Тұрақты тіркестердің аударылуы
Тұрақты тіркестердің аударылуы
( А.С. Пушкиннің Дубровский повестіндегі тұрақты тіркестерді тауып, оны
Шәкәрім аудармасымен салыстыру)
Орыстың ұлы жазушысы А.С.Пушкиннің қай шығармасын алсақ та, астарлы
ой, көркем сөз көптеп кездеседі. Біздің талдағалы отырған Дубровский
шығармасында да, астарында үлкен ой жатқан тұрақты тіркестер баршылық.
Аталған шығарманы қазақтың біртуар ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы
аударған.Ақын көркем аудармалар жасаумен жүйелі түрде айналысқан, орысша,
парсыша, түрікше жетік білген Шәкәрімнің аудармаларын зерттеушілер жоғарғы
деңгейдегі аудармаларға жатқызып жүр. Ол орыс ақыны Л.Толстойды, Шығыс
шайырларын қазақ тілінде сөйлеткен.
Талдағалы отырған Пушкиннің прозалық шығармасы Дубровскийді ақын
қара өлең ұйқасымен, поэзия тілінде аударған. Шәкәрімнің бұл аудармасын
еркін аударма түріне жатқызамыз. Шәкәрім Пушкиннің прозалық шығармасын
өлеңмен аударғандағы мақсаты алдымен аударма қазақ оқырмандарына түсінікті
болып шығуына баса назар аударған. Жан- дүниесі поэзияға бейім қазаққа қара
сөзбен айтылған әңгімеден гөрі, ұйқасқа құрылған өлеңмен айтылған сөз
әсерлілеу. Ақын А.С.Пушкиннің аталған шығармасын әрбір жол, әрбір сөзіне
ден қойып, олардың дәлме-дәл аударылуына баса назар аудармайды. Сол сияқты,
қарастырғалы отырған Дубровский шығармасында кездесетін тұрақты
тіркестерді аударуды міндет деп санамаған. Аударманың алғы сөзінде Шәкәрім
былай дейді:
Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін
Қазақтың шағылдырар надан көзін.
Ғылымнан көзілдірік кимеген ел,
Туралап көре алмас деп күннің көзін.[1.412 б]
Бірақ, Шәкәрім Пушкинде еркін тіркеспен берілген кейбір сөйлемдерді,
қазақ түсінігіне сай мақал – мәтелдермен, тұрақты тіркестермен бере білген.
Талдауға кіріспес бұрын, фразеологияға яғни тұрақты тіркеске сипаттама
бере кетейік. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, құрамы мен құрылымы
тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица әдетте, Фразеологиялық
оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымға өте-мөте тән басты белгі:
- оның даяр қалпында жұмсалу белгісі;
- ол қанша сөзден тұрса да бір ғана мағына береді;
- сөздердің сыңарларын ауыстыруға болмайды;
- фразеологиялық оралымдардың мағынасы тіркескен сөздердің
мағынасынан бөлек,
- фразеологиялық оралым бір бүтін единица ретінде жұмсалады.[3.132 б]
Пушкин Дудровский повестіндегі басты кейіпкерлердің бірі Кирил
Петрович Троекуровты еркін тіркеспен былай суреттейді: Несколько лет
тому назад водном из своих поместий жил старинный русский барин,
Кирила Петрович Троекуров. Его богатство, знатный род и связи давали
ему большой вес в губерниях, где находилось его имение...[2.129 б].
Одан ары оның өр көкірек, надан адам екндігі айтылады. Ал, бұл
сөйлемдер Шәкәрімде:
Жер айналмай тұрмайды дүние жай,
Келер, кетер адамзат із қалдырмай.
Сол өткен көп заманның бір кезінде,
Болыпты Троекуров деген бір бай.
Бай өзі оқымаған надан екен,
Тәкаббар, мақтан сүйгіш адам екен.
Малы көпке пәле жоқ деп ойлайтын
Зорлықшыл өр мінезді жаман екен.[1.413 б]
Мұндағы біздің айтпағымыз, ақын Троекуровтың мінезін сипаттай келе,
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Малы көпке пәле жоқ деген
қазақ түсінігіне сай мақалмен беруі.
Шығарманың басты кейіпкерлерінің бірі Дубровскийді Пушкин: Сей
Дубровский, отставной поручик гвардии, был ему ближайшим соседом и
владел семидесятью душами. Троекуров, надменный в сношениях с людьми
самого высшого звания, Дубровского несмотря на его смиренное
состояние... ары қарай жалғаса береді.
Бұл сөйлемдер Шәкәрімде:
Дубровский мал сүймей, адам сүйгіш,
Қиянат, залымдықты көрсе күйгіш.
Мал сақтама, ар сақта деп ойлайды
Адамдық, әділетті ерте түйгіш,[1.413 б]-деп бір шумаққа сыйдыра
отырып, Дубровскийдің мінезін Мал сақтама, ар сақта деген мақалмен
беруі өте орынды. Яғни ақын аударманы мақал-мәтелдермен, тұрақты
тіркестермен беру өнімді жол екенін білген.
Түпнұсқадағы: ...Андрей Гаврилович: коли в твоем Володьке будет путь,
так отдам за него Машу; даром что он гол как сокол[2.130 б]. Бұл
сөйлем түгелімен Шәкәрімде қалып кеткен. Гол как сокол
тұрақты тіркесінің мағынасы шыр бітпеген, түгі жоқ, кедей.
Түпнұсқада: Кирила Петрович сам по себе, а Андрей Гаврилович сам
по себе, а все мы божии да государевы; да ведь на чужой рот пуговицы
не нашьешь.[2. 241 б],-дейтін мақал аудармада қалып кеткен, себебі
Владимир Андреевич пен атқосшысы Антонның диалогы түгелімен аудармада
берілмеген. Дегенмен, бұл мақал қазақтың ешкімнің аузына қақпақ бола
алмау тұрақты тіркесімен мағыналас келетін тәрізді.
Пушкинде: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz