерекшеліктері жайын,
сайып келгенде, қазақ әдебиеті сынының тарихын жүйелеу, дәуірлеу, белгілі
арнаға түсіру мәселесін ғылыми тұрғыда сараптаған көлемді де салмақты
дүниелер жарық көрді. Көршілес елдерге қарағанда, Қазақстанда сынтану ілімі
еленерлік деңгейге жетіп отыр. Бұл ретте, әдебиетте, танымал ғалым,
көрнекті әдебиет сыншысы, ұлағатты ұстаз Тұрсынбек Кәкішұлының ғылыми
ізденістері мен еңбекттерін алдымен атаған ләзім. Олай болуы заңды да.
өйткені ол қазақ әдебиеті сынынын, тарихы туралы алғашқылардың бірі болып
қалам жебеп, сыншыл ойдын, туу арналары мен бастау бұлақтарын ауыз әдебиеті
үлгілерінен тартса, оны жәй ғана айтып қоймай ғылыми негізде дәлел-
дәйектермен негіздесе, көне заман ғұламаларының ой-ұшқындарын, қазақтың ұлы
ағартушы-демократ жазушыларының сүбелі пікірлерін, эстетикалық танымдарын
пайымдап, сынның одан әрі қалыптасу, даму, толығу, кемелдену сатыларын
көрсетіп берсе, ол хақында қисынсыз да жаңсақ, қым-қиғаш пікірлердің
жалғандығын дөп басып, әділ де салиқалы бағасын берсе, онда қазақ әдебиеті
сынының тарихын жасау мәселесі көтерілгенде Т. Кәкішұлының есімі аталуы
ешқандай да кездейсоқтыққа жатпайды.
ХІХ ғасырдағы “қарағай басын шортан шалған” зар заманның, ХХ
ғасырдың алғашқы нәубетті, зобалаң кезіндегі қазақтың сілкініп, оянған
сәтінің, кеңестер дәуірінің қырық қырлы қырғынды күндеріндегі әдебиет
шығармаларының да өзегінен ұлттық сананы, ұлт тағдырының арқауы көкірек
көзіне оңай шалынады. Бағзыдан жеткен төл әдебеиттің асыл мұрасы эпикалық
мол мұраларымыз кейіннен тасқынды судай ақын-жыраулар поэзиясына ұласты да,
ХІХ ғасырдың екінші ширегінде ұлттық рухани олжалы аңсарларын
әдебиетіміздің киесі де, иесі хакім Абай қалаған тың жаңаша сападағы
әдебиетке ауысты. Кемел бітімді қазақтың жазба әдебиеті ХХ ғасырдың басынан
осы ғасырдың аяғына дейін көркемдік дамудың неше алуан эволюциясын басынан
кешірді. Осы толықсып-жетілу, көркею үрдісінде төл әдебиеттің алдынан
дәуірдің талай алмағайып бұралаң-бұлтарысы, асу бермес өткелі мен шың
құздары, ылдиы мен өрі, қайғысы мен қуанышы кездесті. өткен өктем ғасырдың
аумалы-төкпелі бет-бедерінде, қысыл-таяң, қытымыр мінезі, замана тауқыметі
әңгір-таяқ ойнатып, қилы кезеңде азаттыққа, рухани дербестікке бет алған
талай алаш арысын солдырып тастады. Ғасырдың басынан аққан қанда толас
болмай, кеше ғана аяқ-табағы араласып, айрандай ұйып отырған елдің кеңес
өкіметі орнағалы бір-біріне қарадай жауығып, ағайын арасынан дұшпан іздеп,
қатыны шөміш алып қоқандаған, еркек-сымағы бақан алып бауырлаған заманның
бір көрінісі отызыншы жылдардың сталиндік репрессия дауылы болды.
Репрессияның екі иінін жұлып жеп тұрған озбырлы тұсында талай шаңырақ
шайқалып барып, ортасына түсіп, талай ошақтың ойраны шықты. Аштық пен
жалаңаштықтың ұрығын сеуіп большевизмнің қолдан жасаған қызыл қырғынды
террорынан, қынадай қырып жатқан қарақуырдақ қасабынан ұлт
интеллигенциясының еш өкілі қағыс қалмады. Сондай қаскөй қылықтар кейінгі
төңкеріс, қанқырғын отызыншы, соғыс пен қызыл науқанды қырықыншы, сұрқиялы
елуінші жылдары ұлттық бетке ұстар шығар қаймағын, сыпырып жеткені еске
түскенде, кесепат тамыры қай заманда түйін салғанын біліп, жағаңды
ұстайсың... Алайда саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарап, қаћарлы
қылыштан қан тамып отырған қат-қабат қайшылықты заманда зорлық-зомбылық
көріп, боздақтары қуғын-сүргінге ұшырап, мерт болғанымен, тірілері тірлігін
жасады, қазақтың ұлы сөзі – әдебиеті өлген жоқ, өзінің көркемдік даму
бағдарынан жаңыла қойған жоқ. Әдебиеттанудың өсу, жетілу жолында сойқанды
жылдардың, желбуаз улы ұрандары да, түрі ұлттық, мазмұны социалистік
гомосоветикустардың утопиясына бөленген әсіре тапшылдық, гөй-гөйлерді
айналып өтпеген. Дегенмен тәкаппар уақыттың ұлы тегеуріні бәрін де өз
жөніне қойды, тезіне салды. Оң мен солдың, ақ пен қараның ара жігін айырып
бергендей. “Сөз жүзінде бостандық, іс жүзінде бодандық” бұратана халыққа
билеген, сайқал саясаттың қиянпұрыс зымиян зәрі бір күнгідей болмай үрген
көбіктей жоғалып, құрдымға сіңді. Батыс ойшылы Густав Лебонның ертеректе
айтқан, Қол астына түрлі-түрлі халықты ноқталап отырған үлкен
империялардың маңдайына ешқашан ұзақ ғұмыр кешуді жазбаған,- деген
тұжырымы шындыққа айналды.
Киіз туырлықты қазақтың санасындағы еркіндік, азаттық діл,
адамгершілік ұстанымдары туған әдебиетіміздің дүркін рет қыл тамаққа келсе
де, тіннің әупіріммен үзілмей үміт шырағы боп алға ұмсындырған алтын
тұғырының жоғалмауынан, анығын айтқанда тоталитарлық жүйенің қылышынан қаны
тамған заманда ұлттық әдеби мұраға жанашырлық танытып, арашасы болған
ғұлама әдебиетшілеріміздің аманаты деп түйгеніміз ләзім. Тоталитарлық
кезеңнің тар шеңберінде қыстыққан, шермеңде күй кешіп ширыққан көркем
сөзіміздің талайсыз тағдырына сенім болып, үміт соқпағының сүрлеуіне
бағытталған алпысыншы жылдардың “жылымығы” келді. Бұл жылымық алтын
күректің желіндей азаттықты аңсаған, көксеген өнер бітіміне үлкен леп
әкелді.
Әдебиеттің аламан бәйгесіне 50-60 жылдары, арғымақтарын алыстырған,
мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерін жарыстырған, ерекше феноменді бір
сеңгер баћадүр толқын қосылды. Қаңси бастаған тамырларға қан жүгірді.
Әдебиеттің тақырыптық-идеялық өрісі кеңіді. Тар идеялық өрістен адамзаттық
құндылықтарға бет бұрды. Кешегі атылған, асылған, айдалған аға буын
“абыздардың” орнына өртеңге шыққан өскіндей кейінгі толқындар басты. Бұл –
пәрменді де қуатты буындар еді.
Т. Кәкішұлы дәл осындай тегеурінді аға буынның шоқтығы биік, бірегей
тұлғасы. “Мен тіршілігі өзінің туындыларымен, сәйкес келмейтін, үндес
шықпайтын жандарды жек көремін”, – дейтін Роберт Шуманның мейлінше
қарапайым пікір-толғанысының терең мәні бар. өйткені, әдебиет пен өнерде
мұның бірталай шындығы аңғарылады. Әсіресе, бәз баяғы “шала Шекспирлер мен
толмаған Толстойлардың” (М. Әуезов) күнделікті өмірдегі іс-әрекеттері
осының айғағы. Неміс халқының ұлы композиторы Шуман пікірінің кереғар
полюстегі сипатын пайымдасақ, сөз жоқ Т. Кәкішұлы шығармашылығы, әдеби-
ғылыми қызметі мейлінше әдемі, мейлінше шынайы, барынша шыншыл дәлелдейді.
Өйткені, үлкен ғалымның бүкіл тіршілігі, мағыналы ғұмыры өзінің
еңбектерінде керемет біртұтастықта, ғажайып үндестікте, теңдесі жоқ бүтін
күйінде көрініс табады. Бұған ғалымның шығармашылық зертханасын, зерттеу
шеберлігін көрсетіп, әдеби-сыни, эстетикалық-этикалық көзқарастарын айтсақ
та жеткілікті. Бұл күрмеуі күрделі, түйіні тастай мәселені ашпас бұрын,
отандық сын тарихына зерлі көзбен сүрлеу тартып, үңіліп, егжей-тегжейіне
сәл-пәл шегініс жасағанымыз жөн болар. Әдебиет сынының тарихындағы бір
белес, 1939 жылы маусым айында өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезі
болды. Мұнда әдебиетіміздің әр саласы – проза, драматургия, поэзия, сын
туралы баяндамалар жасалып, келелі кеңестер ортаға салынды. Жазушы Ғ.
Мүсірепов әдебиет сынының жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Заңғар
жазушының баяндамасында сынның ғылыми сын, халық сыны, кәсіпқой сын түрлері
ажыратылып, арзанқол, таяз, ғылыми негізсіз сындардың залалының аталуы –
сын тарихындағы жаңа сөз еді. 30-жылдардағы сынға қатысты пікірлерге
кідіріп өтсек, осы кезеңде тұрпайы, дөрекі социологиялық сынның, таптық,
атеистік көзқарастардың өрістегенін, барлық мәселені партиялық, тапшылдық
тұрғысынан шешу талабының үстем болғанына көз жеткіземіз. Мәселен, ҚазАПП
басшысы М. Қайыпназаров әдеби сын мынадай талап үдесінен шықсын деп табады:
“ 1. Сын диалектика – затшылдық дүние тануынан теріс жайылмасын. 2.
Пролетариат жазушыларының шығармаларын сынағанда ол жазушының шыққан тегі,
қай жікке жататындығымен сыналсын, шығарманың бағасына, бұқараға социалдық
тәрбие бере алуына қаралсын, т.б.” БК(б)П ОК-нің 1946 жылғы “Звезда” және
“Ленинград” журналдары туралы”, “Драма театрларының репертуары және оны
жақсарту шаралары туралы” қаулыларынан кейін, іле-шала Қазақстан
Компартиясы ОК-ті “Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет
институтының жұмысындағы саяси өрескел қателері туралы” (21 қаңтар 1947
жыл) деген атышулы, қаралы қаулылардың ақыры зиялы қауымды зиянды етіп,
“ұлтшыл-шовинистерді” іздеу, талқандау сияқты сорақылықтарға ұласып,
фольклор мен әдебиет тарихын зерттеген ғалымдар, тарихи тақырыпқа жазған
ақын-жазушылар, тарихшылар қудалауға ұшырады. Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев,
Т. Нұртазин, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, А. Жұбанов, Ә. Мәметова, Ә.
Қоңыратбаев т.б. қызметтен қуылса, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтар өз елінде
“көзге күйік” күй кешіп, Мәскеуге бет түзеді. Ал танымал тарихшы-ғалымдар
Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменовтерге “ұлтшылдық қамыты” кигізіліп, жиырма бес
жылға сотталып кетті. Рухани өмірдің өскелең талаптарға жауап іздеу орнына,
көбіне-көп өз ортасынан жау іздеуге ден қойып кетуіне “Қазақстан Жазушылар
Одағының жұмысындағы үлкен қателіктер мен кемшіліктер, оларды жою жөніндегі
шаралар туралы” (17 маусым 1951 жыл), “Бастауыш және орта мектептерге
арналған Қазақ әдебиеті мен тіл бойынша оқулықтардағы қателіктер мен
кемшіліктер туралы” (28 тамыз 1951 жыл) аталатын қаптағын, қабаған қаулылар
да қал-қадерінше “үлес” қосты. Соның салдарынан қазақтың төл перзенттері
мектеп оқулықтарынан шығарылып, олардың орнына орыстың ағартушы-
демократтары қоныстанды. М. Әуезов, Б. Кенжебаев, Ә. Марғұландардан бастап,
қазақтың дарынды, ығайы мен сығайы тұрпайы сынның нысанына ілікпегені кемде-
кем. 50-жылдардың орта тұсына дейін әсіресе билік құрған салсойыл сынға
біршама тоқтау салып, мәдени-әдеби өмір дамуының оң арнаға бет түзеуіне
“жылымық” жылдары бірқыдыру әсер етті. 60-жылдардағы әдебиет сыны мен
әдебиеттану ғылымында маңызды зерттеулер жүргізуге, оқу орындарын қажетті
оқу құралдарымен, оқулықтармен жабдықтауға, сол тұстағы әдеби өмірдің
жағдайын бағдарлауға діттелген ауқымды іс-шаралар қолға алынды. Шынында да,
ұстараның жүзіндей алмағайып уақытта өмір сүре жүріп, әдебиетіміздің
өркенді биіктерге бет-түзеуіне үлес қосқан, туған әдебиетінің дамуына тура
бағыт сілтейтін сүре, сара жолды іздеу барысында кей-кейде бұралаң
сүрлеулерге түсіп кетуден де кенде емес осы бір сардар мінез талантты
дарабоздар қатарында Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин,
А. Нұрқатов, Т. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, Ы. Дүйсенбаев, М. Базарбаев, Т.
Кәкішев, Ә. Нарымбетов, Қ. Қуандықов, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Х.
Әдібаев, М. Дүйсенов, Ә. Дербісалин, Е. Бекенов, Ә. Қоңыратбаев, З.
Ахметов, Р. Сыздық, Ш. Сәтбаева, Р. Нұрғали, А. Қыраубаева, С. Талжанов, Ш.
Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, Т. Жұртбай, т.б. көптеген әдебиетшілердің болғаны,
олардың қай-қайсыда кейіннен қазақ әдебиетінің өркендеу тарихында өзіндік
із қалдырғаны мәлім.
Т. Кәкішұлының сын шын болсын, шын сын болсын принципшілдік
ұстанымдағы, тырнақ алды өткір сын мақалалары 50-жылдардың басынан көріне
бастап, әдебиет тарихының сан-салалы мәселелеріне ерекше назар аударғаны
байқалады. Біріншіден, 50-жылдар ортасында аздаған жылымық кезең туып,
өктемшіл саяси жүйенің тоны аздап жіби бастаған-ды. Өткенде жіберілген
ағаттықтар мен асыра сілтеулер айтыла бастады. Осындай оң өзгерістердің
нәтижесінде 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірқатары ақталып,
әдеби мұралары рухани қазынамызға там-тұмдап қосылды. Әсіресе Сәкен,
Бейімбет, Ілияс шығармашылығын зерттеп-зерделеу ісі қолға алынды. Әр
дарынның өз орны бар деп түсінетін зерттеуші сол дарындардың ұлты үшін
атқарған қыруар қызметін айрықша көрсетуді өзіне борыш, киелі міндет етіп
алғандай. Бұл тақырыппен үнемі айналысып, әдебиет пен мәдениеттегі елеулі
еңбегі бар, әр қилы жағдаймен белгісіз болып келген талай тұлғаларды (Ж.
Тілепбергенов, С. Шәріпов, Е. Бекенов, С. Ерубаев, т. б.) жұртшылыққа
таныстырып жүрген Т. Кәкішұлының мұндай игілікті істен шет қалуы мүмкін
емес еді. Оның ғұмырлық тұғырлы зерттеу объектісіне айналған. Осы кездегі
ғалым Т. Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның
қанаттауын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан. Оянған ойға кең өріс
еңбегінде әдебиет сынының қалыптасып, дамуы баспасөз арқылы жүзеге асатынын
дәлелдеп көрсетті. Халықтың әлеуметтік жағдайы, көкейкесті мәселелері,
арман-тілегі, мұң-мұқтажы халық өмірінің айнасы болып табылатын – баспасөз
арқылы көрініс беретінін мерзімді басылымдардағы сыни материалдарды талдай
отырып, нақты деректермен негіздеді.
Т. Кәкішұлының әу дегеннен-ақ әдебиеттану ғылымының бар саласында
бірдей қалам тартып, әсіресе ХХ ғасыр басындағы әдеби-көркем процесті
саралауы, сол кезеңнің бақилық болып кеткен жекелеген қалам
қайраткерлерінің шығармашылығын зерттеуі, олар жайында архивтік мәліметтер
мен тың деректерді ғылыми айналымға енгізу машығы оны әлі түрен тие
қоймаған тың сала – әдебиет сынының тарихын жазу дайындығы жасалып жатқанын
аңғартқандай. Бұл саладағы ізденістері Сын сапары (1971) монографиясынан
бастау алып, Оңаша отау (1982), Қазақ әдебиеті сынының тарихы (1994),
Кер заманның кереғар ойлары (1995), деп аталатын фундаментальды құлаш-
құлаш еңбектерге ұласты. Осының арқасында ғана қазақ әдебиет сынының тарихы
өз алдына оңаша отау көтеріп, жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Ғалымның осы саладағы еңбектері ұлы жазушы М. Әуезовтің де назарын
аударған. Зерттеуден үнемі қалыспайтын, әр кезде совет шығармаларын
зерттеген уақытта үлкен бір бөлімді меңгеріп жүрген, әлеуметтік-идеялық
саяси мәні бар ең алғаш совет әдебиетінің пролетарлық бағытта, Ленин салған
жолмен әдебиетпен ұлтшылдықпен алысқан дәуірді зерттеу жұмысына көп
араласқан Кәкішұлының сөздерін бағалы деп есептеймін [1], – деген пікір
білдірген болатын.
Қандай да елдің әдебиетін алмайық, оның қай-қайсысы да ұлттық шеңбер
ішінде ғана дамымай, ешқашан өзімен-өзі томаға-тұйық қалыпта дәурен
сүрмеген. өзге озық елдерден үлгі алып қанатын жайған. Әр елдің өнері,
әдебиеті бір-бірімен ықпалдаса отырып дамыған. Осы мәселелерді жыға, жете
танығандықтан да Т. Кәкішұлы шетел әдебиеті мен туыстас елдер әдебиеті
жайлы, әдеби аралас- құраластық жайында көп қалам сілтеді. Қазақ
әдебиетінің туған топырағында мәуелі жеміс берген әдебиетші ғалымның
еңбектерінде интернационалдық дәстүрлер, әсіресе орыс әдебиетшілерінің
сабақтары, өзімен бір дәуірде өмір сүрген зерттеушілердің тәжірибесі,
идеялық, мазмұндық, көркемдік-эстетикалық сабақтастық үнемі көрініп
отырады. Бұл әсер, ықпал, эпигонство емес, терең шығармашылық тамырластық
табиғатына лайық дәстүр мен жаңашылдық диалектикасы, ұлттық және
интернационалдық көркемдік тәсілдердің бірлігі, әдебиет дамуындағы
жарасымды үндестік, тұтастық. Ғалымның сонымен қатар көркем аудармалары
турасында айтқандары, жазғандары зерттеушінің эстетикалық талғамының
биіктігі мен сыншылдығының, ғалымдық сезімталдығының едәуір биікте екенін
дәлелдері.
Қай кезеңде болмасын қаламгер санаға дегбір бермеген, жүрегін
сыздатқан жайды бейнелеуді қолайлайды. Сыншы сыры да, ерекше қыры да осы
сыздауық – нүктеден басталса керек. Бұл сыздауық С. Сейфуллиннің күрделі
өмірі мен терең әдеби мұрасы болатын.
Қазақ әдебиетінің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен,
ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай – бағылан дәуірін тудырған ХХ
ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге
дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны
пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек, – деген академик Р. Нұрғалидың
пікірін назарға алғанда. Әсіресе, үш алып атанған Қазақтың ірілері,
Абайдың інілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерге қаратыла айтылған
ақиқатындай әсер етеді. Сол алыптардың ішіндегі орны ала-бөтен, жалынды
ақын С. Сейфуллиннің шығармашылығы мен қызметін зерттеу мәселесі сонау 30-
жылдардан бастау алады.
Дауылпаз ақын С. Сейфуллинмен көзі тірісінде аралас-құралас болған,
әдебиетте ұстаздығын көріп, қаламгерлік ақыл-кеңесін тыңдаған жанның бірі –
Сәбит Мұқанов. Оны 1936 жылы әдеби еңбегінің жиырма жылдығында да, 1957
жылғы жиналыста да Сәкен еңбегі ауқымының зор екенін өзгелерге ұғындырып,
қазақ кеңес әдебиетінің негізін салған қаламгер екендігін, кеңес әдебиеті
дамытушы жазушылардың көшбасшысы екендігін айтқан да – Сәбит. 1960-жылдары
жарық көргелі жатқан Сәкеннің алты томдығының соңғы Қазақ әдебиеті. Билер
дәуірінің әдебиеті кітабының айналасында шыққан дау-дамайға өзінің Қазақ
әдебиетінде жаңа эра атты алғысөзімен тосқауыл қойып, ол еңбектің
жариялануына бірден-бір септігін тигізген де – Сәбит [2]. 1968 жылы жарық
көрген Т. Кәкішұлының Қызыл сұңқар атты тарихи-әдеби очеркіне өзінің
жазған алғысөзімен-ақ батасын берген де – Сәбит. Осындай әрекеттері арқылы
Сәкеннің тарихтағы орнын айқындауда атқарған қызметтерінің маңыздылығын
көріп, оның қаламгершілік келбеті арқылы шәкірттік сезімімен Сәкен мен
Сәбиттей екі қаламгердің шығармашылығын зерттеп, тануда еңбек етіп келе
жатқан Т. Кәкішұлы да өзінің өмірлік жолында моральлдық тазалықтан
алшақтамауға ұмтылады.
Бір дәуірде өмір сүрген дарындар да бір-біріне ықпал жасап,
творчестволық бәсекеге түседі. Жалғыз озу ниеті мақсатқа айналса, онда
талас-тартыстан, дау-дамайдан аяқ алып жүре алмаймыз, ал оқу, өсу ниетінің
негізіне айналса, құдайдың бергені, әдебиет гүлдеп сала береді. Бәйге
күшейіп, соны шығармалар дүниеге келеді, халықтың мерейі өседі. Осы соңғы
тенденция Октябрьден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz