У. Теккерейдің Ярмарка тщеславия шығармасындағы идеомалық бірліктерді табу


Тақырыбы: У. Теккерейдің «Ярмарка тщеславия» шығармасындағы идеомалық бірліктерді табу.
Қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық жүйенің көлемі оның единицаларының типтері туралы ғылыми тұжырымдар әр түрлі. Негізгі теориялық еңбектерде тұжырымдалатын критерилер бойынша жалпы түрде фразеологиялық единицалардың қатарына идеомалар, фразалық тіркестер, қанатты сөздер жатқызылатындығын ескере отырып, аталған типтерді фразеологиялық единицалар деген атау арқылы олардың аударма әдебиеттегі көрінісін талдауға тырысайық. Талдаудағы басты мақсат екі тілдегі фразеологиялық единицалардың ұлттық-этникалық ерекшеліктерін жинақтаған бір қатар түрлерін салыстыра отырып, идеомалардың, мақал-мәтелдердің фразалық тұрақты тіркестердің аударылуының жолдарын стильдік прагматикалық сипаттау және аудармада байқалған кемшіліктердің себебін түсіндіру. Мақал-мәтелдердің аурарылу ерекшеліктеріне тоқталып кетер болсақ, мақал-мәтелдер көркем әдебиеттегі, соның ішіндегі поэтикалық туындылардың көркемдегіш құралдардың бірі болып табылады. Мақал-мәтелдер сол себепті де әсерлі, тартымды, сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-ойға сәуле шашады. Мақал-мәтелдерде қолданылатын салыстырма мен теңеу бір-бірінен былай қарағанда онша айырыла қоймайтын да сияқты. Бірақ бұлардың өзгешелігі тұлғасында болса керек. Поэтикалық тілде троп ретінде қолданылатын теңеудің аясы салыстырмаға қарағанда алқапты, кең. Салыстырма көбіне тең-бірдей, артық-кем, жақсы-жаман, биік-аласа, бетер тәрізді сөздердің есім сөздерге тіркелуі арқылы жасалады.
Теңеу- бейнелі сөздің ең бір көп тараған түрі. Жалпы көркем әдебиеттегідей, мақал-мәтелде де бір нәрсені әсерлі суреттеу үшін, соның түртұрғасын көзге елестету үшін екінші бір нәрсеге ұқсастырып, баламалай айту теңеу болмақ. «Оқу инемен құдық қазғандай».
Мақалмәтелдердегі теңеулер зат есімге, есімшеге жалғанған тай(тей), дай (дей), дайын (дейін) жұрнақтары арқылы жасалады. Дүние жүзі халықтары тілінің қайқайсысы да теңеуге өте бай.
Метафора. Қазақ әдебиетінде метафора троптың аса көп қолдангылатын түрі. «Түйменің инесіз күні жоқ», «Сыпырғы келсе шаң қашар», «Еңбексіз өмір сөнген көмір». Сырт қарағанда жанаспайтын екі құбылысты халық ғажаби түрде жақындастырады да, метафора тудырады: «Жүйрік ат аяғынан ақсайды, жақсы жігіт ағайыннан ақсайды».
Ғылыми жұмысымның тақырыбы: Ағылшын реалийлерінің қазақ әдеби шығармаларға аударылуы (Диккенс, Теккерей шығармаларының негізінде) . Кәзір талдайтын шығармам У. Теккерейдің «Vanity Fair». Оны орыс тіліне аударған Дьяконова М. А. Ал қазақ тіліне аударған Байұзақ Қожабекұлы Албани.
Қысқаша өз жұмысым туралы айтып кетейін, тұпнұсқаның мағынасын дәл беру мәселесі әрқашан реалийлердің аударылуымен тығыз байланысты. Жалпы теориялық мәселелер қатарында баламасыз лексиканың немесе реалийлердің аударылуы үлкен сұрақ тудыруда. Бір кездерде «реалийлер» аударылмайды деген пікір болған. Және осы уақытқа дейін реалийлердің шет тілдерден аударылу жолдарына ортақ пікірлер қалыптаспаған. Көркем әдебиет мәтіндерінің құрамдас бөлігі болып табылатын «реалийлер» қазіргі кезде үлкен көңіл бөлгенді талап етіп отыр.
Реалийлерді аудару барысында көптеген зерттеушілер ұлттық және тарихи ерекшеліктерді сақтап қалуға тырысу қажет.
Қазіргі аударматануда «реалий» терминімен қатар «баламасыз лексика» деген түсінік қолданылып жүр. ( Е. Верещагин, В. Костомаров), «экзотикалық лексика» (В. Берков, А. Супрун), «варваризмдер» (А. Реформатский), «этнолексемалар», «мәдениконативті лексика», «елтану лексикасы», «нолдік баламалы сөздер» ж. т. б.
Айта кететін тағы бір жайт, бұл тілдік бірліктерге тек отандық зерттеушілер ғана емес, сондай-ақ шетел зерттеушілері де ерекше көңіл бөліп, зерттеп жүр. С. Влахов және С. Флориннің айту бойынша реалийлерге, ұлттық ерекшеліктердің колоритін сақтаушы сөздер ретінде алғаш рет 50ж басында көңіл бөлінді. [8. 14] Және де осы зерттеушілер Л. Н. Соболев, Г. В. Чернов, Т. В. Шатков, А. С. Супрун, С. Влахов және С. Флорин сияқты ғалымдардың еңбектерінде реалийлер яғни, баламасыз лексика туралы жарты ғасыр бұрын айтылғандығын айтып кетеді. (1960ж «Реалии» атты мақала шықты) . Кейінірек «Непероводимое в переводе» атты кітап жарық көрді. Кітапта реалийлердің сипаттамасы, жіктелуі, аударылу әдістері толығымен қарастырылған. Реалийлер-американизмдер Томахиннің зерттеулерінің негізгі обьектісі болып табылады. Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Н. Крупнов, Л. К. Латышев, Т. Р. Левицкая, А. М. Фитерман, А. Лилова, А. В. Федоровтың аударма теориясына жазған әдебиттерінде де мәдени-таңбаланған сөздер туралы ақпарат берілген.
Е. М. Верещагин және В. Г. Костомаров сондай-ақ тіл және мәдениет қарым-қатынас мәселесін қарастырады. Н. Поморозская және В. С Виноградов көркем әдебиетте реалийлер сөздерінің роліне ерекше көңіл бөледі. С. Влахов және С. Флориннің еңбектері бойынша, реалийлер ұлттық ерекшеліктердің коларитін жамылған сөздер ретінде тек қана 50ж басында қарастырыла бастады. У. Л. Н. Соболевтің 1992ж шыққан «Пособии по переводу с русского языка на французкий» еңбегінде «реалии» терминінің тек қана қазіргі кезге сай қолданысы ғана емес, сонымен қатар оның дифинициясына да ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар В. Черновтың 1958ж жазылған «К вопросу о передаче безэквивалентной лексики при переводе советской публицистики на английский язык» деген еңбегінде «реалии» термині қолданыс табады. Бұл еңбегінде автор «реалии» және «баламасыз лексика» деген терминдерді синонимдер ретінде жиі қолданады.
1953ж бастап А. В. Федоровтың «Введение в теорию перевода» атты кітабы жарық көрді. Кітапта аударманың лингвистикалық теориясын қалыптастыру қажеттілігі туралы алғаш рет сөз етілді. Онда көбінесе аударманың әдеби аспектілеріне көңіл бөлінген, бірақ аударма ісін тілдік анализден өткізу маңыздылығы туралы да айтылып кеткен.
Федоров өзінің еңбегінде реалийлерді егжей-тегжейлі қарастырып, олардың дұрыс аударылу жолдарын көрсетеді. Бұл еңбек қазір де өз құнын жоғалтпай отыр. Тағы да айта кететін бір жайт, ол аударманың лингвистикалық теориясының қалыптасуында ерекше рольге ие болды. Және де кеңестік және шетел тілшілерінің көңілін аударма мәселелеріне аударып қана қоймай, сонымен бірге лингвистикалық әдебиетте бұл мәселелердің шешілуіне бастама болды.
1958ж «реалий» мәселесі А. Е. Супрунның мақаласында қаралады. Супрун оларды «экзотикалық лексика» ретінде қарастырады. Ал бұған дейін Вл. Россельс «Реалии» атты мақаласында реалийлердің бірнеше маңызды ерекшеліктерін атап көрсетеді. Ол кезде «реалий» сөзі кең қолданыста еді.
В. Д. Уварованың «Материальные и психологические реалии» атты еңбегі өте құнды болып есептеледі. Бұл еңбегінде автор психологиялық реалийлерді жеке топ бірліктері ретінде қарастырады.
Ж Басында В. Н. Комиссаровтың «Слово о переводе» деген кітабы шықты. Және де автордың «Лингвистика перевода» атты кітабы да көп ұзамай жарық көрді. Бұл еңбектерінде автор аударманың әр түрлі линвистикалық аспектілерін аударма лингвистиасының құрамдас бөліктері ретінде қарастыра отырып, оларды біріктіру арқылы ортақ теория концепциясын жасағысы келеді. Автор көбінесе аударманың лингвистикалық анализінің принциптеріне және баламалы аударма мәселесіне көңіл бөлген. «Реалий» аудармасына автор терең үңіле қоймаған.
Кәзір талдайтын шығармам У. Теккерейдің «Vanity Fair». Оны орыс тіліне аударған Дьяконова М. А. Ал қазақ тіліне аударған Байұзақ Қожабекұлы Албани. Орыс нұсқасының «Наш Доббин» 5 тарауында келесідегідей сөйлемдерді талдап кетейін:
Орыс нұсқасында: «Однажды между обоими молодыми джентельменами произошла с глазу на глаз небольшая стычка».
Қазақ нұсқасы: «Бір күні екі джентельмен бетпе-бет шекісіп қалды».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz