Тыныс түрлері


Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы
Тақырыбы:
Тыныс түрлері
Тексерген : Майра Смағұловна
Орындаған : Ақылбеков Едіге
Алматы 2007 жыл
Тыныс алудың физиологиялық және фонациялық түрлері
Тыныс алу, яғни дем алу - дыбыстың қуат-күші, күре тамыры. Актер, болмаса көркем сөз шеберінің дауысының жарқын да, жайлы, ашық та анық, сұлу да сүйкімді шығуы оның қалай тыныстап, қалай дем алуына тәуелді. Адам өз демін саналы түрде ыңғайына қарай еркімен пайдалана алады. Дұрыс тыныс алу, оның өз заңдылықтарын сақтай отырып машықтану организмнің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Жалпы көңіл-күй жағдайына ғана емес, сонымен қоса дыбыс шығару жүйелерінің шаршағанын қолмен сылып тастағандай басады, оның қызметін жақсартады. Белгілі театр педагогы Е. Ф. Саричева былай деген еді: « Драма актеріне, көркем сөз тынысын соншалықты жиі дәлдікпен өлшеп-пішіп отыратын қабілет-мүмкіндік керек болады. Шұбалыңқы фразалар, бірте-бірте күрделілене түсетін монолог, өлең жолдары, комедиялық немесе әрі тез, әрі жеңіл айлылатын сөздер, шалт қимыл үстінде (жүгіріп жүріп, секіріп жатып, не күресіп, не билеп жүріп) сөйлейтін сөздер - мұның барлығы шыныққан, әдісін тауып машықтанған, дұрыс жолға қойылған тынысты талап етеді. Бұлай болмаған жағдайда: өлең құрылымы, сөйлемдегі ой желісі, дауыстың екпіні мен біркелкілігі бұзылады. Оның бер жағында демді дұрыс пайдаланбау, оны сыртқа шығару кезіндегі түсетін күш актердің өзін-өзі зорлауына әкеп соғады, шаршап шалдықтырады ».
Тынысты ұтымды пайдалану актер дауысын байыта түседі, оның денсаулығына игі әсерін тигізеді. Ал, керісінше, «бос әсуә ету» сөздің берекесін қашырады, дауыс жүйесін кеселге ұшыратады.
Тыныс алудың екі түрі бар. Олар: физиологиялық және фонациялық түрлері.
Физиология - организмнің қызметі және оны реттейтін заңдылық.
Фонация - сөйлеу мүшелерінің қызметі нәтижесінде тіл дыбыстарының айтылуы.
Адам тіл қатпай, үнсіз тұрған кезде тыныс алу аппараттары оны оттегімен қамтамасыз етеді, яғни дем алғанда ол өкпеге барады, ал демін сыртқа шығарған тұста кеудең көмірқышқылынан босайды. Тыныс алудың бұл түрін физиологиялық немесе газ аламасу деп атаймыз. Әңгіме үстінде дем алмай тұрмаймыз. Дәл осы кезде дем алузың физиологиялық қызметіне дауыс келіп қосылады. Тыныс алудың бұндай түрін фоноционды, яки тіл дыбысынң пайда болуы дейміз.
Бұл екеуінің бір-бірінен айырмашылығын Островский атындағы Орал консерваториясының оқытушысы Э. М. Чарели мынандай жүйе арқылы ажыратады:
Физиологиялық тыныс:
- Адам еріксіз, автоматты түрде демін алады.
- Демін ішке тарту ұзақтығы демін сыртқа шығару ұзақтығымен тең.
- Тыныстаудың мынандай тәртібін сақтау: демін ішке тарту - демін сыртқа шығару - пауза жасау - демін ішке тарту . . .
Фонациялық тыныс:
- Адам саналы түрде дем алу процесін реттей отырып, өз бетімен тыныс алады.
- Әрі жиі, әрі қысқа қылып демін ішке тарту, ал демін сыртқа шығарған кезде бұған керісінше әрі ақырын, әрі ұзақ тыныстау.
- Тыныстаудың мынандай тәртібін сақтау: демін ішке тарту - демін сыртқа шығару - екі аралығында сөз сабақтау - демін ішке тарту . . .
Студент дауысын жолға қою барысында дербес жаттығу жасау тиіс. Сол кезде мынаны есінде сақтағаны жөн. Тыныс жолындағы бұлшық еттері көмей, жұтқыншақ, бұлшық еттері және ауыз қуысы өзара байланыста, анығырақ айтқанда өзара тәуелді жағдайда жұмыс істеуі керек. Бұлардың бірде-біреуінің назардан тыс қалуы бәріне кері әсерін тигізеді. Мәселен, тек тыныс алу жолы қызметін ғана алыңыз. Бір ғана осының дұрыс жолға қойылмауы барлық дауыс аппарытының қызметін нашарлатады. Тым терең тыныс алу желбезекке баса артық күш түсіріп, дауыстың өзіне тән ырғақ-нақышын бұзады. әлдебір зіл батпан басып, жаншып тұрғандай, сүйкімсіз естіледі. Ал тынысты өз мөлшерінде алмау дауыс екпінін әлсіретіп, оның жайма-шуақ толқынданып шығуына, әуенді естілуіне зиянын тигізеді. Ірі ларинголог-дәрігер Л. Д. Роботновтың айтуына қарағанда, өлең айтып, көркемсөз оқып тұрғанда шамадан тыс дем жұту пайдасыз ғана емес, өте зиянды. Өкпені артық ауамен керу кеңірдекті ұлғайтып, өкпе қан айналымын бұзуға апарып соғады. Өкпеде оттегінің жеткілікті болуына қарамастан тыныс тарылып, ентігу басталады.
Сондықтан да дұрыс дем ала білу де, оған машықтана білу де өнер. Тынысты, демді, дикцияны жаттықтыруда, сахнаға бейімделуге әңгіме, повесть, роман, пьесалардан, өлең-жырлардан үзінді оқудың маңызы зор.
Ш. Аймановтың «Құс жолы»повесі бойынша жасалған «Ана - Жер-Ана» пьесасындағы Толғанайдың - барлық жан дүниесімен, өткен сұмдықтың адамзат өміріне оралмауын, жұмыр жердің бетінде тіршілік еткен бар адамға халық басынан кешірген бақытсыздықтың қайталанбауын тілеген ана зарын сахнадан тыңдаушыға жеткізу үшін қаншама еңбектену керек, қаншама тер төгу керек. Енді осы шығармадан үзінді келтірейік:
Толғанай: - О, құтты далам, қазір сенің дем алып жатқан кезің. Кеше орақ кезінде аласұрған адамдардың дауыстары да естілмейді, астық тасып жол шаңдатқан машиналар да жоқ, айналада комбайндар да көрінбейді, мал да таудан құлаған жоқ. Адамға бұйырған азық-ризығын өзіне беріп, бір парыздан құтылғандай тып-тыныш жатқан шағың. Ешкім жоқ, екуіміз ғана - сен және мен. Босанған әйелдей көсіліп, дем алып жатырсың Жер-анам. Мен саған бүкіл өмірімді айтып бердім. Бүгін менің сыйынатын күнім, бүгін менің Сыбанқұлды, Қасымды, Майсалбекті, Жайнақты, Әлиманы еске түсіретін күнім. Мен оларды өле-өлгенше ұмытпаймын. Орайы келгенде Жанболатқа түсіндіріп айтып беремін. Ақылы болса түсінер, ақылы болса кешірер мені . . . Ал енді басқалар ше, күн астында өмір сүрген адамзатқа айтар сөзім бар. Оны қалай айтамын, қайтіп оны барлық адамға жеткіземін?. .
Ә-ә, аспанда жарқыраған күн, жер қадірін сен айт! Ә-ә, сапар шеккен бұлт, нөсерлете төгіп, әрбір тамшыңмен сен айт. Жер дүниенің барлық түпкір-түпкірінде адамды асырап баққан Жер, сен, сен айт, Жер-ана!
Жер-ана: - Жоқ, Толғанай, сен айт. Сен -Адамсың. Сен бәрімізден ұлы жаралған жансың, сен айт, сен - Адамсың!
Осыншама қайғы көріп, сұм соғыстың адамзат өмірінде енді қайталанбауын тілеген барша ананың арман-зарын айтқан Толғанай мен Жер-ананың рөлінде ойнаған артистің дауысы кең тынысты, үні ашық, сөздері анық болғаны жөн. Егер осы бейнені дауысы өте нәзік немесе сөздерін тістеніп сөйлейтін актер орындаған болса, көрермен қауымға бұл ұлы шығарманың ешқандай әсері болмас еді.
Сөйлей білу - эстетикалық тәрбиенің бір саласы. Ал, әрбір сөдің тотыдай құлпырып, әсем әндей төгіліп, еркін шығуы тыныстың кең болуына, дауыстың машықтанып, жұмсақ, жез қоңыраудай сыңғыплап тұруына тікелей байланысты. Сондықтан да, тынысты, демді, дикцияны жаттықтыруда шұбыртпалы сөздерді көп оқудың да өзіндік себебі тиері сөзсіз. Мына бір мысалға назар аударып көрейік:
«Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, лақылдайды, қара саба емізіктеп, қою салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, беті қызарып дуылдайды, аузы қобыздай гуілдейді, мас болады, жас болады; жел жетпес жүйрікке мініп алып, Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс құрып, асыр салып жатқаны.
Әлгі Алтайдың сұлуларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айдындай боп, көзі құралайдай боп, күлкісі атқан таңдай боп, бойы құба талдай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көңілденісіп, езу тартса есің кетіп, сұңқыл қасқа шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді».
«Қазақ театр өнерінің ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан басталады», - дейді М. Әуезов.
Ән-күй, өлең-жыр, шешендік сөз, мақал-мәтел халқымыздың рухани, моральдық әдебі ғана емес, сонымен бірге мәдениетіміз бен әдебиетіміздің бай тарихы, ізгі дәстүрі, асыл қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалар мирасы. Ендеше, жаттығу кезінде әр өлеңнің алар орны ерекше болмақ. Ұлы ақынымыз Абайдың өлеңдерін оқып көрелік.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштік пен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?!
Қайғы келсе қарсы, тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғақа ерме.
Жүргеніңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тарқан - шын асыл, тастай көрме.
* * *
Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болмайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұпыңа жан қуансын.
Біреуге жаққан, біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңда алып,
Жүдетер безгек ауру салқындатып.
Тұла бойы тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып.
* * *
Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.
Достық, қастық бар қызық - жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі.
Ар ман ұят сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын - бұл күннің мәртебесі.
Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бәрі тайғақ.
Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,
Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.
Жаттығу жұмыстарын тек қозғалмай, орнықты жағдайда ғана жасау - бір жақты пікір. Егер қажет болса, би билеп жүріп те, жүгіп те дұрыс тыныс алуға үйренуге әбден болады. Сөйлеп жүріп дем алу жаттығуларының пайдасы зор. Оны ойша «айтып» тыныстау гимнастикасын жасаумен алмастыруға болады.
Дем алудың үлгілері
Жалпы, дем алудың баршаға белгілі үш үлгісі бар. Олар: кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас диагфрамалық, яғни толық тыныс алу.
Кеудемен дем алу. Ауызекі әңгімеде көкірек кере дем алды деп те айтыла да береді. Дем алудың бұл үлгісі кеуденің жоғары және орта бөлігінде өтеді. Демді ішке тартқанда кісінің иықтары көтеріліп, кеуде тартылады, яғни, кеуде мен иық бұлшық еттері жиырылады, тегінде кеудемен дем алу ауаны артық жұтып, дауысты әлсіретуге әсер етеді.
Ішпен дем алу. Тыныс алудың бұл үлгісі кеудеден төменгі тұста өтеді. Демді ішке тарту бауыр еттің төмен түсуі арқылы, ал демді сыртқа шығару оның жоғары көтерілуі арқылы жүргізіледі. Мұның бар артықшылығы демді әрі жеңіл алуға болатындығында.
Бір айта кетерлік жай, әңгіме болып отырған дем алудың осы екі үлгісі негізінде сөйлеу сазын дамыту тиімсіз. Бұл арада үшінші үлгі - аралас-диагфрагмалық, яғни толық тыныс алу жайында даалап айтатын мынадай артықшылық бар. Бұл жүзі таймаған, жүрегі де, оның бас “уәзірі”- өкпесі де сау адамда ғана кездеседі. Барлық тыныс жүйесіндегі бұлшық еттер мінсіз жұмыс істейді. Кеуде бұлшық еттері мен іш қатпары бір мезгілде іске қосылады. Толық дем алған тұста кеуде көріктей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Сөйлеу сазын дұрыс жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі, міне, осы. Ол үшін қандай машықтану жқмыстарын жүргізу керек. Ендігі әңгіме осы жайында болмақ.
Фонациялық тыныс алумен шұғылданбас бұрын демнің жету-жетпеуін қалай анықтауға болады? Әдетте, кеудемен дем алған кезде дауыс жарқын әрі жоғары естіледі. Мұның есесіне, ішпен дем алған тұста дауыс тұншығып, төмен шығады. Алақаныңды кеудең мен асқазан тұсына қойып, ішпен дем алсаң, яғни деміңді ішке тартсаң, қарныңның ілгері шыққанын жіне кеуде клеткаларының тартыла түскенін байқауға болады. Іш және бүйір бұлшық еттері жиырыла түседі. Кеуде клеткапарының жоғары көтеріліп, іштен тартылғанын кеуде арқылы тыныс алғанда аңғарасың. Асылы, мқндай тыныс алуды бақылады былай тиянақтауға болады:
а) Демді ішке тартып, сонан соң аздап деміңді алып, қалған ауаны “қажетке жарату” керек. Яғни, қалған дем “қорымен” қысқа бір шумақ өлең айту керек. Студенттің бірі осы жаттығудан кейін іле: - Ассалаумағалейкум, -десе, екіншісі: - Уаға-лейкумассәлем, - деп жауап беріп, дем мен дыбыс үндестігін бақылайды. Осыдан соң бірте-бірте күрделі мәтінге ауысуға болады:
Ал десең, аясына алады Алтай,
Көргенде көңілге күй салады Алтай.
Сұлудай торғын киген бұлт жамылып,
Арқаға әлде неше қарады Алтай.
(Иса Байзақов, “Ақбөпе поэмасынан”)
Осы мәтінді айту барысында мынадай екі жайды анықтау жөн. Біріншісі-дауыс шыққанға дейін қандай бұлшық ет есебінен дем сыртқа шықты. Екіншісі-мәтін оқылған кезде тыныс жүйесінде қандай өзгеріс байқалады. Егер фонация уақытында кеуде клеткалары белгілі мөлшерде босап, керілгені басылғандай болса, онда мұның кеудемен басымырақ дем алғандығын аңғартады. Немесе жоғарыдағы өлең шумағын оқыған кезде іш күрт босаса, ондн оның ішпен дем алғандығын байқатады. Дыбыс іштен шығады.
ә) Бұдан кейін тыныс алу жүйелерінің жұмысын шалт қимылдар, яки техникалық жаттығулар жасау арқылы тексереміз. Міселен, доп ойнап, қылышпен семсерлесуге, секіруге, тіпті, жасанды “келі түюге” болады. Егер осы жаттығулар жасау барысында ентігетін болса, ол студент, актердің дұрыс дем алу жүйесін сақтамайтындығын көрсетеді.
Адамның жүріс-тұрысы, отырысы, денесін ұстауы біз жоғарыда сөз еткен тыныс алудың қалыптасқан нормасын жасауға бірден-бір септігін тигізеді. Актер сөз өнерінің шебері ғана емес, ол эстетикалық тәлім иесі десек, демек, ол сымбатты, мүсіні “мінсіз” болуға тиіс. Бқл арада мен актердің дене бітімін даралағым келіп тұрған жоқ, оны сол денені ұстай білуіне баса назар аударғым келеді. Басын тік, кеудесін көтеріңкі, екі иығын әрі еркін қимылдатарлықтай бос, ішін тартыңқы жағдайда ұстауға өзің-өзі бейімдеп отыру сергек сезінуге ғана емес, ең бастысы-дем алу үрдісінің дұрыс жиүеленуіне пайдасы зор болмақ. Жауырын, жота, желке, мойын, кеуде, қарын, алқым, маңдай, жақ, бұлшық еттерін шынықтыру үшін тұрақты жаттығу жасап отыру қажет. Жаттығулар жасағаннан кейін жүйке тамырларының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы пайдасы тисе, тыныс алу тәсілінің ұалыпты нормасын сақтауғасондай тиімді.
Осымен сабақтас және мына екі жайға назар аудару керек. Ол - көмейді шынықтыру, дыбыс мүшелері қызметін қалыптастыру. Біз тыныстау, дауыс және дыбыс мүшелері қызметін жүйелеу арқылы ойымызды екінші біреуге сөзбен жеткізе аламыз. Осы үшеуінің өзара қарым-қатынасы нәтижесінде орталық нерв жүйесі де реттіліп отырады.
Дыбыстың рөлі жайында В. Н. Яхонтов өзінің “Бір актердің театры” деп аталатын еңбегінде былай дейді: “Дыбыс біздің өнеріміздің алғы шебі. Онымен қалаған сөзіңді айшықтап саласың, оныменалапат сезімге бөленіп, азапқа түсесің, шаттыққа бөленесің, онымен көрген- білгеніңді әңгімелейсің, дүние, табиғат, аспан, теңіз жайында сыр шертесің”. Сондықтан сол дыбыс “анасы” - көмейді баптап, “тәрбиелеудің” маңызы зор болмақ.
Дыбыс мүшелері екіге: жұтқыншаққа (кішкентай тілшік, тамақ, тіл тамырлары) және сыртқы артикуляцияға (жақ, ерін, тіл) бөлінеді. Бұл арада мынаны еске тұтқан лазым: ішкі және сыртқы артикуляциялық тынысты ретке келтіру дем алу үрдісін жеңілдетеді, бұл екеуін бір- бірімен сабақтастырып шынықтыру ғана өз жемісін береді.
Ойша оқу үстінде ішкі артикуляцияны қалыптастыру үшін жаттығудың тәжірибеден өткен төмендегі үлгісі бұлшықеттердің, таңдайдың, кішкене тілшіктердің, жұтқыншақтың жқмыс қабілетін арттырып, олардың жүйке тамырларын нығайтады, желке мен мойын буындарын босатады.
Енді әйел адамға арналған жаттығуларға назар аударыңыз.
№ 1 жаттығу
-г, к-г, г-к, г-к . . . дауыссыз дыбыстарын әлденеше рет алма-кезек естілетіндей етіп, сабырмен, салмақпен қайталау.
№ 2 жаттығу
А-э-о дауысты дыбыстарын ойша «айту», осыны бес, алты рет қайталай отырып, мынаған зер салу: дауысты дыбыстарды ойша «айту» кезінде естігендей ыңғайда болу. Естігендей дегенде, ауызды кере-қарысқып ашу емес, жұтқыншақты керіп дем ала отырып, іштей А-э-о дыбыстарын қайталау.
Жалпы, жаттығуларды әр адамның дербес кемшілігін тап басып, оның мінезіне, болмыс-бітіміне қарай іріктеп жасаудың қаншалықты тиімді екенін тәжірибе қалай мойындатса, әйелдердің өз ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жатығулар белгілеуі соншалықты пайдалы екені ғылыми тұрғыдан тұжырымдалып, күнделікті практикада жүзеге асырыла бастады. Төменде уақыт сынынан өткен бірқатар жаттығуларды ұсынып отырмын.
№ 3 жаттығу
Бір орында тұрып, иық мөлшерінде аяқ арасын ашып, мұрынмен демді ішке тарту. Демді сыртқа шығарар кезде оң аяқты көтеріп, ілгері созу. Аяқпен бірге екі қолды қатар соза түсіп, «дммм», «дммм» деген үнді естіре дыбыстау. Екінші жолы мұрынмен тыныс алып, демді сыртқа шығарар тұста сол аяқты көтеріп, қолмен қатар ілгері созу.
№ 4 жаттығу
Бір орында тұрып, иық мөлшерінде аяқ арасын ашып,
екі қолды жоғары көтеріп, мұрынмен ішке тарту. Демді сыртқа шығарғанда ілгері еңкейіп, қолды көтерген бойда жеткен жеріне дейін артқа қарай созу. «бмм», «бмм» деген үнді созып дыбыстау. Сосын бұрынғы қалыпқа қайта келу. Мұны да 4-6 рет қайталау.
№ 5 жаттығу
Ерлер мен қыздардың тыныс мүшелерінің кейбір ерекшелігін ескере отырып, жаттығуларды бөлектеп беріп отырмыз.
Бір орында тұрып, иық мөлшерінде аяқ арасын ашып, екі бүйірді таяну. Мұрынмен демді ішке тарту. Сыртқа шығарар кезде оң аяқты бүгіп (сол аяқты тік ұстап, ілгері созу) отыру. Отыру барысында «бмм», «бмм» деген үнді дыбыстап айту. Сосын, екінші жолы аяқты (оң аяқты тік ұстап, ілгері созу) бүгіп отыру. «Бмм», «бмм» деген үнді дыбыстап қайталау. Жаттығу алма-кезек 6 ретке дейін жасалуы қажет.
№ 6 жаттығу
Тік тұрып, екі қолды айқастырып, иыққа салу. Мұрынмен демді ішке тарту. Демді сыртқа шығарғанда қолды бос ұстап, бірте-бірте сал болғандай төмен жіберу. Осы «әлсіздену» кезінде «мнн», «мнн» деп дыбыстау.
Енді ерлер үшін ұсынылып жүрген жаттығу үлгілері қандай? Соған тоқтала кетейік.
№ 1 жаттығу
Тік тұрыу. Тынысты ішке тартқан кезде қолды жоғары көтеріп, оң аяқты артқа созу, кеудені ілгері ұсындыра түсіп, басты тік ұстау. Ал, демді сыртқа шығарғанда осы ретпен қалыпқа қайта келу. «Рмм», «рмм» деген үнді естіре дыбыстау. Мұны 4-6 рет қайталау.
№ 2 жаттығу
Тік тұрыу. Мұрынмен демді ішке тарту. Демді сыртқа шығару үстінде тізені жоғары көтеріп, бір орнында тұрып «жүру». Тынысты мөлшерлеп алу, ойша алдымен отызға дейін, сосын қырыққа дейін, едәуір машықтанған соң елуге дейін санау.
№ 3 жаттығу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz