Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Әдебиетті шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Жобалау объектісіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Жер учаскесінің бағалық құнын анықтау
4. Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Пән: Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАДАСТР КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық
құнын анықтау
Орындаған:
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді
2010 жылғы ___ __________ № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі
Астана 2010 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Әдебиетті
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2. Жобалау объектісіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
3. Жер учаскесінің бағалық құнын анықтау
4. Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
5. Еңбек

... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жер қоғам өмірінде қажетті материалдық жағдайлар арасында негізгі орын
алады, ол экономикалық қызметтің барлық аясында маңызды функциялар
орындайды. Ауыл шаруашылығында жер- өндіріс процесінің басты бөлігі, ал
басқа ортада- әлеуметтік қызметтің өндірістік және басқа түрлерінің
кеңістік базисі. Табиғаттың объектісі және адам қызметінің кеңістіктік
қызметі ретінде жер қызметінің жан-жақты болғандығында жер меншігі
мәселелері көп аспектілі сипатқа ие болып, күрделілігімен, көп мәнділігімен
айқындалады. Жер меншігі қатынастарын реформалау мәселелері жер
қатынастарының берік бастауларын жанап өтеді.
Меншік қатынастарын реформалаудың мәні келесі факторлармен анықталады.
Бұрынғы меншік қатынастарының өзгеруі нарықтық экономикаға өту шарты
ретінде, нарық қатынастарының міндетті атрибуты ретінде орын алады. Одан
басқа, мемлекеттің ерекше меншігінде республиканың үлкен жер қоры қараусыз
қалған күйге енді. Жердің едәуір бөлігі төмендеді, бұрынғы совхоз-колхоз
жүйесінің құлауынан үлкен егіс алаңдары айналымнан шығып, кен орнына
айналды, сонан соң көптеген жер сілемдері әр түрлі радиоактивті заттармен
ластануға ұшырады. Республиканың бүкіл халық шаруашылығы кешенінің ұдайы
дағдарыс жағдайында, жер меншігі реформасының артта қалуында аграрлық
секторды жекешелендіру процесі жерді пайдалануды жақсартпады. Керісінше,
өнім беретін үлкен егістік алаңдары мен суарылатын ауыл шаруашылық жерлері
айналымнан шығып қалды.
Уақыт көрсеткендей, Қазақстан халқының көпшілігі нарықтық экономиканың
идеяларын байыппен, түсіністікпен қабылдады, адамдардың көпшілігі шағын
және орта, соның ішінде аграрлық бизнес аясында жұмыс істейді, әр түрлі
саладағы көптеген кәсіпорындардың нарық қатынастарында өзіндік орын бар.
Сондықтан республикада жерге жеке меншікті нақты енгізу бұрын азаматтар
толық иелік еткен құрылыс және тұрғын үй қызметін, жеке көмекші шаруашылық
жүргізуге, бақша салу мен саяжай құрылысына арналған жер учаскелері болған
жерлерден басталды.
Жер қатынастарын өзгертуде нақты қажеттіліктердің болуы ең алдымен
нарықтық экономиканың тууымен және нығаюымен байланысты және жерге меншік
құқығын,оны жүргізу бойынша нақты шешімдерді ресми мәлімдеуді талап етеді.
Жерге жеке меншікті енгізщуде жалпы мемлекеттік, ұлттық мүддені, әрбір
адамның мүддесін қамтамасыз ету, жер қатынастары аясында әдідік принципін
жүйелі іске асыру аса маңызды және қежетті.
Осыған орай республиканың ерекшеліімен меншікке беру мен пайдаланудың
шарттарын, негізін, тәртібін және меншік құқығы субъектілерін мақсатты
белгілеу категориясына байланысты жердің құқықтық тәртібін талқылау керек.
Бұл мәселелерді дұрыс шешу жердің кейбір категорияларына жеке меншікті
енгізудің әлеуметтік зардаптарынан құтқарады.
Ал жер учакелерінің келісімді бағаларына келсек, олар жартылай басқарусыз
қалыптасуда. Мұнда жерге мемлекеттік белгілеген базалық ставкалары бағдар
болып, олардың деңгейі нарықтық сұранысқа сәйкес бейберекетбір мақсатта
пайдалану үшін жер учаскесінің оңтайлылығы және халықтың төлеу қабілетімен
анықталады. Жермен жасалынған мәміле саны көбейген соң, жер учаскелерінің
бағасы салыстырылады, дұрысы – салыстыру негізімен анықтау
әдісінекөшкенжөн. Бұл әдіс жердің нарықтық бағасының санаттар және нысаналы
арналуы бойынша өзгеру бағытын байқауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде жер бағасын анықтау әдістері және республикамыздың әр
аумағында әр түрлі санаттардағы жерлердің бағасы бойынша ұсыныстарды
зерттеулер жетілдіру үстінде. Сонда да қәзіргі қолданыстағы әдістемелер
жерді нарық айналымына түсіруге мүмкіндік беріп отырған жоқ. Бұл
әдістемелер тек ауыл шаруашылығына арналған жерлерді бағалауға арналған.
Л.И. Подольскийдің ойынша, жерді бағалау әдісі, қоғамның даму деңгейіне,
жер ресурстарын жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пайдалану сипатына,
олардың қажеттілігіне тәуелді. Сондықтан осы кезде әр түрлі мақсаттар үшін
бірыңғай жерді бағалау әдісі жоқ.
Жер бағалау жұмыстарын орындауда, әдістемелік мәселелерді дамытуда Қазақ
ауыл шаруашылық экономикасы және ұйымдастыру ғылыми - зерттеу институты,
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институты, Целиноград ауыл шаруашылық
институты ұжымдары, сондай – ақ Николенко Г.С., Иванов А.И., Бобров В. А.,
Краохмаль В.И.,және т.б. айтарлықтай еңбек сіңірді.
Дипломдық жобаның тақырыбы: Ақмола облысы Шортанды ауданының жер
учаскесінің кадастрлық құнын анықтау
Кіріспе
1 бөлім Әдебиетті шолу
2 бөлім Жобалау объектісіне сипаттама
3 бөлім Жер учаскесінің бағалық құнын анықтау
4 бөлім Қоршаған ортаны қорғау
5 бөлім Еңбек қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1 Әдебиетті шолу
Жер кадастры дегеніміз – жердің құқықтылық және шаруашылықтық жағдайы,
жер учаскелерінің мөлшері, орналасқан орындары мен шекаралары, олардың
сапалық сипаттамасы, бағалануы, есепке алынуы жайындағы мәліметтер жүйесі.
Жер кадастры ежелгі Римде пайда болған.Жер кадастры әдістемесінің
ерекщелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерешеліктері
келесідей.Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді.
Ол қайда болмасын өндіріс процесінің болуына шартты, бірақ оның ролі
қоғам өндірісінің әртүрлі сала қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте
және құрылыста ол кеңістік іс орны (еңбек жасалатын орын) ретінде
көрінеді.Қазып шығаратын өнеркәсіпте оның үстіне ол ерекше қойма ретінде
қаралады.Ауыл шаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын
орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады.
Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды.
Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде
өзгере алады, ескіргендері жаңа жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды
құралдарға ауыстырыла алады
Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның
тұрақтылығымен байланысты.Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және
бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
Жер өндірістің мәңгі ауыстырылмайтын құралы болып табылады.
Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып ,
өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды ерекше қасиетімен,
құнарлығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса , оның сапасы
төмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп оның құнарлығы жоғарлайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану
сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны жүргізу
әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді.Жалпы түрде жер кадастріне
келесі әрекеттер тән: жерлерді есепке алу; жерлерді баяндау;жерлерді
бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері,
құрамы және сапасы анықталады.
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс – тарихи және экономикалық
қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылылығы және
пайдалылығы анықталады.
Кадастрдың осы аталған әр әрекеті - өзінше бір қатар техникалық
тәсілдерден тұрады. Ал , олар барлығы бірге жердің санына , сапасына,
негізгі қасиеттеріне , нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау,
салық салу обьектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді.Кадастрды
жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әртүрлі
қойылған.Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл – жерлерді есепке алуға,
басқа жағдайда жерлерді жаратылыс – тарихи немесе экономикалық баяндауға
, ал үшінші жағдайда жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да
үйлестіруге бөлінген.Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері
болып жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде
жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі.Сондықтан әр елдің әр уақытта
жүргізілген жер кадастрлері бір – бірінен мазмұны және жүргізу техникасы,
ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Кадастрдың барлық әрекеттері
бірден және бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес.Қоғамның ең ертедегі
даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса , көптен кейін оларды
бағалау басталады.
Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері
жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте
кадастрдың құқық жағының маңызы күшейе түсті. Ол жерді меншіктеу құқығын
рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің
шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер
тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша
есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан кейін алқаптарды топырақ
құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры мәліметтерін тек мәтіндік
құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар
топтарға (кластарға) бөлінді.Оған тарихтың ескерткіштері куә. Олар қазіргі
дәуірге дейін көптеген жылдар бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша
топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрының болғандығын
куәләдірады.
Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану – халық шаруашылық маңызды
мәселе.Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс орналастыру,
қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлығын
сақтау және жүйелі түрде жоғарлатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер
кадастрын толық, қомақты жүргізу керек.Ұйымдастыру- шаруашылық қызметін
атқара отыра, мемлекет жер иесі және аумақтық басымдылық құқығын тұтқасы
ретінде бірыңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастрына ерекше
мемлекеттік мәнділік береді.
Кадастр мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері мемлекетпен
тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен
қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында
сондай-ақ жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда
қолданады.Сондықтан жер кадастры мәліметтерінің экономикалықпен қатар,
құқықтық та маңызы зор.
Кадастрлық мәліметердің көп мәні жерлерді мемлекеттік және қоғамдық
қажеттіліктер үшін бөліп беруде аз емес. Халық шаруашылық қоғамдық мүдделер
жағынан қарағанда осы мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығында
пайдалануға жарамсыз немесе аз жарамды сондай – ақ пайдалануға, иеленуге
берілмеген жерлерден бөліп берген жөн.Сондықтан осы мәселелерді шешуде жер
қорын пайдалану,орналастыру,оның нақтылы жай- күйі, сондай-ақ ауыл
шаруашылық алаптардың өнімділігі туралы мәліметтердің керектігі
туындайды.Сөйтіп, бұл мәліметтер жерді бөліп берудің ең қолайлы жолын
негіздеу үшін қажет.
Мемлекет жерді кәсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға
пайдалануға,иеленуге беретіндіктен кадастрлық мәліметтер жерлердің
нысаналы, ұтымды пайдаланылуын, қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды
жүзеге асыру үшін керек.
Өндірістің дамуымен оның төңірегіне табиғи қордың шоғырлану үлесі өсе
береді де,сөйтіп экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, биологиялық
процестердің өзара байланысы күшейе түседі.Өндіріс тек қана материалдық
игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта экологиялық
тепе – теңдігін сақтау тиіс.Осыған байланысты табиғат қорларын, соның
ішінде жер қорларын қорғау ең бір маңызды халық шаруашылық мәселе,
сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары ьолып топырақтардың құнарлығын
арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, қорғаудан,өнеркәсіп
тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру
шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының
сапалық жай- күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы
керек.
Жекелеп салық салу мәселесі де жеке табиғи – экономикалық аймақтар
бойынша жердің сапасын есеспке алу, бағалау керектігін талап етеді.
Кадастрлық мәліметтер жерлердің жай – күйін жақсарту, оларды пайдалану
бойынша шараларды жоспарлау үшін де керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша
нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы
жүргізілген, ұйымдастыру – шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық
шараларды жүзеге асыруға, сондай – ақ тұзданудың, ластанудың, батпақтанудың
және басқа да жерлердің жай- күйін төмендететін процестердің алдын алу
кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер
алқаптарының сапалық жай- күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға
негізделеді.
Жер кадастрының шаруашылық әрекетін талдау, ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының жерлерін нәтижелі пайдалануында көп маңызы бар. Осыған
байланысты ауыл шаруашылық алқаптардың жай- күйін және көлемдерін ескеру,
олардың өнімділігін салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру
нәтижелігіне қарасты, қажеттілік пайда болады. Жер кадастры мәліметтерінің
жер салығын, жалға төлем алу шығындарын өтеу сомасын белгілеуде маңызы өте
зор.
Сонымен , қазіргі уақытта жер кадастрының міндеттері кәдімгідей кең және
жауапкершілікті.Олар Қазақстан Республикасының жер қорларын ұтымды және
нәтижелі пайдалану мемлекеттің және барлық жер пайдаланушылардың
мүдделіктерін айқындайды. Бұл мемлекеттік Қазақстан халық шаруашылықтық
маңызға ие екенін айғақтайды.
Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арнаулы оның міндеттерін
және мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегінде,
қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкесті
тәртіпте жүргізуін, жеке әр учаскесінен бастап, жалпы мемлекеттік дәрежеде
болғанын қажет етеді. Мемлекетке есепке алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру
мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының міндеті болғандығынан сол органдар
жер кадастрының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді.
Мемлекет жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық
бөліктерін және оларды жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер кадастрлық
мәліметтердің, құжаттың мазмұнын , кадастрлық есептің рәсімін, жер
кадастрына жүгізілетін бақылау және кадастрлық жұмыстарды орындауды,
ұйымдастыруды белгілейді.
Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі
еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының
обьектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер өоры болып
саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық
сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы
туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген қаулысы бойынша мемлекеттік жер
кадастры Қазақстан Республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы
туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, олардың
сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы
мәліметтердің, өзге де мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің
картографиялық проекциялардың, клссификатр, код, кіру және шығу
форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара
сәйкестендіру принциптерін қамтамассыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтері топографиялық- геодезиялық, аэроғарыштық,
картографиялық, жерді орналастыру, нивентаризациялық, топырақтық,
геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын
жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі
белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп
берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.
Кеңес кадастрінде есепке алудың негізгі бірлігі болып жер пайдалану
табылады. Қазіргі қабылданған есепке оқу тәртібінің айырмашылығы есепке
алудың және бірлігіне жер учаскені қосу. Бұның себебі, жер реформасын
жүргізу нәтижесінде жерді мемлекеттік заңды тұлғалармен қатар азаматтар мен
мемлекеттік емес заңды тұлғалар да пайдаланушы және иеленуші субъектілері
болып саналады. Сонымен қатар жаңа жағдайда басқа еспке алу бірліктерін
қолдануда жер кадастрлық квартал, жер пайдалану және иеленетін жер, аудан,
облыс деп қолданған дұрыс.
Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар
учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-
ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы
мәліметтер жер кадастрлық карталада да келтіріледі, оның кадастрлық
нөмірі,орны,шекарасы,жазулары айқындалады.
Жер кодексіне сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі
құрамдық бөліктерден тұрады: жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу,
топырақтарды бонитеттеу, жерді экономикалық бағалау. Бірыңғай мемлекеттік
жер қоы мемлекет меншігі болып ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын
бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңды түрде рәсімделіп, ал жер
учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте
тіркелуі керек. Бұл қызметті жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуі өткізеді.
Оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды
тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді.
Есепке алуда жер мөлшері, кеңістік орналасуы, сапалық жай- күйі
пайдалануы юойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр
нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскенің мөлшерлерін жазу негізін
қалайды. Мемлекеттің бос жерлері олардың орындары бойынша жеке орналасқан
жер массивтері ретінде есепке алынады.
Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен қатар
сапалық көрсеткіштері анықталады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бірдей
болмайтындықтан оларды салыстырмалы түрде бағалау қажет болады,былай
айтқанда топырақтарды бонитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу
жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы
ақпарат болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей,
экономикалық жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан жерді өндіріс құралы
ретінде экономикалық жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан жерді өндіріс
құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда болады. Осы бағалаудың
мәліметтері тіркеу, есепке алу және бонитеттеу мағұлматтарына сүйенеді.
Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру ізділігі
осындай. Өз кезегінде кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты арнаулы,
мазмұны , белгілі әдістемелері, тәсілдері бар. Оның әр біреуі белгілі
жағдайда жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде назарды жер тіркеуге,
ал басқа уақытта – жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі кезеңде
оларды топырақтарды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау
мәліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындалатын жұмыс аумағына,
сипатына байланысты жер кадастры екі түрге бөлінеді: негізгі(бірінші),
күнделікті(келесі).
Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс
жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді
алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің
пайдалануы, шығындар және тағы басқа мәліметтерден тұратын құжаттар,
материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрысталып талданады. Керек болса
толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып,
материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер
кадастрының құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының
мөлшерлері,олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау
туралы мағұлматтар алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру , зерттеу,
жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен
байланысты. Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомостволық
бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен
кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады.
Жерді өз еркімен басып алу, беру, құнды алқаптарды құнсыз түрге аудару
сияқты әртүрлі заңсыз әрекеттер жер кадастрлық құжаттарға түсірілмейді,
оларды жою жөнінде шаралар қолданады. Сонымен, негізгі және күнделікті
қолданатын кадастр де жер қоры туралы мәліметтерді жинаумен шектелмейді,
жердің пайдалануын дер кезінде бақылауға, мемлекеттік және жеке меншікті
қорғауға мүмкіндік береді. Осы екі кадастр арасында байланыс бар. Негізгі
кадастр жер толық сипатталған, күнделікті кадастр мәліметтерін қолданады.
Күнделікті кадастр алғашқыны жаңартып, толықтырып, оның мәліметтерін
қазіргі заман деңгейінде жүйелі ұстап отырады.
Жер кадастрлық құжат текстік және жоспарлы – картографиялық болып
бөлінеді. Текстік – кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар
түрінде болады. Жоспарлы – картогрфиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба
бейнелерін көрсетеді – жоспарлар, карталар, картограммалар. Жер кадастрының
басқа есепке алу түрлерінен айырмашылығы оның тек жоспарлы – картографиялық
негізде жүргізілуі. Кадастр үшін мәліметтер жоспарлы – картографиялық
материалдарда сызба түрінде көрсетілген. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу
автоматтандырылған жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерлерге
енгізіліп сақталады. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар
жасалынған. Картографиялық материалдар да компьютерлерге енгізіліп,
электрондық жоспар – карта түрінде шығарылады.
Кадастрлық құжат негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі құжат
рәсімінің тізімін , сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын
басқару Агенттігі жасайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік
жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы қаулысы бойынша негізгі жер –
кадастрлық құжаттарына мыналар жатады: жер учаскесінің жер – кадастрлық
ісі ; ауданның(қаланың) мемлекеттік жер – кадастрлық кітабы ; жер –
кадастрлық картасы.
Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде құжаттар жерлердің барлық
санаттары бойынша кадастрлық құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол
құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының
шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі, ол текстік құжатқа
жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы –
картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында жер
учаскесі , кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша
байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлық құжатта
негізгі жер кадастрлық құжатта бар материалдарға қосымшалар және
түсініктемелер келтіріледі. Мағұлматтарды алу және кадастрлық құжатты
толтыру үшін алғашқы құжаттың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және
зерттеу, жоспарларды түзету материалдары, түгендеу, жерді орналастыру,
мелиорация және тағы басқа мәліметтер жатады. Жер кадастрының кейбір
бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлық құжаттардың және материалдардың,
жұмыстардың түрлері:
Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер
учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі,
жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі,
ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа щектеулерді анықтау,
картографиялық жұмыстар;
Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу және есеп беру
құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау
мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері
бойынша есепке алуды жүргізу;
Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді
бағалау әдістемесі,жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық
геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;
Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техникамен
қамтамассыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін
бағдарламамен қамтамассыз ету.
Қазақстан Республикасында қалыптасып жатқан мемлекеттік жер
кадастрының жаңа құрылымын біздің ұсынуымыз бойынша осылай сипаттау жер
– кадастрлық жұмыстарының халық шаруашылық маңыздылығын, күрделілігін,
қомақтылығын, сондай – ақ кадастрды мемлекет басшылығымен жүргізу
қажеттігін әдістемелік тұрғыдан дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мемлекеттік жер кадастры құрылымының жаңа схемасы қазір
Қазақстанда дамып келе жатқан жер кадастр жүйесі бұрынғы Кеңес жүйесіндегі
жер кадастрынан түбегейлі басқа екендігін айқындайды. Оның ең басты
ерекшелігі, айырмашылығы кадастрдың құқықтық және қаржылық байламдары
мәндерінің, қызметтерінің өсуі. Бұл жағдай халық шаруашылығының барлық
салаларына нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты бір айырмашылық –
жер кадастрының барлық байламдарында ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер
мониторингісін жүргізу, жер кадастрында автоматтандырылған ақпарат жүйесін
қолдану, жетілген өлшеуші, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құралдар,
технологиялар қолданып, барлық процестерді автоматтандыру.
Жер кадастрының негізгі принциптері; жүйесінің бірыңғайлылығы;
мәліметтердің сенімділігі; мағұлматтардың толықтығы; Үздіксіздігі;
Құжаттылығы; Мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі;
Үнемділігі; Орталық мемлекеттік басқару.
Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы .Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай
әдістемелік жүйе негізінде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік
жер қорын табиғи шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми
негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір
келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында
және жүзеге асыруында; екіншісі , жер кадастрын қоюда мәліметтердің
мазмұнында оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды
алу тәсілінде; үшіншіден, жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан
бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра,
бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және пайдаланудың аймақтық
ерекшеліктерін айқындауы керек.
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың обьективтілігіне
тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, орналасуын және сапалық
жай – күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік
мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді
атқару үшін жерлердің табиғи шаруашылықтық , құқықтық жай – күйлері туралы
қажетті дәлділікті мағұлматтармен қамтамассыз ететін жер учаскелерін
тіркеу, зерттеу, есепке алу , бағалау тәсілдерінқ қолдану керек. Жерлер
жай – күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топтастырылады.
Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлық жерлердің нақтылы жер аудандарына,
сапалық жай – күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап
жерлерді зерттеуде жетілген қазіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана
орындалады.
Жер кадастры мағұлматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық,
құқықтық жай – күйлері туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен
айқындалады. Кадастрлық мағұлматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның
құжаттарының мазмұнын жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тәуелді.
Жер қорының мөлшерлері, жай – күйі , пайдаланылуы туралы дәл және толық
мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты
пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынуы керек.
Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері
кадастрлық құжаттарда есепке лынып жазылады. Өзгерістердің түріне
байланысты бір мағұлматтар (есепке алу, тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп
орырса, басқалары (бағалық) оқтын – оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен
жаңартылып отырады. Сөйтіп кадастр мәліметтері қазіргі деңгейде ұсталып,
оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамассыз етіледі.
Жер кадасрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық
жай – күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар,
материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті
мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды
куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру
және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.
Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі.
Материалдарды кадастрлық құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен
қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлық ақпаратты жинау,
талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды,
картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын
қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағұлматтары және материалдары жеке
және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді
пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.
Жер кадастрының үнемділігі.Қазіргі өлшеу,зерттеу әдістерін,сондай – ақ
компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағұлматтарды алу және оларды
қазіргі деңгейде ең аз шығыннмен ұстауды қамтамассыз ету. Аэрофототүсіру
және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы
арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының орналасуы, жай –
күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік
береді.
Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару кадастрлық жұмыстарды бірдей
әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай – күйі, оның пайдалануы туралы
салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару , жүргізу жер қорын
басқару жөніндегі Агенттікке және оның территориялық органдарына жүктелген,
осы Агенттікке пайдаланатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді
мемлекеттік есепке алуды және басқа жер – кадастрлық жұмыстарды басқарады.
Ол топырақтық, геоботаникалық зерттеулерді жүргізу, жоспарлы –
картографиялық материалдарды құру, жерлерді тіркеу, есепке алу,
бағалау бойынша нұсқауларды, әдістемелерді жасап, бекітеді. Агенттік
жер көлемдерін, олардың санаттарын, алқаптар, жер пайдаланушылар бойынша
орналастыру туралы мәліметтерді жүйелендіруді, зерттеуді, сақтауды, сондай
– ақ қажетті жер – кадастрлық құжаттарды жарыққа шығаруды қамтамассыз
етеді.
Жер кадастрлық жұмыстарды Агенттіктің территориялық органдарымен қатар
республиканың жерді орналастыру қызметімен әртүрлі кәсіпорындары, ұйымдары
жүргізеді. Ал кейбір жұмыс түрлерін қазіргі уақытта мемлекеттік емес
кадастрлық фирмалар мен бюролар орындайды. Осы кәсіпорындар, ұйымдар,
мекемелер жылда белгіленген мерзімде тиісті аудан, қала органдарына
белгіленген рәсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы есеп беріп
тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында орталық басқару мен
Агенттік жағынан бақылау, оның жүйесінің және әдістемесінің бірлігін
қамтамассыз етеді.
Жер кадастрының халық шаруашылығындағы есепке алудың кейбір түрлерімен
және жерді орналастырумен байланысы бар. Халық шаруашылық есепке алудың
кейбір түрлері шаруашылық қызметіне жатады және ақпаратты бақылау, жинау,
өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға бағытталған (оларды бақылау және
дамуына әсер ету мақсатымен сапалық көрсету, сипаттау). Халық шаруашылық
есепке алудың тиісті өлшемдері(натуралдық, еңбектік,құндық), абсолюттік
және салыстыриалы шамалар қолданылады.
Натуралдық өлшемдер (сан, ұзындық, салмақ) шаруашылық құралдарының нақты
түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық өлшемде
көрсетуге болады (га). Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік
процестерді , әртекті обьектілер мен процестердің (аудан, масса)
көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын
салыстыру мүмкін емес.
Еңбектік өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек
мөлшері, уақыт бірлігі (сағат,жұмыс күн) ретінде қолданылады. Натуралдық
көрсеткіштермен олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін
пайдаланылады.
Құндық өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері
нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі түрлері кіреді:
статистикалық; бухгалтерлік; қолма – қолдық (оперативный).
Жер кадастрының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше.
Онда статистикалық және жедел есепке алу сәттері жанастырылады.
Статистика деп әдете қоғамдық өмір немесе облыстардың жан – жағын
сипаттайтын сан көрсеткіштері жиынтығын айтады.
Статистикалық есепке алуда мәліметтерді алу, өңдеу, талдау бойынша
айрықша тәсілдер қолданылады. Ол толық, орта шамалы және тағы басқа
әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында қолданады.
Бухгалтерлік есепке алу өндіріс жүрісін, кіріс – шығысты, қаржылық
нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның обьектісі шаруашылық процестер,
материалдық құндылықтар болып табылады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі,
оған есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.
Жедел есепке алу обьектісі болып жеке шаруашылық операциялар, сондай – ақ
өндірістің жеке звенолары саналады.
Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалық, еңбектік өлшемдер қолданылады.
Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында
кең қолданылады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттауда
дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары,
жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын
мағұлматтарды жер кадастрында кеңінен қолданады. Әсіресе ақпараттар алудың,
өңдеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы, жерді есепке
алуда, бағалауда статистикалық топтау, бақылау және баланс әдістері, сондай
– ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер,коррелияциялық талдаулар
қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры мағұлматтарын жер пайдалануды
талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда
пайдаланады.
Жер кадастры жерді орналастыру мен өте тығыз байланыста.Олар жер қорларын
ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамассыз етуге бағытталған. Екі
жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер
қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды орналастыру керектігін
обьективті түрде себептейді. Былай айтқанда, жерді орналастыру арқылы
мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық
шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларды жақсы территориялық
жағдайлар жасалынады.
Шаруашылықаралық жерді орналастыру процесінде пайдаланатын жерлердің жаңа
құрылымдары құрылып, қазіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп,
өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді орналастыруда өндірістік бөлімшелерді,
шаруашылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауыспалы егістерді
ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру
мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді орналастыруда аз көлемді жер
учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.
Жерді орналастыру мәселелерін шешу республикамыздағы барлық жерлері мен
әр жер учаскесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай – күйлері туралы
нақты мағұлматтарды алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл
мағұлматтарды жер кадастры береді. Жерді орналастыру, мелиорация,
рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері
бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде
алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері,
зерттеулері кадастр үшін қажетті мағұлматтарды алу және бұрынғыларын
дұрыстауға негіз болып саналады.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат – міндеттері мен қазіргі және
жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми
сипаттама (дефиниция) беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру – бұл еңбектің жоғары әлеуметтік- экономикалық
тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету
мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде
әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар
жасауға, жерді аса маңыздытабиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды
пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса маңызды инженерлік –
экономикалық, техникалық, ұйымдастыру – шаруашылық және құқықтық шаралар
кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл аспектілері мен
жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын реттестіруге
қатысты басқа да инженерлік – экономикалық кешендермен өзара байланыстарын
ашып көрсетеді. Сондықтан бұл түсініктің сипаттамасын жеке бөліктерге
жіктей отырып ұққан дұрыс:
жерге орналастыру – жеке дара іс- қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
жерге орналастыру – мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның нәтижесінде
Заң негізінде пайда болатын территориялық реттіліктердің формалары
міндетті түрде орындалуға тиісті;
жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге
орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар
және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруға және үнемі жетілдіріп
отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға және ысырапты
жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен антропогендік
ықпалдардан қорғауға бағытталады;
жерге орналастырудың түұпкі мақсаты - әрбір жер учаскесінің жалпы өндіріс
құралы және аса маңызды табиғи ресурс ретіндегі пайдалану тиімділігін
арттыру.
Өткен ғасырдың 40-70 ж.ж. жерге орналастрыру ғылыми мектебінің жетекшісі
академик С.А.Удачкин жерге орналастыруды техника мен құқықтың экономика
арқылы сынып көрінетін үшқырлы примамен салыстыра бейнелеген болатын.
Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға
бағытталған, бірақ, ол геодезиялық және басқа техникалық тәсілдерді қолдана
отырып, әртүрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу арқылы
жүзеге асырылады және тек осыларды орындау барысында әрқашанда құқыққа –
заңдар мен нормативтік актілерге негізделеді.
Жерге орналастыру обьектісі ретінде республиканың, облыстардың,
аудандардың, қалалардың және басқа да елді – мекендердің территориялары,
бірінші кезекте ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың
жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алаптары мен
учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың тақырыбы және оның нақты нәтижелері – экономикалық
тұрғыдан тиімді, экология жағынан қолайлы жер категорияларының, жер
иеленушіліктер мен жер пайданаланушылықтардың, өндірістік бөлімшелер мен
әкімшілік территориялардың, жер алаптары мен әртүрлі шаруашылық
алқаптарының, сондай – ақ сызықтық контурлардың межелері мен аудандары.
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан
реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды
шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:
Біріншісі – Қазақстан Республикасының Конституциясы; екіншісі –
Парламент әзірлеп, Президент бекіткен заңдар; үшіншісі – ведомостволық
нұсқаулар мен ұсыныстар; төртіншісі – облыстық және аудандық мәслихаттар
мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы аймақтық шешімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жауарлар
әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады.
Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналастырудың құқықтық
негізі ретінде Азаматтық Кодекс, Шаруа қожалығы туралы(1998ж.), Ауыл
шаруашылық серіктестіктері туралы(2000ж.), Ипотека туралы (1995ж.) және
тағы бірқатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге
орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жанама түрде қатысты. Сондықтан
оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті.
Шаруа қожалығы туралы заңда оларға жерді иеленуге, пайдалануға немесе
жалға алуға қатысты құқықтық шарттар белгіленген.
Жер салығы туралы заң жерді тиімді пайдалануға және жерге орналастыру,
топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын қаржыландыруға қолайлы
экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге тиісті.
Реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты жер пайдаланушылықтарды
құруға немесе ретттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыстарының мазмұны
шаруашылықаралық (ШАЖО) және ішкі – шаруашылық (ІШЖО) түрлеріне бөлінген
болатын.
Жерге орналастыру обьектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың
біреуі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға,
қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі- әр түрлі
мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік,
азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды
жүргізуге, қорғаныс, трнаспорт, байланыс,ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер
бөліп беруге байланысты. Демек, ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың жер
пайдаланушылықтарын құру.
Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер
категориялары мен жерге орналастыру іс- қимылдарының мазмұны толық
қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен
әкімшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке
кәсіпорындарға қатысты.
Қазіргі жерге орналастыру салааралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен
бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын
ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде
жерге орналастыру құрамында салааралық жерге орналастыру түрі анық
белгіленіп отыр.
Салааралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлінуі,
соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының құрылуы, елді-
мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иеленушіліктер мен жер
пайдаланушылықтар орналасқан агломерация шептерінің жүргізілуі жүзеге
асырылады. Елді-мекеннің жер массиві мен межелері әкімшілік-территориялық
бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Салааралық жерге
орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті
мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі іс-
қимылдар жатады.
Жерге орналастырудың екінші түрі – шаруашылықаралық жерге
орналастыру(ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың
территориясында жүргізіледі, біақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл
шаруашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік
және мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін,
олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта
құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық
және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының,
серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана
жүгізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын
енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан
қорғауға, мәдени-ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын
қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және
суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-
тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау
жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін,
жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере
отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да
ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда
ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару және коллекторлық – дренаждық
жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану
мәселелерімен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алап түрінің шеңберінде
жүргізіледі.
Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай
мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:ауылшаруашылық алаптарды
жақсарту;бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);жаңа жерлерді
игеру;культуртехникалық шараларды жүргізу;эрозияға қарсы шараларды
жобалау;мелиоративтік шараларды жоспарлау.
Жерге орналастыружың түріне, түр – тармағына және формасына қарамастан
оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді.
Принциптер деп белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын
аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде
қаралатын күрделі міндеттер аталады.Жерге орналастыру принциптерін екі
топқа бөліп қарастырған ыңғайлы:
Жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен
шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей
қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне.
Біріншілеріне, яғни жалпы принциптерге мыналарды жатқызуға болады:
қоғамдық, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің жоғары тиімділігі мен
тұрақты рентабельдіктігін қамтамасыз ету;
ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып отыру;
заңдар мен басқа нормативтік актілерді қаталд ескеріп отыру;
қабылданған шешімдерді озатты ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге
негіхздеу;
күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз
ету.
Екіншілеріне – жеке принциптерге, мынадайларын жатқызуға болады:
ҚР Конституциясы мен жер заңдарына сәйкесжер қатынастарын жетілдіру;
бүкіл халық шаруашылығының мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып,
ауылшаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;
жерді халық дәулеті және аса маңызды өндіріс құралы мен табиғат ресурсы
ретінде жоғары тиімділікпен пайдалану және қорғау;
жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық
қамтамасыз ету;
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелері мен
аудандарының, ішкішаруашылық территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш
күштері мен өндірістік қатынстарының дамуымен себептелген ықтимал
өзгерістерді мұқият дәлелдеу;
жердің пайдалануын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке
шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлары мен
жердің кеңістік қасиеттерін барынша ескеру.
Атап өткен принциптердің негізінде әрбір бөлек жағдайға сай жоспарланған
іс-қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары, схемалар мен жобаларды
жасау амалдары тұжырымдалады. Жерге орналастыру жобаларында белгіленген
әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік осы
принциптердің негізінде дәлелденеді.Сонымен бірге бұл принциптер
методологиялық негіз ретінде нақты міндеттерді орындау әдістемесін, демек
ненің, қалай және қандай жүйелілікте орындалуын себептейді.
Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер
учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтініші
бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың
бастамасы бойынша жүргізіледі.
Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың
бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын
басқару жөніндегі тиісті аумақтық органға беретін өтініштерінің негізінде
жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жерге орналастыру жұмыстарын жүргізге белгіленген тәртіппен лицензия алған
заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер
ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нормативтік
құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын
орындаушылардың барлығы үшін міндетті.
Белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру құжаттамасын:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жер
ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық
бөлімшелері; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын және жерді
ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты
олардың өз есебінен әзірленетін және жүзеге асырылатын жобаларды - жер
ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органмен келісім бойынша жер
учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс
берушілер; жер учаскелерінің шекарасын қалыптастыруға,оларды белгілі бір
жерде белгілеуге, жер учаскесінің жоспарын дайындауға байланысты жерге
орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі, жер
ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын
жасау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың,
топырақты зерреу, агрохимиялық,геоботаникалық және басқа да зерттеу және
іздестіру жұмыстарының материалдарын-жер ресурстарын басқару жөніндегі
тиісті аумақтық орган бекітеді.
Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерістер осы құжаттаманы бекіткен
органның рұқсатымен ғана енгізіледі.
Жерге орналастыру жобасын орындау:жобаны жер бетіне көшіруді; жобаның
барлық элементтерін игеруді, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын
ресімдеуді және беруді қамтиды.
Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды: жерге орналастыру
ісін жүргізуді бастау; дайындық жұмыстары; жерге орналастыру болжамдарын,
схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу; жерге орналастыру
құжаттамасын қарау, келісу және бекіту; жерге орналастыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz