Тұрғын үй бағасының өсуі

Тұрғын үй бағасының өсуіне банктердің қатысы бар ма?Аптаның басында алғаш рет депутаттар мен банк қауымдастығы Алматыда бас қосып, қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылаған болатын. Әңгіме банктердің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы институттарының мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы жайында өрбігенімен, қыза-қыза келе, депутаттарды жылжымайтын мүлік рыногындағы бүгінгі күрделі ахуал бей-жай қалдырмаса керек, тұрғын үй бағасының өсуіне банктердің қосып отырған үлесі туралы айтысқа ұласқан болатын.Дәулет СЕМБАЕВ, қаржыгер:Тұрғын үй бағасы сұраныс пен ұсыныс арасында баланс болғанда ғана тұрақтанадыЖылжымайтын мүлік рыногындағы қазіргі бас айналдырар бағаға банкирлер өздерінің қатысы жоқтай ақталып келе жатқалы біраз болды. Солардың қатарында әсіресе, М. Әбілязов пен Д. Сембаев екінші деңгейлі банктерді қорғап сөйлеуде алдыңғы қатарда келеді. Әбілязовтің айтуынша, “Құрылыс секторы айрықша назар аударуды талап етеді, ал жылжымайтын мүлік рыногында көпіршіктер пайда болып жатса, бұл - Үкіметтің проблемасы”. Бірақ жылжымайтын мүлік рыногындағы көпіршіктердің орын алуының нақты мәліметтерін атап-атап көрсетпейді. Ал Сембаев мырзаның пікірі бойынша, соңғы үш жылда Алматыда тұрғын үй саны өскен жоқ. Өйткені құрылыс тек қана бұзылған үйлердің орнына салынып жатыр. Сонымен бірге тұрғын үй қорын коммерциялық жылжымайтын мүлікке шығару ағымы байқалады. Менің ойымша, - дейді Сембаев, жылжымайтын мүлік бағасы (яғни банктердің, құрылыс индустриясына несие берушілердің ипотекалық бағдарламаларды дамытушылардың және кепілдік ретінде жылжымайтын мүлігі барлардың тәуекелділігі азаяды) сұраныс пен ұсыныс арасында баланс орнағанда ғана өсуді тоқтатады. Ал әзірше, Алматыдағы жылжымайтын мүлік рыногындағы бас айналдырар баға тек алматылықтар есебінен өсіп отырған жоқ, оған басты себептердің бірі - республика бойынша қалталылардың барлығы Алматыдан үй сатып алып, осында бекінуге ұмтылуынан туындап отырған мәселе.Сембаев мырза сонымен қатар, бағаны тұрақтандыруға құрылыс индустрия материалдарын өзімізде шығару да үлес қосатынын айтып кетті. Барлық құрылыс материалдары - кафельден бастап, құбырларға дейін басқа елдерден тасылып әкелетіні тыйылмай, жылжымайтын мүлік рыногындағы бағаның төмендеуінен үміт күту бос қиял. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік рыногындағы баға мәселесін ушықтырып тұрған проблеманың бірі - заңдарымыздың өмір ағымынан артта қалып отырғандығында деген де ойын ортаға салды. Яғни қабылданып жатқан заңдар мен нормативтер әлемдік уақыт талабына сай емес. Біріншіден, Салық кодексі тұрақты болуы тиіс екен. Ал бізде бұл салаға әр екі-үш жыл сайын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін көрінеді. “Салық кодексін қабылдайық та, оған үш жылға дейін маза берейік. Еш өзгеріс енгізілмесін” дейді ол.Депутаттардың тағы бір көтерген мәселесі әбден жауыр болған, айтыла-айтыла көнерген әңгіме еді. Ол - банктердің шикізаттық емес, нақты экономикаға банктердің несиені беруінің қиындығы. Еліміз тәуелсіздік алған 15 жыл бойы осы тақырып қозғалудан кенде еместігі белгілі. Осы 15 жыл бойы банктер нақты, тиімді жобалардың жоқтығын айтып, Үкіметке қарсы шабуылға шығып келеді. Сембаев та осы пікірді алға тартады. “Үкімет бізге қаржыландыру үшін бірқатар жобалардың тізімін берген. Бірақ оның бәрі экономикалық жағынан рентабельді жобалар емес” дейді ол. Кез келген инфрақұрылымдық нысандар мемлекеттік жеке серіктестіктер есебінен салынуы тиіс. Даму институттары ондай жобаларды несиелей алады, өйткені қаржыландыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Ал коммерциялық банктер ондай қадамға бара алмайды, себебі біз ақшаны қарызға аламыз. Лимит бойынша, біз бір ғана қарыз алушыға 120-150 миллион долларға дейін қаржы бере аламыз, өкінішке қарай, ондай алып жобалар жоқтың-қасы. Мұнай саласы біздің ақшамызға мәжбүр емес, ал машина құрылысы дамымай жатыр, электрониканы құратын инновациялық жобалар да жоқ.Сембаев осындай “бұлтартпас” себептерді алға тартып, жылжымайтын мүлік рыногындағы бағаның сағат сайын өсуіне екінші деңгейлі банктердің қатысы жоқтығын айтып, шыр-пыр болады.Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымдарының докторы:Банктер қарабастарын ғана ойлап, мол табыс табу үшін жұмыс істеуде- Соңғы бес-алты жылда жалпы ішкі өнімнің орташа өсу қарқыны 9-10 пайыз болып тұр. Бірақ әр сектордың өсу қарқыны әр түрлі. Мысалы, қаржы секторы, шикізат секторы, құрылыс саласы, қызмет көрсету саласы жылдан-жылға өсіп келе жатса, экономиканың негізі болып саналатын көптеген салалар баяу дамып отыр. Оған алдымен, өңдеуші сала, ауыл шаруашылығы саласы жататынын жақсы білесіздер. Қалыптасқан жағдайдың бірден-бір көрінісі және салдары экономикамыздың үлкен секторлары арасындағы дисбаланстың пайда болуы. Қазір нақты сектор мен қаржы секторында, шикізат пен өңдеуші салаларында, ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның өнімдерін өңдеуші салалардың ара-қатынасы алшақтауда. Қаржы саласында банк жүйесі мен қор рыногының арасы жер мен көктей. Бұл дисбаланстың салдары экономиканың тұрақты дамуын, олардың бір-біріне қызмет ету деңгейін төмендетуде. Мысалы, шикізат секторы негізінен, шетелдіктердің қолында. Олардың қаржыға, еліміздің банк жүйесіне тәуелділігі шамалы. Керек қаржыны олардың бас компаниялары, басқа да шетелдік банктер береді. Нақты сектор негізінен, өз күнін өзі көріп жүр. Олар бүгінде коммерциялық банкке де, Үкіметке де керек емес. Бұл саланы Үкімет дамытуға бастарын ауыртқылары да келмейді. Себебі мемлекетте ақша өте көп, оны қайда саларын білмей дал, сондықтан негізгі сектордан түсетін табысқа тәуелді емес. Қазаққа Құдайдың берген мол шикізат қоры қаржы көзіне айналуда. Мол қаржы халыққа қажетті тұтынатын тауарларды сырттан тасып әкелуге шаш-етектен жетеді. Яғни еліміздің мол байлығы бүгінгі қажетімізді өтеуге жұмсалуда. Негізінен, өз күнін өзі көріп жүрген сектордың бірі - банк жүйесі. Былтыр коммерциялық банктердің активтерінің өсу қарқыны орта есеппен екі есеге өсті. Мұның жақсы жағы да, көлеңкелі жағы да жоқ емес. Банктер өсімінің жоғарылығы еліміздің дамуымен оның шикізат қорының молдығына тікелей байланысты болып отыр. Шет елдердегі алпауыттардың банктерге көп қаржы бөліп отыруы да қаржы жүйесіне қауіп төнсе, оны түбінде мемлекеттің төлейтінінде. Яғни бүкіл халықтың, ұрпағымыздың мойнына салынатын бұғау. Сол мол қаржыны коммерциялық банктер қайда салады? Әрине, құрылыс секторына, саудаға, әр түрлі қызмет салаларына, өйткені бұл жерде олардың қайтарып алатын қаржылары, несие тиімділігі өте жоғары. Артылған қаржыны шет елдерге салуда. Бұл да негізінен, дұрыс бағыт. Ондай саясат банк жүйесін әртараптандыру арқылы олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Әйтсе де еліміздегі саяси реформалардың алға жылжымай жатуы да банк жүйесіне аз қауіп тудырып тұрған жоқ. Экономика мен саясат туралы әр түрлі айтылуда. Алдымен экономиканы көтеріп алайық, содан соң саяси бағдарламаларды жүргіземіз деген ұстаным басым болып тұр. Бір жағынан қарағанда, бұл дұрыс та секілді. Бірақ оның екінші жағы да бар ғой. Экономика мен саясатты бөліп қарауға болмайтынын да ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасы қолға алып жатқан саяси реформалар уақыт талабына, ел мүддесіне, экономикамызда бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік берер еді. Бұл коммерциялық банктерге де алдымызда не болады деп жалтақтамай, тапқан қаржысын ел экономикасына жұмсауына жағдай жасар еді деп ойлаймын. Коммерциялық банктер бір жағынан тек өз мүдделерін ойлап жүр ме деп қаласыз. Өйткені олар қаржыларын тек белгілі салаларға ғана салуда. Екіншіден, олардың несие пайызы төмендеудің орнына, өсу үстінде. Көп жағдайда жалпы, жеке азаматтардың несие саясатын толық білмейтінін де пайдаланады. Қазіргі кезде тұтыну тауарларына берілетін несиелер көп. Өскелең сұранысы бар азаматтар оған әр түрлі тауарларды несиеге алуда. Банктер бұл несие түрін еш кепілдіксіз-ақ беруде. Сонымен бірге несие пайызы жоғары емес деп сендіреді. Ал есептей келгенде, оның пайызы 20-22 емес, 70-80 пайыздың үстіне шығып кетеді. Оған кейін несиені қайтара бастағанда ғана көзіңіз жетеді. Бұл да банктердің активтері мен табатын пайдасының аса жоғары болуына ықпал етуде. Мұны бақылайтын орган жоқ емес, Ұлттық банк пен қаржы нарығын және Қаржы ұйымдары жұмыстарын реттеу мен бақылау агенттігі қайда қарап отыр деген ой келеді. Ұлттық банкке келер болсақ, оның қолында бір-біріне сәйкеспейтін үш түрлі қызмет бар. Ол - қаржы-несие саясатын жасау, оны жүзеге асыру және оны қадағалау. Қазақта “екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды” деген нақыл сөз бар. Ал Ұлттық банктің қазанында бір-екі ғана бас емес, үш қошқардың басы жүр. Ұлттық банк басшылығы Елбасына ғана есеп береді. Ал өркениетті елдерде Ұлттық банк ел Парламентіне ғана жауапты. Оған қол жеткізу үшін де саяси реформаларды жеделдетіп енгізуді қажет етеді. Тұрғын үйлер бағасының өсуіне коммерциялық банктердің тікелей қатысы барлығына шек келтіруге болмайды. Өйткені тұрғын үйге деген сұраныс банктердің несиесі арқылы қамтамасыз етілуде. Мол қаржы, инфляция, қаржы салар көздердің аздығы банктерді соған мәжбүрлеуде. Соған орай, олардың портфеліндегі күдікті несиелер көбейіп келеді. Егер 2006 жылдың бірінші қаңтарында стандартты несие 58, 2 пайыз болса, 2007 жылдың 1 қаңтарындағысы 56, 1 пайызға төмендеген. Бұл күдікті несиенің өскендігін байқатады. Оның осы уақыт аралығындағы күдікті несиесі 39, 5 пайыздан 41, 1 пайызға өсіп отыр. Бұл да аз қауіп емес.ҚР Конституциясында мемлекетіміздің әлеуметтік мемлекет екендігі жазылған. Яғни мемлекет нарықтық емес, экономикамыз нарықтық. Сондықтан мемлекет өз халқының қажет-мұқтажын нарықтың мойнына салып қойып, қарап отырмауы тиіс. Оны жүзеге асыруға барлық сектор жұмыс істеуі тиіс. Оның қатарында банктер де бар. Мемлекет кезінде банктерді қолынан келгенше аспандатып, көтерді. Өсіріп, қанаттандырды. Ал банктер болса, бар кінәні Үкіметке жауып, тек өз қара бастарының қамына жұмыс істеуде.Бетті дайындаған Алма МҰХАМЕДЖАНОВА:
Тұрғын үй бағасының өсуіне банктердің қатысы бар ма?
Аптаның басында алғаш рет депутаттар мен банк қауымдастығы Алматыда бас қосып, қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылаған болатын. Әңгіме банктердің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы институттарының мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы жайында өрбігенімен, қыза-қыза келе, депутаттарды жылжымайтын мүлік рыногындағы бүгінгі күрделі ахуал бей-жай қалдырмаса керек, тұрғын үй бағасының өсуіне банктердің қосып отырған үлесі туралы айтысқа ұласқан болатын.
Дәулет СЕМБАЕВ, қаржыгер:
Тұрғын үй бағасы сұраныс пен ұсыныс арасында баланс болғанда ғана тұрақтанады
Жылжымайтын мүлік рыногындағы қазіргі бас айналдырар бағаға банкирлер өздерінің қатысы жоқтай ақталып келе жатқалы біраз болды. Солардың қатарында әсіресе, М. Әбілязов пен Д. Сембаев екінші деңгейлі банктерді қорғап сөйлеуде алдыңғы қатарда келеді. Әбілязовтің айтуынша, “Құрылыс секторы айрықша назар аударуды талап етеді, ал жылжымайтын мүлік рыногында көпіршіктер пайда болып жатса, бұл - Үкіметтің проблемасы”. Бірақ жылжымайтын мүлік рыногындағы көпіршіктердің орын алуының нақты мәліметтерін атап-атап көрсетпейді. Ал Сембаев мырзаның пікірі бойынша, соңғы үш жылда Алматыда тұрғын үй саны өскен жоқ. Өйткені құрылыс тек қана бұзылған үйлердің орнына салынып жатыр. Сонымен бірге тұрғын үй қорын коммерциялық жылжымайтын мүлікке шығару ағымы байқалады. Менің ойымша, - дейді Сембаев, жылжымайтын мүлік бағасы (яғни банктердің, құрылыс индустриясына несие берушілердің ипотекалық бағдарламаларды дамытушылардың және кепілдік ретінде жылжымайтын мүлігі барлардың тәуекелділігі азаяды) сұраныс пен ұсыныс арасында баланс орнағанда ғана өсуді тоқтатады. Ал әзірше, Алматыдағы жылжымайтын мүлік рыногындағы бас айналдырар баға тек алматылықтар есебінен өсіп отырған жоқ, оған басты себептердің бірі - республика бойынша қалталылардың барлығы Алматыдан үй сатып алып, осында бекінуге ұмтылуынан туындап отырған мәселе.
Сембаев мырза сонымен қатар, бағаны тұрақтандыруға құрылыс индустрия материалдарын өзімізде шығару да үлес қосатынын айтып кетті. Барлық құрылыс материалдары - кафельден бастап, құбырларға дейін басқа елдерден тасылып әкелетіні тыйылмай, жылжымайтын мүлік рыногындағы бағаның төмендеуінен үміт күту бос қиял. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік рыногындағы баға мәселесін ушықтырып тұрған проблеманың бірі - заңдарымыздың өмір ағымынан артта қалып отырғандығында деген де ойын ортаға салды. Яғни қабылданып жатқан заңдар мен нормативтер әлемдік уақыт талабына сай емес. Біріншіден, Салық кодексі тұрақты болуы тиіс екен. Ал бізде бұл салаға әр екі-үш жыл сайын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін көрінеді. “Салық кодексін қабылдайық та, оған үш жылға дейін маза берейік. Еш өзгеріс енгізілмесін” дейді ол.
Депутаттардың тағы бір көтерген мәселесі әбден жауыр болған, айтыла-айтыла көнерген әңгіме еді. Ол - банктердің шикізаттық емес, нақты экономикаға банктердің несиені беруінің қиындығы. Еліміз тәуелсіздік алған 15 жыл бойы осы тақырып қозғалудан кенде еместігі белгілі. Осы 15 жыл бойы банктер нақты, тиімді жобалардың жоқтығын айтып, Үкіметке қарсы шабуылға шығып келеді. Сембаев та осы пікірді алға тартады. “Үкімет бізге қаржыландыру үшін бірқатар жобалардың тізімін берген. Бірақ оның бәрі экономикалық жағынан рентабельді жобалар емес” дейді ол. Кез келген инфрақұрылымдық нысандар мемлекеттік жеке серіктестіктер есебінен салынуы тиіс. Даму институттары ондай жобаларды несиелей алады, өйткені қаржыландыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Ал коммерциялық банктер ондай қадамға бара алмайды, себебі біз ақшаны қарызға аламыз. Лимит бойынша, біз бір ғана қарыз алушыға 120-150 миллион долларға дейін қаржы бере аламыз, өкінішке қарай, ондай алып жобалар жоқтың-қасы. Мұнай саласы біздің ақшамызға мәжбүр емес, ал машина құрылысы дамымай жатыр, электрониканы құратын инновациялық жобалар да жоқ.
Сембаев осындай “бұлтартпас” себептерді алға тартып, жылжымайтын мүлік рыногындағы бағаның сағат сайын өсуіне екінші деңгейлі банктердің қатысы жоқтығын айтып, шыр-пыр болады.
Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымдарының докторы:
Банктер қарабастарын ғана ойлап, мол табыс табу үшін жұмыс істеуде
- Соңғы бес-алты жылда жалпы ішкі өнімнің орташа өсу қарқыны 9-10 пайыз болып тұр. Бірақ әр сектордың өсу қарқыны әр түрлі. Мысалы, қаржы секторы, шикізат секторы, құрылыс саласы, қызмет көрсету саласы жылдан-жылға өсіп келе жатса, экономиканың негізі болып саналатын көптеген салалар баяу дамып отыр. Оған алдымен, өңдеуші сала, ауыл шаруашылығы саласы жататынын жақсы білесіздер. Қалыптасқан жағдайдың бірден-бір көрінісі және салдары экономикамыздың үлкен секторлары арасындағы дисбаланстың пайда болуы. Қазір нақты сектор мен қаржы секторында, шикізат пен өңдеуші салаларында, ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның өнімдерін өңдеуші салалардың ара-қатынасы алшақтауда. Қаржы саласында банк жүйесі мен қор рыногының арасы жер мен көктей. Бұл дисбаланстың салдары экономиканың тұрақты дамуын, олардың бір-біріне қызмет ету деңгейін төмендетуде. Мысалы, шикізат секторы негізінен, шетелдіктердің қолында. Олардың қаржыға, еліміздің банк жүйесіне тәуелділігі шамалы. Керек қаржыны олардың бас компаниялары, басқа да шетелдік банктер береді. Нақты сектор негізінен, өз күнін өзі көріп жүр. Олар бүгінде коммерциялық банкке де, Үкіметке де керек емес. Бұл саланы Үкімет дамытуға бастарын ауыртқылары да келмейді. Себебі мемлекетте ақша өте көп, оны қайда саларын білмей дал, сондықтан негізгі сектордан түсетін табысқа тәуелді емес. Қазаққа Құдайдың берген мол шикізат қоры қаржы көзіне айналуда. Мол қаржы халыққа қажетті тұтынатын тауарларды сырттан тасып әкелуге шаш-етектен жетеді. Яғни еліміздің мол байлығы бүгінгі қажетімізді өтеуге жұмсалуда. Негізінен, өз күнін өзі көріп жүрген сектордың бірі - банк жүйесі. Былтыр коммерциялық банктердің активтерінің өсу қарқыны орта есеппен екі есеге өсті. Мұның жақсы жағы да, көлеңкелі жағы да жоқ емес. Банктер өсімінің жоғарылығы еліміздің дамуымен оның шикізат қорының молдығына тікелей байланысты болып отыр. Шет елдердегі алпауыттардың банктерге көп қаржы бөліп отыруы да қаржы жүйесіне қауіп төнсе, оны түбінде мемлекеттің төлейтінінде. Яғни бүкіл халықтың, ұрпағымыздың мойнына салынатын бұғау. Сол мол қаржыны коммерциялық банктер қайда салады? Әрине, құрылыс секторына, саудаға, әр түрлі қызмет салаларына, өйткені бұл жерде олардың қайтарып алатын қаржылары, несие тиімділігі өте жоғары. Артылған қаржыны шет елдерге салуда. Бұл да негізінен, дұрыс бағыт. Ондай саясат банк жүйесін әртараптандыру арқылы олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Әйтсе де еліміздегі саяси реформалардың алға жылжымай жатуы да банк жүйесіне аз қауіп тудырып тұрған жоқ. Экономика мен саясат туралы әр түрлі айтылуда. Алдымен экономиканы көтеріп алайық, содан соң саяси бағдарламаларды жүргіземіз деген ұстаным басым болып тұр. Бір жағынан қарағанда, бұл дұрыс та секілді. Бірақ оның екінші жағы да бар ғой. Экономика мен саясатты бөліп қарауға болмайтынын да ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасы қолға алып жатқан саяси реформалар уақыт талабына, ел мүддесіне, экономикамызда бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік берер еді. Бұл коммерциялық банктерге де алдымызда не болады деп жалтақтамай, тапқан қаржысын ел экономикасына жұмсауына жағдай жасар еді деп ойлаймын. Коммерциялық банктер бір жағынан тек өз мүдделерін ойлап жүр ме деп қаласыз. Өйткені олар қаржыларын тек белгілі салаларға ғана салуда. Екіншіден, олардың несие пайызы төмендеудің орнына, өсу үстінде. Көп жағдайда жалпы, жеке азаматтардың несие саясатын толық білмейтінін де пайдаланады. Қазіргі кезде тұтыну тауарларына берілетін несиелер көп. Өскелең сұранысы бар азаматтар оған әр түрлі тауарларды несиеге алуда. Банктер бұл несие түрін еш кепілдіксіз-ақ беруде. Сонымен бірге несие пайызы жоғары емес деп сендіреді. Ал есептей келгенде, оның пайызы 20-22 емес, 70-80 пайыздың үстіне шығып кетеді. Оған кейін несиені қайтара бастағанда ғана көзіңіз жетеді. Бұл да банктердің активтері мен табатын пайдасының аса жоғары болуына ықпал етуде. Мұны бақылайтын орган жоқ емес, Ұлттық банк пен қаржы нарығын және Қаржы ұйымдары жұмыстарын реттеу мен бақылау агенттігі қайда қарап отыр деген ой келеді. Ұлттық банкке келер болсақ, оның қолында бір-біріне сәйкеспейтін үш түрлі қызмет бар. Ол - қаржы-несие саясатын жасау, оны жүзеге асыру және оны қадағалау. Қазақта “екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды” деген нақыл сөз бар. Ал Ұлттық банктің қазанында бір-екі ғана бас емес, үш қошқардың басы жүр. Ұлттық банк басшылығы Елбасына ғана есеп береді. Ал өркениетті елдерде Ұлттық банк ел Парламентіне ғана жауапты. Оған қол жеткізу үшін де саяси реформаларды жеделдетіп енгізуді қажет етеді. Тұрғын үйлер бағасының өсуіне коммерциялық банктердің тікелей қатысы барлығына шек келтіруге болмайды. Өйткені тұрғын үйге деген сұраныс банктердің несиесі арқылы қамтамасыз етілуде. Мол қаржы, инфляция, қаржы салар көздердің аздығы банктерді соған мәжбүрлеуде. Соған орай, олардың портфеліндегі күдікті несиелер көбейіп келеді. Егер 2006 жылдың бірінші қаңтарында стандартты несие 58, 2 пайыз болса, 2007 жылдың 1 қаңтарындағысы 56, 1 пайызға төмендеген. Бұл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz