Тұлға аралық коммуникация туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Лекцияның тақырыбы: Тұлғааралық коммуникация
Жоспары:
Лекцияның мақсаты:
Тұлғааралық коммуникацияға сипаттама беру, студенттердiң бiр-бiрiмен
немесе қоғамдағы әлеуметтiк топтармен дұрыс қатынасқа түсе алуы болашақ
маман тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын түсiндiру.

Лекцияда қамтылған сұрақтар

1. Коммуникация және қарым-қатынас туралы түсiнiк.
2. Коммуникацияның әлеуметтiк сипаты.
3. Қарым-қатынас функциялары.
Әдебиеттер:
1. Г.М.Андреева Социальная психология- Москва 1999 ж.
2. А.А.Бодалев Психология общения-1991ж
3. Р.Харрис Психология массовых коммуникаций

1-шi сұраққа жауап.
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды,
оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа
мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Егер адамдар арасында, топ арасында коммуникация болмаса, бiздiң
рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес
едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас
тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей
қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы коммуникация
арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа
түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген
функцияларына тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі
орын мен мағынасына байланысты.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа
бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі
бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін
үшке бөлеміз.

Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады:
байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік-
психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін
контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен
сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып
табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде
қарастырылуы мүмкін.
Коммуникация (информативті) – арақатынас серіктестігінің бір-бірімен
ақпарат алмасуы, білімді, идеяны,пікірді, сезімді беру үрдісі.
Интеракция (интерактивті) – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру,
қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция (перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі
негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
1) Жоғарыдан төменге – 1. Мәселе қою (не,қай уақытта)
2.Жабдықталуы,құралы(қалай,қандай, кіммен).
2) Төменнен жоғарыға – орындалуы туралы, тексерілуі туралы.
3) Горизанталдық бағытта – пікір алмасу, әрекеттерді координациялау,
жоспарлау, орындалуы туралы мәлімдеу.
Коммуникация процесі жүзеге асу үшін мынадай 4 элементтер керек:
1) хабар беруші
2) мәлімет
3) канал, ақпарат беру құралы
4) ақпарат алушы

Коммуникацияның негiзгi төрт түрi бар.
1.формалдф коммуникация
2.формалдф емес коммуникация
3.вертикалды коммуникация
4.түлғааралық коммунигкация.
Коммуникацияның нашар болу себептерi.
-топтаурындар нәтижесiнде объективтiк талдауды және адамдар арасындағы
мәселенi түсiну жеке тұлға немесе жағыдайға қатысты жеңiл пiкiр, топтың
пiкiрi.
-алдын –алған ұстанымдар жеке пiкiрiне қарсылық бәрiн жоққа шығаруға деген
икемдiлiк
-адамдар арасындағы түсiнiспеушiлiктiң жоқтығы нашар қатынастар, көңiл-
күйдiң жоқтығы.
-сұқбаттасушының ақпаратқа деген қызығушылығының және көңiл-күйiнiң
жоқтығы. Адамдардың ақпаратқа деген қызығушылығы және оның өзiне керек
мәндi екенiн сезiнгенде ғана пайда болады.
-пiкiр қалыптастырудағы қателiктер, сөйлемдi қате құру,мәлiметтердiң
күрделiлiгiт.б.
-қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасын дұрыс таңдамау.
Қарым-қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін 3 жалпы
категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді: “іс-әрекет”, “қатынас”,
“бейне”. Оларға қатысты қарым-қатынас көріністі түсінік ретінде шығады
және олардың онтологиялық бірлігінің бір формасы болып табылады. Іс-әрекет
өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбекке,
танымға, ойынға, қарым-қатынасқа қатысты. Бірақ бірқатар жағдайларда қарым-
қатынас және іс-әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады. Жиі
жағдайда бұл логикалық дәлсіздік “іс-әрекет” түсінігін еңбек іс-әрекетімен
теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:
1) іс-әрекет пен қарым-қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және қарым-
қатынас қатынасының шынайлығы олардың бірдеңгейлігін білдіреді;
2) қарым-қатынас пен іс-әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама-қайшылыққа;
өйткені еңбек және қарым-қатынас қатынасының шынайлығы олардың мәнді
айырмашылықтарын білдіреді
А.А.Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым-
қатынас – адам іс-әрекетінің формасы Егер іс-әрекет – бұл адамның заттар
әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет процесі
болса, онда қарым-қатынас – бұл адамдардың бір-бірімен өзара әрекет
процесі. Қарым-қатынас ұғымының гносеологиялық “торшасы” болып адамның
адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады.
Л.П.Буева қарым-қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның ойы бойынша,
қарым-қатынас – бұл қоғамдық субьектілердің (тұлғалар, топтар) өзара
байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс-әрекетпен, ақпаратпен,
тәжірибемен, қабілеттіліктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен
қатар іс-әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л.П.Буева қарым-
қатынастағы тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті
және жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді. Макроорта – бұл өз
ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн
шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Коммуникацияда қолданылатын қарым-қатынас психологиясы мынандай
құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi,
елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-
әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр
түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар
арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Кммуникацияның әлеуметтiк сипаты.
Ол қандайда болмасын жеке тұлға қоғамда сүрет қоғам оның өсiп дамуына
ықпал етедi.
Қоғам адам тобы.
Қоғамның дамуы әр адамның дамып жетiлуiне ықпал етедi.Қоғамның дамуы
жеке тұлғаның дамуы.Адамның өзiнiң жұмысына деген қатынасы. Әр қоғамның
өзiнiң мүшелерiне қоятын талаптары бар.Қоғамда бiрiншi орынға адам мүддесi
қойылады сосын қоғам мүддесi қойылады.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде
өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда
болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана
пайда бола бастады. Бiздiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік дағдылар
Қарым - қатынастың ерекшеліктері
Ұлттық мінез құлық немесе менталитет
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Әлеуметтік саладағы коммуникативтік мәдениет
Менеджменттегі коммуникация
Тұлғааралық қарым - қатынастарды ұйымдастыру және қолдау қызметі
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны жайлы
Пәндер