Түркия 1923 жылы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ТҮРКИЯ

  • Жерінің ауданы - 779, 4 мың км2
  • Халқы - 68, 1 млн адам (2004 ж. )
  • Астанасы - Анкара қаласы
  • Мемлекеттік күрылымы - республикалық мемлекет
  • Мемлекет басшысы - президент
  • Заң шығарушы органы - үлттық мәжіліс
  • Мемлекеттік тілі - түрік тілі
  • Ұлттық валютасы - түрік лирасы

Мемлекеттің құрамы мен қүрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Түркйя респуб-ликалық мемлекетінің қүрамында 75 вилайет (провинция) бар. Түркия 1923 жылы 29 қазанда төуелсіз мемлекет болып жарияланды (бүған дейін - Оттоман (Осман) империясы) . Бүл күн үлттық мереке - республика күні деп есептеледі.

Түркия - Оңтүстік-Батыс Азияда (аумағының көп бөлігі) жөне біраз бөлігі Еуропаның оңтүстік-шығысында орналаскан мемлекет. Оңтүстігінде Сириямен жөне Иракпен, шығысында Иранмен, солтүстік-шығысында Армениямен, Грузиямен жөне Өзірбайжанмен, солтүстік-батысында Болгариямен жөне Грекиямен шектеседі.

Түркия аумағының 97%-ы Азияда, ал 3%-ы Еуропада орналаскан. Батыстан шығысқа 1600 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 550 км-ге созылып жатыр^лдің солтүстігін Қара, батысын Эгей, Мөрмөр, оңтүстігін Жерорта теңіздері шайып жатыр.

Босфор, Дарданелл бүғаздары мен Мөрмөр теңізі халықаралық су жолы қызметін атқарады. Халықаралық теңіз және өуе жолдарының тоғыскан жерінде орналасқан елдің орны жан-жақты сыртқы байланыстар жасауға колайлы жағдай туғызады.

Түрік мемлекетінің тарихи қалыптасуы және геосаяси жағдайы. Түрік мемлекетінің аумағында - Кіші Азияда б. з. д. хетт өркениеті пайда болған, ал б. з. д. XII ғ. ол Фригия патшалығымен алмасты. Б. з. д. VII ғ. қалыптасқан лидиялықтар патшалығы б. з. д. VI ғ. күрылған Парсы империясына бағынды. Ал б. з. д. 333 жылы Александр Македонскийдің империясына тәуелді болды. Жыл санауымыздан бүрынғы II ғ. Ежелгі Рим империясына кірген ол V ғ. Византияның қүрамына енді. Ол кезде Константинополь (бүгінгі Стамбул) Византияның астанасы болды. VI ғ. Орталық Азияда түрік тайпалары батысқа жорықтарын бастап, XI ғ. селжүқтар Кіші Азияны түтас бағындырып, Түркістаннан Эгей теңізіне дейінгі аумақты алып жатқан аса ірі империя қүрды.

XIII ғ. соңына таман селжүктар империясы монгол империясының соққысына шыдамай үсақ князьдіктерге бөлініп кетті де, XIV г. Осман баскарған князьдік өзге түрік әмірліктерін бағындырып, 1453 жылы Византияның астанасы Константинопольді басып алып, оны өз астанасына айналдырды. Сүлтан Сүлейменнің кезінде (1520-1566 жж. ) Осман империясы Оңтүстік Еуропаның орта түсын және де Солтүстік Африканы түгелдей (Мароккадан өзге) өзіне багындырды. XVII г. бастап империя біртіндеп күшін жоғалта бастады да, XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында аумағы айтарлықтай қысқарды. Германия жагында соғыскан Түркия Бірішпі дүниежүзілік согыстан соң өз иеліктерін түге лдей дер лік жоғалтты (Севр келісімшарты, 1920 ж. ) . 1918 жылы елді грек әскерлері басып алды.

Мүстафа Кемал Ататүрік баскарған түрік халқының үлт-азаттық көтері-лісінің нәтижесінде (1918-1923 жж. ) 1923 жылы 29 қазанда Түрік Респуб-ликасы жарияланды, ал Мүстафа Кемал Ататүрік президент болып сайланды. Елдің астанасы Стамбүлдан Анкарага көшірілді.

Табиғаты және табиғат ресурстары. Елдің Еуропалық бөлігі Шыгыс Фракия деп аталады, ол биіктігі 1000 м-дей қыраттан түрады. Түркияның үлкен бөлігін Кіші Азия мен Армян таулы кыраттары алып жатыр. Елдің ең биік нүктесі Үлкен Арарат тауы (5165 м) . Орталық бөлігінде Анадолы таулы үстірті орналасқан. Оңтүстікте Жерорта теңізі жагалауында биіктігі 3726 м-ге дейін жететін Тавр жоталары (Батые Тавр, Орталық Тавр, Шыгыс Тавр) созыла орналасқан.

Түркияның Қара теңіз жагалауын бойлай үзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары бар. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м, ең биік нүктесі - 3937 м (Качкар тауы) . Елде ойпатты жазықтар сирек, ал теңіз жагалаулары мен өзен атырауларындагы жазықтар жіңішке әрі төбелі болып келеді.

Жер бедерінің таулы болып келуіне байланысты Түркия аумағының климаты алуан түрлі. Қара теңіз жагалауының климаты қоңыржай жылы, ылғалы мол, жазы ыстык, қысы салқын (каңтарда +7°С, тамызда +24°С) . Эгей және Жерорта теңіздерінің жағалауы жазы ыстық қүрғақ, ал қысы жылы жаңбырлы болып келетін типтік жерортатеңіздік климатымен ерекшеленеді.

Елдің басты өзендері - Евфрат (Фырат), Тигр, Қызыл-Ирмак. Евфрат өзенінің Түрік жеріндегі үзындығы - 1263 км, Тигр өзенінің Гелджук көлінен Иран шекарасына дейінгі үзындығы - 523 км. Евфрат Боздаг тауынан бастау алып, Шыгыс Тавр тауларын терең шатқал жасап ағады.

Евфрат өзенінде Кебап елді мекенінің түсынан салынған бөген мен су электр станциясында өндірілетін энергия елдің энергияға қажеттілігінің 25%-ын өтейді. Ең үзын өзен - Қызыл-Ирмак (1353 км) Қара теңізге қүяды. Қызыл-Ирмак, Сакарья (825 км), Ешиль-Ирмак (519 км) және т. б. 500-ден аса шағын өзендер Понти тауларынан бастау алады. Бүл өзендердің ауыл шаруашылығын суландыруда маңызы зор.

Түркияда қалыптасуы мен режімі алуан түрлі көлдер көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі түзды - Ван және Түз көлдері. Ван көлінің көлемі - 3173 км 3 , теңіз деңгейінен 1646 м биіктікте орналасқан. Көл аркылы темір жол паромы салынған.

Батыс Тавр тауларында Бейшехир, Эгридир, Ақшехир және Бурдур көлдері иргавласқан.

Түркияның жер қойнауынан көмір, темір, хром, мыс кендері табылған. Егістік жерлері елдің 30%-ын, ормандар мен бүталар 26%-ын, шабындықтар мен жайылымдар 12%-ын алады. Кен орындарының географиялық орны «сымалдауға қолайлы. Мұнай мен газ кендері оңтүстік-шыгыста орналасқан. Тсмір кені 1930 жылдардан бері Фетхия және Гулеман кен орындарында стріледі. Мыс кені Эргани, Мургул, Улудаг тауларының солтүстік батысында «вдіріледі. Кенсіз пайдалы қазбалардан мәрмәр мыңдаған жылдардан бері вшріліп келеді. Мәрмәр теңізінің аты да соған байланысты болса керек.

ГГүркия хром, мыс, алюминий, темір кендері мен кокстелген көмірді экспортқа тарады. Бүкіл Түркияны ас түзымен Түз көлі қамтамасыз етеді.

Халқы. Халқының саны 68, 1 млн адам, тыгыздыгы шамамен 1 км 2 -ге 81 адам- штв келеді. Елдегі халыктың 90%-ға жуығы түріктер, өзге үлттардан күрдтер Ц млн-дай), арабтар, түрікмендер, черкестер, лазылар, аджарлар, абхаздар, игуштер, шешендер, т. б. үлттар бар. Түрік тілі алтай тіл семьясының түркі тиюьша жатады. Халкының 99%-га жуығы ислам дінін үстанады.

Тілдің ірі қалалары батыс бөлігінде орналаскан. Олар Стамбүл, Измир, Бурса, Ашназары, Денізлі, Адана, Балыкесир және Стамбүл қаласы агломерациясына ■йретін Измир, Каятхане және Байрампаша қалалары қарқынды даму үстінде. врталық Анадолыдағы ең ірі қала елдің астанасы - Анкара қаласы. Онда 4 жшн-га жуық халық түрады.

Шаруашылығы

XX ғасырдың 70-жылдарына дейін Түркия, негізінен, аграрлық ел болып Қазіргі кезде ауыр өнеркәсібі дамыған индустриялы-аграрлы ел. Түрік экономикасының дамуы ауыл шаруашылыгы өнімдерін өнеркәсіптік бастау алды. Бүгінге дейін еңбекке жарамды халықтың көбісі тамак жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек етеді.

Түркияның экономикасы орталықтандырылған экономикадан еркін нарьщтьщ қатынасқа өтудің күрделі кезеңін бастан кешуде. Өнеркәсіптің дамыған салалары - тау-кен (көмір, хромит, мыс, бор), металлургия, мұнай, тоқыма, тамақ, қүрылыс. Ауыл шаруашылығында (ҮЖӨ-нің 18%-ы) темекі, мақта, астық, зәйтүн, бүршак түқымдастар, цитрустар, қант кызылшасы, т. б. дакылдар өсіріледі. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ел іс жүзінде өзінің азық-түлікке деген ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

Өнеркәсібі. Тас көмір Қара теңіз жағалауындағы Эрегли, Зонгүлдак, Амасра, Сегютези кен орындарында өндіріледі. Елдің батысындағы Сейтемер, Тунчбилек, Дегирмисаз, Сам, Чан, Бейпазары, Әрәурулі кен орындарынан өндіріледі. Елдің оңтүстік-шығысында (Гарзан, Гермик, Раман) орналасқан кен орындарынан мүнай өндірілгенімен ол елдің мүнайға деген сүранысын толык өтемейді. Сол себепті мүнай өнімдерін шеттен сатып алады. Металлургия өнеркәсібі кажетті шикізатпен қамтамасыз етілген. Темір кені Давриги, Сивас кен орындарынан; хром кені Фетхие, Башеррон, Гүлеман; мыс Эргани, Моргүл; қорғасын, мырыш Кебан, Симав, Девели және т. б. жерлерде өндіріледі. Кенді пайдалы кдзбалардан күкірт, сурьма, асбест, магнезии, ас түзы өндіріледі.

Электр энергиясы жылу және су электр станцияларынан алынады. Ең ірі СЭС - Евфрат өзеніндегі Кебан су электр станциясы. Бүдан өзге Сакария, Қызыл-Ирмак* Тарсус, Гедиз, Сейхан өзендерінде алынған СЭС-терді атауға болады. Көптеген жылу электр станциялары жергілікті қоңыр көмір кендеріне негізделіп салынған. Амбарлы мен Силяхтар Стамбүл қалалық агломерациясын электр куатымен қамтамасыз етеді. Түркияда өндірілетін электр энергиясының куаты 52 млрд кВт/сағ.

Қара металлургия. Елде жылына 4, 8 млн т шойын және 7, 1 млн т болат өндіріледі. Измир мен Қырықкалледе болат балкыту, ал Анталия мен Элазиге калаларында темір-хром зауыты жүмыс істейді.

Елде тусті металлургия өнеркөсібі жақсы дамыған. Эргани, Мургуле калаларында мыс, ал Самаун, Сейдишехир калаларында алюминий зауыттары орналасқан.

Машина жаеау мен металл өңдеу. Түркияның машина жасау өнеркөсібі жедел дамуда. Дүние жүзіне танымал автомобиль маркалары (Фиат, Рено, Мерседес, Тойота) бірлескен кәсіпорындарда лицензиялар бойынша шығарылады. Стамбүл, Бурса, Измир, Мерсиң калаларында жүк таситын автомобильдер, автобус пен миниавтобустардың ғёрманиялық, америкалық жөне ағылшынйьщ маркалары күрастырылады. Ёлде жылына 30 мың трактор шығарылады. Тепловоздар мен жолаушы, жүк вагондарын Ескишехир, Адапазары және Сивал калаларында өндіреді. Стамбүл, Измир, Пендик қалаларында кеме жасайтьш зауыттар бар. Түрмыска қажетті электротехникалык күрал-жабдьщтар, негізінен, Стамбүл мен Измир агломерациясына кіретін қалаларда шығарылады.

Химия әнеркәсібі. Измир, Ашага, Мерсин қалаларындағы мүнай айыру және өңдеу зауыттары жылына 13 млн т-ға дейін шикі мүнай өңдейді. Елде химияльщ тыңайтқыштар шығаратын 7 зауыт бар. Стамбул, Измир және Адапазары калаларында түрік-америка бірлескен көсіпорындарьшда автомобиль доңгалагьш жасайды. Мәрмәр теңізі жагалауындағы шағын калаларда түрмыска қажетті жуғыш заттар шығарылады.

Жеңіл өнеркәсіп. Елдің жеңіл өнеркәсібінің дамыған саласы - мақта мата •вдіру. Мақта мата өндіретін тоқыма комбинаттары Стамбул, Измир, Адана калаларында, ал жүннен тоқылатын мата өндіретін комбинаттар Бурса, Стамбул, Херене, Диярбақыр, Спарта, Бюнеян калаларында орналаскан. Орталық Анадолыда кілем тоқу ісі жолга койылған. Алтын, күміс, қыш ёұйымдарын жасайтын шағын жеке меншік шеберханалар көптеп кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары
Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Түркия мемлекетінің орналасуы
Түркияның көп бөлігі таулы
Түркия Мемлекетінің құрылуы
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Түркия Оңтүстік - Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекеті
Туркия. Мемлекеттің тарихы
ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыста
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz