Түрік-қазақ әдеби байланыстары


Қазақ пен түрік халықтарының бірін бірі танып, рухани жағынан жатқан саяси-әлеуметтік мәселелерге зер сала бастауы да жиырмасыншы ғасырдың басынан басталған секілді. Екі халық арасындағы мәдени, әдеби байланыстар тікелей болмаса да осы кезде таным түсінік пен пайымдаулар жағынан бір бірімен үндесіп, белгілі бір ортақ идеяның топтаса бастағандай. Оған XX ғасырдың түрік-қазақ зиялыларының тек бір халықтың ғана емес жалпы түрік әлемінің қамын жеп, бүкіл дүние жүзі түркілерінің басын қосу турасындағы ой-пікірлері де әсер етті.
Түрік зерттеушілері көбінесе ұлттық баңытты ұстанған ақын-жазушыларға көбірек ден қойып, солардың еңбектерін әрдайым жиі аударып, насихаттап отырады. Себебі ол біздің жалпы түріктік мемлекеттік идеологиямызбен сәйкес келеді, екіншіден қазақ әдебиетінде бүгінде кең етек алып отырған космополиттік көзқарас деген ұғым түрік әдебиетінде жоқтың қасы. Өйткені Туркияның мемлекеттік саясатының өзі ұлттық дәстүрлерді жетілдіруге, барлық нәрсеге тек ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға бағытталған. Ал бұл жағынан қазақ әдебиетінде кереғар көзқарастардың тым күшті екендігін де жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті туралы сөз болғанда біздің ойымызға бірінші болып А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаевтар оралады. Түрік әдебиеттанушысы Ферхат Тамир де сол ыңғаймен өзінің зерттеу еңбегінде XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипатына мынандай баға бреді: «Бұл дәуірдегі алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері - ағартушы, жазушы, тілші, ойшыл жіне саясатшы болған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Бұл кезеңдегі ақын-жазушылар қазақ халқын надандықтан құтқаруға, мәдениетті, білімді болуға, Ресей үстемдігіне қарсы шығуға, халықтың бірлігін сақтауға шақырады».
Қазақ жазба әдебиетінің даму, қалыптасу кезеңдері туралы жазылған, Мұстафа Айгулдің «XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ жазба әдебиетінің жалпы ерекшеліктері» деген мақаласында да түрік зертеушісі тың пікірлер айтып, соны тұжырымдар жасайды.
Ашур Өздемирдің Қазақстандағы рухани қозғалыстарға арналған зерттеулерінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына жоғары баға берілген. Ферхат Темир «Гаспралы Исмайл мырза және оның қазақ зиялыларына әсері» деген мақаласында да «Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Орысша сауатын ашқан, ағартушы, ақын, публицист, әдебиет тарихшысы, ғалым және мемлекет қайраткері. Ол қазақ халқының араб харпінде оқуын И. Гаспринскийдің әдістемесі негізінде қайта жасап шыққан» дейді.
Міржақып туралы түрік тілінде жазылған көлемді еңбектің бірі Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ түрік университетінің ұзтазы профессор Ашур Өздемирдің «Қазақ түркілерінің ұлы жазушысы Міржақып Дулатов» деген еңбегі. Бір баспа табақ көлемінде болатын зерттеу еңбекте жалынды публицист, талантты ақын, шебер жазушының қаламгерлік еңбектері әр қырынан жан-жақты талданған. Мақала авторы М. Дулатов өміріне тоқтала келіп: «Міржақып саяси күрескерлігінің алғашқы дәрістерін, А. Байтұрсынұлы мен Ә. Бөкейханұлынан алды. Бұл Омбы мен Қарқаралыда өткен жылдардың осы жас отансүйгіш жігітке берген үлкен сыйы, тәжірибесі еді» дейді. Одан әрі қарай А. Өздемир ақынның «Оян, қазақ!» өлеңінің сол кездегі қазақ сахарасындағы қоғамдық санаға әсер етуі мен көркемдің сипаты туралы толғанады. Оның күрескерлік өмірінің үлгі етер тұстарына ерекше тоқтала келіп 1935 жылы Ақ теңіз жағасында тұтқында қайтыс болғанын да өкінішпен еске алады.
Түрік зерттеушісі осы мақаласында қазақ өлеңінің жаңа дәстүрін қалыптастырған Абай болса, алғашқы қазақ романын дүниеге әкелген М. Дулатов деп салыстырады. «Бақытсыз Жамал негізінен көлемі жағынан роман өлшеміне келіңкіремейді. Шығарма елу беттік бір ұзақ әңгіменің сипатында көрінеді. Бірақ өлшемі қысқа болғанына қарамастан бұл шығарманың тақырыбы өте ауқымды. Романнан алдымен қырды жайлаған қазақ елін көреміз. Жазушы сол кезең даланың үлкен суретін бере отырып, сол жердегі үлкенді-кішілі ауыл адамдары мен жалпы әлеуметтің реалистік хал-ахуалын, өмірін көз алдымызға әкеледі». Ғалым Міржақып өлеңдерінің тақырып аясын, идеялық мәні мен көркемдік сипатын, ақындық шеберлігін де барынша тереңдей ашуға тырысқан.
«1920 жылы жазған «Алыстағы бауырым» деген өлеңі Туркиялық түріктерге арналған. Онда ол соғысып жатқан түріктердің қайғысына ортақ екендігін ашық білдіреді. Өлең мазмұнынын Туркиялық түріктер мен Қазақ түріктерін бауыр екендігін айқын аңғарасыз».
Қазақ әдебиетінде Мағжанды ұлы Абайдан кейінгі екінші ақын ретінде таниды. Оның өлеңдеріндегі бір асқақ үнмен оқылатын адуынды ырғақ, біресе жүректің қылын ақырын ғана шертіп отыратын нәзіктік оның расында да шын талант иесі екендігін аңғартады. Сондықтан да оны тек қазақтар ғана емес түрік ұлты да, басқа түркі тектес халықтар да сүйсініп оқиды. Мәселен Мағжан туралы жазылған барлық түркі тілдеріндегі зерттеу-мақалаларда оның «Түркістан» деген өлеңі түрік, татар, әзербайжан т. б. тілдерінде қайта-қайта жарияланып отырған. Оның мәнісі ақынның күллі түрік халықтары аңсап отырған көңіл түкпіріндегі шынайы арманды жеткізе алғаннан болса керек.
Мағжан жырларында түрікшілдік рухтың биің екенін қазақ ғалымдары да мойындайды. Белгілі қазақ ғалымы д. Ысқақұлы «Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған!» деген кітабында мынандай ой айтады: «Бір кездерде Мағжан көтерген түрік бірлігі идеясы - күні бүгінге дейін өзінің зәрулігін жоймай келе жатқан маңызды мә»селе. Бұған Мағжанның осы өлеңіне деген көңілін білдіретін 80 жылдан кейін жазылған жауап хатты оқығанда көзіміз жетеді. «Алыстағы бауырыма» он екі шымақтан тұратын болса, түріктің белгілі қоғам қайраткері, Мағжантанушы Фейзуллах Будак жазған «Мағжанға жауапта» қазақ ақына көтерген он екі шумақпен нақтылы жауап берген»- деген дерек келтіреді. Бұл оның екі халықтың рухани жақындасуына қосқан үлкен үлесі. Ол осы өлеңімен-ақ бүтін түрік әдебиеті тарихында ақын болып қалады.
Ф. Тамир өзінің қазақ әдебиетіне арналған «Күнге ұшқан сұңқар» кітабында да Мұхамеджан Сералин туралы салихалы ойлар айтып, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін атап көрсетеді. Онда: «Мұхамеджан Сералин ақын, жазушы және баспа қызметкері. Еңбектері: қазақ әдебиеті үшін ең үлкен қызметі - «Айқап» жорналын шығаруы болды. 1911-1915 жылдар арасында шыққан бұл жорнал қазақтар шығарған алғашқы еуропалық жорнал еді. Ол дәуірдегі қазақ зиялыларын және жастарын бірлестіріп, қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Өзі де осы жорналға көптеген мақалалар мен шығармаларын жариялаған» деген ойларын айтады.
Ферхат Тамирдің «Күнге ұшқан сұңқар» кітабында Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафиндердің өмір тарихтары мен шығармашылықтары жүйелі сөз болады.
2004 жыл жарық көрген «Түркиядан тыс түріктер әдебиетінің антологиясы» деген көп томдық шығарманың 28-ші томында Мағжан Жұмабайұлының қысқаша өмірбаяны және «Түркістан», «Болса гүлсіз», «Жан сөзі» өлеңдері қазақша - түрікше баламалары қатар берілген.
2002 жылы Анкарада ТИКА тарапынан жарияланған екі томдық «Түрік әлемі әдебиеті» атты кітаптың екінші томы «20-шы ғасырдағы түрік әдебиетіне» арналған. Осы аталмыш кітапта Мағжан Жұмабайұлы туралы ауқымды мәлімет бере отырып, оның «Түркістан» және «Алыстағы бауырыма» деген өлеңдерінің қазақ тілінен түрікшеге қара сөзбен аударылған нұсқасы берілген.
Түрік азаматы Фейзуллах Будак экономист маманы бола тұра, өзінің поэзияға өте жақын екенін айтады. Сол себептен 2001 жылы «Мағжан Жұмбаев өлеңдеріндегі ұлттық болмыс» және 2003 жылы «Алтайдағы жүрегім: Мағжан Жұмабайға жауап» атты кітаптары жарық көрді. Бірінші кітабында Мағжан Жұмабайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жаза келе, Мағжанның көптеген өлеңдерін түрік тіліне аударады.
Түркияда мұнымен қоса Мағжан Жұмабай туралы 1993 жылы Анкарада Түрік мәдениетін зерттеу институты Ферхат Тамирдің «Мағжан Жұмабаев өлеңдері» атты кітабын жариялады. Бұл еңбекте Ферхат Тамир Мағжан өлеңдерін түрік тіліне қара сөзбен аударып және түсініктемелер берген. 1998 жылы Түркістанда Гүнхан Кайхан «Мағжан Бұмабайдың өлеңдері мен шығармалары» деген тақырыпта магистрлік диссертациясын қорғады. Сонғы кездері Түркия университетінде Түрік тілі мен әдебиеті бөлімдерінің ішінен «Түркі тектес халықтардың тілдері мен әдебиеті» бөлімдері ашылуда, әрі осы бөлімдерде Мағжан Жұмабай туралы түрлі тақырыптар айсында диссертациялар жазылу үстінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz