Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы


Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы
Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 1894жылы 14(26) желтоқсанда Жетісу облысының, Верный уезінің Шығыс Талағар облысында, яғни қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 1905-1906ж. ж -Верный абақтысында болыстың басқарушысы- Рысқұл Жылқайдаровты өлтіргені үшін отырады. Сонымен қатар Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды.
1907-1910 ж. ж- Меркен орыс-қазақ мектеп интернатында Қырғызбаев деген жалған фамилиямен орысша бастауыш мектепке оқуға түседі. 1910-1914 жылдар ішінде Пішпектегі(Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқиды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатына түскенімен, оны аяқтап үлгермейді. Сол уақытта Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқаны үшін Тұрар Рысқұловты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алады.
1917 жылдың басында Т. Рысқұлов Қырғыз(қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулеиеата Советімен тығыз байланыс жасады. Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совет атқару комитетінің төрағасы болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың аяғынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б) П Мұсылман бюросының төрағасы, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы Орталық Атқару Комитетінің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатының Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі халкомның 2 орынбасары, 1922 қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомының председателі болып жұмыс істеді.
Рысқұлов 1924 жылы сәуірден 1926 жылдың наурызына дейін Коминтерн АК Орта- Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен қатар 1924 жылдың ортасынан 1925 жылдың шілдесіне дейін коминтернның Моңғолиядағы уәкілі, 1926 жылдың (наурыз-маусым) БК (б) П Қазақ Өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі және өлкелік «Еңбекші Қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан») газетінің жауапты редакторы, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР халком председателінің орынбасары қызметін атқарды. Т. Рысқұлов қоғамдық - саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданды.
Рысқұлов 10- нан астам кітаптың, тарихи-партиялық және экономикалық тақырыптарға арналған 100- ден астам газет, журнал мақалаларының авторы. Оның редакциялауымен 7 кітап жарық көрді, бұл кітаптардың алғы сөздерінде Рысқұлов өзі жазды. Ол Орта Азия мен Қазақстанның совет дәуірінің тарихшыларының бірі және әрі журналист ретінде де танылды. Рысқұловтың әкесі Рысқұлды Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш» атты повесінің прототипті кейіпкері етіп алған.
Рысқұлов өзінің практикалық және теориялық жұмысында, әсіресе 1920-21жылдары ұлтшылдыққа ұрындыратын жекелегн қателіктер жіберді. Түркі Коммунистік партиясын және түркі республикасын құруды талап еткен жергілікті қызметкерлердің тобын басқарды. Бұл партияның Лениндік ұлт саясатына қайшы ұсыныс еді. Оның қателіктерін кезінде РК(б) П Орталық комитеті, Түркістан комиссиясы және Түркістан Компартиясының Орталық комитетіне қарап, айыптаған болатын. Рысқұлов теріс бағыттан тез бас тартып, қатесін ағына жарылып мойындады. Бұл жайында ол «Қазақ тарихын бұрмалаушылыққа қарсы» атты еңбегінде ашық жазған. Рысқұлов содан бері қателіктерінен арылап, бірқатар жауапты қызметтер атқарды.
КПСС- тің 10, 12, 13, 15, 16 және 17 съездерінің делегаты, РК (б) П Орталық Комитетінің Түркістан бюросының, РК (б) П Орталық Комитетінің Орта Азия бюросының мүшесі. Бүкіл Ресейлік Орталық атқару комитеті, Кеңес Орталық атқару комитетінің мүшесі, РСФСР сайланды. Жоғарғы Советтің депутаты 1937 жылы Түркістан, Әзербайжан және Қазақстан компартияларының съездері мен конференцияларының және осы республикалар советтері съездерінің, РСФСР советтері съездерінің делегаты болды. Сонымен қатар Шығыс халықтарының бірінші съезінің делегаты, онда Шығысқа әсер ету және насихат жүргізу советінің мүшелігіне сайланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz