ТҮСІНІКСІЗ ТЫЙЫМ КӨП



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ТҮСІНІКСІЗ ТЫЙЫМ КӨП...
Авторы:  admin    уақыты: 28-мамыр, 2009  Бөлімі: Мәселе

Жақында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Алматыда Ұлық имам әбу
Ханифа және бүгінгі заман атты халықаралық конференция өткізгені белгілі.
Оған Ресейден бастап түркі тілдес елдердің дінбасылары, теолог ғалымдар
катысты. Нәтижесінде мұндай халықаралық жиын жыл сайын өткізіліп, Әбу
Ханифа мазһабын зерттеуге арналған ғылыми орталық құрылып, Әбу Ханифа
атында медресе ашылатын болды. Халықаралық басқосудың соңы Мәуліт
мерекесіне ұласты.
Мұндай бас қосудың бүгінгі таңда мән-маңызы зор екеніне тағы бір рет көз
жеткіздік. Түркі тілдес елдердің қашаннан Ислам ғұламасы Нұғман ибн Сәбит
(699-767 жж) негізін қалаған ханафи мәзһабын ұстанып келгені белгілі.
Өкінішке қарай, осы үйлесімнің шырқын бұзып, дәстүрлі исламды жоққа
шығаруға талпынушылар жетеді. Халқымыздың табиғи болмысымен, дәстүр-
салтымен біте қайнасып кеткен мазһабтарға қарсы күштер бұрынғы Кеңес одағы
елдеріне, оның ішінде Қазақстанға да бас сұғып үлгергені жасырын емес.
Мәселен, Араб елдерінен шыққан уахабилер (ваххабиттер) жол, бағыт, көзқарас
деген мағынаны білдіретін төрт мазһабты да, мәулітті де мойындамайды.
Пайғамбардың туған күнін тойлауды сұмдық ерсі көреді. Ардақты
пайғамбарымыздың бірде өзін мақтаған сахабаға шапанын шешіп бергенін
ескермейді. Керісінше, мұсылмандар бұл дәстүрді христиандардан, христиандар
пұтқа табынушылардан алған деп санайды. Иса пайғамбардың туған күнінен жыл
санағын бастайтын христиандарға еліктемес үшін Хазіреті Омар жыл санауды
Пайғамбарымыздың туған күнінен емес, һижрадан бастаған дегенді алға
тартады. Пайғамбарға салауат, мадақ айтуды күнә көреді. Оның бәрін ширк,
бидағат санайды. Әйтеуір, түсініксіз тыйым көп. Оларға салсақ, аруақтарға
арнап жеті шелпек пісіруге, өлген кісінің жетісін, қырқын, жылын беруге
болмайды. Тіпті, үйлену тойында беташар жасауға қарсы. Әулиелі орындарды
қиратуға, тіпті қолынан келсе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзып жіберуге
құмбыл. Екі қолды кеудеге айқастырып, намазды талтайып тұрып оқу, жұма
намазында Әминді жария түрде айту – осы уаһабилерге тән. Олар ірі
қалаларды былай қойғанда, алыс ауылдарға да ауыз салып үлгерген. Айта
берсек, әрине, әңгіме жетеді.
Бүгінде мұсылман әлемінде үнсіз соғыс жүріп жатыр деуге болады. Діндегі
күрделі құбылыстардың мәні ашылмай тұр. Діндарлар бәленің бәрі ислам әлемін
дүр сілкіндірген уахабилерден шыққанын айтады. Оның негізін салушы –
Мұхаммад ибн Абдул-Уаһһаб (1703-1792 жж). Ол Мұхаммед пайғамбардан қалған
сара жолға қайта тексеру жасап, көптеген реформалық еңбектер жазған. Құран
мен суннаның кіршіксіз жолына бастаймын деп, ревизия жасап, ислам дінін
тазартқан. Ол туралы Түркияда Ағылшын жансызының жазбалары деген кітап
басылған. Әртүр–лі пікір бойынша, бәрін бүлдірген Абдул-Уаһһабтың өзі емес,
оның жолын қуған ізбасарлары. Не керек, Абд әл-Уаһһаб қозғалысының
тазарту идеясымен асыра қаруланған уаһабилер тарапынан Сауд Арабиясының
тарихи, мәдени мұралары қатал вандализмге ұшырағаны тарихтан белгілі.
Кезінде египеттіктер бастаған мұсылман армиясы 1813 жылы Мекке мен Мединені
жайлаған уаһабилердің ордасын тас-талқан еткен-ді. Арада болған соғыстың
кесірінен Араб жерлері ислам әлемінің өзге бөліктерінен ұзақ жылдар бойы
оқшауланды. Әсіресе, Сауд Арабиясы өзге мұсылман елдеріндегі ірі
реформалардан, мәдени-тарихи оқиғалардан алшақ қалды. Осылай ол ел Батыстың
ықпалына түсті.
Тарихқа жүгінсек, Ислам әлемі-нің орталығы алдымен - Медине, одан кейін
Бағдат, одан кейін - Ыстамбул болған. Осман империясы ыдыраған соң, діннің
о бастағы орталығы Мекке мен Мединеге ағылшын жансыздары ауыз сала
бастаған. Осылайша ислам діні саясиланған.
Тарих жиырмасыншы ғасыр басында саудилердің билігі уаһабилерден шыққан
үлемдер мен сауд тұқымының саяси кландарының бірігуімен жүзеге асқанын
айтады. Рас болса, Сіздердің діндеріңіз доңыз еті мен шарапқа қарсы, ал
менің дінім оған рұқсат береді, соңдықтан мен доңыз етін жеп, шарап ішемін,
ал сіздерге күштеу жоқ, астарыңыз дәмді болсын! деп түскі аста саяси
картаны жайып салған Англия басшысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
Хиджаб кию қазаққа қисынды ма
Құқық және құқық нормалары
Сымсыз желі стандарттары
Құқық нормасының құрылымы
Түркия журналистикасы
Орта ғасырлардағы халық бұқарасының рухани мәдениетінің дамуы мен идеологиясы
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
Дәстүрлі діни мәтіндер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ НҰР - МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРАТ
Пәндер